Мотивациялық қозғаушы | Шаттық шеңбер: Күннің көзі ашылды, Көкке шуақ шашылды. Құтты қонақ келіпті, Төрімізге еніпті. Амандасып, жүздесіп, Тұрайық біз- сіз десіп Бұл- өнеге, білсеңіз Сәлем дейік үлкенге. Сәлеметсіздер ме! Здраствуйте!Good morning! Армысың асыл күн! Армысың асыл, жыр! Армысың көк аспан! Армысыңдар, достарым! Жылуыңа жылу қос, міне, менің қолым! Әңгімелесу: -Балалар сендер күнделікті серуенге шыққан кезде не көресіңдер? -Қазір қай жыл мезгілін бақылап жүрсіңдер? -Балалар табиғаттың екі түрі бар: тірі табиғат, өлі табиғат. -Тірі табиғатқа-гүлдер, адамдар, құстар. -Өлі табиғатқа- жапырақтар, тастар, су. Тірі табиғаттың ең көп маңызды тобы құстар болып есептелетіндіктен біздер бүгін құстардың немен қоректенетіні туралы айтпақпыз. Олардың немен қоректенетіні жайлы білетін боламыз. Біз өткен тақырыпта сендермен бірге құстардың жемсауытын жасадық. Бүгінгі тақырыбымыз «Құстарға арналғанжемсауыт!» деп аталады.Әр-түрлі жапырақтарды жемсауытқа жапсырып, әшекейлеуіміз керек.Сонда жемсауытымыз әдемі болады. -Балалар мына суретте құстар келіп жемсауыттан қоректеніп жатыр. -Енді жапсыруымызды бастайық. -Алдарыңдағы тақтайшаға жемсауытты қойып, қолымызға желімді алып, түрлі – түсті жапырақтарға аз мөлшерде жағып, жемсауытқа жапсырамыз. -Құстарға не беруге болады? - Күнбағысты қайда егеді? - Бидай, тары дегеніміз не? - Оларды қай мезгілде егеді? - Дәнді-дақылдарға кім күтім жасайды? Құстар біздің досымыз. Біз оларға қамқор болуымыз керек. Құстардың немен қоректенетіні туралы енді білеміз. Біз оларға тамақ беріп отыруымыз керек. Жемдерді үш тілде айтып үйренейік. Күнбағыс – семечки – seeds (сидс) Бидай – пшеница – wheat(уэт) Тары – пшено – millet(миллет) Күрiш-рис-рiсе (райс) Жүгері – кукуруз – maize (мейз) Қарақұмық – гречка – buckwheat (бакует) Балалар, сендер құстар туралы тақпақ білесіңдер ме? Торғай торғай тоқылдақ, Жерден бидай шоқып – ап. Бөтекесі бұлтиып, Шиқ – шиқ етіп отырмақ. Нан қоқымын шашпаңдар, Жерде жатса баспаңдар. Теріп-теріп қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Балалар, мен сендерге, жұмбақ жасырайын. Жұмбақ:Тұмсығымен ояды, Ұя салып қояды. Табындаршы балалар, Ол қандай құс болады? Шиқ-шиқ еткен аулада, Тастамайтын мекенін. Кім айтады балалар Бұл қандай құс екенін? Қайталап атымды, Көктемде ән саламын. Кез-келген ұяға, Жұмыртқа табамын. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып –қонып жүреді. | Балалар дөңгелене тұрып, айтады. Алақандарын бір- біріне тигізеді. Бізді қоршаған ортаны Күз -Күнбағыс, бидай, тары, нан қалдықтары, -Егістікке егіледі -Дәнді-дақылдар -Көктемде егеді -Диқаншылар Күнбағыс – семечки – seeds Бидай – пшеница – wheat Тары – пшено - millet Балалар тақпақты қайталайды. Жұмбақтың жауабы: Тоқылдақ - дятель – woodpecker (вудпеккә) Торғай-воробей-sparrow Көкек – кукушка – cuckoo (куку) |