Керемет! Бағалау парағына өздеріңізге бір баллдан қойып алыңыздар. 2 кезеңге көшейік. «Сөздерді іздеу». Яғни бүгінгі сабағымызды жақсы түсіну үшін бізге жаңа сөздермен танысу керек. жаңа сөздер: есептеуіш құрылғы – вычислительное оборудование, дербес – персональный, мәлімет қоры – база данных, тасымалдау – переносить. Сөздік дәптерге жазып алыңыздар. Ал енді сөздерімізді бекіту үшін сілтемеге кіріп, тапсырма орындайық. Сөздерді бір-бірімен сәйкестендіру керек. (балалар арнайы бағдарлама жасалған сөздердің аудармасын табады, сөздік дәптерге жазады) Тамаша! Барлық сөздерді тауып алдыңыздар. Өздеріңе 2 б. қойыңыздар. 3 кезең «Бәрің білгім келеді». Мәтінді 2 рет тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіздер. «Ақылды карта» әдісі арқылы өткіземіз. Сұрақтарға жауап беріңдер. «Компьютер» алғаш рет қай жылы және қандай сөздікте пайда болды? Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы «Оксфорд» сөздігінде пайда болды. Компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде қайда көрсетілген? Компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде бұл сөздікте көрсетілген. «Компьютер» сөзі қай тілден шыққан? «Компьютер» сөзі ағылшын тілінің «to compute», «computer» сөздерінен шыққан. XIX ғасырда кім адамсыз есептеулер автоматын жасап шықты? XIX ғасырда Чарлз Бэббидж адамсыз есептеулер автоматын жасап шықты. Бірінші электронды есептеуіш мәшине қай жылы жасалды? Бірінші электронды есептеуіш мәшине 1946 жылы жасалды. Алғашқы компьютерлер не үшін қолданылды? Алғашқы компьютерлер есептеу үшін, мәлімет қоры үшін қолданылды. Дербес компьютерлер қай жылы пайда болды? Дербес компьютерлер 1990 жылы пайда болды. Компьютер ақпараттық құрал ретінде қай жерлерде пайдаланады? Компьютер ақпараттық құрал ретінде көшеде де, кеңседе де, мектепте де, үйде де пайдаланылады. |