Білім беру саласы: Таным, Каммуникасия , Денсаулық ,Шығармашылық.
Бөлімі: Жаратылыстану, Көркем әдебиет, Сурет салу.
Тақырыбы: «Күз байлықтары»
Мақсаты: Күз мезгілі ,күз табиғат, астық жеміс-жидек ,көкеністер туралы мағұлматтарын арттырып түсінік беру жыл мезгіліндегі өзгерістерді байқай білуге үйрету ,балалаларды өленді мәнерлеп айтуға ,рөлдік ойын ойнауға сахна мәдениетін сақтауға үйрету.
Алма ағаштарымен таныстыру олардың жапырақтарының түсіне назар аударту, ағаштарды қорғауға тәрбиелеу
Әдіс – тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: Суреттер, үлестірмелі материал.
Билингвальді компонент: жемістер- фрукты, көкөністер- овощи.
Ұйымдартыру кезені.
Балалар бүгін бізге көп қонақтар келіп отыр. Барлығымыз қонақтармен амандасып алайық.(балалар амандасады)
Балалар шеңберге тұрайық достарымызбен қол ұстасайық!
Барлығымыз жақсы көңіл – күйде бір- бірімізге тілегімізді айтайық!
Бір – бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Жылулық шеңбері
Достарды біз қолдаймыз.
Қиын шақта қорғаймыз.
Біздің топта ұл- қыздар
Тату – тәтті ойнаймыз.
Балалар осы жақсы көңіл - күйімізбен орнымызға отырайық.
-Балалар қазір жылдң қай мезгілі?
-Бір жылда қанша мезгіл бар?
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы «Күзгі ағаш»
Ал балалар мына кітапты көрдіңдер ме? Жай кітап емес сыйқырлы кітап. Осы кітаптан ертегі тыңдағыларың келе ме? Мен сендерге жыл мезгілдері туралы ертегі оқып берейін.Олай болса балалар мына кітапты ашсам ертегілер еліне тап боламыз ( балалар көздерін жұмып 3 рет айналады)Ал ен ді көзімізді ашып жан- жағымыға қарайық. Біз қайда тапа болдық.Қараңдаршы бұл ертегілер әлемі.Енді біз ертегіне мұқият тыңдайық.
Ғажайып сәт:Табиғат ана және қыздары
Ерте –ерте ертеде табиғат деген ананың төрт қызы болыпты. Анасы қыздарына жер бетіндегі ең әдемі атты қоюды армандапты. Қыздары өскенше оларға ат қоймапты. Оларды еркелетіп қана атапты. Бір күні анасы төрт қыздарына нан пісіруді тапсырады. Үлкен қызының наны қатты болып қалады ,ол нанның дәмін татақан анасы ол қызына «Қыс» деп ат қояды. Екінші қызының наны сәл қаттылау болады, ол нанан жеп көрген анаасы саған «Көктем» деп қоямын дейді. Ал үшінші қызының наны жұп- жұмсақ дәмді болады, дәмін татып көрген ана сүйсініп ол қызына «Жаз» деп ат қояды. Ал төртінші қызының наны өте дәмді болады, ауызға салған кезде еріп кетердей былбырап піседі. Анасы қатты риза болып осы қызына айналайын сенің есімінді «Күз» деп қоямын дейді.Өз есімдерін алған қыздары риза болады.
-Ал балалар ертегі ұнады ма? Олай болса мына сыйқырлы кітаптың көмегімен ертегі елінен өз тобымызға оралайық.Өзімізбен мына төрт мезгілді алып кеттейік.(балалар көздерін жұмып 3 рет айналады)
Сұрақ жауап:
-Балалар ертегі ұнады ма?
-Біз қайда бардық?
-Бір жылда қанша мезгіл бар екен?
(балалар жыл мезгілдерін атайды)
-Күз мезгіліне тоқталайық.
Күз келгенде ауа – райында қандай өзгерістер болады?
Жапырақтар сарғайды, күн суыта бастайды.
Жиі жиі жаңбыр жауады.
Суретпен әңгіме:
-Күз мезгілі үшке бөлінеді: «Жомарт күз» «Алтын күз» «Қоңыр күз»
-Жомарт қүзде бау – бақша , жеміс жидектер піседі.
Жеміс жидектер қайда өседі?
Көкөністер қайда өседі?
Жемістерге нелер жатады?
Көкөністерге нелер жатады?
-Түсі қандай?
Пішіні қандай?
Жеміс пен көкөністердің біздің денсаулығымызға пайдалы онда көптеген дәрумендер бар .
Билингвальді компонент:
Жемістер- фрукты, көкөністер- овощи
-Алтын күзде талдардың жапырақтары түседі, жердің бәрі алтын түске айналады.
Қоңыр күзде ағаштардың жапырағының барлығы түсіп жердің барлығы қоңырланып сұр- бұлт жауып тұрады.
Балалар күз және жеміс жидектер туралы тақпақтар білесіндер ме маған кім айтып береді.
Флора.
Күзде жаңбыр жауады,
Күзде желде түрады.
Жапырақтар жерге қарай,
Желмен бірге ұшады.
Арсылан
Күздің жомарт айында
Жеміс- жидек піседі
Жапырақтар сарғайып
Сыбдыр- сыбдыр түседі.
Айзере
Мен алмұрпын, алмұрпын,
Ағашта биік өсемін
Күнің көзі сүйемін,
Көмегімді беремін.
Айдина
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойынды.
Қоянға да азықпыз-
Сәбіздерміз жазықсыз.
Әрсен
Алама, алма дейсін
Алма әкелсем жейсің
Айтпады екен деме ,
Алманы жумай жеме
Осы кезде алма ағашынан алмалар жерге түседі.
-Балалар қараңдаршы алма ағашынын жерге алма түсті.Қане алманы жейміз бе? Жоқ, жоқ ол жуылмаған. (балалардың жауабы)
-Дұрыс балалар жуылмаған алманы жеуге болмайды ол біздің денсаулығымызға зиян.
Сергіту сәті:
Қатты жел соқты гу- гу
Жапырақтар қол соқты ду- ду
Шыдай алмай жапырақ пах- пах
Билеп кетті қалықтап ах- ах
Өнер орталығы:
Әдіс тәсілін түсіндіру: дәстүрден тыс әдісін пайдаланамыз.Балалар мына жапырақты жапсыра отырып ағаштың бинесін суретке саламыз.Жапыраққа желімді жағып қағаз бетіне жапсырамыз.
Балаларды мадақтау.
Рефлексиялық түзетушілік
Ойын «Кім жылдам»
Шарты: қоян мен кірпіннің азығын бір-бірінен ажырату.
-Балалар бүгінгі ашық оқу қызметінде қанддай ертегі тыңдадыңдар?
-Қандай жеміс- жидек көкөністермен таңыстыңдар?
-Қандай ағашпен таңыстыңдар?
Өнер орталығында ненің суретін жасадыңдар?
Жарайсындар бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар .
Қоштасу шеңбері:
Қол ұстасып тұрайық
Жарты шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы
Сау- саламат болайық
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Көкөністер мен жемістерді ажырата алады
Игереді: рөлдік ойын ойнауды, бой сергіту жаттығуын жасай білуі , тақпақтарды мәнелеп айта білуі.
Меңгерді: дәстүрден тыс әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне алманың суретін қақпақты бастыру арқылы салды.