СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күн көзінде қонақта" ҚМҰҚ

Нажмите, чтобы узнать подробности

ҚМҰҚ сабағы бойынща ортанғы тобында

Просмотр содержимого документа
«"Күн көзінде қонақта" ҚМҰҚ»

Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средный группе

Өткізу күні / Дата проведения:25.02..2020

Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Тірі және өлі табиғат»

Тақырыбы / Тема: «Күнің көзінде конақта»

Мақсаттары / Цели

1. Тәрбиелік- воспитательная: Шапшандылыққа тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Қоршаған жиһаздар арасынан бірдей көп және бір затты тауып үйренуін дамыту

3. Оқыту – обучающая : дөнгелек ,шаршы , үшбұрыш геометриялық пішіндерді тауып атау икемділігін жетілдіру.

Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение :  пішіндердің суреттер

Билингвалдық компонент: үшбұрыш- треугольник, шаршы-квадрат, дөңгелек-круг


Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Мотивациялық қозғаушылық

(Ғажайып сәт)

- Балалар, бір сәт айналамызға қарап өзімізді таза ауада тұрғандай сезінейікші? Қарайықшы айналамыз қандай?
- Осындай гүлдердің, талдардың көрікті болып өсуіне не қажет деп ойлайсыңдар?
- Ендеше мен бір жұмбақ жасырайын.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
- Ол не екен?
- Дұрыс айтасыңдар.
Серуенге шыққанда күнді көріп жүрміз. Күн қандай болады?
(ку - ка - ре - ку - дауысы)

2.Негізгі бөлім

Я, балалар, күн ұясынан шығып таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз. Қане «таңертең» деп қайталаймыз.
- Қараңдаршы, таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылай күн)
Анасы сәулені оятады:
Анасы: «қызым» таң атты, ұйқыңнан тұра қойшы балабақшаға барамыз.
- Балалар, анасы Сәулеге не деді? Қайда барамыз деді?
Олай болса, таң атқанда біздер үйде не істейміз?
- Ал, балабақшада не істейміз?
Түс. Күн жылжып толығымен ортаға шығады.
- Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жаймен жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр. Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе түскі мезгіл дейміз.
- Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен? Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?
- Балалар күн аспанда нешеу екен? Ал бізге шашатын шуағы аз ба, әлде көп пе екен?
Сәуле серуенде көп балалармен ойнап жүреді. Тамақ ішіп ұйықтайды. Ал енді түсте сендер не істейсіңдер?
Я, балалар бұл күндізгі ұйқы болады. Таңнан кешке дейінгі уақытты жалпы күндіз дейміз.
- Балалар, біздер күндізгі ұйқыдан ұйқымызды ашу үшін айналамыздағы әдемі көбелектер сияқты қанатымызды қағып - қағып алайықшы.

Кеш.
- Балалар, қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді, яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл уақытты кешкі мезгіл дейміз немесе кеш дейміз. «Кеш» сөзін қайталау.
Сәуле кешкі тамағын ішіп, ұйықтайды.
- Кім айтады, кешке Сәуле не істеді?
- Олай болса, біздер кешке балабақшада не істейміз?
Түн.
Ал енді міне күн ұясына батты. Бұл уақытты түн дейміз. Қане, түн деп қайталаймыз.
- Түнде аспаннан нені көреміз?
- Айдың жанында нелер бар?
Ал жұлдыздар көп пе?
Әлде, аз ба?
Олай болса бәріміз түнде тәтті ұйқыда боламыз.
- Балалар, енді Қ/Қ ойыны: «Күн мен Түн»
Ойын шарты:
Балалар орындықтың артынды тұрады, «Түн» дегенде отырады, «Күн» дегенде тұрады.

Жеке жұмыс:

Алаина біз бүгін қайда қонаққа бардық?

Айлана Біз нелермен таныстық?

3.Қорытынды/итоговая часть:

Балалар сендерге ойын ұнады ма? Маған да ұнады.
Бүгінгі ойында Сәуленің таңертең, түс, кешкі мезгілдері туралы білдік. Барлықтарың жақсы ойнадыңдар.