Просмотр содержимого документа
«"Критериалды бағалау-оқу процесінің маңызды факторы" тақырыбындағы коучингке рефлексивті есеп»
«Критериалды бағалау-оқыту үдерісінің маңызды факторы» тақырыбындағы облыстық семинар-тренингта өткізген коучингке
І деңгейлі сетификатталған мұғалім Рахимжанова Данара Мусратовнаның
РЕФЛИКСИВТІ ЕСЕБІ
Коучинг барысында Критериалды бағалау туралы облыс мұғалімдеріне теориялық түсінік қалыптастырып,бағалаудың түрлері қалыптастырушы және жиынтық бағалауды, бағалау үдерісін жақсарту жолдары жайлы іс-тәжірибеммен бөлістім.
Бағалаудың түрлері өзін-өзі,өзара,топтық,критериалды бағалау ,қалыптасты-рушы және жиынтық бағалау жайлы мағлұмат бердім, өз пәндеріне бағалау критерийін жасау арқылы оқушының білімін шынайы бағалауды үйреттім. «Өкіл» стратегиясы бойынша 4 топқа бөлу арқылы жағымды атмосфера орнаттым. «Микроскоп,айна ,дүрбі» стратегиясы арқылы әр топ постер құрады:
1топ: Критериалды бағалау кезінде кездесетін мәселелер.
2топ: Бүгінгі семинарда критериалды бағалаудың қандай формаларын үйрендіңіздер ?
3топ: Сіздердің өз сабақтарыңызда қолданып жүрген бағалаудың тиімді түрлері.
4топ: Бүгінгі семинардан алдағы уақытта өз сабағыңызда қолданатын қандай әдіс-тәсілдер үйрендіңіздер.
«Аквариум» стратегиясы арқылы постерлерді қорғау стратегиясының қыр-сырын түсіндіредім және сабақта қолданудың тиімділігін үйреттім.Осы стратегия арқылы семинар қатысушылары өз ойларын ортаға салып,іс-тәжірибе алмасты.
«Дирижер» әдісі бойынша сергіту сәтін ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалім Дырымбаева Г.Қ.ұйымдастырып, «Көктем» әнін шырқатты. «Ақыннан-жазушыға» стратегиясы бойынша осы өлең жолдарын мәтінге айналдырып жазып, әріптестеріміз тағы бір жаңа әдіс үйренді.
Осы құрылған мәтін бойынша әр топ бір-бірін жиынтық бағалау арқылы бағалады. ІІІ деңгейлі сертификатталған мұғалім Бекишева К.А. «Көктем гүлдері» әдісімен кері байланыс өткізді. «Бақыт ағашы» стратегиясы бойынша рефлексия жүргізіп, коучинг сессия несімен пайдалы болғаны жайлы ой бөлісті. Коучинг барысында әріптестеріміз критериалды бағалауды түсінді,бағалаудың түрлерін ажырата білді,сабақтың кезеңдеріне байланысты критерийлерді анықтады ,критерийлерді дискрипторлармен байланыстырды ,критериалды бағалау –оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік екеніне көз жеткізді.Коучинг өте сәтті өтті.
«Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ
«Критериалды бағалау-оқыту үдерісінің маңызды факторы» тақырыбындағы облыстық семинар-тренингта өткізген коучингке І деңгейлі сетификатталған мұғалім Рахимжанова Данара Мусратовнаның
РЕФЛИКСИВТІ ЕСЕБІ
Өскемен қаласы |