Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні/Дата проведения:
Тәрбиеші/Воспитатель:
Білім беру саласы/Образовательная область: Әлеуметтік орта
Пән/Предмет: Өзін – өзі тану
Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Теңіздер мен мұхиттар әлемі»
Тақырыбы/Тема: «Қонақ келсе - қуаныш»
Мақсаттары/Цели:
1.Тәрбиелік – воспитательная: Қонақ күте білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая: «Қонақжайлылық» ұғымы туралы түсінік беру
3.Оқыту – обучающая: қонақты қалай күтуге болатыны жайлы түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: денсаулықты сақтау бойынша педагогикалық технологиялар, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: суреттер, дәптер.
Көптілділік/Полиязичие: қонақ – гость – guest, қонақжайлылық – гостеприимство - hospitality
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:
Қайырлы таң, балалар! Мен сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге күлімсірей қарап, жақсы тілектерімізді білдіріп, амандасайық.
2.Негізгі бөлім/оснавная часть:
Әңгімелесу
-Балалар,сендер қонаққа барғанды ұнатасыңдар ма?
-Қонаққа барғанда сендерді қандай сөздермен қарсы алады?
-Ал, үйлеріңе қонақ келгенде қандай сөздермен қарсы аласыңдар?
- Қонақжайлылықты қалай түсінесіңдер?
Қонақты қарсы алу.
Қонақ арнайы шақырумен де, шақырусызда келеді. Шақырусыз келген бейтаныс қонақ үйге: «Біз құдайы қонақпыз», - деп ескерте кіреді. Егер кімде-кім қонақты қуана қарсы алып, ерекше құрметтесе, оған риза болған қонақ шын ықыласпен бата берсе, сол отбасы байлыққа, бақытқа кенеледі. Шақырумен келген қонақты үйге жақындағанда алдынан шығып қарсы алу – міндет.
Дастархан басына шақыру.
Қалыптысқан әдеп бойынша дастархан басына әуелі жасы үлкендерді шақырады.
Ойын. «Қонақ күтеміз»
Тәрбиеші: балаларды екі топқа бөліп, Бірінші топ - «Қонақтар». Екінші топ -«Үй иелері. Қонақты қалай күту керек екенін көрсетеміз.
- қонақпен амандасамыз.
- үйге кіргізу.
- төрге шығару
- дастархан жайып, қонақ күту.
Көптілділік: қонақ – гость – guest, қонақжайлылық – гостеприимство - hospitality
Дәптермен жұмыс.
Суретке қарап қонақтарды қалай қарсы алатындарың туралы айтып беріңдер. Берілген дәптердегі суретті бояңдар.
Жеке жұмыс: Айя сен қонақты қалай қарсы аласың?
Сергіту сәті
(Қимыл - қозғалыспен көрсету.)
Біз қандаймыз, қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз
Күлімдеген күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Ғажайып сөздер.
Балалар сабақта үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
«Қонақ келсе, құт келер»
Қонақтардың қолына су құю.
Үлкен астан кейін үйдің кішілері немесе ересектеу балалар қолдарына құмандарына жылы су құйып, оң қолдарына құман, сол қолдарына легендерін алып, иықтарына бет сүлгілерін асып, бата берген кісіден бастап отырған кісілердің қолдарына жағалай су құйып, баталарын алады.
Қонақтарды шығарып салу.
Үйімізге келген қонақтарды қалай шығарып саламыз?
-Қонақ мейманды қарсы алу, күту шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей. Бірақ, әрбір мейманың сыйласымдымдылық дәрежесіне қарай қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сипат көрсетіп, жолжоралғы жасау(ат мінгізу, шапан жабу, жол сыбағасын беру т.б) отбасы міндеті болып табылады.
3.Қорытынды/итоговая часть:
Балалар біз бүгін қонақжайлық туралы әңгімелестік. Қазақ халқы – қонақжай халық. Қонақ келген кезде ең әуелі амандасамыз. Үйге кіргізіп төрімізді ұсынамыз. Дастарқан жаямыз. Дастарханға ең әуелі нан қойылады. Қой сойылып, ет асып, қазы – карта жал - жая дастарқанға қойылады. Бас тартылады. Ауылдың ақсақалы бата береді.
Дастарханыңа береке берсін,
Бастарыңа мереке берсін,
Астарыңа адалдық берсін,
Бастарыңа амандық берсін,
Дендеріңе саулық берсін!
Әумин!
Балаларды мадақтау.