| Мерзімі ________ Сынып 6 | Сабақ 1 сабақ | Оқу ісінің орынбасары Тексерілді_____ | Барлық оқушы саны:__ Қатысқаны: __ |
| | |
| Пәні Пән мұғалімі М.Исмоилов | информатика | | |
| Тақырыбы | Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру | | |
| Мақсаты | Информатика кабинетіндегі қойылатын талаптар, міндеттер, шаршаған жағдайда қолданылатын жаттығулар және техника қауіпсіздігін сақтау ережелерін үйрету. | | |
| Күтілетін нәтиже | Жұмыс істеу алдындағы қауіпсіздік ережелерін біледі Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды Компьютерде жұмысты аяқтаған кездегі қауіпсіздік ережелерін сақтайды. Ұжыммен бірігіп жұмыс істеу ережесін біледі. Аппаттық жағдайлардағы қауіпсіздік ережелерін үйренеді. Арнайы көзге жаттығу ережелерін жасап үйренеді. | | |
| Әдістері | АКТ, ЖИГСО-1, диалогтық оқыту, сын тұрғысынан ойлау | | |
| Ресурстар | АКТ, слайд, қима қағаздар | | |
| Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
| Кіріспе Ұйымдастыру кезеңі (2 минут) | Сәлемдесу, түгендеу, жағымды атмосфера туғызу | Сабаққа назарын аудару | |
| Үй тапсырмасы (7 минут) | Сұрақ жауап(түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі) | Сұрақтарға жауап беру | |
| Үй тапсырмасын бекіту (2 минут) Қызығушылықты ояту | Қауіпсіздік ережелеріне постер тарату | Постерге білетін ережелерін жазу | |
| Жаңа сабаққа дайындық Мағынаны тану (7 минут) | 6-сыныпқа арналған электронды оқулықтан «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбына арналған бейне материал қосылады. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылған | Оқушылар зейін қойып тыңдайды | |
| Негізгі бөлім Жаңа сабақ (15 минут) | (Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.) | | |
| Жаңа сабақты жинақтау 7 минут | Сыныпты Пирамида, Бәйтерек және «Мәңгілік ел» суреттер қиындысы арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру. 6-сынып оқулығында «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын оқыту. | Оқушылар белсене қатысады. Суреттерді құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады. Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Топтағы әрбір оқушының қолдарына «бағалау парағы» беріледі. Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды. Топтағы әрбір оқушы «Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын ұйымдастыру» тақырыбын бөліп алып оқиды. Оқушылар өздері оқыған ақпарат туралы топқа түсіндіреді. | |
| Кері байланыс 2 минут | Білемін? | Білгім келеді? | Үйрендім? |
| Бағалау 4 минут | Бақылайды, бағалайды. Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды. | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | |
| Үй тапсырмасы (1 мин) | Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды. | Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады. | |
| Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады. |