СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Компьютерлік вирустар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Оқушыларға компьютерлік вирустардан қорғауды үйрету 

Просмотр содержимого документа
«Компьютерлік вирустар»

Сабақ жоспары


Пәні Информатика және ЕТН


Сабақ тақырыбы: Компьютерлік вирустар

Сабақ мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға компьютерлерді вирустардан қорғауды үйрету

2. Тәрбиелік: Оқышыларды тәрбиелікке,ұқыптылыққа үйрету.

3. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық –абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, инт.тақта, электронды оқул.

Сабақ түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: теориялық


Сабақтың барысы.

Ұйымдастыру кезеңі -

Жаңа сабақты түсіндіру -

Электронды оқушылықпен жұмыс –

Жаңа сабақты бекіту –

Үйге тапсырма беру-

Бағалау –

І. Ұйымдастыру

  • Сабаққа дайындықтарын тексеру

  • Сабақ мақсатын айту


Өткен материалды қайталау сұрақтары:


1. Өзіңіз білетін мұрағаттаушы бағдарламаларды атаңыз.
2. Файл немесе қалтаны мұрағаттау кезіндегі әрекеттер тізімін атаңыз.
3. Жұмыс істер алдында қысылған файлға қатысты қандай әрекетті орындау керек?
4. Мұрағатты қалай ашуға болады?


Жаңа сабақ:

Компьютерлік вирустар – бұл компьютердің қалыпты жұмыс істеуіне кедергі жасайтын, мәліметтерді қайталап жазатын немесе жоятын бағдарламалар. Бұл бағдарламалар өз бетімен көбейеді де, амалдық жүйе мен желідегі нысандарға зиян келтіруі мүмкін.

Компьютердің вируспен зақымданғанының бірнеше негізгі белгісі мынандай:

  1. Компьютер әдеттегісінен баяу жұмыс істейді

  2. компьютер сұраныстарға жауап беруін доғарады

  3. жүйе бірнеше минут сайын жұмыс істеуден бас тартып, қайта – қайта перезагрузка бола береді.

  4. Дискілер мен диск жетектеріне қатынау мүмкін болмай қалады.

  5. басып шығару қателермен жұмыс істейді.

  6. қателер туралы әдеттегіден тыс хабарламалар пайда бола бастайды.

  7. мәзірлер мен сұхбат терезелерінің көрінісі өзгеріп кетеді.

Бұлардың бәрі вирус жұққандығының типтік белгілері.

Вирустармен күресу үшін Антивирустар деп аталатын арнайы бағдарламалар бар.

Вирусқақарсы бағдарлама (антивирус) – компьютерлік вирустарды жұқтырған бағдарламаларды табуға және емдеуге, сондай – ақ файлдың жұқтыруының алдын алуға арналған бағдарлама.

Бүгінгі таңда вирусқа қарсы бағдарламалардың алуан түрлері бар: Dr.Web, Eset NOD 32, McAfee, AVG/ Panda Software, Norton Antivirus, Касперский антивирус.

Касперский антивирус – ең танымал вирусқа қарсы бағдарламалардың бірі. Компьютерге орнату кезінде касперский Антивирусы тұрғылықты дискіде орналасқан нысандардың мәтінмәндік мәзіріне құрамдасып, өз тобын Бастау Бас мәзіріне үстейді. Жұмыс істеу барысында амалдық жүйенің жүйелік үстелінде вирусқа қарсы бағдарламаның белгішесі пайда болады.

Касперский Антивирусының көмегімен жергілікті, алмалы, ықшам дискілерде вирустардың бар- жоғын тексеруге болады.


Касперский Антивирусы орнатылған болса, компьютерді вирус жұқтырған – жұқтырмағанына толықтексеру үшін мына әрекеттерді орындау қажет:

  1. касперский антивирусы вирусқа қарсы бағдарламасын ашу

  2. қорғаныс қосымшасын таңдау

  3. Менің компьютерімді тексеру дегенді басу.

  4. тексеру нәтижелері жою немесе емдеу қажет болатын вирустардың бар – жоғын көрсетеді.

  5. содан кейін Касперский Антивирусы бағдарламасы терезесін жабу керек.


Мекендеу ортасына қарай вирустарды былай бөлуге болады:

Файлдық

Жүктейтін (загрузочный)

Макровирустар

Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізіліген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі

Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.



Жаңа сабақты бекіту:

1. Компьютерлік вирустар дегеніміз не?
2. Компьютер вирусты қалай «жұқтырып» алуы мүмкін?
3. Компьютерлік вирустардың айрықша сипаттары қандай?
4. Қандай вирусқа қарсы бағдарламаларды білесіз?
5. Қандай нысандарды Kaspersky Anti-Virus бағдарламасының көмегімен вирустар бар-жоғына тексеруге болмайды?
6. Жекелеген нысандарды вирустар бар-жоғына қалай тексеруге болады?

Үйге тапсырма:

Пайдаланылған әдебиеттер: