Тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:03.04.2018ж
Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар!»
Тақырыбы: «Ж» және «Ш» дыбыстары
Мақсаттары:
- Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
- Барлық дауысты және дауыссыз анық,таза,әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
- Балаларға «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау
Ресурстармен қамтамасыз ету: үнтаспа, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Көптілдік: жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз.
Просмотр содержимого документа
«Конспект занятия»
Тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:03.04.2018ж
Тәрбиеші: Ермагамбетова С.Н.
Білім беру саласы: Коммуникация
Пән: Сөйлеуді дамыту.
Өтпелі тақырып: «Алғашқы тамшылар!»
Тақырыбы: «Ж» және «Ш» дыбыстары
Мақсаттары:
Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Барлық дауысты және дауыссыз анық,таза,әрі түсінікті дыбыстап айта білу біліктерін дамыту.
Балаларға «Ж» және «ш» дыбыстарының дұрыс жазылуын көрсету және түсіндіру.
Педагогикалық технологиялар: ойын, денсаулық сақтау
Ресурстармен қамтамасыз ету: үнтаспа, суреттер, үлестірмелі материалдар.
Көптілдік: жуан, жіңішке, дауысты, дауыссыз.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезең:
Жұмбақ жасыру:
Күн ұзарып, қар еріп,
Су сайларға толады.
-Балалар айтыңдаршы,бұл қай мезгілде болады?
Негізгі бөлім:
Үнтаспадан күннің күркіреп, жаңбырдың жауып тұрған дыбысы қойылады.
-Балалар бұл ненің дыбысы?
-Жаңбырдан басқа тағы да ненің дыбысы естілді?
-Кү күркірегенде міндетті түрле не жауады?
-Ендеше бәріміз әдемі саусақтарымызбен бірге жаңбырдың дыбысын салайық.
«Ж»- дыбысы бар буындар мен сөздерді қайталау:
Жа-жа-жа-жалау, жаз
Жо-жо-жо-жол, жоқ
Жу-жу-жу-жусан
Жы-жы-жы-жылан, жылы
Жи-жи-жи-жидек
Же-же-же- жер.
Енді «Ж» дыбысын ауада жазып көрейік.
Өлең оқу «Жаңбыр»
Жұмбақ жасыру
Өз қалпағын жасынан
Тастамайды басынан
-Балалар, қайда және қай кезде өседі?
Ойын «Саңырауқұлақ»
Қорытынды:
ОҰҚ жаңылтпаштармен қорытындылау.
-Бүгінгі оқу қызметінде қандай әріптермен таныстыңдар?