Тақырыбы: Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі
Мақсаты: оқушыларға әдептілік және оның нормалары туралы кеңірек түсінік беру; адамгершілікке, кішіпейілділікке, жаман әдеттерден аулақ болуға баулу; оқушыларды абстрактілі ойлауға жетелеу; пікірталас тудыру арқылы жақсы әдепті насихаттау; өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру
Психологиялық дайындық
Күннің сәулесі ананың нәзік алақанындай екенін білесіңдер, аялайды, жылытады. Олай болса, қолымызды созып, күннен жылу алайық.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда мына жан - жағым.
Топтарға бөлінейік...
САБЫР ҚҰРМЕТ ІЗЕТ топтары
Балалар, қалай ойлайсыңдар, біз неге сабағымызды күн туралы өлең шумақтарынан бастадық? Күн туралы не айта аламыз?
Күн Жер бетіне жарық пен жылу береді.
Бар тіршілік Күннен қуат алады.
Күннің жарығы мен жылуы адамға да, өсімдікке де жануарға да керек.
Егер Күн адам кейпіне енсе, онда ол қандай адам болар еді?
Мейірімді, қайырымды адам болар еді...
Үнемі күліп жүрер еді...
Ұялшақ болар еді...
Әдепті, сыпайы болар еді.
Олай болса, біз бүгін әдептілік туралы әңгімелесеміз. Алдымен әдеп сөзінің анықтамасына тоқталайық. Әдеп-адамның қоғамдық ортада өзін-өзі дұрыс ұстай білуі
Топтық жұмыс
Ізеттілік, инабаттылық, сыпайылық, кішіпейілділік,имандылық,кешірімді болу, үлкенді сыйлау, сабырлы болу және т.б
Әдепті бала | Әдепсіз бала |
Үлкенді сыйлайды Сыпайы Кешіре біледі Сабырлы Тазалықты сүйеді Ұқыпты | Үлкенге сен деп сөйлейді Дөрекі Кек сақтайды Досын келеке етеді Досын ренжітеді Үлкендерді сыйламайды |
Жандос - отбасының ең кенжесі. Ол биыл 9 жасқа толған туған күніне достарын шақырды. Туған күн қызықты өтіп жатты. Әсет болса туған күнге сәл кешігіп келді. Өйткені оның сыйлық алуға ақшасы болмады да ақыры үйінде тұрған бір блокнотты алып келді. Әсет Жандосты туған күнімен құттықтап, сыйлықты бергені сол еді.
Жандос: Рақмет, досым, бірақ маған блокнот керек емес, біреуге бере салармын, -деді.
Әсет үйге не кірерін, не кірмесін білмей табалдырықта тұрып қалды.
Осы мәтіннен қандай ой түйдіңіздер? Егер туған күн иесінің орнында сіз болсаңыз не істер едіңіз?
Әдепті бала қандай деп ойлайсыңдар?
Әдепті бала болғың келе ме?
Әдепсіз дегенді қалай түсінесіңдер?
Әдепсіз бала қандай болады?
Әдепті болуды бізге кім үйретті?
Осы жерде мына бір әңгіменің реті келіп тұр. Баяғыда бір ғұламадан:
Сіз осыншама әдепті, мәдениетті болуды кімнен үйрендіңіз?- дегенде ол былай депті.
Мен әдепті болуды әдепсіздерден үйрендім, -деген екен.
Сонда ол әдепсіздерден әдептілікті қалай үйренді деп ойлайсыңдар?
Мен әдепсіздердің ісін істеген жоқпын, -деп жауап беріпті ғұлама.
«Алтын сандық» ойыны
Әдептілікті білдіретін сөздерді алтын сандыққа салады, әдепсіздікті білдіретін сөздерді қоқысқа тастайды.
әдептілік | әдепсіздік |
Рақмет. Кешіріңіз. Сау болыңыз. Өтінемін. Асыңыз дәмді болыпты. Сәлеметсіз бе? Оқасы жоқ. Сізге дән ризамын. | Соны да білмейсің бе? Ей, тоқтасай! Тамақ тәтті емес екен. Атың кім еді? Түрің не боп кеткен? Жақсылықты білмейді екенсің. |
Мәтінмен жұмыс
Әдептілік
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді. Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
- Жарлы мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
- Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
* Әдеп амандасудан басталады деген түйін жасалады.
Амандасу — адамдардың бір-біріне деген құрметі, жылы ықыласы, мейірімін көрсету үлгісі. Қазақта "сәлем түзелмей әлем түзелмейді", "сәлеміміз түзу" деген сөздер басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіреді.
Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады. Бізге ақылдылықты, адалдықты, қарапайым - кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты үлкендер үйретеді. Ол - біздің ата - анамыз, ақ сүтін бере отырып, ана тілімен үйретеді. Біз оны түсініп, ата - баба салт, әдеттерін үйренеміз. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
«Әдептілік ережелері» сурет бойынша жұмыс
Әдептілік ережелері
Әрқашан сыпайы болу керек. Сыпайы адам - айналасындағы адамдарға қолайсыздық тудырмайды. Байқамай біреуді ренжітіп алса, дереу кешірім сұрайды.
Әдепті бала көлікте отырғанда үлкендерге орын береді.Қарияларға, мұқтаж жандарға шамасы жеткенше көмектеседі.
Әдепті болу не үшін керек? Оқушылардың жауаптары төмендегідей болуы мүмкін...
Жақсы адам болу үшін...
Ата-анаңды ұятқа қалдырмау үшін...
Айналаңдағы адамдарға қуаныш сыйлау үшін...
Кішілерге үлгі болу үшін...
Сыйлы болу үшін...
Адам деген ардақты атқа кір келтірмеу үшін...
Өмірде өз орныңды табу үшін...
*** Ертеде бір ғұлама өзінің шәкірттерін шақырып алыпты да 1 деген санды жазып, бұл не деп сұрапты. Сонда шәкірттері бұл бір депті. 1-дің қасына 0-ді салып, тағы да сұрапты. Шәкірттері 0 десе, жоқ бұл білім депті. Тағы да 0 салыпты, оны хикмет депті. 0 –ді тағы да салып,соңғысын байлық деген екен. Содан соң 1-ді сызып тастайды да: Егер әдебің болмаса, білімің де, хикметің де, байлығың да нөлге тең депті.
- Ал енді қандай ой түйдік?
Сергіту сәті «Күнді құтқару»
- Балалар, бес саусақ бірдей емес, сол сияқты өмірде жақсы да бар, жаман да бар. Аспандағы күн сияқты бар адам бір-біріне шуағын төгіп, мейірімімен қараса, өмірде ешбір жамандық болмас еді.
Өкінішке орай, Абай атамыз айтып кеткен бес дұшпан әлде де арамызда кездесіп қалады. Олар біздің күнімізді бұлт кейпіне еніп көрсетпей қойды. Енді бәріміз бірігіп күнді құтқарайықшы.
Өсек: Мен ылғи біреуді біреуге жамандап ұрыстырамын да жүремін. Ақыр аяғында бұлттар бір–біріне соғысып, найзағай ойнайды. Мен қандай бұлтпын?
Өтірік: Мен сондай мамық бұлтпын. Сондықтан ғарышкерлер шаршаған кезде менің үстіме жатып демалады, ұйықтайды. Менің айтқаным рас па?
Мақтаншақ: Мен басқа бұлттардан күштімін. Мен бір жауғанда Арал теңізін суға толтырар едім. Бірақ менің бұл жақсылығымды адамдар білмей қалады ғой деп қорқамын.
Еріншек: Мен де көп жаңбыр жаудыра аламын. Құрысыншы, ертең де күн бар ғой. Ертең ақ – жауармын.
Кекшіл: Өткенде ана бір бұлттан таяқ жеп қалып едім, бүгін қайтсем де кегімді қайтаруым керек. Төбелесіміздің арты нөсер болса да айтқанымнан қайтпаймын.
Балалар, сіздерге рахмет. Күлімдеген күніміз аспанымызда жарқырап тұра берсін. Ата – анамыз, достарымыз аман болсын. Жақсылығымыз көп, жамандығымыз жоқ болсын.
Әрқашан күн сөнбесін! Хормен айтылады. Біздің арамызда өсекшілерге, өтірікшілерге, мақтаншақтарға, еріншектерге орын жоқ. Алайда, бұлттар бізден кешірім сұрап тұр, кешіреміз бе? Бұдан былай тек өз ісімізбен, «жаңбыр жаудырумен» ғана айналысамыз, – дейді бұлттар.
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық нар кісінің ісі.
8. Рефлексия
- Балалар, біз бүгінгі сабағымызда әдептілік, сыпайылық жайлы сөйлестік. Әдепті, сыпайы балалар айналасындағыларға жағымды, сүйкімді екенін түсіндік. Әрдайым әдепті, сыпайы болуға, кездескен адамдармен амандасуды, кешірім сұрауды, өтінемін деген жылы сөздерді үнемі айтуға үйрендік. Жақсы мінез бен жаман әдеттерді ажыратуды, жақын адамдарға қамқорлық, оларға көмек көрсету дағдыларын үйрендік.
- Олай болса бүгінгі сабақтан алған әсерімізді білдіру үшін «Бағдаршамға» зер салайық.





.
5