Ортаңғы «Ақерке» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 19.04.2019 ж
Тәрбиеші: Биржикенова. А.Б
Білім беру саласы: «Таным»
Пән: Жаратылыстану
Өтпелі тақырып: «Көктемгі ағаштар»
Тақырыбы: Көктемгі орманға саяхат»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Балалардың белсенділігін арттырып, табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық:. Балаларды табиғатты аялай білуге, орманға барғанда ережелерді сақтай білуге
Оқыту: Заттарды күнделікті өмірде салыстыра білуге және аттарымен атай білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар:дамыту
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер,
Билингвалдық компонент: ағаш-дерева
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі
Сәлеметсіңдер ме, балалар.Бүгінгі біздің дене тәрбиесі оқу іс - әрекетіміз таңқаларлық,өйткені біріншіден бізге қонақтар келіп отыр.Балалар енді қонақтармен амандасайық.
Балалар: Сәлеметсіздер ме, апайлар.
Тәрбиеші :Екіншіден біз қазір сендермен саяхатқа аттанамыз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар.
Енді мен сендерге «Көктем өрнегі» атты өлең оқып берейін.
Қар еріді,су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Тәрбиеші:Балалар енді жұмбақ шешейік, осы жұмбақты шешу арқылы біз сендермен саяхатқа қайда баратынымызды білеміз.
Өседі ағашы да, шыршасы да,емені,
Құстар мен жан-жануардың мекені. (Орман)
Негізгі бөлім:
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар жарайсыңдар,біз сендермен саяхатқа көктемгі орманға аттанамыз.
(Орман шуы,құсардың әндері туралы музыка ойнайды).
Көзге жаттығу:
Жұм да, аш көзіңді сен,
Тұр ғой міне, көктемгі әлем.
Оң жағыңда шырша,сол жағыңда емен,
Мұндағы ертегі әлеміне таңғаламын мен.
Шеңбер бойымен жүреді.
Біз орманға кіреміз,
Бар қоқсықты тереміз.
Шөптер өсіп шықсын деп.
Бұтақтарды шабамыз,
(Балалар бұтақтарды шапқан сияқты қолдарын сермейді,қапқа салады)
1. Қазір қаптарыңды жауып,оң иықтарыңа асып, аяқтарымыздың ұшымен жүреміз.
2. Енді сол иықтарыңа асып, өкшемізбен жүреміз.
3.Енді айналамыз.
(Қаптары қолдарында ,алға қарай айналып,қолдарын алға созады)
4. (Судың ағысы музыка ойнайды)
- Қазір балалар аяғымыз су болмас үшін қаптарымызды аяқтарымызға киіп, судан өтеміз.(Мұрынымызбен терең дем алып,ақырын аузымыздан демімізді шығарамыз)
- Мына жерде тастар олардан секіреміз.
Жалпы дамытушы жаттығулар:
1. Балалар енді ары қарай біз велосипедпен барамыз. (3-4 рет)
(Балалар қаптарына отырып,қолдарын артқа қойып,аяқтарымен педальды айналдырады.)
2. Енді қаптарымызға жатып,аяқтарымызды тік көтереміз. (3-4 рет)
3. Қаптарды аяқтарымызға киіп,шеңбермен алға қарай айналамыз.(3-4 рет)
4. Қазір аяқтарымыздағы қаптарымызды шешіп,оларды жоғары лақтарып.екі қолымызбен ұстап алуға тырысамыз. (3-4 рет)
(Балалар аяқтарындағы қаптарын шешіп орындарынан тұрады,қаптарды жоғары лақтырып,екі қолдарымен қағып алады. Қаптарын себетке жинап салады)
Музыка ойналады.
Негізгі қимылдар:
1.Қазір балалар біз тиіндарға жаңғақтар лақтарамыз,олардың үйлері ағаштарда, биікте. (Балалар жаңғақтарды палатин арқылы бір жаққа,одан соң екінші жаққа лақтарады)
2.Біздің алдымызда қалың орман,біз сол сол орманнан өтуіміз керек.
(Палатин арқылы тунельден өтеді)
Ойын: «Балықшы мен балық»
Шеңбер бойымен жүреді.
Көздерімізбен төмен қараймыз балықтар бар ма екен,енді жоғары қараймыз қармақтағы балыққа,оң жағымызға қараймыз,солға қараймыз.
«Миға шабуыл»
-Балалар біз сендермен «Балықшы мен балық» ойынын ойнадық балық қайда өмір сүреді?
-Суда.
Қараңдар тамшы не істейді? (тамшылайды) Көп тамшы – ол су.Көп тамшыдан не пайда болады? (шалшық) көп шалшықтан не пайда болады? (өзен) Өзеннен ше? (көл).Көлден үлкен не?(теңіз) Теңізден үлкен не? (мұхит)
-Мұхитта жел соққанда не пайда болады?
-Толқын.
-Дұрыс айтасыңдар.
-Ендеше «Толқындар» ойынын ойнайық.
- Жел соқты,толқындар пайда болды.
-Қатты жел соқты.
-Жел ақырындады,жел басылды,толқындар жоқ.
Балалар палатинаны ұстап,қолдарын ақырын төмен-жоғары қозалтып толқын жасайды,
Қолдарын тез төмен-жоғары қозалтып толқын жасайды.
Қорытынды: Балалар бүгін біз сендермен қайда саяхатқа балдық?
Осымен бүгінгі оқу іс -әрекетіміз аяқталды.