СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ
Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно
Скидки до 50 % на комплекты
только до
Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой
Организационный момент
Проверка знаний
Объяснение материала
Закрепление изученного
Итоги урока
контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты...................5
1. Контаминация құбылысының зерттелуі……...........................................5
1.2 Контаминацияның басқа лингвистикалық құбылыстардан айырмашылығы…................................................................................................7
2 Қазақ тіліндегі контаминациялану жолымен қалыптасқан тілдік бірліктер....................................................................................................................16
2.1 Контаминациялану жолымен жасалған фразеологизмдер ………….....16
2.2 Контаминацияланған мақал-мәтелдер……………………………….....36
2.3 Бірыңғай мүшелердің сыйыстыра қолданылуы......................................48
2.4 Контаминацияланған бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық негіздері………………………………………………………………………….........53
ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………....…61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………….......………....63
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жалпы тілдің сөздік құрамының дамуына әсер ететін сыртқы факторлар қоғамның әлеуметтік құрылысының өзгеруі, өндірістің, мәдениеттің, ғылымның дамуы болып табылады. Мәселен, әлеуметтік құрылыстың өзгерістері қоғамдық-публицистикалық сипаттағы сөздер тобын өзгертеді, ғылым дамыса – ғылыми терминология дамиды, өндірістің дамуы кәсіби техникалық сөздер қатарын молайтады. Осыған байланысты ақын-жазушылар тіліндегі осы көрсетілген лексикалық топтарды таңдап алып, талдау қажеттігі туындайды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі контаминация құбылысы арқылы жасалған тіл бірліктері, синтаксистік құрылымдарды қарастыру болып табылады.
Контаминация қазақ тіл білімінде енді ғана қолға алынып келе жатқан қатысымдық синтаксис мәселесімен де өте тығыз байланысты. Қатысымдық синтаксис тіл білімінде қазір өте өзекті болып табылатын функционалдық бағытпен ұштасып жатыр.
Зерттеу нысаны ретінде қазақ тіліндегі контаминация құбылысы арқылы жасалған тіл бірліктері, синтаксистік құрылымдар (сөз тіркесі, сөйлем) алынды. Оның ішінде сыйысқан құрмалас сөйлемдер, контаминация жолымен қалыптасқан тұрақты және еркін тіркестер.
Зерттеудің мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты – қазақ тіліндегі сыйысқан тілдік бірліктерді анықтап, олардың сыйысу механизмдерін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- контаминация құбылысының лингвистикалық анықтамаларын жинақтап, сараптама жасау;
- контаминация құбылысының тілдегі басқа заңдылықтардан (ассимиляция, эллипсис, парцелляция, редукция және т.б.) айырмашылығын көрсету;
- қазақ тіліндегі контаминация жолымен қалыптасқан еркін және тұрақты тіркестерді тауып, оларға компоненттік талдаулар жасау;
- фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің сыйысу ерекшеліктерін көрсету;
- бірыңғай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сыйысу ерекшеліктерін көрсету;
- сыйысудың субъективтілік мәнін дәлелдеу және контаминация құбылысына әсер ететін экстралингвистикалық факторларды анықтау;
- контаминацияланған сөйлемдердің коммуникативтік-экспрессивтік қызметін көрсету.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Осы жұмыста қазақ тіліндегі контаминациялық құбылыстар алғаш рет кешенді түрде сөз болды:
- тіл жүйесіндегі ықшамдалуға қатысты басқа да заңдылықтардан (редукция, ассимиляция, элипсис, парцелляция және т.б.) сыйысудың ерекше құбылыс екендігі дәлелденді;
- қазақ тіліндегі синонимдес, варианттас және мағыналары жақын емес фразеологиялық бірліктердің контаминациялану арқылы қалыптасу ерекшеліктері көрсетілді;
- бірыңғай тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің сыйысу ерекшеліктері айқындалды;
- ықшамдалған, сыйысқан құрылымдардың коммуникативтік-прагматикалық негізі болатындығы дәлелденді.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеуге теориялық негіз ретінде контаминация құбылысына қатысты жалпы тіл білімінде айтылған барлық тұжырымдар, сондай-ақ ұлт ғалымдары А.Байтұрсынұлы, С.Аманжолов, Е.Жұбанов, Қ.Есенов, Н.Уәлиұлы, Г.Қосымованың тілдегі сыйысу құбылысы туралы көзқарастары мен Г.И.Ақылбаеваның контаминация құбылысының тілдегі көрінісі жайлы зерттеуі алынды.
Зерттеу жұмысының әдістері. Тақырыпты зерттеу барысында сипаттау, жүйелеу, салыстыру, жіктеу, талдау әдістері қолданылды. Негізгі бөлімдердегі тұжырымдар тілдік мысалдарды талдау арқылы түйінделіп, нәтижелері көрсетілді.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Дипломдық жұмыс қазіргі қазақ тіл біліміндегі контаминация құбылысына арналып жазылғандықтан, сол бағыттағы зерттеулерге қосылған үлес болып саналады. Жұмыста келтірілген тұжырымдар мен қорытындыларды жоғары оқу орындарында арнайы курстарда оқуға және семинар сабақтарын жүргізуде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- тілде контаминацияға ұқсас құбылыс көп. Контаминацияның олардан айырмасы – сыйысатын екі бірліктің құрамындағы кез келген бір компонент түсіп қалады;
- сыйысу құбылысы белгілі бір деңгейге ғана емес, жалпы тіл жүйесіне тән заңдылық болып табылады;
- синонимдес, варианттас фразеологизмдердің сыйысуы арқылы жаңа фразалық бірліктер пайда болады; мағыналары алшақ тұрақты тіркестердің сыйысуы арқылы да тұрақты тіркес пайда болады, бірақ мұндай бірліктер синонимдес, варианттас фразеологизмдерге қарағанда сирек ұшырасады;
- контаминацияланған құрылымдар барлық сөйлем мүшелерінің сыйысуы арқылы жасала береді және әртүрлі деңгейдегі бірліктердің барлығына, яғни тіл жүйесіне түгелдей тән құбылыс болып табылады.
Зерттеудің дереккөздері. 500-ден аса контаминациялану жолымен жасалған тіл бірліктері, синтаксистік құрылымдар, тұрақты сөз тіркестері, еркін тіркестер теріліп алынып, жұмысты жазу барысында сыйыса байланысқан құрылымдарға компоненттік талдаулар жасалды.
1 КОНТАМИНАЦИЯ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
1.1 Контаминация құбылысының зерттелуі
Контаминацияланған бірліктердің қайсысы болмасын құрамы, құрылымы жағынан ықшамдалады. Жалпы тіл білімінде контаминациялық құбылыстар еркін тіркес және тұрақты тіркеске қатысты алғаш рет өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап сөз бола бастады. Оған В.А.Инцкович, Б.С.Шварцкопф, С.И.Ройзензон, Н.Ю.Шведова, А.И.Молотков, Л.М.Болдырева, А.М.Бабкин, А.В.Кунина сияқты ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.
Тіл біліміндегі контаминация құбылысын ықшамдаудың (үнемдеудің) бір тәсілі ретінде қараған дұрыс. Ықшамдау (үнемдеу) – жалпы тіл жүйесіне қатысты және әртүрлі тәсілдермен жүзеге асатын құбылыс. Кезінде А.Мартине үнемдеуге (экономия) аса мән берген болатын: «Постоянное противоречие между потребностями общения человека и его стремлением свести к минимум свои умственные и физические усилия может рассматриваться в качестве движущей силы языковых изменений. Здесь, как и в ряде других случаев, поведения человека подчинено закону наименьшего усилия, в соответствии с которым человек рассматривает свои силы лишь в той степени, в какой это необходимо для достижения определенной цели» [1, 77 б.].
А.Мартиненің ойынша, ықшамдаудың екі түрі болады: синтагмалық және парадигмалық. Тіл жүйесіндегі ықшамдауды ғалым синтагмалық, ал сөйлеу кезіндегі ықшамдалуды парадигмалық деп таниды. Ықшамдаудың өзі сөйлеуге тікелей қатысты болатындығын осы сала бойынша зерттеп жүрген бір де бір ғалым жоққа шығарған емес. Г.Паульдің пікірінше, тіл жүйесінде синтаксистік құрылымдардың толық нұсқалары болғанымен, сөйлеуде сөйлеу жағдаяты мен контекске қарай қажеттілері ғана пайдаланылады екен [2, 86 б.]. Шындығында да, сөйлеу кезінде қолданылатын синтаксистік құрылым бір-ақ сөзден де тұруы мүмкін. Егер олар жалпы жағдайға қанық болса, сөйлеушілер үшін оның өзі түсінікті болады. Мұндай жағдай барлық тілдерге тән. Ықшамдаудың түрі көп және оның деңгейлік сипаты бар екендігін айта кету қажет. Ассимиляция, редукция құбылыстары фонетика деңгейіне тән болса, контаминация, синкретизм және т.б. одан жоғары тұрған деңгейлерге тән болып келеді.
Ықшамдаудың қай түрі болмасын құрылымға экспрессивті мән үстейді: «…сокращенные и упрощенные конструкции характеризуются динамичностью, свежестью, живостью изображения, особой экспрессивной выразительностью» [3, 130 б.], - дейді ғалым Э.Г.Ризель. Ал ықшамдаудың өзі аяқталған ойды жеткізуге арналған синтаксистік құрылымды біріктіретін, байланыстыратын морфологиялық құралдардың, лексикалық бірліктердің түсірілуі арқылы жүзеге асады. Мұндай құбылысты татар тіліндегі ықшамдалу жайын қарастырған ғалым Ф.С.Сафиуллина «Семантикалық компрессия» деп атайды [4, 82 б.]. Автор компрессияның түрлеріне мыналарды жатқызады: «В простых предложениях наблюдается выпадение аффиксов сказуемости. В разговорной речи татар появляются новые структурные модели речи татар словосочетаний и предложений: сегментация, парцелляция, уменьшение объема предложения» [4, 82 б.]. Біздің ойымызша, автор бұл жерде компрессия құбылысын жалпы ықшамдаумен синоним мағынасында алып отырған сияқты. Өйткені компрессия құбылысы да парцелляция сияқты ықшамдаудың бір тәсіліне жатады.
Контаминацияланған бірліктердің қайсысы болмасын құрамы, құрылымы жағынан ықшамдалады. Жалпы тіл білімінде контаминациялық құбылыстар еркін тіркес және тұрақты тіркеске қатысты алғаш рет өткен ғасырдың жетпісінші жылдарынан бастап сөз бола бастады. Оған В.А.Инцкович, Б.С.Шварцкопф, С.И.Ройзензон, Н.Ю.Шведова, А.И.Молотков, Л.М.Болдырева, А.М.Бабкин, А.В.Кунина сияқты ғалымдардың еңбектерін жатқызуға болады.
Контаминация негізінде жаңа бірліктер пайда болады. Контаминация құбылысын жаңа бірліктердің пайда болуының бір көзі ретінде қарауға болады. Мамандар контаминация құбылысының, әсіресе, фразеологизмдер жасауда актив қолданылатындығын айтады.
Қазақ тіл білімінде контаминация құбылысына ең алғаш тоқталған ғалым – А.Байтұрсынұлы. Ғалымның айтуынша, толық түрде айтылған бағыныңқы сөйлемдердің бәрін болмаса да, көбін-ақ ықшам түрге айналдыруға болады. Ықшамдау деп сол толық түрден ықшам түрге айналдыру айтылады. Қазақ тілінде толық түрінен де ықшам түрі көбірек жүреді. Бағыныңқы сөйлемнің көбі ықшам түрге айналғанда, басыңқы сөйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді [5, 308 б.].
А.Байтұрсынұлының «сыйысу» сөзі шет тіл термині (латын) «контаминацияның» мағынасын толықтай аша алады. Және де соның баламасы ретінде қолданылуына да толықтай семантикалық мүмкіндігі бар. Оған шет тілдер сөздігіндегі контаминацияға берілген екінші мағынасы (екі немесе бірнеше оқиғаны қосақтап, араластыра сипаттау) дәлел бола алады. Қазақ тіліндегі «сыйысу» сөзінің де мағынасы осыдан соншалықты алшақтап кетпейді.
А.Байтұрсынұлы сыйысулы құрмаластың екі түрлі: 1) шұбалаң түрде, 2) ықшам түрде айтылатындығын ескерткен. Мұнда дамудың үш негізгі заңдылығының (санның сапаға өтуі, қарама-қайшылық және терістеу) бірі – терістеуді терістеу құбылысы барын байқауға болады. Яғни құрмалас сөйлемдер сыйысу процесі арқылы ықшамдалады да, А.Байтұрсынұлынша айтқанда, сыйысулы құрмаласқа айналады. Оның өзі әрі қарай ықшамдала алады. Бірақ бұл жердегі ықшамдалу сыйысу құбылысы арқылы емес, көсемше тұлғалары арқылы жүзеге асады.
Қазақ тіл білімінің тарихында мұндай заңдылыққа А.Байтұрсынұлынан кейін Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Е.Жұбанов, Р.Әмір, Қ.Есенов, С.Исаев, З.Ахметжанова, Н.Уәлиұлы, Б.Шалабай, Б.Сағындықұлы, Г.Қосымова, Б.Қапалбековтер назар аударған. Контаминация негізінде жаңа бірліктер пайда болады. Контаминация құбылысын жаңа бірліктердің пайда болуының бір көзі ретінде қарауға болады. Мамандар контаминация құбылысының, әсіресе, фразеологизмдер жасауда актив қолданылатындығын айтады.Бұл жайында зерттеу жұмыстары бар.
Қазақ тіл білімінде контаминация құбылысына ең алғаш тоқталған ғалым – А.Байтұрсынұлы. Ғалымның айтуынша, толық түрде айтылған бағыныңқы сөйлемдердің бәрін болмаса да, көбін-ақ ықшам түрге айналдыруға болады. Ықшамдау деп сол толық түрден ықшам түрге айналдыру айтылады. Қазақ тілінде толық түрінен де ықшам түрі көбірек жүреді. Бағыныңқы сөйлемнің көбі ықшам түрге айналғанда, басыңқы сөйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді [12, 308 ].
А.Байтұрсынұлының «сыйысу» сөзі шет тіл термині (латын) «контаминацияның» мағынасын толықтай аша алады. Және де соның баламасы ретінде қолданылуына да толықтай семантикалық мүмкіндігі бар. Оған шет тілдер сөздігіндегі контаминацияға берілген екінші мағынасы (екі немесе бірнеше оқиғаны қосақтап, араластыра сипаттау) дәлел бола алады. Қазақ тіліндегі «сыйысу» сөзінің де мағынасы осыдан соншалықты алшақтап кетпейді.
А.Байтұрсынұлы сыйысулы құрмаластың екі түрлі:
1) шұбалаң түрде
2) ықшам түрде айтылатындығын ескерткен.
Мұнда дамудың үш негізгі заңдылығының (санның сапаға өтуі, қарама-қайшылық және терістеу) бірі – терістеуді терістеу құбылысы барын байқауға болады. Яғни құрмалас сөйлемдер сыйысу процесі арқылы ықшамдалады да, А.Байтұрсынұлынша айтқанда, сыйысулы құрмаласқа айналады. Оның өзі әрі қарай ықшамдала алады. Бірақ бұл жердегі ықшамдалу сыйысу құбылысы арқылы емес, көсемше тұлғалары арқылы жүзеге асады.
Қазақ тіл білімінің тарихында мұндай заңдылыққа А.Байтұрсынұлынан кейін Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Е.Жұбанов, Р.Әмір, Қ.Есенов, С.Исаев, З.Ахметжанова, Н.Уәлиұлы, Б.Шалабай, Б.Сағындықұлы, Г.Қосымова, Б.Қапалбековтер назар аударған.
1.2 Контаминацияның тілдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы
Контаминацияның тілдегі ассимиляция, эллипсис, парцелляция және редукция құбылыстарынан айырмашылығы.
Ассимиляция (латынша assimilative – ұқсау) дегеніміз морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық-артикуляциялық жақтан немесе кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық-акустикалық жақтан ықпал ету. Ассимиляция көрші тұрған дыбыстардың әсер ету ерекшелігіне қарай іштей үш түрге ажыратылады. Олар:
а) прогрессивті ассимиляция. Қазақ тілінде прогрессивті ассимиляция өте күшті. Бұл заң бойынша алдыңғы морфеманың соңғы дауыссыз дыбысы кейінгі морфеманың басқы дауыссыз дыбысына акустикалық (дауыс қатысы) жақтан ықпал етіп, игеріп тұрады. Бұл, әсіресе сөз (түбір) бен қосымшаның аралығында жақсы сақталады, яғни қосымшаның басқы дыбысы түбірдің соңғы дыбысына толық тәуелді болып тұрады.
Мұның өзі сөз бен сөздің аралығында дауыссыздарға да тікелей қатысты. Дауыссыздардың әр түріне байланысты прогрессивті ассимиляция мынадай болады:
1. Үнді дауыссыздар сөзді аяқтап тұра алады және бұлар дауыстылар сияқты өзінен кейінгі морфеманың (қосымша, сөз) тек ұяң, үндіден басталуын талап етеді: мал-дың, мал-ға, мал-мен, ем-ді, ем-нен,аң-мен, ар-лы, ар-мен, ай-дың, ай-лы, ай-ға, тау-лар, тау-ға т.б.
Ал бунақтағы кейінгі сөздің басқы дыбысы қ, к қатаңдарынан басталатын болса, өзінен бұрыңғы сөздің соңындағы үнділердің прогрессивті ықпалына ұшырап, ұяңданып кетеді: малғора (мал қора), кітабымғайда (кітабым қайда), таңғалды (таң қалды), біргүлді (бір күлді), айғарады (ай қарады), тауғайда (тау қайда).
Бұл заңға бірер кірме қосымшаның басында кездесетін қ, к қатаңдары бағынбайды. Олар: -қор (жем-қор, қам-қор), -қой (сән-қой, әзіл-қой, жанжал-қой), -кент (шым-кент, құм-кент, жар-кент).
2. Қазақ тілінде ұяң дауыссыздардан тек ж, з дыбыстары ғана сөз соңында келеді. Оның өзінде ж дыбысына аяқталған сөздер санаулы-ақ. Олардың қатарына лаж, мұқтаж, уәж сияқты сөздерді жатқызамыз. Бұлар араб сөздері.
3. Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Сөз соңындағы қатаңдар өзінен кейінгі морфемалардың тек қатаң дауыссыздардан басталуын талап етеді: тас-қа, тас-пен, тас-тай.
Түбір мен қосымша арасында қатаңның прогрессивті ықпалынан пайда болатын бір-ақ алмасу кездеседі. Соңы қатаң ш-ға аяқталған сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанса, с дыбысы ш-ға алмасады: ашша (аш-са), шешше (шеш-се), қашша (қаш-са), кешше (кеш-се), ұшша (ұш-са).
Бұл екі дыбыс (ш, с) дауыстың қатысы жағынан бірдей. Артикуляциясы жағынан да жуық болып келеді.
Бунақта қатар келген ш, с дыбыстары алмасуға ұшырамайды: күшсалды, көшсоңында.
Әр түрлі позицияда қатар келген тш тіркесі айтуда тч-ға жуықтайды: патча (патша), қатчы (хатшы), айтчы (айтшы), кетчі (кетші).
1. Үнді дауыссыздар да дауыстылар сияқты басқа дауыссыздарға күштілік жасайды да оларға ықпал етіп тұрады. Прогрессивті ассимиляция кезінде үнділер алмасуға ұшырамайды. Ал регрессивті ассимиляцияға ұшырап алмасатын бір-ақ дыбыс бар. Ол – тіл алды н.
Бұл дыбыстың тіл арты г, ғ үнсіздерінің (қ, к қатаңдары морфема жігінде үнділерден кейін келетіні білеміз) алдынан келіп айтылу мүмкіндігі мүлде жоқ. Сондықтан да тілімізде ертеректе енген кейбір орыс сөздерінің құрамында кездесетін нк, нг тіркесіндегі н дыбысы біржола ң дыбысына айналып кеткен: бәтеңке (ботинка), кәрзеңке (корзинка), резеңке (резинка). Сондай-ақ б, м, п дыбыстарының алдында да н айтылмайды. Орыс сөзі кәмпіске (көркем шығармада, ауызша айтуда) болып н дыбысы м дыбысына алмасады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінің құрамында нг, нғ, нб, нм, нп дыбыстары тіркесі айтуда ұшырамайды.
Сонымен н мына жағдайларда регрессивті ассимиляцияға ұшырап, алмасып отырады:
а) соңы н дыбысына аяқталған сөздерге тіл арты ғ және г дыбыстарынан басталатын қосымшалар жалғанған кезде тіл алды н тіл арты ң дыбысына алмасады: күңгө (күн-ге), қаңға (қан-ға), үлкөңге (үлкен-ге), оңға (он-ға), кейіңгі (кейінгі). Мұнда ғ, г дыбыстары өзінен бұрынғы н дыбысын артикуляциялық жақтан игеріп тұр. Мұндай құбылыс сөз бен сөздің аралығында да кездеседі. Мысалы, омбір (он бір), омбес (он бес), омбет (он бет), жамберді (жан берді), жамбота (жан бота).
ә) соңы н дыбысына біткен сөздерге жалғанатын қосымша б, м дыбыстарынан басталса, онда тіл арты н, м дыбысына айналады. Мысалы, қаммен (қан-мен), жаммен (жан-мен), жамбады (жан-бады), қамбады (қан-бады), келгеммен (келген-мен), айтқаммен (айтқан-мен).
Алдыңғы сөз н дыбысына аяқталып, кейінгі сөз п дыбысына басталатын болса, тіл алды н дыбысы м дыбысына алмасады: омпарақ (он парақ), жампида (жан пида), жамампиғыл (жаман пиғыл).
2. Ұяңдардан қазақ тілінде з және ж дыбыстары ғана сөзді аяқтай алады. Оның өзінде ж санаулы ғана түбір морфеманың құрамында ұшырайды, ал з дыбысы одан әлде қайда актив болып келеді. Ол тіпті жіктік ( -сыз, -сіз, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз), тәуелдік ( -ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз, -мыз, -міз, -ымыз, -іміз) жалғауларында да кездеседі.
Орыс тілінде араб, клуб, архив, завод, катод, газ, шлюз, гараж, тираж түрінде жазылғанымен, сөз соңында ұяңдар айтылмайды. Алайда қазақ тілінде газ, шлюз, гараж, тираж сияқты сөздердің соңындағы з, ж айқын айтылады да, оларға қосымшалар ұяңнан жалғанады. Мысалы, газ-дың, газ-ға, газ-бен.
Алдыңғы морфема з, ж дыбыстарына аяқталып, кейінгі морфема с, ш және з, ж дыбыстарынан басталса ілгерінді, кейінді ықпалдың нәтижесінде бірсыпыра дыбыс алмасулары болады. Оның ішіндегі регрессивті ассимиляция келесі түрде болады:
а) алдыңғы морфема з ұяңына бітіп, кейінгі морфема қатаң с дыбысынан басталатын болса, онда з қатаң с дыбысына алмасады. Мысалы: қасса (қаз-са), біссіз (біз-сіз), жүссом (жүз сом), сіссіз (сізсіз); ал қатаң т-ның алдынан келгенде с-ға жуықтайды. Мысалы, жүстайлақ (жүз тайлақ), істүссіз (із-түссіз).
ә) кейінгі морфема ж дыбысынан басталса, алдыңғы морфеманың соңындағы з дыбысы ж дыбысына айналады. Бұл сөз бен сөздің арасында болады. Мысалы, жүжжыл (жүз жыл), ажжылда (аз жылда), божжорға (боз жорға), мұжжарғыш (мұз жарғыш).
б) кейінгі морфеманың басындағы ш дыбысы алдыңғы морфеманың соңындағы з ұяңын ш дыбысымен алмастырады: сөшшіл (сөзшіл), сөшшең (сөзшең), ташша (тазша), сішше (сізше), тешшық (тез шық).
в) кейінгі морфеманың басындағы с қатаңы алдыңғы морфеманың соңындағы ұяң ж дыбысын қатаңдандырады. Мысалы, лашшыз (лаж-сыз), мұқташшыз (мұқтаж-сыз).
3. Қатаң дауыссыздардың бәрі де сөзді аяқтап тұра алады. Олардың ішінде регрессивті ассимиляция кезінде алмасуға икемділері: к, қ, п, с.
а) алдыңғы морфема к, қ, п қатаңдарына бітіп, кейінгі морфема үнді және ұяң д, ж, з дауыссыздардан басталса, онда сөз соңындағы қ, к, п ұяңданып, ғ г, б дыбыстарына алмасады. Мысалы, ағжауын (ақ жауын), ағдала (ақ дала), жоғзат (жоқ зат), бегзада (бек-зада).
ә) алдыңғы морфема с дыбысына бітіп, кейінгі морфема ш дыбысынан басталса, с дыбысы ш дыбысымен алмасады. Мысалы, жұмұшшы (жұмыс-шы), ашшы (ас-шы), ойлашшы (ойлас-шы), жашшақта (жас шақтпа), бешшелек (бес шелек), ташшөп (тас шөп).
Сондай-ақ бунақ ішінде қатар келген кқ тіркесі ққ-ға айналады: көққарғы (көк қарға), көққұнан (көк құнан), көққоян (көк қоян).
б) тоғыспалы ассимиляция. Морфемалар аралығында қатар келген дауыссыздардың алдыңғысының өзінен кейінгі дыбысқа акустикалық жақтан, ал кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысқа артикуляциялық жақтан ықпал етуінің нәтижесінде екеуінің де алмасуға ұшырауын тоғыспалы ассимиляция дейміз. Яғни тоғыспалы ассимиляция кезінде көрші дауыссыздар әрі прогрессивті, әрі регрессивті ассимиляцияға бірдей ұшырайды.
1. Алдыңғы сөз үнді н дыбысына бітіп, кейінгі сөз қ немесе к қатаң дыбыстарынан басталса, онда нқ және нк түріндегі дыбыс тіркесі ңғ, ңг дыбыстарына алмасады. Мысалы, амаңгелді (аман келді), қаңқызыл (қан қызыл), қаңғұрт (қан құрт), қауұнғақ (қауын қақ), жаңгешті (жан кешті), күңгөрді (күн көрді) т.б.
2. Алдыңғы сөз с дыбысына бітіп, кейінгі сөз ж дыбысынан басталса, онда бұлардың екеуі де ш дыбысымен алмасады. Мысалы, ташшол (тас жол), башшақта (бас жақта), ташшарған (тас жарған), ешшоқ (ес жоқ).
Контаминация құбылысының ассимиляциядан айырмашылығы, ассимиляция тілдегі дыбыстық жүйеге ғана қатысты құбылыс болса, контаминация бүкіл тіл жүйесіне тән. Солай болғандықтан оның деңгейлік сипаты басым, яғни контаминациялану құбылысы арқылы тілдің әр деңгейіне қатысты бірліктер пайда болады. Сөз, тұрақты тіркестер лексика деңгейіне қатысты болса, сөз тіркесі синтаксистік жүйенің бірлігі болып саналады. Сөйлем, бірыңғай мүшелі жай сөйлемдер, құрмалас сөйлемдер синтаксис деңгейінің қатысымдық бірліктеріне жатады.Контаминация құбылысы жүйенің бойындағы тілдің ішкі табиғатынан туындайтын құбылыс емес, сөйлеудің (речтің) бойынан туындайтын динамикалық процесс болып табылады. Күрделі сөздер жеке қатысымдық бірлік болғанымен, о бастағы шығу көзі, қалыптасу механизмдері еркін тіркестер болғандықтан, контаминация құбылысын сөйлеу деңгейінде болатын процесс деп толық сеніммен айта аламыз.
Редукция құбылысы да ассимилияция сияқты тек дыбыстық құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл құбылыстың да контаминацияға қарағанда тілдік деңгейді қамтуы шектеулі. Белгілі бір фонетикалық жағдайда дыбыстардың әлсіреп көмескіленуі, соның нәтижесінде олардың дыбысталуының өзгеруі редукция деп аталады. Қазақ тілінде сөз ортасындағы белгілі бір дауысты дыбыстардың өзгеріске түсіп, орын алмастыруы редукция деп аталады. Редукция терминінің мағынасы – бәсеңдеу (ослабление) немесе дыбыстың көмескі естілуі. Ол дыбыстардың бір-бірімен тіркеске түсу заңдылықтарына, сөз ішіндегі дауыстылардың сандық та, сапалық та ерекшеліктеріне, дыбыстардың сөз буыны ішіндегі позициясына, сөйлеу темпіне, сөйлеудің үнемдеу принципіне т.б. жағдайларға байланысты болып табылады.
Қазақ тіл білімінде әдетте редукцияға орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты сөздердің құрамындағы қысаң дауыстылардың түсіп қалуын жатқызады. Редукция туралы түсініктерде түсіп қалу туралы сөз жоқ. Тек дауыстының сандық, сапалық жақтан әлсіреуіне назар аударады. Оның өзі алдымен екпінге қатысты делінеді.
Қазақ тілі тұрғысынан редукцияны қысаң дауыстылардың әлсіреп, көмескі айтылуы деп түсіну керек. Орфоэпиялық сөздіктерде ондай жағдайда дауыстылар түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр~гер, қат~нас, тәж~рибе, аң~зақ, ад~раңдау, бад~рақ, ед~реңдеу, и~рім, қас~рет, жұд~рық, көб~рек, жұм~лу, көк~рек, түк~рік, мәк~рүк, құд~рет т.б. Осы сияқты сөздердегі дыбыстардың аралығындағы, үнді мен қатаң дауыссыздар аралығындағы қысаң дауысты дыбыстардың көмескі естіліп, орын алмастырылуы – редукцияның әсері. Әдетте, редукцияға ұшырайтын дауысты дыбыстар екпін түспеген буындағы дауыстылар болып табылады.
Қазақ тілінде сөз ортасында келген дыбыстар ішінде өзгеріске түсетіндердің бірі – үнді дауыссыздар. Ескеретін жай, дауыссыздардың редукциялануы негізінен, ауызекі сөйлеу тіліне тән құбылыс. Мысалы,
келген жоқ – кеген жоқ, жиналыс – жиылыс т.б.
Сол сияқты кейбір түркі тілдерінде сөз ортасында келетін к-қ, г-ғ дауыссыз дыбыстары қазақ тілінде түсіп қалып, сөздің дыбыстық құрамының сан жағынан кемуі де инлаут құбылысына құбылысына байланысты болып келеді. Мысалы, бұғдай – бидай, бұздау – бұзау, бігіз – біз, кигіз – киіз т.б.
Қысаңдардың көмескілігі сонша, сөздің құрамында да түсіп қалып жатады. Орфографиялық сөздіктің соңғы басылымдарда жасмық, мәкрүк болып келді. Тіпті мағына сөзі көпке дейін мағына түрде жазылғаны белгілі. Бұдан шығатын қорытынды қысаң дауыстылар – протеза, редукцияға бейім дыбыстар.
Парцелляция және контаминация құбылысы. Парцелляция – дегеніміз Ю.В.Ванниковтың анықтамасы бойынша «сөйлемнің, яғни біртұтас синтаксистік құрылымның бөлшектеліп, бір немесе бірнеше тілдік интонациялық – мағыналық единицаларда, яғни фазаларда айтылуы»[14,5]. Қазақ тіліндегі парцелляция құбылысына алғашқылардың бірі болып назар аударып, талдау жасаған ғалымдар М.Балақаев пен Т.Сайранбаев «Парцелляция және оны аудару» деген мақаласында парцелляцияны қазақ тіліне аударма нәтижесінде енген құбылыс деп қарайды. Алайда бұл құбылыстың қазақ тіліндегі көркем әдеби шығармаларда бұрыннан қолданылып келе жатқанын байқаймыз. «Парцелляция дегеніміз – дербес фраза болып бөлшектелген біртұтас сөйлем айтылыстың структуралық компоненті» [15,61]. Сонымен бірге аталмыш тілдік мәселеге назар аударған ғалым Р.Сыздық болды. А.Т.Ақыжанова: парцелляция табиғатын «Бөлшектенген құрылымдар – дегеніміз белгілі бір көңіл күйді білдіру үшін қолданатын, өзара нүктемен бөлінген, бір ортақ коммуникативтік информациялық ойдың желісімен байланысқан бірнеше фразалардың, сөз тіркестерінің немесе сөйлемдердің тізбегі. Құрылымдардың басты коммуникативтік информациялық негізгі ойды білдіретін негізгі бөлімі сөйлем деп аталады» [16,98],- деп түсіндіреді.
Көркем шығарма тілінің ұйқасымдылығына, тартымдылығына қызмет ететін синтаксистік-стильдік тәсілдердің бірі – парцелляция құбылысы, яғни сөйлем ішінде айтылуы тиіс бір сөздің немесе сөйлем мүшесінің сөйлемнен оқшау, өз алдына жеке сөйлем ретінде берілуі. Қазақ тіл білімінің негізін қалаушы көрнекті ғалым А.Байтұрсынұлы мұндай құрылымдарды «іргелес сөйлем» деп атайды [12,30].
Қазақ тіл білімінде бұл құбылысқа мынадай анықтамалар беріліп жүр:
«Парцелляция дегеніміз – фразаны (ойды, сөйлемді) бөлшектеп, соған қатысты бір сөзді не тексті жеке өз алдына аулақтатып орналастыру» [16,118].
Жалпы сөйлем мүшесі де, сөз тіркесі де, құрмалас сөйлемнің әрбір сыңары да тек сөйлемде ғана қолданылады. Олар сөйлемнің ішінде ғана қызметке ие болады да, жеке-жеке тұрып, ондай қызметке ие бола алмайды.
Әдетте жай сөйлем мен қосалқы синтаксистік топтың негізгі айырмашылығы - бірінің дербестігі, екіншісінің дербессіздігі. Сонда қосалқы синтаксистік топтар өз алдына оқшау қалпында синтаксистік объектіге арнайы жата қоймайтын категория болып шығады. Ол синтаксистік топтар тек басқа, яғни алдыңғы сөйлемнің ажырамас бір бөлігі немесе соны жан-жақты айқындайтын категория ретінде қолданылады.
Парцелляция жеке сөзді, сөз тіркесті, сөйлемді болып, өзі қатысты сөйлемнің, біріншіден, айрылмас бір бөлшегі іспеттес, екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы, үшіншіден, сөйлемнің өн бойына, не жеке бір мүшелігіне қатыстылығы, төртіншіден, бірақ ол қатысты сөздермен әдеттегі айқындауыштар сияқты тұлғалық жағынан кейде ұқсас, кейде ұқсас еместігімен де ерекшеленеді.
Ешкімге, ешнәрсеге мұқтаж болмайды. Бітті, бітті, жоқ, жоқ(11том, 228).
Сөйлеуші сөз қолданысы кезінде өзінің жеткізер ойын өз мақсатына сай кейде қысқа әрі нұсқа беруге тырысады да, сөйлеу актісін жеңілдетеді. Зерттеу еңбектерден байқағанымыздай, бұл құбылыс тілдің барлық деңгейінде кездеседі. «Қысқа, ықшам қолданыстарға фонетикадағы ассимиляция, редукция құбылысы, синтаксистегі парцелляция, эллипсис және біз қарастырып отырған контаминация құбылыстары жатады. Мәселен,
Алақай, жазгелді! (Ауызекі тіл).
Трактор сынып, соған запас бөлшектер қажет боп қапты (М.Мағауин).
Бейшеннің мына бір әні тек маған арналғандай. Маған ғана сыр шерткендей. Мен бұл әнге құмармын! Ынтықпын! (І.Жақанов).
Ошаған би жан-жағына қарағыштап, қою қасы тікірейіп, ашудан күйіп отыр (С.Сматаев).
Аудан жарысына Айдын, Ербол, Жарас бармақ (Ауызекі тіл)»[17, 18].
Келтірілген сөйлемдердегі айқындалған сөздер осы құбылыстарға жатады. Парцелляцияның контаминациядан айырмашылығы сөйлеу барысында, бұл құбылыстардың қай-қайсысын алсақ та, жеке сөз, ары кеткенде сөз тіркесі бойында жүзеге асады, ал контаминацияда екі сөз тіркесі немесе екі сөйлем бірігіп, бір тұтастыққа айналады.
Грамматикалық синкретизм және контаминация.
Тіл жүйесінде ықшамдалу құбылысының бірнеше тәсілі бар. Соның бірі біз қарастырып отырған контаминацияға ұқсас синкретизм тәсілі болып табылады. Синкретизм құбылысы тілдің барлық саласынан дерлік (лексика, грамматика, синтаксис), яғни қызметі әртүрлі сөздер мен грамматикалық формалардың тілдің даму барысында тұлғалас келуі ерекше орын алатыны байқалады. Десек те синкретизм құбылысы жоғарыда көрсетілген тілдік деңгейде әртүрлі тұлғада көрініс табады. Яғни олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Себебі контаминацияның да деңгейлік сипаты бар екендігіне зерттеу барысында көз жеткіздік.
Синкретизм сөзінің беретін мағынасы шет тілдер сөздігінде қосылу, біріктіру, бірлестіру мағынасындағы грек сөзі екендігі жайлы айтыла келіп, оның екі түрлі мағынасы берілген:
1) қандай да бір нәрсенің жетілмеген алғашқы қалпын сипаттаушы бірліктердің бөлінбейтіндігі. Мысалы, билеу, өлең айту және ән бір бүтін болып қолданылған алғашқы өнер синкретизмі;
2) әр текті элементтерді қосу, араластыру.
Тіл білімінде синкретизмге берілген анықтамалар көп. Олардың бәрінің басын біріктіріп тұрған мынадай ортақ белгілері бар:
1) тіл жүйесінде бөлек екі немесе одан да көп семантикалық белгінің бір формада қатар көрініс табуы;
2) грамматикалық категориялары әртүрлі сөздердің тілдің даму барысында бір формада жұмсалуы;
3) қосу, біріктіру, бірлестіру;
4) сонымен бірге, синкретизм құбылысы тек тілдік қана құбылыс емес. Ол басқа да ғылымдарда, атап айтқанда, философияда, өнерде, әдебиетте, дінтануда т.б. көптеген ғылымдарда кездеседі.
Синкретизм – кең мағынада мәдени шығармашылық түрлерінің, яғни өнердегі тек пен түр, жанрлардың және олардың жанрлық түрлерінің о баста бөлінбей, бірлікте болғанын білдіреді.
Қазақ тіл білімінде синкретизм құбылысы тарихи лексикология, тарихи морфология тұрғысынан академик Ә.Т.Қайдар, профессор Е.З.Қажыбеков, М.Т.Томанов секілді ғалымдар тарапынан сипатталды. Зерттеушілер ертеде есім сөздердің де, етістіктің де қызметін жарыса атқарған синкретті түбірлерді зерттеу еңбектерінің нысаны етіп, синкретті көне түбірлердің бүкіл түркі тілдеріне ортақ екенін тарихи-салыстырмалы әдіспен дәлелдейді.
Біздің саралауымызша, синкретизм тарихи қалыптасу барысындағы құбылыс болса, контаминация – сөйлеуде (речте) болатын құбылыс, яғни пайда болуы жағынан синкретизм құбылысы көне. Олардың енді бір ерекшелігі бірінде формалық сыйысу болса, бірінде мағыналық сыйысу басым тұратын сияқты. Бұл екі құбылыстың да тіл бірліктерінің туындауына, күрделенуіне, яғни деривация құбылысына қатысы бар екендігін байқадық.
Контаминация, компрессия және синтаксистік деривация
Деривация дегеніміз – тілдік бірліктердің құрылым түзу процестері. Бұл процестер адамның сөйлеу әрекетімен тығыз байланысты, яғни деривациялық процестер сөйлеу әрекеті кезінде жүреді. Бұны тікелей бақылау мүмкін емес. Осыған байланысты тілді зерттеуші деривациялық модельдерді құрған кезде жанама деректерге сүйенуге мәжбүр болады. Жанама дерек деп отырғанымыз – мәтін. Яғни, деривацияның объектісі сөйлеу әрекетінің өзі емес, нәтижесі [18, 83 б.]. Деривация дегеніміз – синтагмалық құбылыс, сондықтан онда деңгейлік тілдік бірліктер емес, сөйлеу бірліктері талдауға түседі. Тілдегі синтаксистік, семантикалық және прагматикалық ережелер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Тілдің жүйесін толық білу үшін бұларды жеке қарастыру жеткіліксіз.
Ғылыми зерттеулердің кез келген басқа объектілері (нысандары) сияқты тіл де әр қырынан қарастырыла алады және қарастырылып келеді де. Тілді тек таңбалар жүйесі деп түсіну бүгінде ескірді. Оны тіл сөйлеу процестерін жүзеге асырушы ерекше бір кешен деп қарау бүгінде тіл білімінде мықтап орныға бастады.
Тілдік фактілерді экстралингвистикалық және қатысымдық ортада қарастыру тілдің сөйлеу кезіндегі қолданылуымен тығыз байланысты. Жеке жалаң тұрған сөйлемді емес, сөйлеу үстіндегі сөйлемді (лебізді) зерттеу синтаксисте жаңа теориялардың қалыптасуына негіз болды. Оның өзі тіл ғылымының қазіргі талаптарына толық жауап беретіндей болуы шарт. Осындай талаптардан туындап, тіл ғылымдарының тарихында кейінірек қалыптасқан теориялардың бірі – осы деривация.
Синтаксистік деривация құбылысының теориялық негізін қалауға ат салысқан ғалымдардың ішінен Е.Курилович пен Ш.Баллиден өзге Н.Хомскийді, И.П.Располовты, С.Н.Сычеваны, В.С.Храковскийді, О.И.Москольскаяны, В.Б.Касевичті, Л.Теньерді, Л.Н.Мурзинді, Н.К.Турниязовты және т.б. атауға болады[17].
Синтаксистік деривацияның кері тәсілі компрессия деп аталады. Бұл тәсіл де ықшамдалу заңдылығымен тығыз байланысты. Мына мысалға назар аударайық: Мен қаладағы базарға барамын Қаладағы базарға барамын базарға барамын барамын. Сөйлеу (речь) тұрғысынан келетін болсақ, ең соңғы сөйлем де (барамын) аяқталатын ойды білдіретін құрылымға жатады.
Сонымен синтаксистегі ықшамдалудың бір түрі осы компрессия екендігіне көз жеткіздік. Синтаксистік ықшамдалудың бірі осы деривацияның кері тәсілі компрессия арқылы жүзеге асады.
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОНТАМИНАЦИЯЛАНУ ЖОЛЫМЕН ҚАЛЫПТАСҚАН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
2.1 Контаминациялану жолымен жасалған фразеологизмдер
Контаминация құбылысы жүйенің бойындағы тілдің ішкі табиғатынан туындайтын құбылыс емес, сөйлеудің (речтің) бойынан туындайтын динамикалық процесс болып табылады. Күрделі сөздер жеке қатысымдық бірлік болғанымен, о бастағы шығу көзі, қалыптасу механизмдері еркін тіркестер болғандықтан, контаминация құбылысын сөйлеу деңгейінде болатын процесс деп толық сеніммен айта аламыз.
Философияда бірігу үшін бөліну, бөліну үшін бірігу дейтін қағида бар. Күрделі сөздер күрделі ұғымның атын беру үшін қолданылса, кейін толық мағыналы сөздер айтылу барысында фонетикалық фактордың әсерінен ықшамдалған.
Контаминация құбылысы және жаңа сөз тіркестері. Сөйлеу жеке адамға тән, ал тіл жалпыға ортақ. Жеке адамның сөйлеу мақсатынан туындаған жаңа тілдік бірлік (жаңа лексикалық бірлік, жаңа қолданыс, жаңа тіркес, жаңа тұрақты тіркес, сөйлем және т.б.) алдымен әдеби нормаға сай келмей тұрады. Жаңа қолданыс алдымен субъективті болады. Егер сол нормаға жат жаңа қолданыс көпшіліктен қолдау тауып объективтенсе, онда ол да нормаға айналып жүре береді. Көпшілік қолданып келе жатқан бірлікті тілшілердің норма етіп белгілемеуге шарасы қалмайды.
Қазақ тілінде ауа райы деген тіркес бар. Бұл тіркес атаулық мәнде қолданылады: ауа райы – погода. Тіркестегі екі сөздің көп томдық түсіндірме сөздіктегі мағыналарына назар аударалық:
АУА з а т. 1. Сыртқы ортаның тіршілікке аса қажетті мәнді бөлшегі; тыныс алу үшін қажетті, түссіз, иіссіз зат. Ауа мөлдір және түссіз болады. Ол жану үшін және тыныс алу үшін қажет (Ботаника). Ауа барлық тірі жәндіктерге қажет. Адам ауасыз бірнеше минут та тіршілік ете алмайды (Химия).
РАЙ1 з а т. Адамның көңіл күйі, пішіні, шырайы. Маған жақсы р а й м е н қарап, жымыңдап қалды (Қ. Серәлиев).
Нақты көзге көрінетін заттардың ғана түрі, реңі, райы болатындығы белгілі. Бұл сөздер заттың сыртқы қасиетін білдіру үшін қолданылады. Сондықтан ауаның райы (ауа райы) болуы мүмкін емес. Бұрынғы қариялар күн райы бұзылып тұр дейтін еді. Сонда дұрысы ауа райы емес күн райы болуы керек. Күн райы қолданысын әдеби шығармалардан да кездестіруге болады. Яғни күн райы деген сөз тіркесінің мағыналық валенттілігі дұрыс, ал ауа райы тіркесінің мағыналық валенттілігі қате болғанымен, ғылымның әлемді тану нәтижесінде күннің суық, ыстық немесе салқын, жылы түрі болмайды. Ауа райының ыстық-суығы аспандағы күнге емес, ауаға – соған әсер етуші түрлі циклондарға байланысты болады екен. Күн өзгермейді, қозғалмайды, ал ауа өзгеріп тұрады: суиды, ысиды, салқындайды, жылиды. Бұл тұрғыдан келгенде ауа райы қолданысы ғылыми ақиқатқа жақын. Ауамен жасалған тіркесті контаминация арқылы пайда болған деуге әбден болады: Күн (ауа) суыды + күннің райы бұзылды = ауа райы бұзылды. Ауа райы бастпақы тілдік нормаға жат болғанымен, объективтене келе, жүйеге сіңіп кетті де погода ұғымын беретін номинативтік тіркес болып шыға келеді[17].
Фразеологизмдердің лингвистикалық табиғаты
Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – көркем сөз әлемінің құнарлы да көркем салаларының бірі. Белгілі ғалым С. Аманжолов: «Қазақ тілі идиомалар мен фразеологиялық тіркестерге өте бай. Біздіңше, идиомалық және фразеологиялық оралымдар қазақ халқының ойлау қабілетінің даму кезеңдерін зерттеу үшін, тілдік тұлғалар мен олардың мазмұнын үйрену үшін тамаша материал болып табылады»,-деп атап көрсетеді [19].
Тілдің фразеология саласы – өте күрделі құбылыс болып табылады. Сондықтан фразеология әр аспектіде, әр қырынан зерттеуді қажет етеді. Тілдік бірлік ретінде фразеологизмдердің семантикалық құрылымы, лексикалық құрамы, лексика-грамматикалық ерекшеліктері, қолданылу тұрғысынан экспрессиялық-стилистикалық реңктері, диахрония тұрғысынан шығу тегі, жасалу жолдары т. б. мәселелер өз алдына жеке-жеке зерттеу объектілері болатындығы даусыз [20].
«Фразеология» термині негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Ең алдымен, тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылса, екіншіден, бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы болып табылады. Фразеологизмдерді жан-жақты терең зерттеген ғалым І.Кеңесбаев: «Фразеологизмдердің құрылым жағынан қалыптасып, компоненттерінің тіркесу амалдарында нақтылы бір заңдылық бар. фразеологизмдердің мағына тұрғысынан саралануында да тиянақты тәртіп, жүйе болады. Яғни өмір талабынан туған фразеологизмдер талай дәуірдің елегінен өтіп, құрамы, жасалу тәсілі жағынан тұрақталып, мағыналық жағынан топтасуы да белгілі бір жүйеге түскен», - дейді [21].
Фразеология ғылымының міндеттері мен зерттеу ауқымы өте кең және көп қырлы. Фразеологиялық мағынаның коммуникативтік жағдайларға бейімделуі, сөйлеу кезінде туынды мағынаға ие болуы, сөзге жанамалық қатынаста номинацияға ұшырауы, ұғым мен түсінікті тереңдетудегі танымдық қызметі мен жүйесі, оның әлеуметтік жағдайдағы мәдени ұлттық ерекшеліктерді көрсетуі сияқты мәселелер фразеологияның басты міндеттері болып табылады.
Қазіргі тіл білімінде фразеология екі қырымен қарастырылады. Бірінші, фразеологизмдерді сөздердің байлаулы мағынасы тұрғысында лексикологиямен жанастыра тар ұғымда зерттеу, екінші, семантикалық қызметі және құрылымы әр түрлі фразаларды (фольклорлық тіл бірліктері, көркем мәтіндердің үзінділері, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар және т.б. ) кең ұғымда зерттеу. Фразеологизмдерді кең ұғымда зерттеу орыс тіл білімінде В. Виноградов еңбектерінен басталады. Фразеологизмдер тілдік таңбаның екінші аталымның ерекше түрі ретінде сөз тіркестерінің бастапқы мағыналарының қалайша жаңа мағынаға ие болатынын, сонымен бірге фразеологизмдердің таңбалық қызметін, құрылымдық-семантикалық ерекшеліктерін, мағынасын, құрамындағы лексикалық компоненттердің табиғатын, олардың морфологиялық, синтаксистік құрлысын зерттейтіні ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
Ресейдегі В. В. Виноградов теориясын жалғастырған орыс ғалымдары В.Н.Телия, Н.М.Шанский, Н.Эфимов және т. б.
Фразеология мәселелері жалпы тіл білімінде, оның ішінде түркі тілдерінде, қазақ тіл білімінде жан-жақты қарастырылып келеді. Түркітанудағы фразеология туралы зерттеулер ХХ ғасырдың елуінші жылдарынан басталады. Тіл білімінің фразеология саласын жеке пән ретінде қалыптастыруда, оның зерттеу нысаналарын айқындап, тілдегі орны мен табиғатын айқындауда теориялық тұжырымдар жасап, қомақты еңбектер жазған ғалымдардың, түркітанушы мамандардың, сонымен қатар қазақ тіл білімінде іргелі еңбектерімен ғылым көкжиегінен орын алған фразеологиятанушыларды атап өтсек: тілдік жүйе, құрылымдық тұрғыдан қарастырған І. Кеңесбаев, Ә. Қайдар, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін т.б. архитектоникасын талдап ашып беруде С.Сәтенова, фразеологиялық бірліктердің тілдік нормасын және одан уәжді, уәжсіз ауытқулардың түрлері мен типтерін айқындауда Н.Уәли т. б. еңбектерін айтуға болады. Фразеологизмдерді құрылымдық тұрғыдан зерттеу кезінде оның құрамындағы сөздердің мағынасын ашу, этимологиялық талдау жасау, варианттарын көрсету, синонимдік қатарын анықтау тәрізді мәселелерді Г.Смағұлова, лексика-фразеологиялық жүйедегі бірліктерді Ж.Манкеева және т. б. ғалымдар зерттеу жұмыстарын жаза отырып, тіл ғылымына өзіндік жаңалықтар енгізді.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдер тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынасында түсіну деген ғылыми ұғым қалыптасқанын байқадық.
Фразеологизмдерді тар мағынасында түсінуді жақтайтындар мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді фразеологизм құрамына енгізбейді (І. Кеңесбаев, Т. Байрамов, З. Ураксин). Ал кең мағынада түсінуді негізге алатын зерттеушілер (С. Муратов, Г. Ахуниязов) терминдерді, күрделі сөздерді, қос сөздерді, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдерді, газет айдарларын фразеологизмдерге жатқызады.
Осыған байланысты белгілі ғалым Н. Уәли де өз көзқарасын білдіреді: «Кейбір зерттеушілер, фразеологизмдерді тар мағынасында түсінушілер, фразеологиялық единицаға тек фразеологиялық түйдек пен фразеологиялық шоғырды ғана жатқызады. Фразеологизмдерді кең мағынасында түсінушілер, осы аталған үш типке қоса, фразеологиялық тізбектерді де (мақал, мәтел, номинатив атаулар, күрделі терминдер) фразеология құбылысына жатқызады» [20]. Ал Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев фразеологизмдерді тар және кең мағынада төмендегіше топтастырады: тар мағынада – фразеологиялық тұтастықтар (идиомалар, фразеологиялық түйдектер), фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық сөйлемшелер; кең мағынада – қос сөздер, қосар тіркестер (параллель фразеологизмдер), коммуникативтік тіркестер, номинативтік тіркестер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, көркем мәтін үзінділері, фольклорлық тұрақты сөз үлгілері, сәлемдесу жоралғылары [22].
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдерді фразеологиялық бірлік, фразеологизм, фразеологиялық тіркес, тұрақты тіркес, фразеологиялық оралым, фразеологиялық тұлға, фраза т.б. деп синоним ретінде қолданып жүр. Алайда, зерттеу барысында аталған терминдердің барлығын синоним ретінде қолдану қиындық тудырады. Сол себепті біз өз жұмысымыздың барысында фразеологизмдерді кең мағынада түсінуді жақтаушылардың пікірін қолдай отырып, қолданылуы тиянақты, мағынасы тұтас, дайын қалпында жұмсалатын тілдік бірліктерді фразеологизм деп қолдануды жөн санадық.
Солай болғанымен де, фразеологизмдер ретінде танылатын фразеологиялық оралымдар, фразеологиялық тұтастықтар (идиомалар, фразеологиялық түйдектер), фразеологиялық бірліктер, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық сөйлемшелер, қос сөздер, қосар тіркестер (параллель фразеологизмдер), коммуникативтік тіркестер, номинативтік тіркестер, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, көркем мәтін үзінділері, фольклорлық тұрақты сөз үлгілері, сәлемдесу жоралғыларының семантикалық белгісінің сипатына, фразеологизмдердің құрамы мен құрылымының тұтас бірлікке айналуының шарттары мен ерекшеліктеріне тоқтала кеткеніміз дұрыс.
Профессор Ахмеди Ысқақов фразалық тіркестер мен күрделі сөздерді, күрделі аталымдар мен күрделі атаулық тіркестерді, күрделі аталым мен идиомалық тіркестің аражігін ашып көрсетіп, олардың арақатынастарын анықтау қажеттігіне ерекше мән берді. Осы мәселелерді бір-бірінен айыратын басты белгілерін айқындауды алдына міндет етіп қояды [23].
Профессор Т. Сайрамбаев: «Фраземаларда лексикалық мағына болса, сөз тіркестерінде болмайды, сөз тіркестері сөздің лексикалық бірлігі ретінде жасалса, фраземаларда жеке лексикалық бірліктер жоқ. Сөз тіркесі мен фраземалардың сырттай ұқсастықтары болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес»,-дейді [24, 82 ].
Осы тұрғыда профессор Б. Қасым: «Фразалардың құрамы тұрақты, олар тілдің бұрыннан қалыптасқан даяр бірліктері болып табылады. Күрделі лексемалар сарымай, шашбау т. б. деген күрделі атауларды ешқандай сөзбен, синониммен айырбастай алмаймыз. Фразалық тіркес пен күрделі атау құрамындағы сыңарлардың мағыналық тұтастық белгісі жағынан ұқсас келеді. Фразалық тіркес бұрыннан бар атаулардың (сөздердің) – эмоционалды-экспрессивті бояуы қалың синонимі болып, образдылық қасиеті басым келеді де, ал күрделі атау өзі білдіретін ұғымның бірден-бір атауы»,-дейді. Ғалым фразалық тіркестер мен күрделі атаулардың өзіндік айырмашылықтарын көрсете отырып, күрделі тілдік құбылыстардың бірі – фразеологиялық тіркестер екенін, олардың бөлектұлғалануы; құрылымындағы сөз ретінің тұрақтылығы; сыңарларының тіркесімділік тұрақтылығы сыртқы белгілері болып табылатынын айтады [25].
Ал ғалым Р. Авакова: «Лексема атауыштық мәнде жұмсалса, фразема бейнелеуіштік-атауыштық мағынада жұмсалады, сөз – белгілейді, фразема – бейнелейді; лексема – көбіне халықтың дүниетанымының жемісі болса, фразема – адамзаттың ойлау қабілеті мүмкіндігінің, психологиясының, түрлі табиғи қабілеттері мен қасиеттерінің жемісі; сөз – бүтін бітімді (цельнооформленный) болса, фразема – бөлек бітімді (раздельно-оформленный); сөздің барлық жағдайда ауыс, бейнелі мағынада жұмсалуы шарт емес, ол фразема үшін қажетті шарт; сөз түбір мағынаны, фразема туынды мағынаны білдіреді; сөз өзінің референттік мағынасын сақтаса, фразема құрамындағы сөздер өздерінің ішкі референттік қасиетін сақтай алмайды; лексемада лексикалық, фраземада фразеологиялық мағына болады» [26].
Фразеологизмдер кешенді белгілерінің негізінде басқа тілдік бірліктерден ажыратылатын оралымдар болып табылады. Олар тұтасқан күйінде даяр тұрған оралым ретінде қолданылады, олардың орын тәртібі тұрақты. Фразеологизмдердің компоненттері бастапқы мағынасынан айырылып қалады да, шоғырлана түйдектелген тіркес біртұтас мағынаны білдіреді.
Жалпы фразеологизмдердің шыққан тегі сөз тіркестері мен сөйлемдер болғанына ешкім дау тудырмайды. Фразеологизмдердің мағынасы туынды, астарлы, даму барысында семантикалық өзгерістерге түсіп қалыптасқан, сонымен қатар олар экспрессивтік қызмет атқарады.
Фразеологизмдердің мағыналық және құрылымдық жағынан тұрақтануы сөз тіркесінің немесе сөйлемнің тілдегі көріктеу амалдары: метафора, метонимия, эпитет, теңеу құбылту мен ажарлау құралдары арқылы және тағы басқа мағыналық ауысулар негізінде болатыны анықталды. Олар мәтінде өздерінің лексика-грамматикалық мағыналарына байланысты басқа сөздермен байланысқа түседі. Фразеологиялық мағына жеке сөздердің лексикалық жағынан үйлесіп, семантикалық өзгеріске түсуі арқылы жасалады. Олар туынды мағынаның дамуы нәтижесінде қалыптасқандықтан, фразеологиялық мағына әртүрлі тәсілдер арқылы жасалады
Фразеологизмдер халықтың дүниетанымын, эстетикалық талғамын, сана-сезімін, наным-сенімін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын танытатын тұрақты тілдік оралымдар болып табылады. Сонымен қатар олардан ұлттық сипат айқын көрінеді. Осыған орай көркем шығармада фразеологизмдерді қолданудың әр түрлі әдістері бар екенін байқауға болады.
Белгілі бір кезеңдегі көркем шығарма тілінің фразеологиялық қорын зерттеу – бір жағынан, сол дәуірдегі жалпыхалықтық тілдің кезеңдік ерекшелігін терең білуге себептессе, екінші жағынан, әр суреткердің тіл шеберлігін жан-жақты ашып, оның әдеби тілімізді дамытудағы тарихи рөлін анықтаудың бірден-бір жолы болып табылады. Себебі фразеологизмдер көркем әдебиет қажетін өтеуде халықтың эстетикалық талғамын анықтайтын ең күшті тілдік құралы. Сондықтан белгілі бір қаламгер немесе қазақ әдеби тілінің дамуын анықтауда қомақты материалды фразеологизмдер береді.
Жалпыхалықтық тілдің фразеологиясы мен жеке ақын-жазушының шығармаларындағы фразеология, немесе жеке бір шығарманың фразеологиясы бір-бірінен зерттеу тәсілі жағынан, жеке мазмұны жағынан өзгешелігі бар. Жалпыхалықтық тілдің фразеологиясы оның барлық табиғатын қамтып қарастырса, жеке қаламгер тілінің фразеологиясында фразеологизмдердің стильдік сипатта қолданылуы зерттеліп, ақын-жазушының өзіндік ерекшелігі айқындалады. Белгілі бір ақын-жазушының тілін зерттеуде оның фразеологизмдерді қалай қолданғанын анықтау – үлкен мәселе.
Ақын-жазушылардың халық тілінің дамуына зор үлес қосатыны даусыз. Себебі халық ішінен шыққан би-шешендер мен сөз шеберлерінің айтуынан қалған, солардың қолданысынан елге тараған фразеологиялық бірліктер де мол, әрі фразеологиялық бірліктің қалыптасуының табиғи бір жолы ретінде танылады. Олар тілдің құрамына жаңа сөз тіркестерін, керемет ұйқастарды әкеледі. Мысалы, қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы Ұлы Абайдың тілін алатын болсақ, осы айтылғандарға дәлел болады. Абайдың мақал-мәтелге, қанатты сөз тіркестеріне айналып кеткен нақыл сөздері жалпы халықтық мұраға айналды, әдеби тілімізді дамытқаны баршаға мәлім.
Фразеологизмдердің қазіргі зерттелу бағытына зер салсақ, оларды әлемнің тілдік суреті ұғымы арқылы, яғни танымдық тәсілдерді қолдана отырып, олардың тереңде жатқан құрылымдарын зерттеу бағытын байқаймыз.
Көркем әдебиет стилі коммуникативтік қана емес, эстетикалық функцияны да қоса атқарады, сондықтан оның да бойынан зерттеулер барысында әр түрлі ішкі, сыртқы құрылымдық өзгерістер, тіл мен ойлаудың танымдық қағидалары, ойлау процесінен пайымдау, талдау, көркемдеу сияқты әдіс-тәсілдер шығып отырады. Көркем әдебиет әдеби тіл тарихымен, әдеби тілдің даму тарихымен, жеке дара авторлық стиль мен автор бейнесі тағы басқа тілдік-құрылымдық жүйесімен ерекшеленеді.
Халықтың тарихын, ұлттық болмысын, мәдени танымын т. жан-жақты толық сақтап, ғасырдан-ғасырға, атадан балаға аманат етіп, жеткізуші, өткені мен бүгінін бір-біріне байланыстырушы тіл екені белгілі.
Академик Ә. Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда өзара байланысты үш түрлі қызметі бар. Оның басты қызметі: коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына тән образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, әрине, қаламгерлердің шеберлігіне, сөз саптау мәдениетіне байланысты. Ал тілдің үшінші қызметі – кумулятивтік қызметі деп аталады. Яғни ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жинап, сақтап, оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде түгел жеткізіп отыратын игілікті қасиеті... Тіл фактілері мен деректері – тұла бойы тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың өткендегі тарихы мен этнографиялық байлығын біз, ең алдымен содан іздеуіміз керек» [27, 35 ].
Прагматикалық құбылыстарды зерттеуге болатын негізгі қор – бұл көркем туындылар болып табылады. Онда қаламгерлердің шығармашылық қабілеті, суреткерлік зердесі, көркемдік ойлау жүйесі, ұлттық дүниетанымы, сөз қиыстыру талдаудың тиімділігі прагматикалық әлеуетін анықтаумен байланысты. Автордың прагматикалық бағдары көркем мәтіндегі адресат пен адресант қарым-қатынасынан туындайды. Сондықтан көркем мәтін лингвистикасындағы мәтін семантикасының прагматикалық сипатын анықтауда басты назар оның прагматикалық тапсырысына бағытталады.
Халықтық болмыс, тіршілігінің, мәдениетінің, таным-түсінігінің құпия сырлары ұлттық өмірдің айнасы болып табылатын – тіл арқылы көрініс табады. Адамзаттың өзін қоршаған дүниедегі әлем бейнесін тануы, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізіндегі менталитеттік танымдар деген сауалдар когнитивтік лингвистикада қарастырылуда. Тіл арқылы адамдардың өмірге, қоғамға, өздеріне деген көзқарастарын көре аламыз. Ғасырлар қойнауындағы мақал, мәтел, фразеологизм, мәдениет символдары, салт, дәстүр және тағы басқалардың бойында сақталған әлем жайлы ақпарат адамзатқа лингвистикалық ағыммен келеді, сондықтан адам заттар әлемінде емес, өзі құрған интеллектуалдық, рухани, әлеуметтік қажеттілігі үрдісінен шығатын концепт әлемінде өмір сүреді: ақпараттың құрамды үлесі сөз арқылы алынады және адамның қоғамдағы орны сөз мәдениеті тұрғысынан болмаса да, сөз құдіретін анықтаса, ғасыр қойнауында қалған немесе келмеске кеткен білім мәнінің сарасы көрінері анық.
Тіл – дүниетаныммен тығыз байланысты ұғым. Кез келген ұлттың өзіне ғана тән дүниетанымдық түсініктері болады. Ұлттық дүниетаным – қандай да бір ұлттың басқаларға ұқсамайтын өмір сүру дағдысы, адам және сол дүниедегі тіршілігіне деген көзқарасы.
Халықтың тұрмыс-тіршілігінің, салт-санасының, мәдениетінің айнасы болып табылатын фразеологизмдер – ойлау мен танымның ерекше бейнелі тілдік бірліктері. Олардың басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара тілдесуі, түсінісуі үшін қажетті қызметі. Екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы әсер ететін эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, қаламгерлердің шеберлігіне байланысты. Тілдің үшінші қызметі – кумулятивтік қызмет. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сөз байлығын өз бойына жиып, сақтап, оны келешек ұрпаққа жеткізіп отыратын игілікті қасиеті. Фразеологизмдер тілдің осы үш қызметіне де байланысты.
Фразеологизмдер тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі болып келеді. Олардың қандай да ұғым-түсінікке қатысты болмасын адамның іс-әрекетін, сын-сипатын, қалып-күйін, дүниетанымын өзіндік нақышымен бейнелейтін танымдық мәні зор. Адамзат тарихын өз бойында сақтаған қазақ фразеологиялық сөздік қорында философиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті айқын көрініс тапқан.
Көркем шығармада автор өзінің өмірге көзқарасын, ой-пікірін, ақиқат дүниеге қатынасын білдіріп отырады. Адамның ақиқат дүниеге қатынасы тілдік құралдар арқылы беріліп, соның негізінде ақпарат жүйесі қалыптасады.
Тілдегі фразеологизмдер экспрессияның таптырмас құралы болып табылады. Поэзия тілінде жұмсалған фразеологизмдердің барлығы да образды болып келеді. Дегенмен де олар экспрессивтік бояуы жағынан бірі күшті, бірі солғындау болып келеді.
Ақын-жазушылардың халық тілінің дамуына зор үлес қосатыны даусыз. Олар тілдің құрамына жаңа сөз тіркестерін, керемет ұйқастарды әкеледі. Мысалы, қазақ жазба әдеби тілінің негізін салушы Абайдың тілін алатын болсақ, осы айтылғандарға дәлел болады. Абайдың мақал-мәтелге, қанатты сөз тіркестеріне айналып кеткен нақыл сөздері жалпы халықтық мұраға айналды, әдеби тілімізді дамытты.
контаминацияланған фразеологизмдер
Контоминация әдісі – стилистикалық тәсіл. Бір сөйлем ішінде бір немесе бірнеше фразеологиялық бірліктердің келуі. Осылай бір сөйлемде бірнеше фразеологиялық тұлғалардың келуі тіркестің стильдік бояуын қалыңдата , күшейте түседі. Мысалы,
- Жұмыс қылуға жарайды... Іздегендері қу құлқыны ғой. Неге еңбегіне жалынбайды... Тағы кеп масыл боп, жұттай қысып... – дегенде Сәлім мырс беріп, мысқылдай күлді.
Бұл сөйлемдегі контоминацияланған фразеологизмдердің бірінен екіншісінің стильдік бояуы басымырақ. Тіркестердің стилистикалық мағынасы негізгі мағынасынан алшақтамай біреуді жақтау мәнінде берілген.
«Фразеологиялық тұлғалар өзіндік қолданылу ерекшеліктеріне қарай, «мәтін ішінде мәтін» жасап бір тіркес емес екі немесе одан да көп мағыналас фразеологизмдермен ерекше қатар түзейді. Мұндай жағдайда стильдік әсер мен стильдік бояу бір сөйлем ішінде әр қырынан көрініс табады. Мәселен, мағыналас фразеологизмдер шоғыры сөйлеуші мен айтушының ойын жеткізуде таптырмайтын мәнерлілікті туғызады. Біз сөз етіп отырған мағыналас фразеологизмдердің мұндай табиғаты амплификация арқылы жасалуы делінеді», - дейді де ампликациялық қатар түзетін фразеологиялық тұлғалар сөйлемде орналасу тәртібіне қарай екпінді және бәсең ампликация болып келетінін көрсетеді[19,28]. Егер осы пікірге сүйенетін болсақ, көркем шығармалардан екпінді ампликациялық қатар түзетін фразеологизмдерді көптеп кездестіре аламыз. Оған өзіміздің қолымыздағы тілдің деректер дәлел. Мысалы,
- Батыр-батыр-ау, бірақ, болыс, мені осы жолға жұмсамасаң қайтеді? Осы кез ұры еместі ұры ғып құтыртып талай саққа, ағаш атқа мінгізіп жатқан пәлелі кез ғой. сақтансам ба деп едім, Менің Сәт, Сәлменмен ұстасар шамам еді?-деп тартынып көріп еді («Қараш-Қараш оқиғасы»).
талай саққа, ағаш атқа мінгізіп жатқан мағыналас екі фразеологиялық тұлғаның бір сөйлем ішінде келуі. Мұндағы сан саққа жүгірту деген тұрақты тіркес талай саққа болып әрі контаминацияланып, әрі эллипсистеніп, яғни бір компоненті ықшамдалып қолданылған.Тілдік мысалдарды талдағанда осындай мағыналас фразеологизмдер сөйлем ішінде көбінесе екі-үш қатарлы болып келеді. Ал кей жағдайда жазушының шеберлігіне қарай оқиғаны суреттеуде төрт қатарға дейін қолданылады екен. Мысалы,
Табиғаттың осы бір қылтқи бере қытымырлығы дәл мұрынға су жетпей, екі қолыңды төртеу ете алмай арпалысып, күш күресіп жатқан шағында қағынуы онсыз да жұқарған жүйкеңді тоздыра түсер еді («Абай жолы»).
Мұрынға су жетпеу, екі қолын төртеу ете алмау, күш күресіп жатқан шақ – деген мағыналас үш фразеологизмді қолдану арқылы қаламгер адамның нақты қимыл-әрекетін береді. Яғни, адамның қысылтаяң, үлгере алмай жатқан шағында табиғаттың өзгермелі қатал мінезінің адамның психологиясына әсерін суреттейді.
Контаминация (лат. сontamination –араласу) – семантикалық, қызметтік, құрылымдық жақындық негізінде екі тіл бірлігінің элементтерінің сөйлеу кезіндегі араласуы [38, 110 б.] деген мағынаны білдіреді.
Жазушы кейде фразеологиялық сөз орамдарының лексикалық құрамын, семантикалық құрылымын қайта жаңғырту мақсатында оның әсер-ықпалын күшейте түсу үшін, фразеологиялық тіркестерге жаңа бір көркемдік эстетикалық сапа беру жолында олардың мағынасы бір-бірімен тоғысып, лексикалық құрамдары жымдасып жататын контаминация тәсілін қолданады.
- Болмай жатып бәле қуғызды ма әкең саған? Тек тұрысып көріңдер әкең екеуің!.. Өлісер жерге жетіпсің, өкінбе тек! («Қилы заман»).
Жоқ, бүгін мынандай дау мен пәле шығып тұрған шақта «Қылыш үстінде серт тұрмайды» десеңіздер не күтейік? Патша әкіміне кіргенде тағзым ете жалынасыз, жалған айтасыз(«Қилы заман»).
М.Әуезов шығармаларында фразеологизмдерді, мақал-мәтелдерді өзгертпей сол күйінде қолдану да жиі ұшырасады. Мысалы:
- «Өлімді жерде молда семіреді»-деп, биыл осы моллалар мен халфе, хазіреттер де жалақтап кеткен екен! («Абай жолы»).
- Қанды балақ қас жауым Абай десем, бөлтірігі тағы еріп пе едім!? Жетіп қап па еді тағы бір дұшпанып боп! Ұлық, төре болғансып дегенін істетіп тұр ма екен!..-деп ар жағын айтпай, тек өкініш қана білдіреді... («Абай жолы»).
Тегінде, бір жағын ұрлық, «білсе батырма, білмесе сырымта» дегенге сүйей жүріп, жас шағында тынымсыз жортқан Оразбай, осы күнгі көп малын өзі тапқан. Ал бұның жауы Абайды алса, ол анық-ақ аталы жау. Бір Құнанбайдың өзі бай болудың үстіне, аға сұлтан да болды. «Қарадан шыққан хан» аталды. Қандай асып-тасып! Жақындап ұғынып, білуі бойынша мына келе жатқан Жабай ханның нәсілі, үлкен төре Құнанбай тегін, Абай жағын онша мақтамайды дейді. Төре мен оязы бір, жері тақау Сарманов чиновниктің айтуынша Оразбайда бұл төреге қарай ерекше ден тартқан бір сыр бар боп шықты(«Абай жолы»).
Фразеологиялық тіркестердің окказионалдану барысында мақсатсыз ауытқуының мынадай себептерін анықтадық:
1) Тіліміздегі қалыпты фразеологиялық тіркестердің құрамына көнерген сөздерді, жаргондарды, ауызекі сөйлеудегі қарапайым сөздерді, диалектілерді, сирек кездесетін мағынасы түсініксіз көмескі сөздерді енгізуден туындайтын сәтсіздіктер;
2) Әбден дағдыға айналған фразеологизмдерді жаңарту мақсатында сәтсіз шығатын тіркестер;
3) Қалыпты фразеологиялық тіркес компоненттерін дыбыстық үндестікке, стильдік сәйкестікке, өлең талаптарына икемдеу үшін ауыстырудағы мақсатсыз ауытқулар.
Тұрақты тіркестердің нормадан мақсатты, мақсатсыз ауытқулары белгілі бір стильдік реңк, дыбыстық үйлесім сияқты өзгертулермен пайда болады. Бұлардың ішінде фразеологиялық қорға мақсатты ауытқулар негізінде пайда болған жаңа фразеологиялық тіркестер өзіндік үлес қосып, олар тұрақтала келе, фразеологиялық варианттың лексикалық үлгілерін қалыптастыруы мүмкін.
Ал мақсатсыз ауытқулар қолданыс өрісінде өзіндік функциясын қалыпты, норма деңгейінде көрсете алмайтындықтан қолданыстан шығып қалып отырады.
«Фразеологизмдер өз мағынасында қолданыла келе, өзін көмкеріп тұрған әр қилы субъективтік, ситуативтік қоршауында мағынасы-мазмұны жағынан жетіле, шыңдала түседі. Фразеологизмдерді осылайша орнын тауып қолдану үлкен суреткердің ғана қолынан келеді»[25,211]
Бұл телеграмма хабары Абайды қатты шошытты. Екі көзі оймен жоғарылап, көтеріле қарағанда Әйгерімге шатынап кететіндей көрінді. Шарасынан шыққандай, қатты шошыған кейпін танытты («Абай жолы»).
Сөйлемдегі шарасынан шыққандай тіркесі авторлық өзгеріске түскен. Жалпыхалықтық тілде көзі шарасынан шыққандай деп қолданылатын тіркестің құрамындағы көзі сөзі ықшамдалған. Бұл құбылыс тіл біліміне эллипсис деп аталады.
Қазақ «инемен құдық қазу қиын» деген нақыл айтады ғой, мен айтсам сол «инемен құдық қазу» кей көкіректен қаскөйлікті қуудан оңайырақ па деймін! Осы айтқан түйіндерім менің куәлігімнің тағы бір арқауы да тіректері!-дейді(«Абай жолы»).
- Сайда саны, құмда ізі жоқ әлдекімдерге сонша әлек болған несі осы Абайдың? «Бояушы, бояушы » деп, сақалын бояп барады-ау осы!-деп, тістеніп түсіп, қатты ызаланып отыр(«Абай жолы»).
Бәрекелді! Есіме жақсы салдың! Әлі осы менің қолыма құрық ұстатып кетпеп пе еді, тілеуің бергір сол төре! Айтпап па ем «ендігі қазақтың басшысы сол» деп! Мен соған бастатам да қостаймын. Жалғыз-ақ...-деп Оразбай өз бармағын өзі тістеп, жалғыз көзін төмен салып, басын шайқап, бір өкініш ойлап қалды.- Не керек, орайы келген бір орын осы еді! Жаңағы сол Ыбрай айтқан қорлық сөздің тұсы еді! Әзірленбей қапы қаппын ғой! Опық жеп тұрғанымды қарашы!- дей берді(«Абай жолы»).
Халықтық үлгідегі сөз формаларын қолдану арқылы ойды бейнелі де әсерлі жеткізген. Егер сөйлемді құрамындағы тұрақты тіркестерді алып тастап құрса бұндай әсерлілікті тудыра алмаған болар еді. Сөз зергерлері фразеологизмдерді қажетті жерінде авторлық өңдеумен қолданады.
Тұрақты тіркестердің аз сөзбен терең мағына тудыра алатын қасиеті көркем шығарма кейіпкерінің бүкіл бітім-болмысын айқындауға мүмкіндік береді. Шығармашылық негізде дүниеге келген фразеологизмдер автордың шеберлігін ғана танытып қоймайды, оның халық тілінің байлығын қандай дәрежеде игергендігінің де куәсі болады. Фразеологизмдер тұрақты тіркестер болып келгенмен, жазушы сөз қолданысында әңгiме өрiсiне лайықтап тiркестердi өзгертiп қолдануы әбден мүмкін.
Фразеологиялық тұлғалар өзiндiк қолданылу ерекшелiктерiне қарай "мәтін iшiнде мәтін" жасап бiр тіркec емес eкi немесе одан да көп мағыналас фразеологизмдермен ерекше қaтap түзейдi. Мұндай жағдайда стильдiк әсер мен стильдiк бояу (контраст бояу) бiр сөйлеу iшiнде әр қырынан көрінic табады. Мәселен, мағыналас фразеологизмдер шоғыры сөйлеушi мен айтушының ойын жеткiзуде таптырмайтын мәнерлiлiк туғызады.
Tұрақты тіркестep кейiпкер сезiмiн, көңіл-күйін, хал-жағдайын ерекше әсермен жеткiзуге қызмет етедi.
- Бiр контексте осылай тұрақты тiркестердi шоғырымен бере бiлуiн;
- сол арқылы кейiпкерге мiнездеме беруiн;
- кейiпкерлердiң көңiл-күйiн көрсетуін;
- тұрмысын бейнелеуiн автордың өзiне тән стильдiк тәсілі деп есептеймiз. Бiр сөйлемдiк контексте бес-алты тұрақты тiркестердiң басын құрап, тұжырымды түйiн түюi - автордың халық тiлiн терең меңгерiп, оны орынды қолдана бiлу шеберлiгi.
Тұрақты тіркестердің аз сөзбен терең мағына тудыра алатын қасиеті көркем шығарма кейіпкерінің бүкіл бітім-болмысын айқындауға мүмкіндік береді. Шығармашылық негізде дүниеге келген фразеологизмдер автордың шеберлігін ғана танытып қоймайды, оның халық тілінің байлығын қандай дәрежеде игергендігінің де куәсі болады. Фразеологизмдер тұрақты тіркестер болып келгенмен, жазушы сөз қолданысында әңгiме өрiсiне лайықтап тiркестердi өзгертiп қолдануы әбден мүмкін.
Ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған бай фразеология дәстүрін қолдану әрбір ақын, жазушының амалы. Солай дегенмен де әрбір суреткердің өзіне тән қолтаңбасы байқалып тұрады. Олар өздерінше фразеологизмдерді құбылтып, трансформациялап қолданады. Фразеологизмдерді түрлендірудің бір түрі – сиыстыру. Сиыстыру құбылысының бір түрі контаминация деп аталатынын жоғарыда айтып кеттік.
Тілдегі фразеологизмдер құрамынан мынадай құбылыстар көрініс тауып жатады: мағынасы жақын екі тұрақты тіркес бір-біріне кірігіп кетіп, жаңа үшінші бір тіркесті тудырады. Осы құбылысты тіл білімінде контаминация деп айтамыз. Біз бұл тараушамызда Мәшһүр-Жүсіп шығармалары тіліндегі фразеологиялық бірліктердің осы контаминация құбылысымен байланысын қарастырамыз.
А.М.Бабкин фразеологиялық контаминация семантикалық жағынан мәндес фразеологизмдердің бірігуі деп түсіндіреді. Ғалымның ойынша, фразеологиялық контаминацияның жаңа бір фразеологиялық бірліктің пайда болуына себеп – олардың (қосылатын бірліктердің) мәндес келуі болып табылады.
Қазақ тіл білімі бойынша фразеологизмдерді контаминациямен байланысы, қатысы жағынан қарастырған ғалымдар қатарына Е.Қ.Жұбанов, С.М.Исаев, Н.Уәлиұлы, Г.Қосымоваларды жатқызамыз.
Е.Қ.Жұбанов:
«Еркектей, қыз да болса, сұлу Баян,
Өлтіріп Қодар құлды намыс алды
(Дербісалин, 50-б.).
Осындағы «намыс алды» деген тіркестіліміздегі «кек алу» және «намысты жібермеу» типіндегі екі фразадан контаминация жолымен жасалып отыр.
Сол секілді, Березин нұсқасындағы «қадам қойды» деген тіркес бар:
Екі бай бір-біріне қадам қойды (56-б.).
Біздіңше бұл «ат қою» және «қадам басу» болып келетін екі тіркестің контаминациясы (Салыстыр: Сарыбай оған таман қадам басқан… 56-б, Березин нұсқасы).
Осы нұсқадағы тағы да «жарыс қойды» түріндегі тіркесуді кездестіреміз:
Екі мырза елге таман жарыс қойды.
Бұны да біз «жарыс салу» және «ат қою» секілді фразалардың аралығынан шыққан деп білеміз» [28, 128 б.],- деп көрсетеді. Ғалым мұнда екі фразалық тіркестің сыйысуы арқылы жаңа тіркестің пайда болғандығын дәлелдесе, бұлардан басқа да контаминацияға ұшыраған сөйлемдер деп төмендегідей сөз тіркестерін көрсетеді: Тіл алмау – сөзіне нанбау//тілге нанбау; Назалану – қапа болу, наза болу; Мазаны алу – тынышы кету//тынышын алу; Шаш ал десе, бас алу – бас кесу [28, 128-129 б.б.]. Ғалым соңғы бас алу, бас кесу тіркесі контаминацияың жаңа типі деп көрсетеді [28, 129 б.]. Сондай-ақ контаминация тек сөз тіркесінің аралығында ғана емес, фразалық қос сөздердің құрамында да болатын тәрізді деп шамалайды. Оған мысал ретінде, қазақ тіліндегі «ойран-ботқа» және «опыр-топыр» сияқты семантикалық жақындығы бар қос сөздерден жырдың тілінде «ойран-топыр» түріндегі генадис жасалған:
Астын-үстін боран қыл ойран-топыр ( Березин).
Демек, бұнда екі қос сөздердің бір-бір сыңарлары өзара біріккен. Ойран ботқа – опыр-топыр//ойран топыр [28, 129-130 б.б.].
Байқап отырғанымыздай, ғалым көптеген контаминацияланған сөз тіркестерінің жасалу жолдарын сөз етумен қатар, контаминацияланудың жаңа бір қырын, яғни қос сөздер арқылы контаминациялану жолын көрсетеді.
С.М.Исаев контаминациялану жолымен қалыптасқан фразеологизмдер жайлы, олардың жасалуы мен тіркесу қабілеті жайлы айта келіп: «қандай да сөздің болмасын тіркесу қабілеті қанша кең болса да, кез келген екінші сөзбен тіркесе, қосақтала бермейді. Мұндай тіркесу шектеулілігі, әсіресе, тұрақты тіркестерде айқын сезіледі, өйткені фразеология белгілі бір мағынада ғана қолданылатын, өзара бөліп-жаруға келмейтін грамматикалық басқаша өзгеріске көнбейтін, ежелден қалыптасып орныққан, дайын сөз тізбектері.
Осыған қарамастан тілдің даму барысында жаңа ұғымды, ойды білдіру үшін, болмаса басқа экспрессивті-модальды мән қосу үшін кейде тіркесудің қалыптасқан белгілі шеңбері сақталмай, бір сөз бұрын тіркеспеген екінші сөзбен тіркесіп, жаңа сөз тіркесі жасалатыны көптеген тілдерде ұшырасады. Осындай жаңа тіркестердің басқаларынан оқшауырақ бір түрі – контаминация арқылы жасалған жаңа тіркестер», [17, 77б.] - деп, бұндай тіркестер қатарына тауы қайту сияқты фразологизмді жатқызуға болатындығын айтады.
Н.Уәлиұлы тіл біліміндегі контаминация құбылысын фразеологиялық нормамен байланысты қарастырады. Ғалым: «Фразеологизмдердің лексикалық құрамын жаймалап қолданудағы ерекше бір тәсіл – екі бөлек фразеологизмдердің кейбір сыңарларын, әсіресе, қайталанатындарын түсіру арқылы бір бүтін етіп жұмсау. Мысалы, сөйлеу дағдысында шыбын жан, қу жан тәрізді фразеологиялық түйдек кейбір фразеологиялық орамдармен сыйыстырыла жұмсалып, фразеологиялық бір бүтінге айнала бастайды» [20, 52-53 б.б.], - деп оған мынадай мысал келтіреді: Ей Қыдырбай, жылаған мен жаны күйген бүгін кеп тұрған. Біз қу жанды шүберекке түйіп кеп тұрмыз, білдің бе? Сен де шараңнан аса берме (М.Әуезов). Бұл мысалдағы берілген қу жанды шүберекке түю мынандай екі тұрақты тіркестің сыйысуы арқылы жасалған: қу жанын қоярға жер таппау + шыбын жанын шүберекке түю.
Г.Қосымова фразеологиялық контаминация туралы былай дейді:
«Фразеологиялық контаминация (әлемдік тіл білімінде осылай аталып жүр) екі немесе бірнеше фразеологизмдердің ықшамдалып кірігуінен жасалады. Яғни мағыналары жақын фразеологиялық тіркестердің біреуінің бір компоненті мен екіншісінің бір компоненті өзара кірігеді.
Контаминациялық жолмен жасалынған тіркестер жырда жиі ұшырасады, олардың төмендегідей түрлері бар», - деп фразеологиялық контаминацияларды мына секілді мағыналық топтарға бөліп көрсетеді:
1) мағыналары жуық және құрылысы бірдей тіркестерден ықшамдалып жасалынған фразеологизмдер:
Қарашаш пен Сәулеге
Баласы тілек салыпты («Ақсауыт»).
Тілек салды – қолқа салды+тілек айтты.
2) мағыналары да, құрылымдары да әр басқа тіркестерден жасалған фразеологизмдер:
Кеудеден жаның кеткенше
Қолдан берме арыңды («Ақсауыт»).
Осы келтірілген мысалда контаминация деп танығандарымыз: арыңды қолдан берме – арын сақтады+намысты қолдан бермеді.
3) мағыналары жуық, құрылымдары әр басқа фразеологизмдердің контаминациясы:
Қалмақша әзіл, білем сөз қатысты («Ақсауыт»).
сөз қатысты – сөзге келмеді+тіл қатысты.
4) құрылымдары біртектес, мағыналары басқа-басқа фразеологизмдердің контаминациясы:
Адам болып ер жетсе,
Өзімнің соғар таяғы («Қобыланды») [29, 44-45 б.б.].
Ғалым әрі қарай контаминацияланған фразеологизмдердің өзіне тән ерекшеліктері болатыны және олардың әрқайсысының стильдік реңкі болып, олар бірінің орнына бірі жүре бермейтіндігі жайлы сөз қозғайды [29, 45-46 б.б.].
Біздің саралауымызша, контаминация мағыналас екі фразалық тіркестерді біріктіру арқылы олардан экспрессивтік бояуы күштірек үшінші бір фразеологиялық бірлікті қалыптастырады. Бұл жерде тағы да тілдік субъект мәселесі бірінші орынға шығады. Өйткені экспрессивтік бояуды күшейту сөйлеуші мақсатынан туындайтындығы белгілі. Мысалы, Білгендердің айтқаны көкірегіне кірмейді. Өз пайдасын білмейді, сүйегі жаман болған соң (М.Ж) деген сөйлемдегі айтқаны көкірегіне кірмейді тіркесін алайық, бұл тіркес мағыналас, синонимдес, варианттас экспрессивті екі тіркестің кірігуінен (сыйысуынан) пайда болған деп шамалаймыз. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде аталмыш тіркес реестрде былай деп көрсетіліп, келесідей мағына берілген: АЙТҚАНЫ КӨКІРЕГІНЕ [КӨКЕЙІНЕ] КІРМЕДІ [ҚОНБАДЫ]. Айтқан сөз құлағына кіріп, зердесіне ұяламайды; түсінбейді; миына қонбайды (Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі).
Сонда бұл фразеологиялық тіркес мағыналас, синонимдес, варианттас мынадай екі тіркестердің негізінде пайда болған: Айтқаны көкірегіне кірмеді, көкейіне қонбады.
Контаминациялану арқылы қалыптасатын бірліктер синонимдес, варианттас тіркестер, тіпті кейде мағынасы алшақ фразеологиялық бірліктер негізінде де фразеологиялық тіркестер де пайда болады.
Сайрайсың түні бойы ауыз жаппай,
Қонасың сабырсыздан әрбір шаққа-ай!
Жетпестен бір мұратқа мың сөйлейсің,
Сол үшін қалып тұрсың мұрат таппай!(Ітом. 26).
Мұрат таппай – мұратқа жету+ орын табу.
Ауызыңды, ақылың болса, жабар едің.
Үндемей сабыр қылып бағар едің(Ітом. 26).
Сабыр қылып бағар едің– сабыр ету+ ауыз бағу.
Қыран құс – көңіл ашар, жүйрік тазы
Жігітті мұңайтады малдың азы.
Әркім-ақ жамандыққа көңіл берді.
Тыятын болмаған соң муфти қазы(І том, 28).
Көңіл берді – көңіл қойды//көңіл бұрды//көңіл бөлді + сөз берді, сөзінде тұрды. КӨҢІЛ АУДАРДЫ [БӨЛДІ, БҰРДЫ, ҚОЙДЫ] Назар, зер салды. СӨЗ БЕРДІ Уәде берді; уәде-серт байласты(Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі).
Білімге жабысайық көңіл қойып,
Ерлердің жұмысына жүрмін тойып.
Болмаса бір құдайдан үміт-қуат,
Залымдар көзімізді алар ойып(І том, 30).
Көңіл қойып – көңіл бөлді//көңіл аударды// көңіл бөлді + ден қою. ДЕН ҚОЙДЫ Назар аударды, ықылас қойды; ілтипат көрсетті, көңіл бөлді; бой ұрды.
«Жау қайда жар астында» деген сөз бар,
Аяқты баспа қадам байқамастан.
Көз тігіп қарағанмен көңіл бермес,
Не пайда нұр сипатты сүмбіл шаштан(І том, 29).
Көңіл бермес – көңіл қоймады//көңіл бұрмады//көңіл қоймады+ сөз бермеді. Бұл фразеологизмдер фразеологиялық сөздікте көрсетілмегенімен, білдіретін мағынасы жоғарыда берілген фразеологизмге қарама-қарсы болып келеді. Көңіл қоймады//көңіл бұрмады//көңіл қоймады дегендерді қарамау, назар аудармау, зер салмау деп, сөз бермес дегенді уәде бермеу, уәде-серт байласпау деп түсінеміз. Болымсыздық етістігінің – ма, ме; - ба, бе; -па, пе жұрнақтары арқылы жасалған. Сонымен бұл жолдарда көңіл бермес деген көңіл берді дегенге антоним ретінде қолданылып тұр. Көңіл бермес – көңіл қоймау + сөз бермеу.
Жігіттер, жақсы қайда үлгі шашқан,
Жүдеген мұңлылардың көзін ашқан.
Анау озық, мен кейін қаламын деп,
Көз салып бірін-бірін шамаласқан( І том, 29).
Үлгі шашқан – үлгі көрсету + нұр шашу. Үлгі көрсету дегеніміздің мағынасы түсінікті. Басқаға үлгі болу, жағымды іс-әрекетімен басқаға тәрбие бере алатындай болу. Фразеологиялық сөздікте үлгі көрсету деген тіркесті бермеген. Бірақ осы мағынаны білдіретін нұсқа қылды және өнеге алды деген фразеологизмдер бар. НҰСҚА ҚЫЛДЫ Үлгі етті; өнеге тұтты деп көрсетілген. ӨНЕГЕ [ТӘЛІМ, ҮЛГІ] АЛДЫ [ТҰТТЫ] Үйренді, нұсқа алды. Ал қазақ тілінде нұр сөзімен байланысты фразеологизмдер өте көп. Соларды фразеологизмдер сөздігінен келтіре кетсек:
НҰР ЖАЙНАДЫ Құлпырды, жарқырады, шешек ата түрленді.
НҰР ЖАУДЫ Басына бақыт қонды; құт-береке болды.
НҰР ЖАУСЫН Бақытты бол деген мағынадағы алғыс-тілек.
НҰРЛЫ СӨЗ Жақсы, ақылды сөз.
НҰРЛЫ АҚЫЛ Зердесі терең ой-таным.
НҰР ҮСТІНЕН НҰР Тіпті жақсы, өте тамаша, жақсылық үстіне жақсылық.
НҰР ШАШТЫ Сәулеленді, жайнады; шұғыласына бөледі.
Сонда ханы нөкерге жарлық шашты:
-Бара сала қоймаңдар суға басты!
Сол судан ішкендерің бізге ере алмай,
Қаларсың жер бауырлап, құшып тасты(«Шайтанның саудасы» 12).
Жарлық шашты = жарлық етті//жалық шығарды + нұрын шашты. Бұнда жарлық шаштының экспрессиясы өте жоғары болып тұр.
Дал болып, ойран көңілім сынық болып,
Мәшһүрдің құр шықпаған шыбын жаны(«Шайтанның саудасы» 245).
Көңілі сынық = көңілі пәс// көңілі түсіңкі + жүзі сынық. КӨҢІЛІ ПӘС//КӨҢІЛІ ТҮСІҢКІ көңіл-күйі жоқ, көңілсіз дегенді білдіреді. ЖҮЗІ СЫНЫҚ деген де көңілсіз, ренжіңкі мағынасында да жұмсалады. Сонымен қатар сыпайылық мағынасын да береді. Бұл жерде алғашқы ренжіңкі мағынасында жұмсалып тұрғандығы контекстен белгілі болып тұр. Бұлар өзара синоним тіркестер. Контаминацияланудың өзі мағыналары жуық тілдік бірліктердің арасында болатыны зерттеулерде дәлелденген.
Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі жоғарыдағы нұр шашқан және жарлық шашқан деген контаминацияланған фразеологизмдердің образдылығы өте жоғары болып тұр. Ол жай ғана үлгі көрсететін жақсы адамды іздемейді, айналасына нұрын шашатын, жүдеген мұңлылардың көзін ашатын ерекше адамды іздейді.
Хайлакер стражник бейшараны,
Таба алмай кедей ақша жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің аузы жете берер,
Осындай жұмыстар бар жанға батқан(І том, 33).
Жапа тартқан – жапа шегу + жаза тарту. Жапа шегу мен жаза тарту синоним болып келеді. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде жазаға ұшырады деп берілген. ЖАЗАҒА ҰШЫРАДЫ [ТАРТЫЛДЫ] // ЖАЗАСЫН [ЖАЗА] ТАРТТЫ Айып- сыбағасын, сазайын алды.
Мойнына жіңішкенің әбден мініп,
Секірген шайтанымен көңілі тынып.
Бозарған сұр жыландай іші зарлы.
Сүзектен тұрған жандай өңі сынып(І том, 38).
Көңілі тынып – көңілі басылды + жаны тыну. Өңі сынып – өңі қашу + жүзі сыну(жүзі сыныңқы). КӨҢІЛІ БАСЫЛДЫ Жайланды, іштей тебіренуі басылды. Жаны тынды деген жаны жайланды дегеннің синонимі. ЖАНЫ ЖАЙЛАНДЫ [ЖУАСЫДЫ, КІРДІ, ЖАЙ ТАПТЫ, САЯ ТАПТЫ] Көңілі орнықты, тыншыды, көңілі көншіді(Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі).
ЖҮЗІ [ӨҢІ] СЫНЫҚ
1. Сыпайы, инабатты, ұятты. Мысалы: Жүзі сынық жақсы жан екен.
2. Бет ажары бәсең, көңілдері төмен, бірдеңеден беті қайтқан. Мысалы: Бәрінің мойындарына су құйылғандай, жүздері сынық, кімге өкпелеп, кімге килігерін білмейді.
Мәшһүр-Жүсіптің «Бозарған сұр жыландай іші зарлы. Сүзектен тұрған жандай өңі сынып» дегенінде бет ажары бәсең, көңілдері төмен, бірдеңеден беті қайтқан деген мағына бар.
Өлгенше жеуден аузын тыймас болды,
Еш досқа, туысқанға қимас болды.
Соншама семіздігі шектен асты,
Отырған ойларына сыймас болды(І том, 49).
Аузын тыймас – тамақтан тыйылмау + аузы босамау. Аузын тыймады деген аузын жаппады деген мағына да қолданылады. Берілген контексте тамаққа байланысты, тура мағынасында қолданылып тұр. Шектен асты – шектен тыс + шамадан асу (шамадан тыс). ШАМАДАН ТЫС [ТЫСҚАРЫ] Белгілі мөлшерден артық. ШЕКТЕН АСТЫ [ШЫҚТЫ] Асқынды, шамадан тыс кетті.
Жалғанда бір ұшырмай айт пен тойға,
Құса боп түсіп кеттім ұзын ойға.
Бес жерде оннан бірі кем тұрған жас,
Аман жетсе, аманат осы «қойға» .
Ұзын ой – тұңғиық ой// түпсіз ой// терең ой. Тілімізде терең білді деген фразеологизм бар. ТЕРЕҢ БІЛДІ Жете бойлап барып таныды. Ұзын ойдың артында белгілі бір мөлшерде терең білу бар.
Біз жоғарыда келтірілген мысалдарды «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабынан келтірдік. Мәшһүр-Жүсіптің келесі бір кітабы «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабында да контаминацияланған фразеологизмдерді табуға болады. Мысалы:
Бір әріп, қылдан тайып, айтсақ өзге,
Абақты, бұйырылады даяр бізге.
Өзіміз не болсақ деп тіленген,
Сөйленіп өзімізден шыққан сөзге»( І том, 66).
Қылдан тайып - тура жолдан таю//жолдан таю + қара қылды қақ жару. Өлеңнің контексіне көз жүгіртсек, онда егер тура жолдан тайса абақтының бұйыратыны айтылады. Жан-жаққа мойын бұрмай тура жолда жүру, екінші жағынан, белгілі мөлшерде адамның әділдігіне де байланысты. Халықтық қолданыстағы қара қылды қақ жару әділдік дегенді білдіреді. ҚЫЛДАН ТАЙДЫ Қате басты, жаңылды, әділдіктен кетті. ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН // ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚЫРЫҚҚА БӨЛГЕН Тең таразы, әділдік туралы айтылады. ТУРА ЖОЛДАН ТАЙДЫ Дұрыс бағыттан ауытқыды. Теріс жолға түсті.
Патшаны көрмесін деп қазақ барып,
Жүрсін деп қолымызда болып ғаріп.
Жол тауып, бас білетін ерімізді,
Тірідей көмбеді ме көрге салып(І том, 68).
Көрге салып – көрге тығу // көрге көму + тозақтың отына салу// отқа салу. КӨРГЕ ТЫҚТЫ Құртты, жойды. Фразеологиялық сөздікте тозақтан құтқарды деген тіркес бар. ТОЗАҚТАН ҚҰТҚАРДЫ діни. Азап, қиыншылықтан азат етті. Ал Мәшһүр-Жүсіп өлеңіндегі көрге салу деген фразеологизмнің салу деген сыңары тозақтың отына салу дегеннен алынған деп топшылаймыз. Сонда тозақтан құтқарды - тозақтың отына салды - антонимдес.
Әшім патша Мұхаммедке арыз қылды:
Өлтірме, қалсын аман шыбын жаны!(16Т. 109б.)
Арыз қылды – арыз айту+ өтініш ету//өтініш қылу. АРЫЗ АЙТТЫ//АЙДАДЫ//ҚЫЛДЫ Өтінді, сұрады, шағынды. ӨТІНІШ ҚЫЛДЫ//ӨТІНІШ ЕТТІ//ӨТІНІШ АЙТТЫ Өтінді, сұрады. Арыз атты—өтініш айтты – синонимдес фразеологизмдер.
«Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзі» деген өлеңінде:
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұхар, Ташкент – бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап( І том, 72).
Өнер қайнап – өнері тасу// өнері асу + күш қайнау//күш қазандай қайнау. Қазақ тілінде «Күш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деген мақал бар. Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі өнердің қайнауы ерекше көркем сурет. Өнері жай ғана тасып тұрған жоқ, қайнап тұр. Қайнап тұрдың тасып тұрғаннан әсерлілігі өте басым. Адамның күші бойына сыймай, бұрқ-сарқ етіп қайнап тұрса, Мәшһүрдің өнері бойына сыймай қайнап тұр.
Балалар жалқау болма шабан тартып,
Ілгері ұмтыла бас, күн-күн артып.
Арқаны кедейліктің – еріншектік,
Желкеңнен жібермейді мықтап тартып(І том, 84 ).
Шабан тартып – шабан ат + кейін тарту. Шабан ат – қатты жүрмейтін, баяу жүретін ат. КЕЙІН ТАРТУ Ілгері баспау, ілгеріге ұмтылдырса, артқа қарай кету. Ақын балаларды еріншек болмауға шақырғанда, оларға шабан аттай жалқау болмау керектігін айтады. Еріншектіктен құтылып, ілгері ұмтыл, алға шық дейді. Еріншектік –тікелей жалқаулыққа апаратын жол. Ал жалқау болсаң, мал да бітпейді. Еріншек болсаң, кедейліктің арқанына тұсақталдың деген ой жатыр.
Боқ ұстасаң қолыңа жұғып қалмас,
Сыйлы қылар басыңды іске тырмыс.
Жігіттікте іс қылсаң жаннан кешіп,
Төр алдында отырып жерсің жамбас(І том, 85).
Жаннан кешіп – жан аямау + от кешу. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде жан аяды деген фразеологизм берілген. ЖАН АЯДЫ Хауіпке бармады; басын алып қашты. ЖАН АЯМАС 1. Айнымас, кіршіксіз, қалтқысыз берілген. 2. Хауіп-қатерден қайтпас, асқан, ерекше, нағыз. Жан аяды – жан аямас – антонимдер. ОТ КЕШІП Өмірдің ащысын көп көрді. Бұл фразеологиялық сөздікте берілген анықтама. Ал контекстегі жаннан кешу дегендегі кешудің семантикасында аздаған өзгешелік бар деп ойлаймыз. Онда өмірдің ащысын көп көргенділік деген семантика ғана бар деп айта алмаймыз. Жан аямай, от кешсең кейін құрметке бөленесің деген ой бар.
Жанға ұрттатпай, тауысып үйдегі асын,
Көп сөйлеумен қатырар байдың басын.
Кіршіксіз қып ұстайтын қатын қайда,
Бала түгіл байының үсті-басын(І том, 87).
Жанға ұрттатпай – жанға жуымау + су ұрттатпау. Су ұрттатпау дегеніміз ешкімге дәм татырмау, қара су да бермеу. Жанға жуымау дегеніміз ешкімге жоламау, ешкімнің қасына жоламау деген мағынада.
Әңгіме боп мұнымен бұл сөз тұрсын,
Неше кеңес қандырар құлақ құрышын.
Төрт-бес қағаз әріптен оқыдым деп,
Иттің көбі кетірді құлақ тынышын(І том, 103).
Құлақ тынышын – құлақты жеу+ тынышын алу//тынышын кетіру.
Күншілдік бір есекке тиеп артқан.
Жібек, кендір арқанмен буып тартқан.
Базарға мұнан бұрын көп барғанмын.
Жерім жоқ бұл саудадан залал тартқан(І том, 189).
Залал тартқан – зиян шекті + жаза тартқан//жапа тартқан. ЗАЛАЛ [ЗИЯН] ЖАСАДЫ [КЕЛДІ, КЕЛТІРДІ, КӨРДІ, ТИГІЗДІ, ТИДІ] // ЗИЯН ШЕКТІ Қиянат көрді, кедергісі, кесірі болды; обалы болды, обалына қалды; шығындады. Жапа тарту дегеніміз жазаға ұшырау, жаза шегу.
Контаминацияланаған фразеологизмдер түрлі жолдармен ықшамдалған. Қаламгер тіліндегі контаминацияланған фразеологизмдердің үш түрлі ықшамдалу жолы бар. Олар:
мағыналары жуық және құрылысы бірдей тіркестердің ықшамдалуы. Ондай фразеологизмдерге мысал ретінде мына өлең жолдарындағы тіркестерді көрсетуімізге болады.
Білімге жабысайық көңіл қойып,
Ерлердің жұмысына жүрмін тойып.
Болмаса бір құдайдан үміт-қуат,
Залымдар көзімізді алар ойып(І том, 30).
Көңіл қойып – көңіл бөлді//көңіл аударды// көңіл бөлді + ден қойды.
Хайлакер стражник бейшараны,
Таба алмай кедей ақша жапа тартқан.
Ұлыққа кімнің аузы жете берер,
Осындай жұмыстар бар жанға батқан(І том, 33).
Жапа тартқан – жапа шегу + жаза тарту. Жапа шегу мен жаза тарту синоним болып келеді.
мағыналары да, құрылымдары да әр басқа тіркестерден жасалған фразеологизмдер:
Мәшһүрден келе жатыр өнер қайнап,
Бұлбұлдай қапастағы тұрған сайрап.
Самарқан, Бұхар, Ташкент – бәрін кезген,
Жасында бір кем отыз тәңірім айдап( І том, 72).
Осы келтірілген мысалда контаминация деп танығандарымыз: өнер қайнап – өнері тасу +кек қайнады// күш қайнау//күш қазандай қайнау. КЕК ҚАЙНАДЫ Қаһарына мінді, кек қысты, өш қысты.
мағыналары жуық, құрылымдары әр басқа фразеологизмдердің контаминациясы:
Ауызыңды, ақылың болса, жабар едің.
Үндемей сабыр қылып бағар едің(Ітом. 26).
Сабыр қылып бағар едің– сабыр түбі сары алтын + ауыз бағу.
Қалмақша әзіл, білем сөз қатысты.
сөз қатысты – сөзге келмеді+тіл қатысты.
құрылымдары біртектес, мағыналары басқа-басқа фразеологизмдердің контаминациясы:
Бір әріп, қылдан тайып, айтсақ өзге,
Абақты, бұйырылады даяр бізге.
Өзіміз не болсақ деп тіленген,
Сөйленіп өзімізден шыққан сөзге( І том, 66).
Қылдан тайып - Тура жолдан таю//жолдан таю + Қара қылды қақ жарған//Қара қылды қырыққа бөлген. ТУРА ЖОЛДАН ТАЮ Дұрыс бағыттан ауытқу. ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН//ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚЫРЫҚҚА БӨЛГЕН Тең таразы, әділдік туралы айтылады.
Қолыма бейсенбі күн қалам тұттым,
Нұсқадан тәржімелеп, естіп ұқтым(12том,12).
Қалам тұттым = қалам ұстау + ораза тұту.
Исламның бес парызы: біреуі – иман,
Жақсы екен тірілікте нәпсі тыйған.
Қазаққа ғазатлық жоқ осы күнде
Қажы бару, осы күнде жанын қиған(12том,20).
Жанын қиған =жанын беру +өмірін қию.
Таңдайына жабысып тілі қатып,
Бір ұрттам су таба алмай, көзін сатып.
Аяқ басып жүруге дәрмені жоқ,
Айдалада әлсіреп қалды жатып(12том,46).
Көзін сатып = көзін сүзу+ арын сату// ұятын сату. КӨЗІН СҮЗДІ Қысылып төмен қарады және Телмірді; дәме етті деген мағыналарда жұмсалады. АРЫН АЯҚҚА БАСТЫ//АРЫН САТТЫ(ТӨКТІ) Кісілігіне кір келтірді, қорлады, ұятқа қалдырды; арын сату, кейде бедел салу мағынасында да қолданылады.
Жаратқан құдайына көңілі кетіп,
Шыбын жанын жолына құрбан етіп.
Қажылардың ихрамды байлайтұғын-
Тақалғанда орнына жаңа жетіп( 12том, 50).
Көңілі кетіп =көңілі ауу//көңілі құлау// көңілін аудару + есі кету.
Бір жолға тәуекел деп басты байлап,
Жөнелді ықтиярсыз Тәңірім айдап.
Екі-үш күнде ас пісіртіп, кір жуғызып,
Жүретін жол азығын алды сайлап(12том,61).
Басты байлап =басын тігіп + тәуекелге бел байлап. БАС ТІКТІ(ҚИДЫ)//БАСЫН АЖАЛҒА (БӘЙГЕГЕ, ӨЛІМГЕ) ТІКТІ Жанын пида, құрбан етті: нар тәуекел етті; саудаға салды. ТӘУЕКЕЛГЕ БЕЛ БАЙЛАДЫ (БУДЫ) // ТӘУЕКЕЛ ҚЫЛДЫ // ТӘУЕКЕЛГЕ САЛДЫ // ТӘУЕКЕЛДІҢ КЕМЕСІНЕ МІНДІ Қиындықты мойынға алып, неге де болса да көнді.
Түнде көрген түсі ойға түсіп,
Ағасының жоруымен көңілі өсіп,
Мұхамедті көргеннен болып іңкәр:
«Арманым жоқ болады, бұл маған болса несіп!»(12том,114).
Көңілі өсіп =көңілі көтерілу//көңілге нұр құйылды + мерейі өсу// мерейі үстем болу//мейманасы асты. МЕРЕЙІ ӨСУ// МЕРЕЙІ ҮСТЕМ БОЛУ\\ МЕЙМАНАСЫ АСТЫ Асып-тасыды, көңілі өсіп масаттанды.
КӨҢІЛІ КӨТЕРІЛУ//КӨҢІЛГЕ НҰР ҚҰЙЫЛДЫ Шаттанды, бақытқа кенелді.
Мәшһүр-Жүсіп тіліндегі контаминацияланған фразеологизмдердің өзіне тән ерекшеліктері бар екендігін байқадық. Және олардың әрқайсысының стильдік реңкі бар. Олар барлық жағдайда бірінің орнына бірі жүре бермейді. Әрқайсының контексте қолданылатын орны бар. Қаламгер контаминацияланған фразеологизмдерге түрлі стильдік қызмет жүктеген.
2.2 Қазақ тіліндегі контаминацияланған мақал-мәтелдер
Түркі халықтары мақал-мәтелдерді «аталар сөзі», «даналық сөздер», «нақыл сөздер», «ақыл сөздер» деп атап, «Ақылың бар ма - ақылға ер, ақылың жоқ па - нақылға ер», «Атаңның сақалына қарама, айтқан мақалына қара», «Мақал - мәтел маржан сөз» деуі - халықтың берген әділ бағасы.
Мақал-мәтелдер айтылатын ойдың бағытына қарай - тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тыңдаушысына ой салады. Демек, бүгінгі қазақ халқының ауыз әдебиетінде сақталған және толассыз толығып, дамып бізге жеткен мақал-мәтелдердің тамыры мен жасалу тәсілдері тереңде жатқан, бастауын сонау көне замандардан алған құнарлы да өзіндік ерекшелігі мол жанр санатына жатады. Мақал-мәтел, ауыз әдебиетінің басқа кіші жанры сияқты, дайын күйінде қолданылатын туынды және жұртқа берер тәлім-тағылымы мол, логикалық жүйеге құрылған өзіне қатысты объектілерді бейнелер (образдар) арқылы суреттейтін құнарлы тіл байлығы. Мұнда тек ұйқас, сюжет, образ ғана емес, сонымен қатар логикалық ойдың жүйелі көрінісі, нақтылық, тапқырлық, астарлы пікір, ұлттық дүниетанымның өзіндік бір тәсілдері мен сөзжасам модельдерінің қат-қабаты араласып, мақал мен мәтелдің күрделі де көркем табиғатын сипаттап тұрады. Сондықтан, мақал-мәтелдер де тіл тұрғысынан зерттеуге тиісті қызықты да өзіндік ерекшеліктері мол күрделі мағыналық бірлікке жатады.
Қазақ мақал-мәтелдерінің табиғатын сөз етуден бұрын жалпы мақал-мәтелдерге қатысты зерттеулерді қысқаша шолып өту артық емес. Бұл құбылысты арнайы зерттеуге байланысты ғылым да қалыптасқан пәнді паремиология деп атайды. Көп жағдайда бұл сала әдебиет құзырында қарастырылады. Бұл нысанды зерттеуші екінші бір салаға тіл біліміне қатысты тұрақты тіркестерге жатады. Басқа сала мамандарының (философия, педагогика, этнография т.б.) бұл саламен шұғылдануы әлдеқайда сирек және олар мақал-мәтелдердің мағына-мазмұнына байланысты. Сондықтан да паремиологиялық зерттеулердің ішінде филологиялық зерттеулер мен ізденістер басым.
Қай салада болмасын, мақал-мәтелдер жеке тіл не тіл топтары және жалпы түрде зерттелініп, әрбір саланың өз мүддесінде сәйкес заңдылықтары мен ерекшіліктері прагматикалық және теориялық тұрғыдан қарастыруылда.
Сөз шеберлері халық қазынасы – мақал-мәтелдерді кейде осылай өңдеп, кейде сол күйінде өз туындыларында жарасымды қолдану арқылы кейіпкерге тілдік мінездеме береді, белгілі бір жағдайға қорытынды жасайды және баяндауда бейнелілікті тудырады.
Мақал-мәтелдерге үндес, терең мағыналы сөз өрнегін қанатты сөздер немесе афоризмдер дейміз. Мақал-мәтелдерден афоризмдердің айырмашылығы белгілі шығарушысының болуы. Бұл туралы А.И. Ефимов былай дейді: “Афоризм – это меткие и лаконичные изречения литературно-книжного происхождения, это своего рода пословицы, имеющие авторов”. Афоризмдер бейнелікке емес, ойға құрылады. Әңгімелер тілінен осындай ойға құрылған, оқырман көңіліне қонып, жатталып қалуға бейім тұратын, яғни нақыл сөздерге сұранып тұрған ой-тұжырымдар мен ой-толғамдар кездеседі. Қаламгерлер кейіпкердің ішкі тебіренісін суреттей отырып, ондай тұжырымдарды кейіпкерге жасатады және авторлық баяндауларда береді. Біз авторлық афоризмдер деп сұрыптап алып отырған тұжырымдарымыз құрамы жағынан әр түрлі кейде ықшам, кейде күрделі болып келеді
Тілдің тірегі – сөз. Сөз халқымыздың өткен тұрмыс- тіршілігін, ой- сезімінің, елдігі мен елдігінің, парасатының куәсі. Ал тілдің сөз байлығын танытын – көркем шығарма. Көркем шығарма тіл байлығын танытумен ғана шектелмейді, сондай- ақ тілді байытатын, дамытатын негізгі арналардың бірі болып табылады. Ұлттық тілдің ең жоғарғы сатысы әдеби тілді дамытып, жалпыхалықтық әдеби тіл әдеби тіл үлгілерін өз шығармашылығы арқылы жетілдіретін де көркем сөз иелері екендігі даусыз.
Шынжыр балақ, шұбар төс; Ескі қыстау-малдың құты, ескі қатын-ердің құты; Жегені желім, ішкенің ірің баолып, Шынжыр балақ, шұбар төс; Түлкінің қызылдығы өзіне сор; Жау қайда жар астында; Қойнында өлген сарттың наны бар деп; Аш атасын танымас; Қарыны қайғысыздың тоқ; Бір күн базар, бір күн базар; Именнің жасуындау шықты жерден; Жөнелді бір қайрылып тілге келмей; Болып тұр мұны айтудан тілім кесік; Сүйсініп құлақ салсын кім сөзіме; «Біз үйден кетпейміз»,-деп отырғанмен; Ажал тұр алдымызда бізді күтіп; Өлім жолы иненнің көзіндей; Өлім жолы иненнің жасуындай; Сары алтын-сабыр түбі; Халық сүйгенді, Тәңірі сүйеді; Зер танитын, зергердің; Шебер- қолын, шешендер сатып сөзін; Сақал шықты, өкпелеп жүрсек мұртқа; Құдай салды, мен көндім; Мың сіз-бізден бір шыж-мыжды; Ай кірсіз; Құдай болып; Жоқтық ұят емес қой, барлық –мұрат; Қатын –жолда, бала-белде; Ұрып таяқ, айтқанмен сөз ме; Ешкі егіз, ит сегізді; Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі, ата жолын қумаса, барынан да жоғы игі; Таудау талап бергенше, бармақтай бақ берсін; Маңғыт, аузына саңғып; Жаман құдайшыл келеді; Пұшпағы қанамаған, құдайы қаламаған; Жорға жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады; Бұрынғыны айтпай, соңғы сөз ойға түспейді; Су анасы –бұлақ, сөз анасы-құлақ; Жердің кені қазса шығады, адам кені жүрсе шығады; Үйде өскен бұзау өгіз болмайды; Арық пен семіздің басы бір ме, жақсы менен жаманның жаны бір ме?; Мына шіркіннің салы суға кетіп, иығы түсіп, жүдеп тұрғаны; Барлық дәнемені білдірмейді, жоқтық өзі үйретеді; Ақыл-ауыс, ұрыс-жұғыс; Ақылсыз бас –аятың әлегі; Ақылдың тұрағы бас-ау, баста болса мида болады; Төрде дұрыс осы деме, үй менікі деме, үй артында кісі бар; шапқанда байдың ұлы тоқтағанда есіңе түседі; Зерекілікті сат, надандықты сатып ал, зерекілік-зәһір, надалық-қант; Асыққан қалар ұятқа; Сабыр түбі-сары алтын; Сарғая сақтаған қызара жетер мұратқа; Бейнет көрмей, рақат жоқ; Мал болса-«Ит те, құс та» қатынға бай; Көтін жу да есектің; мал табыңдар; Сырты бүтін болған мен іші түтін; Елу жылда ел жаңа; Қой үстіне торғай жұмыртқалаған заман; Туған тойсыз болмасын, өлген ассыз болмасын; Ас адамның арқауы; Тұлпардың тасқа басқан басқан тұяғы; Қолда барда алтынның қадірі жоқ; Аз сөз-алтын болғанда, көп сөз-күміс; Теңізден –тамшы, күннен бір-зәррә; Құл құтырса құдыққа қармақ салар; Аш атасын танымас; Бай бір жұттық, батыр бір оқтық; Өзім үшін туыппын, халқым үшін күйіппін; Ел намысы-ер; Қызыл тіл-бозбалалар-өнер алды; Ойында озған-шында озар; Аз сөз-алтын, көп сөз –көмір (11 том).
Өлеңдерде мақалдар мен мәтелдер ардайым түпнұсқада келе бермейді. Кейбір реттерде олардың құрылымын сәл де болса өзгеріске түсіріп отырады. Мәселен, халық арасына тараған нұсқасы бойынша «кедейдің бір тойғаны-шала байығаны» болуға тиіс еді, автор оны «Біртойған-шала байлық» деп өзгеріске түсіреді. Сол сияқты, екінші бір мақал «жақсы сөз жан семіртеді» деп таралған. Оны автор «Жан семірер жақсы сөзге» түрінде пайдаланады.
«Бір тойған –шала байлық» деген қазақ,
Қызығып тойғандыққа қалар жатып»
(Жаман пейіл)
«Жан семірер жақсы сөзге
Көркейдім хатыңды оқып, сол бір жасап»
(Жүсіпбек Аймаутылына)
Бұдан мақал-мәтелдің мазмұнына ешбір нұсқан келіп тұрған жоқ, ақын ойының көркемдігіне қызмет етіп отыр.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында нақыл сөздер көптеп кездеседі. Олай болуының бір себебін ақынның халық ортасында болуынан және халық әдебиетін жақсы білгеннен, сонымен қатар, халықтың әсресе ақынның оларды жақсылыққа шақыруға, сөз көркемдігін түсіндіруге талаптығынан деу керек. Сондықтан мұндай сөздерді жаттап алуға да ыңғайлап алуға да ыңғайлап жазған сияқты:
«Сиырға қант пен тоқаш қанша төксең,
Жүгіріп кете қалар сабан-шөпке ...
Жылы жаздың соңынан бір қысы бар,
Өз басына әркімнің жұмысы бар...
Екі ашпалы есіктер тұтқасы да
Қалқайып қарайғанмен, құлақ емес»
Мысалдары келтірілген «Мәшһүрдің қырық алты жасында сөйлеген сөзінде» ғана емес, басқа өлеңдерінде де белгілі бір философиялық түйіні бар сөзде өз қисынымен орын алып, көңілге қонымды келеді. Сөз шырайын үстемелеп тұрады.
«Озбайды есек аттан шапқанменен,
Сиыр жылқы болмайды, атлас жапқанменен.
Қойдан көп төрт аяқты болған емес,
Ешкі –егіз, ит сегіз тапқанменен»
(Қазақты жамандаушыларға)
Дәл осындай құрылымдағы конструкциялармен өлең ұйқастыру ақынның басқа өлеңдерінде ұшыраса қоймайды. Соған қарағанда, бұл өлеңнің мазмұны мен ғибраты әсерлі бола тұра, оқырман ақын мұндай түрді еліктеу деп есептеді ме екен деген ойға бас игендей болады.
«Тамшыдан тама берсе, дария болар» (бұлақ сөзі); «Білгеннің жүрген жері-бәрі жарық» (бұл да сонла) сияқты сөздері ой салуымен, әрекетке жетелеуімен құнды. Көріп отырғанымыздай, мұндағы сөздердің, ырғақтың берілуі алдынғыдан өзгеше. Өмірден көргендерін, алған әсерлерін салмақтай түйіп, қағазға түсіргенде қарапайым сөздердің өзі ақынның қаламынан қанатты сөздер болып шығады:
«Ит сүйекті түсінде кеміреді,
Шөлдеп жатқан –айнымай су көреді.
Түсіне саудагердің ақша кіріп,
Ояна салып базарға жүгіреді. »
(Қолыма қағаз, қалам алайын да)
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев біраз өлеңдерінде жастарды жаманшылықтан жиіркендіріп, жақсылыққа сүйіндіреді. Тек жақсылыққа үндейді. Мұның өзі ақылға толы оқығанның көкейінде жатталып қалуға бейім тұратын сөз орамдары түрінде келіп отырады:
«Жігіттікке іс қылсаң жаннан кешіп,
Төр алдында отырып жерсің жамбас...
Өш боларсың ұйқымен, болса санаң,
Кедейлікпен жағалас, келсе шамаң...
Үйіңде кедейлікті бір түнетсең,
Бермейді ел көшкенде жұрттың соңын»
(Жалқаулартуралы айтқаны)
Ақын осылайша ақыл- кеңес береді.
Тамғаны тақыр жерге сор болады; Тікенге кетсе, тамып, гүл болады; Айналдым бұлт болып биік тауға, Іліндім шортан болып жібек ауға; Шын жүйрік қызған сайын көтерілер; Тілектес жүйріктерде шабыс болсын; Жылқы осал қыс болғанда жалы жоқтан; Жетелеп алып кетер бұйдасынан; Бұл дүние бір күн базар, бір күн мазар; Жігіттің үйде жатпас өнерпазы; Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды; Өзі қисық болса да тез ағашы, талай қисық ағашты қылады оқтай; Ешкіден туғанменен лақ емес, Сарқырап саулағанмен бұлақ емес; Екі ашпалы есіктің тұтқасы да, Қалқайып қарайғанмен құлақ емес; Сеңгір-сеңгір таулар бар, бұлағы жоқ, ел жоқ, Қопалы көл-жекен мен құрағы жоқ; көк кептер ұшып кетсе, қайда жетпес, Ұшқыр құс қанатты құс онан кетпес; Сенбе жанның бәрі дос еді деп, Жігіттің жарлы болса, өсегі көп; Ер жігіт шешен болып, малсыз болса, топтағы айтқан сөзің не болмақшы?!; Жарасар киім жаға, жеңіменен, Жар құлар судың аққан сеңіменен; Күле кіріп, күңірене шыққан жаман; Кісіден дүние алғаның–құл болғаның жаман; Кіріптар өз-өзіңнен болып қалма;
Түлкідей таудан қашқан бұлаң етіп, Жалған-ай, өте шықтың қасымыздан.
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жыраулар үлгісінде айтылып, адамның өмірін қоғам өмірінен бір тұтас бірлікте алады. Жалпы, нақыл сөздер белгілі бір философиялық ойға құрылады. Онда айтылған ой ешуақытта құнын жоймайды. Дәуір өтіп кетсе де адам жасының өтуі сол дәуірге тығыз байланысты болады. Жақсы мен жаман заман тынысың көрсетеді. Бұндай толғауларда адам өмірінің мәнді өткеніне көп көңіл бөлінеді. Не істелді, енді не істеу керек, қандай шаралар жасалды, кейінгі ұрпаққа қандай аманат қалады осы қағида бірінші орында тұрады
Жолына түсіп кеттің ғылым-білім,
Болад деп қандай күйде жұртым-елім.
Дәрмен жоқ күресерге іш қайнайды,
Айта алмай переводтап қызыл тілім(І том, 53).
Дәрмен жоқ күресерге іш қайнайды деген халықтық тілдегі Күресерге дәрмен жоқ, Іш қазандай қайнайды деген халықтық мақалдың ықшамдалған түрі. Мәшһүр-Жүсіп мақалды ықшамдап, поэзия тіліне жинақылық пен ықшамдылықты берген.
Жыртылып тарта берсе кетер перде,
Иманның билігі бар талапты ерде.
Қорлықпен тірі болып жүргеннен де,
Жатқаның жақсы емес пе өліп көрде (І том, 68).
Қорлықпен тірі болып жүргеннен де, Жатқаның жақсы емес пе өліп көрде деген халық тіліндегі «Қорқақ мың рет өледі, Батыр бір рет өледі» деген мақалдың контаминацияланған түрі деп қабылдауымызға болады. Бұл қос тағанды мақалдың мағынасы халқымыздағы Қорлық өмірден ерлік өлім артық деген мақалдың да мағынасын береді.
Бір туар тірі болса, күн мен айы,
Болысар анық аққа бір құдайы,
Зындан жаман жер емес ақ кісіге,
Жақыпұлы Жүсіптің жатқан жайы (Ітом, 69).
Бір туар тірі болса, күн мен айы, Болысар анық аққа бір құдайы деген халықтық формадағы «Айы оңынан туды», «Аққа құдай жақ» деген мәтелдердің контаминациялануынан жасалған.
Бір туар тірі болса, күн мен айы, Болысар анық аққа бір құдайы = Айы оңынан туды + Аққа құдай жоқ.
Осындай контаминацияланған бірлікке Мәшһүр-Жүсіп өлеңіндегі мына жолдарды да жатқызуға болады:
«Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер»
Сөйлеп кеттім көңілімде нақ болған соң,
Өзі қолдап, Құдайым жақ болған соң.
«Тәпсір білдім!» - деп, алас ұрмайын мен,
Тауилына заһыным шақ болған соң(«Шайтанның саудасы» 16).
Немесе
Жуымас аққа пәле деген сөз бар,
Қалас боп құтыларсың бір күн ақыр... («Шайтанның саудасы» 250).
Аққа құдай жақ деген мағынада қолданылатын қазақ халқында мақал-мәтелдер көп кездеседі. Мысалы: «Аққа зауал жоқ», «Арам –ауыр, Ақ – жеңіл», «Ала сөйлеп ұлыққа жаққанша, Адал сөйлеп жұртқа жақ», «Адал кісі – арымас, Арам кісі – жарымас».
Шебер – қолын, шешендер сатып сөзін,
Ата-ана құлын жастай сатып қызын.
Бардан, жоқтан қанағат тегіс қашып,
Тірідей жеп тауысып әркім өзін (І том, 76).
Жоғарыда ерекшеленген тармақ халықтық мақалдардан контаминация жолымен жасалған. Қазақ халқында шешендік пен шеберлікке қатысты сөз өрнектері мол. Ежелден сөз өнерін қадірлеген халық шешендікті асыра бағалаған. «Шебер көптің апасы, шешен көптің анасы», «Шешеннің тілі – шебердің бізі», «Шешенің судай төгілген, тыңдаушың бордай егілген», «Шешеннің сөзі мерген, шебердің көзі мерген», «Шайырлар қайда, сөз – сонда, Сұлулар қайда, наз сонда», «Шешеннің тілі – шебердің бізі» деген шешендік өнерге қатысты мақал-мәтелдер бар. «Шебер қолын, шешендер сатып сөзін» дегеннің қандай мақалдардың контаминациясынан шыққандағын былайша көрсетуге болады.
Шебер қолын, шешендер сатып сөзін=Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ + Шебер көптің апасы, шешен көптің анасы.
Қанша мықты болсаң да,
Тар қабірде жатамыз.
Қиянат, қастық сөз сөйлеп,
Күнінде сонан татамыз.
Бұл мінезбен қабірде
Не қылып тыныш жатамыз?! (16 Т.87б.)
Қанша мықты болсаң да, Тар қабірде жатамыз = Ажалдан ақша беріп құтылмайсың + Ажал ажарына да қарамайды, базарына да қаратпайды.
Арқада аю менен барыс болар,
Араға кірген шайтан ұрыс болар!(16 Т.113б.)
Жаманнан –бөз қалады, жақсыдан сөз,
Дүниенің келуі оңай, кетуі тез.
Бір өзен сарқыраған,саулап аққан,
Бұларға көлденеңдеп ұшырады кез(«Шайтанның саудасы» 12).
Жаманнан – бөз қалады, жақсыдан сөз = Жақсы арына жолдас, жаман барына жолдас + Жақсылардың сөздері жанып тұрған шамдай. Осы тектес мақалдарға «Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар», «Жаман бай құдайдан қорықпайды, ұрыдан қорқады», «Жақсы – арының құлы, Жаман – малының құлы», «Жақсы – ай мен күндей, әлемге бірдей» тағы басқа сөз асылдарын жатқызамыз.
«Тоям», - десең, боласың жаманатты,
Тойған тоқтық бұзады адамзатты.
Дүниеге құмарланба, хырыс болма,
Бол, - деп айтты, - азына қанағатты(«Шайтанның саудасы»).
Тойған тоқтық бұзады адамзатты= «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын» + «Тойған соң тоқтының деті де топырақ татиды».
Дүниеге құмарланба, хырыс болма, Бол, - деп айтты, - азына қанағатты = Барға мәзір, жоққа салауат + Көптен дәметкен аздан құр қалар // «Нені кем тұтсаң соған зар боларсың».
Қанағатшылдықты қазақ баласы аса қадір тұтады. Халық тіліндегі қанағатшылыққа байланысты мақал-мәтелдер: «Барына разы бол, жоғына сабырлы бол», «Барыңды көздеме, жоқты іздеме», «Бар болса «жоқпын» деме, жоқ болсаң «тоқпын» деме», «Бар болсаң таспа, жоқ болсаң саспа», «Барыңды көздеме, жоқты іздеме», «Семіздікті қой ғана көтереді», «Қанағат қарын тойдырады» «Барына разы бол, жоғына сабырлы бол».
Осыларға үндес мақалды Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесінен кездестіреміз. Әкесінің баласына айтқан: «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат етпесең көптен құр қаларсың» дегені осы мақалдармен үндес.
Құдайдың бізге сайлап қойған ханы –
Жіберген әрбір тұста пайғамбары.
«Жоққа –шүкір, азына – қанағат!» - деп,
Әуел бастан кешіріп, айтқан, әні.
Жоққа шүкіршілік ету, азына қанағат ету деген де жоғарыдағыдай контаминацияланған.
«Дүние ойна», - деуменен өмірің өтер,
Бұ дүниеге қарық(ғарық) болған суға кетер.
Алас ұрып, жаныңды қинағанмен,
Ажал келіп қалған күн бәрі бітер («Шайтанның саудасы» 15).
Бұ дүниеге қарық болған суға кетер = Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетер// Екі кеме құйрығын ұста жетсе бұйрығың +
Оқу-жын есалаңға, өлең де –жын,
Өнерің –өткір пышақ, сен оған – қын.
Өзіңді тілім-тілім, дал-дал қылды,
Өзгесі өтірік болса да, бұл сөзім –шын(«Шайтанның саудасы»129).
Өнерің –өткір пышақ, сен оған – қын= Өнер ердің қанаты// Өнерің болса, өлемін деме+ Өткір пышақ қын түбінде жатпайды.
Өнер туралы мақал-мәтелдер: «Өнер – ағып жатқан бұлақ, Ілім жанып тұрған шырақ», «Өнерлі өрге жүзер», «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық», «Өнер жас ұланнан, жүйрік тай құнаннан», «Өнер білсең өлмейсің», «Өнерің болса, өлемін деме», «Өнер көпке де жеткізеді, көкке де жеткізеді», «Өнерді үйрен де жирен».
Өткір пышақ қын түбінде жатпайтыны сияқты өнерлі де далада қалмайды. Оған дәлел халық тіліндегі: «Өнерлі жігіт өрде озар, өнерсіз жігіт жер соғар», «Өнерлі өлмес, өнерсіз күн көрмес», «Өнерліге өрі, қыры – бәрібір; Палуанға оңы, солы – бәрібір», «Өнерлінің өзегі талмас», «Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын», «Өнерлі қол – бақытқа жол», «Өнерлінің өрісі ұзақ», «Өнерлі өрге жүзер» және т.б. мақал-мәтелдер.
Ұлттық болмысымызды танытатын бай мұралардың бірі- мақал- мәтелдер. Олай дейтініміз мақал- мәтелдерден халықтың таным әлемі, ұлттық және әлеуметтік болмысы көрінеді. “Мақал- мәтелдер халық өмірін, философиялық түсінігін, тіршілік тынысын, ерлік рухын, әдет- ғұрпын кеңінен қамтиды. Оларға тұтас құрылым ретінде қарайтын болсақ, халық өмірінің бүтін бейнесін көз алдымызға келтіргендеі боламыз”[53] Осындай ұлттық сипатты айқындайтын халық қазынасын көркем әдебиетте пайдалана білу үлкен шеберлікті қажет етеді. Әңгімелер тіліндегі орнымен үйлесімді қолданылған мақал- мәтелдер көркемдегіш құрал ретінде мәтін тілін жандандыра әсерлендіруге, қызмет етіп, белгілі бір құбылыстың негізін дәл бейнелеуде өзіндік ерекшеліктермен жұмсалады. Мәселен,
“Күйеу жүз жылдық, қайын мың жылдық” деген бар (Д.И. 328).
“Уды у қайтарады” деген емес пе, - деп ұзақ сөйлеп, күрсіне езу тартты (С.М. 198).
“Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада” деп бұрынғылар бекер айтпаған екен, - деп, талай күрсінгені есімде (С.М. 210).
“Қолда барда алтынның қадірі жоқ” деген ғой (С.М. 213).
Шырағым, азғырушың сайтан болса, азбайтұғын пенде жоқ дейді ғой (С.М. 235).
“Байтал озып бәйге алмас” дегендей, қыз бала трактор айдап абырой әпермейді екен, - деді (С.М. 289).
Берілген мысалдардағы мақал-мәтелдердің өзгеріссіз берілгенін “деген”, “деп”, “дейді” етістіктерінен де аңғарамыз. Мақал-мәтелдер көбінесе жасы ұлғайған адамдар тілінде келіп, кейіпкердің көркем бейнесін аша түседі. Ал авторлық баяндауда келген мақал-мәтелдер әсерлілік, ықшамдылық, айқындылық үшін қолданылады:
“Сыйға сый, сыраға бал” дегендей қыз төркіні де қарап қалмай үш шалға үш шапан жауып, тағи да толып жатқан сәлемдемелермен шығарып салды (Д.И. 328).
Сол менсінбеген қалпы, “Ауылдағының аузы сасық” дегендейін, Алтайдан асып арғы беттегі кедейден жар таңдайды (О.Б. 268).
Мақал- мәтелдердің тұлғасына дәстүрлі тұрақтылық тән болғанымен, белгілі бір контексте қаламгерлердің сөз саптау шеберлігіне байланысты түрлі өзгерістерге түсіп отырады. Әңгімелер тіліндегі мақал-мәтелдердің авторлық өңдеумен қолданылған тұстары:
Алашқа барып сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол дегеніңіз – ау, бұл, ақсақал (О.Б. 435).
Жүрек қыж-қыж қайнайды, күресуге дәрмен жоқ (О.Б. 445).
О. Бөкей халық тіліндегі «өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деген мақалдарды негізгі мазмұнын сақтай отырып өзінше қолданған.
Авторлық өңдеумен келген мақал-мәтелдер түгелдей кейіпкер тілінде келген.
Ой болғаны – жол болғаны. Сезем, шырағым, жай-күйіңді. Немене, мына шалдың қауқиған бойы ғана деп ойлама. «Жүрек деген қыж-қыж қайнайды, күресуге дәрмен жоқ» деген (О.Б. 445).
Автор мұнда Шағиман шалдың аузына Ой болғаны – жол болғаны деген авторлық афоризмді әрі авторлық өңдеуге түскен мақалды салады. Іш қазандай қайнайдының орнына жүрек қыж-қыж қайнайды деп қолдану кейіпкердің жас ерекшелігін танытады. Автор мақалды стильдік мақсатқа сай өзгертіп, кейіпкерді жас шамасына сай сөйлеткен. Қарт адамның аузына іш қазандай қайнайды дегеннен гөрі жүрек қыж-қыж қайнайды деп орынды салған. Осындай уәжді өзгертулерге Оралхан жиі барады.
«Немере етіп жеп, сүйегін көзіңе лақтырады» дегендердің өзегін өрт жаласын, бәтір (О.Б. 374).
«немере етін жеп сүйегін береді» мәтелін атасының алдында тамақ ішіп отырған баланың еркелік іс-қылығы сипатына дейінгі қимыл-әрекетін көзге елестетерліктей суреттеуге ұластырған.
Сондай-ақ, халық тіліндегі
Көктен тілегенін жерден тапты.
Қысқа жіп күрмеуге келмейді.
Басы ауырмастың балтыры сыздамас. – деген мақал-мәтелдердің жазушы тіліндåã³ көрінісі:
Ей, жаратқан ием, көптен тілегенімді – көктен тілегенімді жерден тауыппын, құдай тілеуімді берді (О.Б. 448).
Маған сіз өзгенің жағын өлең айтып жүріп іздейтін көнтерілеу болып көріндіңіз (О.Б. 484).
Жазушы көктен тілегенін жерден тапты деген мақалды өзгеріссіз қолдана салмай, кейіпкердің көптен бергі тілегінің орындалуын әсерлі, нақты жеткізу мақсатында мақалдың алдынан көптен тілегенімді - деген сөз тіркесін қосарлап беріп, кейіпкердің аяқ асты ойлаған ойының емес, ұзақ уақыт армандаған арманының іске асуын жеткізген. Ал қысқа жіп күрмеуге келмейді дегендегі кейбір сөздердің қосымшаларын өзгертіп эпитет ретінде қолданған. Сол арқылы бейнелілікті тудырған. Сондай-ақ жазушыдағы өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздеу- тіркестері Басы ауырмастың балтыры сыздамас - деген халықтық мәтелдің негізінде туса керек. Тұрақты сөз тіркестерін бірінен кейін бірін тізбектете беріп, шығармадағы айтылар ойды қоюлата түсу әдісі О.Бөкей ерекшелігінің бір қыры болса керек:
«Ораза намаз – тоқтықты ғана» деген, «тоқ бала аш баламен ойнамайды» деген (О.Б. 282).
Мақал-мәтелдерді белгілі бір мақсатқа сай өзгертіп қолдану Д. Исабеков пен С. Мұратбековте де бар.
Көрші қақысынан құтылу парыз ғой (С.М. 279).
Қарашы, «ертең келін түседі» деп ауызымен үй көшіріп, үй кондырып отырғанын (Д.И. 322).
Оның Қабылан туралы күні бойығы тоқсан ауыз сөзінің тоқ етері осыған кеп тірелерін әкем де, мен де сезіп отыр едік (Д.И. 34.
Берілген мысалдарда С. Мұратбеков көрші ақысы –құдай қақысы деген мақалды өзгертіп, бірақ мазмұнын сақтай отырып өзінше қолданса, Д. Исабеков аузымен орақ ору дегенмен үндестіре үй көшіріп, үй қондырып деген тіркесті берген. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні дегенді тоқсан ауыз сөзінің тоқ етері түрінде пайдаланған.Кейде қаламгерлер мақал-мәтелдерді тұтастай емес, кейбір элементін ғана немесе қос тағанды мақалдың бір тағанын ғана қолданып, оған өз жандарынан сөз қосып түрлендіре, құлпырта сөз саптайды.
Халықтық үлгідегі:
Тәуекел түбі- желқайық мінесің де кетесің,
Уайым түбі-тұңғиық батасың да кетесің.
Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді,
Ит тойған жеріне –деген мақал- мәтелдердің әңгімелер тіліндегі қолданысы:
Тәуекел түбі желқайық ... ол қайықты айдар жел жоқ болса ше, ескексіз қаңғып, қайраңдап қалмай ма.... (О.Б. 496). Кебенек кигізіп аттандырып едім қолымнан, еш жаманшылыққа қиғым келмейді, әлі де күтемін (С.М.194).
«Тойған жеріне» деп жұрт көп итке теліп айтқан, ал Қаблан жүзден, мыңнан кездесетін қасиетті жалқы ғой (Д.И. 359).
Ықшамдалған мақал-мәтелдердің контекстегі мағынасы айқын, тұтастай айтылмаса да түсінікті. Оның себебі элипсиске ұшырап немесе ықшамдалып отырған мақал-мәтел көпшілікке жақсы таныс. Сөз шеберлері халық қазынасы – мақал-мәтелдерді кейде осылай өңдеп, кейде сол күйінде өз туындыларында жарасымды қолдану арқылы кейіпкерге тілдік мінездеме береді, белгілі бір жағдайға қорытынды жасайды және баяндауда бейнелілікті тудырады.
Мақал-мәтелдерге үндес, терең мағыналы сөз өрнегін қанатты сөздер немесе афоризмдер дейміз. Мақал-мәтелдерден афоризмдердің айырмашылығы белгілі шығарушысының болуы. Бұл туралы А.И. Ефимов былай дейді: “Афоризм – это меткие и лаконичные изречения литературно-книжного происхождения, это своего рода пословицы, имеющие авторов” [54.42]. Афоризмдер бейнелікке емес, ойға құрылады. Әңгімелер тілінен осындай ойға құрылған, оқырман көңіліне қонып, жатталып қалуға бейім тұратын, яғни нақыл сөздерге сұранып тұрған ой-тұжырымдар мен ой-толғамдар кездеседі. Қаламгерлер кейіпкердің ішкі тебіренісін суреттей отырып, ондай тұжырымдарды кейіпкерге жасатады және авторлық баяндауларда береді. Біз авторлық афоризмдер деп сұрыптап алып отырған тұжырымдарымыз құрамы жағынан әр түрлі кейде ықшам, кейде күрделі болып келеді. Мәселен, О. Бөкей әңгімелерінен алынған афоризмдер:
Рухын жоғалтқан адам-ол да бір түбі шіріген ағаш, жел тұрса кұлап қалады (26).
Ескірмеген нәрсенің бәрі жақсы, тіпті не нәрсе көңілден де, көзден де қашаң тартқан сайын құндана бермек (386).
Мал баққандар ғана ұзақ жасайды. Мал баққандардың түбіне жететін ой баққандар болар-ау (391).
Музыка дегеніміз-жүректің қуанышы мен мұңы (505).
¦ялған адам бақытынан құр қалады (482).
Мұң қуаныштың серігі, қуаныштың жары (505).
Қателікті мойындататын адам емес, уақыт (506).
Жылдар дегеніміз-киімге түскен қара күйе секілді ғой, адамның да жасын кеміктеп жанын білдірмей тоздыра бастайтыны рас-ты (234).
Дүниеде құнын жоймайтын нәрсе жоқ, сондықтан да, бәрінің құны бірдей (485).
Д. Исабеков әңгімелеріндегі:
Итсіз қойшы-балғасыз етікшімен тең (345).
Мәдениеттілік пен ізеттілік-адам бойындағы ең бір асыл қасиет (429).
Дүние деген жолдас емес, көңіл құрты (327) – деген ой-тұжырымдарды афоризмдер деп таныдық. Бұлар көпшілік жиі қолданатын тілдік құралға айналуы мүмкін деген ойдамыз.
С. Мұратбеков әңгімелерінен бейнелікке емес, ойға арқа сүйейтін осындай тұжырымдарды бірен-саран болмаса, көп кездестіре алмадық. Авторлық афоризмдерді әңгімелерінен молырақ кездестірген жазушымыз - О. Бөкей болды. О. Бөкейге тән тағы бір ерекшелік-кейіпкердің ішкі тебіренісін шебер суреттеп, өзі ғана қуатты тұжырымдар жасап қоймай, ¦лы Абай, Махамбет, Ыбырайлардың оқырманға жақсы таныс, өлең сүйер қауымның жадында жатталып қалар жыр жолдарын әңгімелер тілінде шебер пайдалана білуі. Мәселен, Абай кезінде жастай оқуға ден қоймағанына өкініп:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім – десе,
О. Бөкей “Апамның асатауы” әңгімесінде:
Апамның тірі кезінде неге ғана бәр-бәрін: киіз басып, үй тігуді, арқан есуді, тері илеп, өңдеп киім тігуді, алаша тоқып, өрнектеп сырмақ тігуді, саба, сүйретпе, торсық істеуді тәтпіштеп жазып алмадым. Енді міне … қолымызды мезгілінен кеш сермеп отырғанымыз (267), дейді. Жазушы Абайға тән сөз өрнегін орнымен пайдалану арқылы халық қолөнерін апасының көзі тірісінде үйренбегеніне өкінген кейіпкер бейнесін көрсетеді.
Заман озды, жан тозды, қайғы ойладық-қартайдық (377).
“Неге, неге? Қайран сөзім қор болған Қадылбайдай езіңе” (382).
Мұнда ақынның өлең жолдарын элипсиске ұшыратып және тобықтының дегенінің орнына Қадылбайдай деп нақты кейіпкер атын беріп аз ғана өзгеріске түсіргенмен стильдік мақсаты жағынан ұлы ақынмен үндес қолданған. Кезінде Абай сөзін ұқпаған кей жаманға “Қайран сөзім қор болған тобықтының езіне” – деп қиналса “Ғайни” әңгімесінде өзін сүйген қыздың ақтарыла айтқан мұңын, жүрек сырын түсінбеген жігіт надандығына күйінген әңгіме кейіпкері “Қайран сөзім қор болған Қадылбайдай езіңе”, - дейді. Оған айтылған сөз, сезім құмға сіңген сумен бірдей екендігін ұқтырады.Сондай-ақ, жазушыдағы:
Ай астында ағарып отырған он жеті жасар қыздың қақтаған ақ күмістей сұңғақ та сұлу бітімі-ертектерде ғана болатын су перісіне ұқсайды (417).
Алтай Баянауыл емес, Махмұт болсаң да жарар, Сұлтан болса алмассың, - деп, қақтаған күмістей аппақ маңдайын аса жарасымдылықпен қиыла араласқан қара қасын кере кеңк-кеңк күліп алған (435).
Адасқан қаздай қанқылдап, әбігерге шығып, жар іздеген жабыңқы жүрек ойда жоқта туласа, есеңгіретіп тастайды екен, Нұрмашжан (439). Берілген мысалдардағы “қақтаған күмістей аппақ маңдай” және “адасқан қаздай қанқылдап” бейнелі тіркестері Абайдың «қақатаған ақ күмістей кең маңдайлы, адасқан күшік секілді» деген өлең жолдарының әсерінен туса керек. Автор Махамбеттің жорық жырлары арқылы жақсы таныс болған көркем тіркестерді де орынды қолдана білген.
Алты сан алаштың алдында бас имеген қажыр қайраты өзгеше бір төзімді пайдаға емес, қара қазанның қамы үшін ғана сарп етіліп, бор кеміктеніп құрып, өзі-өзінен мүжіліп жатқанын ойлаған (323).
… еңку-еңку жылдар өтіп, замана заңғар тартқанда, талай өзен суалып, талай ағаш қуарарын – ал осы суалу мен қуару тіршіліктің айнымас заңы екенін Ағарыс зерделеген жоқ (487).
Осындағы қара қазанның қамы үшін, еңку-еңку жылдар деген тіркестер Махамбеттің “Еділ үшін егестік” өлеңіндегі
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік
пен «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіндегі
Ереуіл атқара ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай – деген таныс тіркестерден алынып отыр.
Ал лингвистикалық тұрғыдан алғанда, екі бөлек айтуға болатын сөз тіркесін біріктіріп, контаминация тәсілін қолданғандығын көруге болады.
2.3 Бірыңғай мүшелердің сыйыстыра қолданылуы
Бірыңғай мүшелі сөйлемдер – күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып берудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады [17, 175 б.].
А.Байтұрсынов сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі дейді. «1) сыйыса құрмаласу, 2) қиыса құрмаласу. Сыйыса құрмаласса, сөйлем сыйысулы құрмалас деп, қиыса құрмаласса, сөйлем қиысулы құрмалас деп аталады».
Сыйысулы құрмаласқа мысал ретінде мынадай сөйлемдерді келтіреді:
Қарабай мен Сарыбай аңға шықты.
Екі дос бірін-бірі сүйді, құшты.
Қолға алды татулықты, араздықты.
Далада, ойда, қырда, орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен.
Бұл сөйлемдердің әрбірі бірнеше сөйлем сыйысып құрмаласқаннан болған сөйлемдер. Мәселен, бірінші сөйлем екі сөйлем сыйысып, қосылғаннан болған: қосылмай бөлек тұрғандағы түрлері мынау: Қарбай аңға шықты. Сарыбай аңға шықты. Бұларды екі қайта айтып жатпас үшін, екеуін сыйыстырып қосып, бір-ақ айтқан. Екінші сөйлем де екі сөйлем сыйысып қосылғаннан болған. Қосылмағандағысы мынау: Екі дос бірін-бірі сүйді. Екі дос бірін-бірі құшты. Үшінші сөйлем де екі сөйлемнің сыйысып қосылғанынан болған. Қосылмағандағысы мынау: Қолға алды татулықты. Қолға алды араздықты. Төртінші сөйлем төрт сөйлемнің сыйысып, қосылғанынан болған. Қосылмағандағысы мынау: Далада сау қалған жан болмады бұл індеттен. Ойда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Қырда сау қалған жан болмады бұл індеттен. Орман-тауда сау қалған жан болмады бұл індеттен»[12].
Ахмет Байтұрсынов сыйысулы сөйлемдердің белгісі ретінде сөйлем мүшелерінің бірдей болуын айтады. Мәселен, бірінші сөйлемде екеуі де бастауыш, екінші сөйлемде екеуі де баяндауыш, үшінші сөйлемде екеуі де толықтауыш, төртінші сөйлемде төртеуі де мекен пысықтауыш.
Сонымен қатар сыйысулы құрмалас екі түрлі айтылады дейді. Олар шұбалаң және ықшам түрі.
Тіл жүйесіндегі мұндай заңдылыққа А.Байтұрсынұлынан басқа Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, Р.Әміровтер назар аударған. Аталған ғалымдар өз еңбектерінде А.Байтұрсынұлының сыйысқан деген терминін қолданып отырған. Мәселен, С.Аманжолов: Өткен түнде қар жауып еді. Бүгін жаңбыр жауды деген сөйлемді сыйыстырып, Өткен түнде қар, бүгін жаңбыр жауды деп қысқартып айтуға болатындығын көрсеткен [17, 312 б.].
Байқап отырғанымыздай, бұл мысалда да жоғарыдағы Р.Әміровтің келтірген сөйлеміндегідей баяндауыш мүше сыйыстыра айтылған. Айырмашылығы – бұнда әрекет бірінен кейін бірі іркес-тіркес өтіп жатыр: Өткен түнде қар, бүгін жаңбыр жауды. Ал алдыңғы сөйлем қимыл-әрекеттің бір мезгілде өтіп жатқандығын білдіретін еді: Сырым, естір сөзді сен де, мен де естідім.
Ахмет Байтұрсынұлының көрсетуінше, өзі келтірген сөйлемдердің әрбірі – бірнеше сөйлем сыйысып құрмаласқаннан болған сөйлемдер. Бұл сөйлемдердің бірыңғай мүше арқылы айтылған сыйысқан құрылымдар екендігіне біз дау айта алмаймыз. Бірақ олардың бәрі айтушының мақсатынан туындаған ба, жоқ, сөйлемдердің о бастағы түрі ме – осы жағын ажырата қараған дұрыс.
Беретін мағыналары ұқсас болып келетін синтаксистік бірліктердің жай және құрмалас түрде айтылуын осы мәселені жан-жақты қарастырған Р. Әмір сөзге риторикалық сипат беру үшін қолданылады деп тұжырымдайды. Мәселен, мына сөйлемнің құрмалас болып, бірыңғай мүшелі болмай құрылуы да осы мақсатқа байланысты: Сырым, естір сөзді сен де естідің, мен де естідім (М.Әуезов). Бұны бірыңғай мүшелі жай сөйлем ретінде құрғанда, ілгерідегі ритм жоғалады: Сырым, естір сөзді сен де, мен де естідім [17, 175 б.]. Бұндағы қимыл-әрекет бір мезгілде өтіп жатыр. Яғни сөйлемдегі формалдік белгілерге немесе етістік баяндауыштың санына қарап ондағы мезгілдестік қатынасты жоққа шығаруға болмайды. Өйткені екі сөйлемнің жалпы мағынасы бірдей, тек соңғы сөйлем алдыңғысының сыйысқан түрі ғана болып табылады. Осындай сөйлемдерге Мәшһүр-Жүсіп шығармаларынан мысалдарды көптеп табуға болады.
Құр босқа текке айғайлап, зорықпайын,
Жаяудан шаң шықпайды, жалғыздан–үн («Шайтанның саудасы»101).
Бұл өлең жолын прозаға айналдырсақ, Жаяудан шаң, жалғыздан үн шықпайды болады. Ал мақалдың толық нұсқасы: Жаяудың шаңы шықпайды, жалғыздың үні шықпайды. Мақалдың негізгі нұсқасы құрмалас сөйлем арқылы жасалған. Мәшһүр –Жүсіп мақалды бірыңғай мүшелер арқылы сиыстырып берген.
Болса да өзі тақуа, өзі сопы,
Тозақтан құтылмайды сараң қашып(«Шайтанның саудасы»200).
Болса да өзі тақуа тозақтан құтылмайды сараң қашып.
Болса да өзі сопы тозақтан құтылмайды сараң қашып.
Талапсыз, қайрат қылмай іс бітпейді(«Шайтанның саудасы»201).
Талапсыз іс бітпейді.
Қайрат қылмай іс бітпейді.
Біреулер көрікті мешіт, көрнекті там, көркем сурет салады(12том, 147).
Біреулер көрікті мешіт салады.
Біреулер көрнекті там салады.
Біреулер көркем сурет салады.
Әдеміден: әсерлі күй, ажарлы сөз шығарады(12том, 147).
Әдеміден: әсерлі күй шығарады.
Әдеміден: ажарлы сөз шығарады.
Бұлар жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгеннен, көзге көркем, көңілге жағымды болып істелген нәрселер(12том, 147).
Бұлар жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгеннен, көзге көркем болып істелген нәрселер.
Бұлар жылуынан гөрі сұлу болуы көбірек көзделінгеннен көңілге жағымды болып істелген нәрселер.
Мекке, Мүкәрәма, Медине, Мүниреге барған жоқ(12том, 142).
Меккеге барған жоқ.
Мүкәрәмаға барған жоқ.
Мединеге барған жоқ.
Мүниреге барған жоқ.
Иманды тәңірім өзі береді, молда әпермейді(12том, 142).
Иманды тәңірім өзі береді.
Иманды молда әпермейді.
Адамның қалыбы, жүрегі – бір асыл шыны, іші – дариядан һәм кең(12том, 146).
Адамның қалыбы – бір асыл шыны, іші – дариядан һәм кең.
Адамның жүрегі – бір асыл шыны, іші – дариядан һәм кең.
Бұл Қожа емес, күні кеше қой бағып, көтен жегенге мәз болып, жер арасын қорғаштап, қой қуа беретұғын қара бала ғой! Мекке, Мүкәрәма, Медине, Мүниреге барған жоқ(12том, 142).
Бұл Қожа емес, күні кеше қой бағып, қой қуа беретұғын қара бала ғой! Бұл Қожа емес, көтен жегенге мәз болып, қой қуа беретұғын қара бала ғой!
Бұл Қожа емес, жер арасын қорғаштап, қой қуа беретұғын қара бала ғой!
Бұл Қожа емес, күні кеше қой бағып, көтен жегенге мәз болып, қой қуа беретұғын қара бала ғой!
Кеше бізден айтылмаған аруақ, шақырылмаған ұран қалмады(7 том, 13).
Кеше бізден айтылмаған аруақ қалмады.
Кеше бізден шақырылмаған ұран қалмады.
Күншіл біреудің балалы болғанын күндейді, біреудің ғайыбын күзетеді, атғақты дұшпан тұтады, мұнафиқлықта өмір өткізеді(12том,239).
Күншіл біреудің балалы болғанын күндейді.
Күншіл біреудің ғайыбын күзетеді.
Күншіл атғақты дұшпан тұтады.
Күншіл мұнафиқлықта өмір өткізеді.
Біз осы күнде ел ел аралайтын жаудан, іргені аралайтын даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан аман-тыныш тұрмыз(12том,272).
Біз осы күнде ел ел аралайтын жаудан аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде іргені аралайтын даудан аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде аузы қанды бөріден аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде қолы қанды ұрыдан аман-тыныш тұрмыз.
Күншіл біреудің балалы болғанын күндейді, біреудің ғайыбын күзетеді, атғақты дұшпан тұтады, мұнафиқлықта өмір өткізеді(12том,239).
Күншіл біреудің балалы болғанын күндейді.
Күншіл біреудің ғайыбын күзетеді.
Күншіл атғақты дұшпан тұтады.
Күншіл мұнафиқлықта өмір өткізеді.
Біз осы күнде ел ел аралайтын жаудан, іргені аралайтын даудан, аузы қанды бөріден, қолы қанды ұрыдан аман-тыныш тұрмыз(12том,272).
Біз осы күнде ел ел аралайтын жаудан аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде іргені аралайтын даудан аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде аузы қанды бөріден аман-тыныш тұрмыз.
Біз осы күнде қолы қанды ұрыдан аман-тыныш тұрмыз.
Бірыңғай мүшелі сөйлемнің барлығын қазіргі тұрғыдан алғанда, сыйысқан құрылымдарға жатқыза беруге болмайды.
Мысалы, Қазақ, Қалмақ, Қарақалпақ, Естек, Орыс – бәрі бір ағайынды екен(11том, 104).
Көзге көрініп тұрғанның жаратушысы кім екендігін ұшқан құс, жүгірген аң - бәрі біледі(11том, 130).
Қан өкпе, бауыр, жүрек - үшеуінде жүреді(11том, 17 ).
Бұл сөйлемдерді құрмалас сөйлемдердің функциялас сыңарына жатқызу қиын. Біріншіден, сөйлемдерді мағынасын бұзбастан жеке-жеке баяндауыш арқылы айту мүмкін емес. Онда бірыңғай бастауыштардың басын біріктіріп тұрған жалпылауыш сөз (бәрі) – жалпылау есімдігін түсіріп айтуға тура келеді де, сөйлем бір-бірінің телнұсқасы (инварианты) болмай, трансформацияланып кетеді. Сондықтан біз бірыңғай бастауыштарды жинақтап тұратын синтаксемасы бар құрылымдарда екі қимыл-әрекет және олардың арасында мезгілдестік қатынас бар деп те айта аламыз.
Бірыңғай мүшелердің грамматикалық табиғатын жан-жақты қарастырған Р.Әмір бірыңғай мүшелерді байланыстыруға қатысатын жалғаулықтарға мыналарды жатқызады:
Ыңғайластық жалғаулықтар: мен, және, әрі, да, де, та, те.
Қарсылықтық жалғаулықтар: бірақ, сонда да, алайда
Талғаулықтық жалғаулықтар: не, немесе, болмаса, я, біресе
Жалғаулықтар бірыңғай мүшелерді байланыстырғанда, олардың арасындағы мағыналық қатынасқа сай жұмсалады. Ал әр мағыналық топтағы жалғаулықтардың да өзара жұмсалу ерекшелігі бар. Ерекшелік жалғаулықтардың даму, қалыптасу тарихына, белгілі бір синтаксистік міндетке бейімделуіне сай пайда болған дейді ғалым [17, 176 б.].
Қазақ тілінде тұрлаулы да (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз да (анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш) мүшелер сыйысып қолданыла береді.
Бастауыштың сыйыса қолданылуы:
Жастық, жігітлік – күн сайын бір түлеп отырған құс(11том,152).
Жастық – күн сайын бір түлеп отырған құс.
Жігітлік – күн сайын бір түлеп отырған құс.
Тоқпақ, Піспек –Шу бойында(11том, 179).
Тоқпақ –Шу бойында.
Піспек –Шу бойында.
Ел көшкенде, әкесі де, өзі де жаяу-жалпы жүреді екен(11том,185).
Ел көшкенде, әкесі де жаяу-жалпы жүреді екен.
Ел көшкенде, өзі де жаяу-жалпы жүреді екен.
Баяндауыштың сыйыса қолданылуы:
Қарным қабақтай, бұтым таяқтай болды(11 том, 149).
Қарным – қабақтай болды.
Бұтым таяқтай болды.
Сол үш қашқынның барған жері бүлінеді, құриды(11том, 113).
Сол үш қашқынның барған жері бүлінеді.
Сол үш қашқынның барған жері құриды.
Төрт жаяудың құрықтары ұзын, арқан жібі мықты, ешкімді құтқармайды, босатпайды(11том,153).
Төрт жаяудың құрықтары ұзын, арқан жібі мықты, ешкімді құтқармайды.
Төрт жаяудың құрықтары ұзын, арқан жібі мықты, ешкімді босатпайды.
Өткір зейінді, нәзік пікірлі қылды(11 24).
Өткір зейінді қылды.
Нәзік пікірлі қылды.
Анықтауыштың сыйыса қолданылуы:
Әуел ақырдан бері қарай ұрлықтың, зорлықтың, өтіріктің араласқан жері оңбаушы еді(11том, 114).
Әуел ақырдан бері қарай ұрлықтың араласқан жері оңбаушы еді.
Әуел ақырдан бері қарай зорлықтың араласқан жері оңбаушы еді.
Әуел ақырдан бері қарай өтіріктің араласқан жері оңбаушы еді.
Пысықтауыштың сыйыса қолданылуы:
Көрген жұрт ботадай боздап, қойдай маңырап, сиырша өкірісіп жыласты дейді(11том, 187).
Көрген жұрт ботадай боздап жыласты дейді.
Көрген жұрт сиырша өкірісіп жыласты дейді.
Көрген жұрт қойдай маңырап жыласты дейді.
Шама келгенше әркім өз жанын ренжітпей күтіп, жақсы ұстауға керек(11том, 24).
Шама келгенше әркім өз жанын ренжітпей күтіп ұстауға керек.
Шама келгенше әркім өз жанын жақсы ұстауға керек.
Толықтауыштың сыйыса қолданылуы:
Құдай рахмат қылсын Ұлбикеге, Күдеріге, Жангелге!(11том, 188).
Құдай рахмат қылсын Ұлбикеге!
Құдай рахмат қылсын Күдеріге!
Құдай рахмат қылсын Жангелге!
Ағайын-туысқан, жар, дос, қатын-баладан дәметкен секілді(11том,222).
Ағайын-туысқаннан дәметкен секілді.
Жардан дәметкен секілді.
Достан дәметкен секілді.
Қатын-баладан дәметкен секілді.
2.4 Қазақ тіліндегі контаминацияланған бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық негіздері
Сөйлеушілердің қарым-қатынасы үстінде тілдің қолданылуы мен прагматикалық қызметін біріктіре отырып, прагматикалық риторика, стилистика, сөйлеу теориясы мен типологиясы, стильдердің қарым-қатынастық және функционалдық теориялары, социолингвистика, психолингвистика т.б. көптеген салаларға қатысты проблемаларды қамтиды [30, 254 б.].
Қатысымдық (коммуникативтік) және прагматикалық деген ұғымдар көбіне қазір қатар синоним ретінде қолданылып жүр. Негізінде олардың арасында ерекшелік бар. Тілдегі ең маңызды ұғым семантика тұрғысынан келетін болсақ, қатысымдық мағынаға 1) жақ грамматикалық мағынасы (1-ші және 2-ші жақ), 2) актуальды мүшелену (тема/рема), 3) сөйлемнің айтылу мақсаты тұрғысынан түрлері кіреді және 4) Грайстың сөйлеу қатынастарына берген анықтамалары кіреді [31, 83 б.].
Біздің ойымызша, осы Грайстың шағын мақаласында берілген прагматикаға қатысты анықтамалары коммуникация мен прагматиканы бір ауқымда кең түрде бірге қарауға мүмкіндік беріп, жалпы прагматиканың әрі қарай дамуына негіз болды.
Коммуникация кезінде сөйлеуші мен тыңдаушы арасында байланыс болады. Осы мәселенің қазақ тіл білімінде негізін қалап, терминдерін қалыптастырған Ф.Оразбаева былай дейді: «Қазақ тіл білімінде тілдік қатынасқа қатысты терминдер қалыптаспағанын ескеріп, бұл ұғымдарды беру үшін төмендегі терминдерді қолданған дұрыс деп таптық. Олар: баяншы, хабар, тұлға, қабылдаушы. Сонда тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан (Б) шыққан Хабар (Х) Тұлғалар (Т) арқылы Қабылдаушыға (Қ) келіп, одан ары қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда адамдардың бір-бірімен түсіністігін іс жүзіне асырады.
Мұны өрнек түрінде былай көрсетуге болады:
Б
Баяншы
ТТұлғалар
ҚҚабылдаушы
Х
Хабаршы
Хабар
Шынтуайтқа келгенде, басты мәселе мынада: баяншыдан (Б) шыққан хабар (Х) қатысымдық тұлғалар (Т) арқылы қабылдаушыға (Қ) дұрыс жету керек» [32, 44 б.].
Коммуникация кезінде баяншыға да, қабылдаушыға да, бәріне ортақ әрекет – байланыс, қатынас. Ал байланыс тілдік қатынас арқылы жүзеге асады. Адамдар арасындағы өзара байланыс болмаса, сөйлесім әрекеті де жүзеге аспайды [32, 44 б.]. Яғни коммуникация кезінде кемінде екі субъект болуы шарт және ол екеуінің арасында диалог құрылады. Бұл коммуникациялық актіге қатысушы тұлғалардың бірлескен әрекеті болып табылады дейтіні сондықтан. М.А.Кронгауздың айтуынша, сөйлесуге қатысушылардың диалог кезіндегі әр қадамы бір бағыттағы мақсатқа тоғысуы тиіс. Өйтпеген жағдайда қатысымдық акт жүзеге аспайды. Диалог қолданылатын тіл құралдары үшін тілдік орта болып саналады. Мына мысалға көңіл аударайық: Мен ертең қаладағы базарға барамын Мен қаладағы базарға барамын Мен базарға барамын Мен барамын Барамын. Егер айтылатын ойға екі жақ та қанық болса және барамын сөйленімі диалогқа құрылған контекст ішінде тұрса, осындағы ең қысқа барамын деген сөйленім арқылы бірінші сөйлемдегі мағынаны беруге әбден болады:
- Ертең базар істейді
Қайдағы базар?
- Қаладағы. Сен барасың ба?
- Барамын.
Қатысымдық акт өз мақсатына жету үшін сөйлесудің мынадай постулаттары сақталуы тиіс: сан, сапа, қатынас және тәсіл. Соның өзі екі постулаттан тұрады:
1) айтылатын ой диалогта айтылғаннан ақпарат мөлшері жағынан кем болмауы тиіс. Мысалы:
- Ертең базар істейді.
- Қаладағы базар ма?
- Иә.
Байқап отырғанымыздай, мұнда әрбір диалогтік қадамдағы ақпарат бірін-бірі сандық мөлшерлік жағынан толықтырып отыр. Ал егер диалог былай құрылса:
- Ертең базар істейді.
- Ертең базар істей ме?
- Істейді.
- Істейді дейсің бе, ей?
- Иә.
Айтылатын ақпараттың айтылған ақпараттан сан мөлшерлік жағынан кем болмауы тілдік қатынастың ондағы қолданылатын құралдардың ықшамдалуына негіз болады.
2) айтылатын ойда диалогтың бағытына сай ортақ мағынадан тыс ақпарат болмауы тиіс. Бұл постулаттың орындалмауы да тілдік құралдың ықшам емес, шұбалаңқы айтылуына жағдай туғызады:
- Ертең базар істейді.
- Жаяу барасың ба?
- Жаяу барғаны несі?
Қай базарды айтасың?
Қаладағыны айтам да.
Е-е.
Ықшамдалудың коммуникативтік-прагматикалық негіздері туралы айтқан кезде, ең алдымен, сөйлеуші әрекетін, яғни сөйлеу айтылатын хабардың мазмұнын алдын ала бағдарлаудан бастап, оны тілдік рәсімдеуге дейінгі операцияларды да қамтиды. Айтушы хабарды жарыққа шығару үшін, ең бірінші, ниеттенеді, хабарды іштей сарапқа салып, ойша қайталап өткендей болады да, дәл сол сәттегі психологиялық жай-күйге байланысты дұрыс деп тапқан дыбыс не жазу арқылы өрнектейді, ал мақұлданбағанын (артық деп тапқанын) бүгіп қалады, нақтылап айтқанда, сөзін жұтады.
Бірақ сөйлеу үстінде сөз жұтудың орнын толтырушы интенция мәтін интенциясына қарағанда тез арада анықталады. Ал мәтіндегі жұтылған сөздің орнын психология тұрғысынан толықтыратын интенция автордың немесе кейіпкердің монологінде оқырманның мәтінін (оқылып кеткен) ойша қайта қайталағаннан кейін барып қана белгілі болады.
Қысқасын айтқанда, сөйлеуді ұйымдастыру кезінде сөйлеушінің коммуникативтік тактикасы тек сөйлеу жағдаятын ескеруден ғана сәтті болмайды. Онымен қатар қарсы мағыналық реакцияның тууын алдын алуды да ескеру қажет. Сананың прагматикалық құрылымы субъективтік бағаны бағамдап отырады. Сөйлеу актісіндегі басты нәрсе осы факторларды ескеру болып табылады.Контаминацияланған сөйлемдердің коммуникативтік- экспрессивтік қызметі.
Біз жоғарыда комуникативтік акті кезінде қандай да бір үнемдеу заңдылығына ұшыраған тілдік құбылыстың экспрессивтік, эмоционалдық реңкі басым болатынын айтып кеткен едік. Солардың бірі – біз сөз еткелі отырған контаминацияланған сөйлемдердің экспрессивтік қызметі. Бұл мәселеге бармас бұрын алдымен коммуникативтік терминіне қысқаша тоқталып өтуді жөн көріп отырмыз. Себебі аталмыш құбылыс контаминацияланған сөйлемдердің пайда болып дамуына тікелей байланысты болады. Ф.Оразбаева: «Комуникативтік» термині қоғамдық-әлеуметтік мәні бар тілдік қатынас деген ұғымды білдіреді. Қоғамнан тыс адам болмайтыны сияқты, адамнан тыс тіл де болмайды. Бірақ ол тіл – жеке адамның тілі емес, белгілі бір қоғамда өмір сүруші адамдардың өзара түсінісу, сөйлесу құралы. Сондықтан тіл әрі қоғамдық, әрі коммуникативтік қасиетке ие болады.
«Комуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдің әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді» [32, 39 б.],- деп тілдік қарым-қатынасқа анықтама береді. Және де ғалым қарым-қатынастың түрлері көп, солардың негізгісі тілдік қатынас екендігін сөз ете келе, тілдік қатынасты былай деп түсіндіреді: «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу; яғни адамзаттың тіл арқылы сөйлесім әрекетін меңгеруі тілдік қатынас дегенді білдіреді» [32, 39-40 б.б.]. Шынында, кейбір редукция құбылысы болсын немесе парцелляция болсын, эллипсис болсын, біз сөз етіп отырған контаминация құбылысы болсын, сөйлеу барысында экспрессивтілік реңкі бірде айқын, бірде күңгірт сезіліп тұрады. Бірақ біз контаминацияланған кез келген бірліктер (сөз, жай сөз тіркесі, тұрақты тіркес, сөйлем) экспрессивті реңк береді деуден аулақпыз. Бірақ олар тарихи тұрғыдан, о баста қолданысқа ие бола бастаған кезде экспрессивтік реңк беруі мүмкін деп шамалаймыз. Себебі, соңғы ғылыми деректер адам ағзасында физиологиялық қозғалыстар эмоциямен қатар жүретінін көрсетіп отыр.
Қазіргі кезде коммуникативтік акт кезінде контаминацияланған экспрессивтілік негізінен контаминацияланған фразеологизмдердің бойында сақталған. Сөйлеу барысында контаминациялану негізінде жаңа фразеологиялық бірліктер туындап отырады. Кез келген фразеологиялық бірлік негізінен адам эмоциясының әсерінен туындайтыны сөзсіз. Оның себебі эмоциясыз адам өзін-өзі дені сау, қалыпты сезінуі мүмкін емес. Біздің әрқайсымызда әр алуан эмоция қалыптасқан. Тіпті бір күннің ішінде көңіл күй бірде мұңды, бірде шат болып түрліше күйге түседі. Экспрессивтілік тілдік жүйеде тілдің көркемдеуіш құралы арқылы беріледі. Ал көркемдеуіш құралдарының бір шеті осы фразеологизмдермен ұштасып жатыр. Ал енді қарастырып отырған негізгі мәселе контаминация арқылы қалыптасқан фразеологизмдер жайына келсек, олардың (контаминация құбылысы арқылы қалыптасқан фразеологиялық бірліктердің) басқа фразеологиялық бірліктерден (алдыңғы екеуінен) экспрессивтілік бояуы күштірек болады. Оның себебін былай деп түсіндіреміз. Негізінен екі нәрсенің қосындысынан туындаған үшінші бір нәрсе алдыңғыларына қарағанда күштірек болатыныны белгілі. Осы негізде бұрыннан тілде бар, тілдік санамызда дайын тұрған, мағыналас, синонимдес, варианттас фразеологиялық бірліктердің әрбір экспрессивтік бояуы күшті бөліктерінің қосылуы негізінде үшінші бір жаңа, экспрессивтік бояуы өте күшті фразеологиялық бірлік пайда болады. Бұл – бір жағы. Екіншіден, контаминация негізінде пайда болған фразеологиялық бірліктердің бойында алдыңғы екі фразеологиялық бірліктің экспрессивтік элементтері де көрініс табады. Сол себептен де оның экспрессивтік бояуы өте күшті болады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бір мысалдар қатарын келтірейік: Ашуға мінді + жыны қозды = жынына мінді. Фразеологиялық сөздікте АШУҒА МІНДІ [БУЛЫҚТЫ, ТЫҒЫЛДЫ] тұрақты тіркесіне мынадай түсіндірме береді: Қатты қаһарланды, бұлан талан болып кәріне мінді. Өкіл жолдас, мыналарға айтсаңызшы: «Сөзімді бөлмесін», - деп, Дайрабай бұрынғыдан да ашуға мінді (Б.М.) (Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі). Бұл ашуға мінді тұрақты тіркесінің өзі біз сөз етіп отырған контаминация құбылысының әсерінен пайда болған деп шамалаймыз. Оның даму жолын ашуы келді + қаһарына мінді = ашуына мінді деп анықтаймыз. Тілімізден (көркем әдеби тілінен) мұндай мысалдар қатарын көптеп кездестіруге болады. Осыған ұқсас көзқарасты Н.Уәлиұлы да айтады: «Жалпы тілдік қолданыста бар мұндай сыйыстыру фразеологизмдердің реңкін бұрынғыдан да күшейте түседі» [33, 53 б.], - дейді.
Сөйлеу барысында контаминациялану жолы арқылы жасалған фразеологиялық бірліктің эмоционалды-экспрессивтік бояуы алғашқы екеуінен қарағанда күштірек болады.
Сондай-ақ фразеологиялық бірліктердің контаминациялануы негізінде тілімізде жаңа бір фразеологиялық бірлік пайда болады. Жоғарыда айтылғандардан шығатын қорытынды: фразеологизмдердің контаминациялануы тіліміздің дамып, баюына өзіндік ықпалын тигізіп отырады.
Контаминация және экстралингвистикалық факторлар: сөйлеу жағдаяты және пресуппозиция.
Қазір тіл білімінде сөйлеу актісінің жалпы құрылымын анықтауға ұмтылыс жасалып келеді. Бұл мәселе әлі түпкілікті шешімін таппағанымен, ғалымдар сөйлеу актісінің төмендегідей негізгі компоненттерін атап көрсетеді: 1) адресант (сөйлеуші), 2) тыңдаушы (адресат), 3) сөйленімнің негізгі материалы (сөйлеушілердің пресуппозициясы); 4) хабардың мақсаты, 5) сөйлеу актісінің дамуы, ішкі құрылымы, 6) контекст және сөйлеу жағдаяты [34, 12 б.]. Бұл аталған негізгі компоненттер сөйлеу актісіндегі сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы прагматикалық қатынасты, сөйлеушінің пресуппозициясын, яғни әртүрлі модальдылық қатынасын және сөйлеу актісінің қатысушыларының арасындағы әртүрлі әлеуметтік қатынастар мен басқа да көптеген экстралингвистикалық факторлардың әсерін қарастыруға көмектеседі. Сөйлеу актісінде сөйлеушінің мақсаты жасырын түрде де беріледі. Жасырын мәндегі сөйлесімдердің мағынасы прагматикалық ұстанымдардың бірі – пресуппозиция арқылы айқындалады. Сондықтан тіл білімінде «пресуппозиция» ұғымы тілдің әр деңгейі біріліктерінің қолданысқа түсуін, сонымен байланысты семалық қабатында болатын өзгерістерді, жасырын мәнінің қалыптасуын, сөйлесім семантикасында коммуникативті-прагматикалық салмаққа ие компоненттерді анықтауға, негіздеуге көмектеседі [35, 53 б.].
Сөйленімнің категориялық доминанты категориялық жағдаяттардың өзара байланысты кешенін түзеді. Яғни жағдаяттың басым категориялық компоненті басқа семантикалық категорияларды білдіретін бір немесе бірнеше қосымша белгілермен үйлестікте білдірілуі мүмкін. Мысалы,
Бұрын да осылай болатын, Мұса тапсырманы беріп-беріп алып, өзі кірісіп кететін (Б.Мұхай) деген сөйленімде «жалпы жағдаяттың» құрамында: а) модальдылық (іс-әрекеттің айқындылығы); ә) таксистік (бір мезгілде бірінен соң бірі өтетін екі қимыл); в) темпоралдылық (іс-әрекеттің өткен шақта болатындығы – өзі кірісіп кететін және осы шақта да болғандығы немесе болатындығы – бұрын да осылай болатын); г) аспектуалділік (қимылдың тез орындалуы); д) жақтылық (белгілі бір жақ – Мұса) категорияларының семантикалық элементтерімен өзара байланыста берілген. –Давай, көп сөзді қой да дайындал. Алдағы жексенбіде бүкіл колллектив түгел жиылып үйіңе баратын болайық (Р.Ниязбеков) деген сөйленімде басым императивті жағдаятқа қосымша темпоралдылық, аспектуалділік, жақтылық мағыналары қоса білдірілген.
Сонымен бірге жалпы жағдаятқа енген мұндай тұтас кешеннің құрамынан жеке жағдаяттарды ажыратып көрсетуде айқын көрінетін элементтер болады. Олар зерттеуші жалпы жағдаяттың құрамынан оның бір ғана қырын бөліп ала отырып, таңдау жасап, осы жағдаяттың басқа аспектілеріне көңіл аудармастан, өзі алып отырған қырын ғана арнайы зерттеу нысаны еткенде көрінеді [36, 110-111 б.б.]. Мысалы, Хазірет тінтіп суырып алып, [хаттың] быт-шытын шығарып жыртты да, алақанымен уқалап-уқалап лақтырып жіберді. Сұлтанмахмұт хазіретке қарсыласа алмады (Д.Әбілев). Бұл сөйленімде де бірнеше категориялық жағдаят қосарлана берілген: а) персоналдылық (хазірет, Сұлтанмахмұт), ә) аспектуалдылық (іс-әрекеттің тез орындалуы – лақтырып жіберді); б) таксистік (іс-әрекеттің бірінен соң іле шала бірінің орындалуы, яғни ізбе-іздік – суырып алып, ... жыртты да, ... лақтырып жіберді); в) темпоралдылық (нақ осы шақ); г) модальдылық (мүмкін еместік модалділігі – қарсыласа алмады). Келтірілген сөйленімде басқа жағдаяттарға қарағанда, модалдылық мағына актуалданып көрсетілген. Сондықтан сөйленімдегі басқа жағдайларға көңіл аудармастан, модалдылық категориясын қарастырамыз. Мұндағы модалдылық мағына -а ал аналитикалық форманты арқылы білдірілген, әлеуметтік жағдайға, оның ішінде, біріншіден, жас ерекшелігіне (Сұлтанмахмұт хазіреттен жас жағынан кіші), екіншіден, қоғамдық қалыптасқан ұстаз бен шәкірт арасындағы этикалық ережеге (хазірет Сұлтанмахмұттың ұстазы), үшіншіден, діни ережелерге (хазірет пен Сұлтанмахмұттың діни статусы тең емес) байланысты болатын деонтикалық мүмкіндік мағынасы.
Сыйыстырудың субъективтілік мақсаты.
Субъективтіліктің өзі екіге бөлінеді:
1. Тіл – терең концептуалды (білім, пікір, құндылықтар, әлем моделдері) құрылымдарды білдіретін үстірт (поверхностная) құрылым. Осы құрылым сөйлеу әрекеті, яғни адам санасында әлеуметтік қарым-қатынас жағдайында қабылдау және сөйлеу кезіндегі когнитивтік операцияларды көрсетеді.
2. Субъективтілік сөйлеуде бағалауыштық және жағдаяттық-контекстік құбылыстан көрінеді, бірақ бұнда оны жүйеден, яғни тілдің семантикасынан тануға болады.
Байқап отырғанымыздай, бұл анықтамаларда субъективтілік бірде кең түрде, бірде тар түрде сипатталған. Түсіндірме сөздікте субъективтілік сөзіне тілдік таңба (мақсаттылық таңба) ретінде анықтама берілген. Онсыз оның семантикасын түсіну қиын. Ал лингвистикалық сөздіктерде субъективтіліктің тілдің қос зерттеу нысаны жүйе мен оның жұмсалу механизміне қатысы сөз етіледі. Жүйенің жұмсалу механизмі дегеніміз – сөйлеу. Ал сөйлеу дегеніміз – әрекет. Әрекет – белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытының, мақсатының бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтығы. Сөйлеу адам әрекеттерінің бір түрі болғандықтан, оның анықтамасы да жалпы әрекетке берілген осы анықтамаға ұқсас. Мұнда да алға белгілі мақсат қойылады, сол мақсатқа жету үшін адам өзіне таныс жүйедегі құралдарды таңдап қолданады.
Сөйлеуде сөздің авторы болуы шарт. Сол сөйлеуші субъект сөзінде өз ойы мен сезімін білдіреді. Сөйлеушінің осы мақсаттарды білдіру үшін тіл құралдарын, сөйлеу стилін таңдауға жұмсау мүмкіндігі бар. Оған тіл құралдарының семантикалық парадигмасы мүмкіндік жасайды. Мәселен, айтылатын ойды толық тұлғалармен немесе сыйыстыра беру керегін сөйлеуші мақсатына қарай өзі тыңдайды. Жеткізілетін ойдың синтаксистік парадигмасының болуы оған мүмкіндік жасайды. Мысалы, Бану, Жақыпбек, Байсал Есенбектің сөзін құптады (М.И.) деген бастауышты сыйыстырып, Банулар Есенбектің сөзін құптады деп айтуға әбден болады. Мұндағы сыйыстырудың мақсаты – жоғарыда аталған үш кісінің ішінен Бануды басты, негізгі етіп көрсету. Бұл – бір. Екінші – Бануды Жәнібек пен Байсал анық жақтайтындығы үш кісінің бір ойда екендігін алдыңғы құрылымға қарағанда анық көрсету. Бұлар сөйлеуші мақсаты. Ал оның сыйысқан құрылымды қолдануына жағдай жасайтын екі негіз бар: бірі – жағдаят, екіншісі – жүйенің семантикалық мүмкіндігі, яғни бір инвариант мағынаны берудің синтаксистік-прагматикалық қатарының болуы.
Жоғарыда талданған мысалда бастауыш мүшелердің сыйыстырылуы көрсетілген. Енді пысықтауыш мүшенің сыйыстырылуына назар аударайық: Сол құдыққа мен де бардым, сен де бардың. Сол құдыққа мен де, сен де бардың. Бұл жердегі сөйлеушінің құрылымды контаминациялаудағы мақсаты оған қарқындылық беру және экспрессивті мән үстеу болып табылады.
Лебіз сөйлеу процесінің нәтижесі ретінде мәтін түрінде көрінеді. Мәселеге мәтіндік тұрғыдан келудің өзі тіл білімінде сол мәтінді тудырушыға қарай бет бұруды білдіреді. Мәтіннің туу көзі сөйлеушіде жатыр. Тақырыпты таңдайтын, құралды таңдайтын, әдісті таңдайтын да сол сөйлеуші. Сондықтан сөйлеудің ойды бір құрамға ықшамдап сыйыстыра беру тәсілі ретінде контаминацияның атқарар рөлі зор. Ал сөйлеушіге таңдау бола алатын құрылымдарды синтаксистік парадигма дейміз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Диплом жұмысының тақырыбы қазақ тіліндегі контаминацияланған тілдік құрылымдарға арналған. Көркем шығармалардағы контаминация құбылысы алғаш рет зерттеу нысанына алынып отырғандықтан диплом жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.
Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде:
тақырыптың өзектілігі;
мақсат-міндеттері;
зерттеу нысаны;
зерттеудің методологиялық негіздері;
зерттеу әдіс-тәсілдері;
ғылыми жаңалығы;
зерттеу жұмысының нәтижелері
жүйеленіп көрсетілді.
Диплом жұмысы екі негізгі тараудан тұрады. Алғашқы тарау «Контаминация құбылысының лингвистикалық сипаты» деп аталады. Онда тілдегі контаминация құбылысының жалпы табиғаты мен зерттелуіне шолу жасалды. Қазақ тіл біліміндегі осы тақырыптағы зерттеу жұмыстарына тоқталдық. Аталмыш тараудың «Контаминацияның тілдегі басқа құбылыстардан айырмашылығы» атты тараушасында контаминацияның тілдегі ассимиляция, редукция, парцелляция сияқты ықшамдалу құбылыстарынан айырмашылықтары көрсетілді.
Сөйлеуші сөз қолданысы кезінде өзінің жеткізер ойын өз мақсатына сай кейде қысқа әрі нұсқа беруге тырысады да, сөйлеу актісін жеңілдетеді. Зерттеу еңбектерден байқағанымыздай, бұл құбылыс тілдің барлық деңгейінде кездеседі. Қысқа, ықшам қолданыстарға фонетикадағы ассимиляция, редукция құбылысы, синтаксистегі парцелляция, эллипсис және біз қарастырып отырған контаминация құбылыстары жатады.
Сөйлеу барысында, бұл құбылыстардың қай-қайсысын алсақ та, жеке сөз, ары кеткенде сөз тіркесі бойында жүзеге асады, ал контаминацияда екі сөз тіркесі немесе екі сөйлем бірігіп, бір тұтастыққа айналады.
Диплом жұмысының екінші тарауы «Қазақ тіліндегі контаминациялану жолымен қалыптасқан тілдік бірліктер» деп аталады. Онда көркем шығармалардағы контаминациялану жолымен жасалған фразеологизмдер; контаминацияланған мақал-мәтелдер; қаламгер шығармаларындағы бірыңғай мүшелердің сиыстыра қолданылуы жан-жақты талданып көрсетілді, контаминацияланған бірліктердің коммуникативтік-прагматикалық негіздері қарастырылды.
Зерттеу барысында қазақ тіліндегі контаминацияланған тілдік бірліктер тілдің бірнеше деңгейінде қарастырылып, контаминация құбылысы жайлы төмендегідей қорытындыға келуге негіз болды.
Тіл біліміндегі контаминация құбылысы - ықшамдаудың (үнемдеудің) бір тәсілі. Ықшамдау (үнемдеу) – жалпы тіл жүйесіне қатысты және әртүрлі тәсілдермен жүзеге асатын құбылыс.
Ықшамдаудың түрі көп және оның деңгейлік сипаты бар екендігін айта кету қажет. Ассимиляция, редукция құбылыстары фонетика деңгейіне тән болса, контаминация, синкретизм және т.б. одан жоғары тұрған деңгейлерге тән болып келеді.
Контаминация құбылысының тілдегі көрінісіне қатысты зерттеулер нақты мынадай тұжырымдар жасауға негіз болды:
- контаминация екі немесе бірнеше бірліктердің қандай да бір ортақ, жақын белгілерін бір тілдік бірліктердің, яғни бір сөйлемнің бойына сыйыстыру, кіріктіру, жинақтау, топтау, тоғыстыру болып табылады;
- контаминация негізінде жаңа бірліктер пайда болады. Контаминация құбылысын жаңа бірліктердің пайда болуының бір көзі ретінде қарауға болады;
-қазақ тіл білімінде сыйысудың синтаксистік түрімен қоса, семантикалық түрі де болатындығы айқындалып отыр. Семантикалық контаминация көбіне құрмалас сөйлемдерге, оның ішінде негізінен сабақтастарға тән құбылыс болып табылады. Өйткені сабақтас сөйлемдердің арасындағы мағыналық қатынастар көбіне бірдей тұлғалар арқылы жасалады;
-контаминация құбылысы жүйенің бойындағы тілдің ішкі табиғатынан туындайтын құбылыс емес, сөйлеудің (речтің) бойынан туындайтын динамикалық процесс болып табылады. Күрделі сөздер жеке коммуникативтік бірлік болғанымен, о бастағы шығу көзі, қалыптасу механизмдері еркін тіркестер болғандықтан, контаминация құбылысының сөйлеу деңгейінде болатын процесс екендігі дәлелденді;
-контаминация құбылысы кемінде екі тілдік бірліктің сыйысуынан пайда болатындықтан, алдымен күрделену құбылысы жүреді, сонан кейін барып қана тілдік бірлік тұлғалық жағынан ықшамдалады;
-контаминация құбылысы сөз тіркесі деңгейінен басталып, күрделі құрылымдар деңгейіне шейінгі аралықты қамтиды. Синтаксистік қатынасты білдірмейтін сөз деңгейіндегі, лексикалық деңгейдегі күрделі сөз және фразеологизмдер кезінде еркін тіркестерден қалыптасқан десек те, контаминациялану жолымен қалыптасқан фразеологизмдердің тілдік сипаты күрделі сөздерге қарағанда ерекше болып келетіндігі анықталды.
Дипломдық жұмыстың қорытынды бөлімінде негізгі бөлімдер бойынша алынған нәтижелер жинақталып беріліп, қысқаша түйінделді. Сонымен қатар жұмыс соңында зерттеу бойынша пайдаланылған әдебиеттер қолданылу ретіне қарай көрсетілді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Мартине А. Принцип экономии в языке // Новое в лингвистике. –Москва: Иностр. лит., 1963. Вып. 3. –С.532-536.
2 Пауль Г. Принципы истории языка. –М., 1960. –450 с.
3 Ризель Э.Г. Экономия выражения и устранение избыточных языковых средств в обиходно-разговорной речи // Иностранные языки в высшей школе. –М.: Высшая школа, 1963. –Вып. 2. –С.127-131.
4 Сафиуллина Ф.С. О сегментации в татарском литературном языке // Советская тюркология. –1977. –№1. –С.81-88.
5 Байтұрсынұлы А. Тіл тағылымы. –Алматы: Ана тілі, 1992. –445 б.
6 Қойшыбаев М.Н. Деривация және трансформациялық құрылымдар // ҚР БҒМ ҰҒА-ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –2005. –№2 –83-86 б.б. 6 Балли Ш. Французская стилистика . -Москва: Наука, 1961. -394 с.
Матезиус В. Язык и стиль // Парижский лингвистический урок. -Москва: Прогресс, 1967. -523 с.
Виноградов В.В. Стилистика. Теория поэтической речи. -Москва: АНСССР, 1963. -255 с.
Винокур Г.О. О задачах истории языка // Звягинцев В.А. История языкознания ХIХ и ХХ веков в очерках и извлечениях. Часть II . -Москва: Высшая школа, 1960. -281 с.
Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003. -208-б.
Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы : Арыс, 2004. – 616 б.
Ванников Ю. Синтаксические особенности русской речи.(Явление парцелляций).М., 1969.
Балақаев М, Сайрамбаев Т. Аударманың лексика-стилистикалық мәселелері. Алматы, 1987.
Ақыжанова А. Қазіргі қазақ тіліндегі парцелляция құбылысы. Филол.ғыл.канд...дисс: Алматы, 1999,110 б.\
Ақылбаева Г.И. Контаминация құбылысының тілдегі көрінісі. Филол. ғ.к. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2008
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.
Аманжолов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері. Оқу құралы. – Алматы : Сөздік-Словарь, 2004. – 536 б.
Уәлиев Н. Фразеология және тілдік норма. – Алматы, 1998. - 128 б.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы : Ғылым, 1977. – 712 б.
Қалиев Ғ. , Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы / Оқулық. – Алматы, 2004. – 256 б.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. –Алматы : Ана тілі, 1991. – 490 б.
Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы, 1981. – 200 б.
Қасым Б.Қ. Сөзжасам: семантика, уәждеме / Оқу құралы. – Алматы, 2003. – 167 б.
Авакова Р.Ә. Фразеология теориясы. – Алматы: Қазақ университеті, 2009. – 292 б
Қайдаров Ә. Т. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы, 1983. – 198 б.
Қойшыбаев М.Н. Деривация және трансформациялық құрылымдар // ҚР БҒМ ҰҒА-ның хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. –2005. –№2 –83-86 б.б.
Қосымова Г. Қазақ эпосындағы фразеологизмдер. –Алматы: Мектеп, 1997. –80 б.
Қалиев Ғ. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. –440 б.
Краснова Т.И. Субъективность-модальность (материалы активной грамматики). –Санктпетербург, 2002. –189 с.
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. –Алматы: Сөздік-Словарь, 2005. –272 б.
Уәлиұлы Н. Фразеология және тілдік норма. –Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1998. –128 б.
Гак В.Г. К типологии функциональных подходов к изучению языка // Проблемы функциональной грамматики. –Москва: Наука, 1985. –С.5-15.
Ерназарова З. Сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісі. Филол. ғылым. док. … дисс. –Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2001. –246 б
Бондарко А.В. Функциональная грамматика. –Л.: Наука, 1984. –136 с.
Балақаев М., Жанпейсов Е., Томанов М., Манасбаев М. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы: Ғылым, 1974. – 127 б.
Блинова Е.В. Окказиональное от фразеологическое слово и фразеотворчество в художественном тексте: Дис. канд. филол. наук.: 10.02.02.–Кострома,2005.-212 с.
Кунин А.В. Механизм окказиональной фразеологической номинации и проблема оценки // Русский язык в школе. – 1980. – № 8. – С. 51-55.
Телия В.К. Русская фразеология. – М.: Наука, 1996. – 118 с.
Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1977. – 712 б.
Салқынбай А., Абақан Е. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1998. – 304 б.
Жанпейісов Е. Қазақ прозасының тілі. Алматы, 1968, 264 б
Копыленко М. М. Основы этнолингвистики, - Алматы: 1995
Манкеева Ж. Мәдени лексиканы ұлттық сипаты. Алматы: Ғылым, 1977
Уәли Н. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. ФҒДД. –А, 2007. -336б.
Жаманбаева Қ. Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана. Алматы: «Ғылым». 1998. -140.
Ислам Айбарша. Ұлттық мәдениет контексіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил. ғыл. докт. дисс. авторефераты.- Алматы, 2004, - 251 б.
Телия В.Н. Культурно-национальные коннотации фразеологизмов// Славянское языкознание. ХІ международный съезд славистов. М., 1993.-308б.
Динаева Б.Б. Қазақ мақал – мәтелдердің танымдық-прагматикалық аспектісі. Фил.ғыл.кан.дисс.автореферт. Алматы 2002, 29 бет
Адамбеков Халық даналығы. Алматы, 1989.
Қосымова Г. Қазақ эпосындағы тұрақты сөз тіркестері: көмекші құрал. –Алматы: Рауан, 1997. -80б.
63