СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Күз сыйлығы." ЕРТЕҢГІЛІК

Нажмите, чтобы узнать подробности

 УТРЕННИК "ОСЕННИЙ БАЛ" ДЛЯ ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА 

Просмотр содержимого документа
«"Күз сыйлығы." ЕРТЕҢГІЛІК»

Күз сыйлығы.

Мақсаты:Мерекелік көңіл-күй сыйлау,ойындарда өз күштерін сынап көруге

ынталандыру,күз мезгілі туралы білімдерін кеңейту,табиғат

өзгерістеріне мән беруге және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Балалар әдемі әуен ырғағымен залға кіреді.Қолдарында жапырақтар болады.

1.Жүргізуші:Балалар қараңдаршы,айнала қандай әдемі!Айналада түрлі-түсті

жапырақтар.Бұл жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

-Күз мезгілінде неше ай бар?

-Үш ай.

-Күзді орысшада қалай айтамыз?

-Күз-осень.

-Дұрыс айтасыңдар.

1-Жүргізуші:Кездескен соң күзімен,

Бұтағынан үзілген.

Ай жапырақ,сары алтын,

Айналаның бәрі алтын.

Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел,жемісті алтын күз.

Кемелденсін халқымыз.

Құрметті ата-аналар ,қонақтар,балабақша ұжымы,«Күз сыйлығы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Күз мезгілі көңілсіз болса да,біздің көңіл- күйіміз керемет! Ендеше соның дәлелі ретінде ортаға «Қарлығаш» ортаңғы топ тәрбиеленушілерінің орындауында «Вальс» биін тамашалайық.

Аян-Айша Абзал-Шұғыла

Абдулла-Айлана Асылхан-Жібек

Нұрали-Нұрай Нұрсәт-Кәусар.

Жүргізуші:Армысыңдар бүлдіршіндер!

Күзгі бақтағы қонақтар.

Өздеріңе әкелдім,

Күздің сыйы көз тартар.

Ортаға бүлдіршіндерімізді шақырамыз.

Аян-Айнель Шұғыла-Айсұлтан

Айлана-Асылхан Жібек- Нұрсат

Нұрай-Абдулла Іңкәр-Нұрали

Ендеше осы бүлдіршіндеріміз төрт кезеңнен өнерлерін көрсетеді.

І-кезең:Таныстыру.

Жүргізуші:Ал, балалар тұрмайық.

Күзгі бақта бүгінгі,

Шырқап әнге салайық.

Хор:«Жаңбыр».

ІІ-кезең:Өз өнері.

Аян-Айнель: Ән.«Балдырған».

Айлана-Асылхан

Нұрай-Абдулла: Би.«Барбарики».

Шұғыла-Айсұлтан: Ән.«Ерке қыз».

Жібек-Нұрсәт

Іңкәр-Нұрали:«Өзбек» биі.

Жүргізуші:Келші,келші алтын күз,

Келші, келші жарқын күз.

Мерекені жалғастырып,

Ойнап күлші алтын күз-дей келе кезекті балалардың өлең жолдарына береміз.

Тахмина:Қуандырып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел жемісті алтын күз!

Кемелденсін халқымыз.

Абзал: Сап- сары ғып даланы,

Боятты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Кәусар:Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал-терек,

Жапырағын жұлғызып.

ІІІ-кезең:Сән үлгісі.

Аян-Айнель:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан бірақ сақтаймын.

Асылхан-Айлана:

Өсіретін бойымды,

Дамытатын ойымды.

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Нұрай-Абдулла:

Ақ түсім бар қан алар,

Қызыл түсім қанға-нәр.

Зияным жоқ,біліп қой,

Қызылшамын,пайдам бар.

Айсұлтан-Шұғыла:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып.

Тұрған ол мен –қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Нұрсәт-Жібек:

Көктеп ерте шырмалып,

Өсемін мен бүр жарып.

Іңкәр-Нұрали:

Бақшаларда тізіліп,

Қаперсіз мен жатамын.

Қабат-қабат киініп,

Қырыққабат атандым.

Бүлдіршіндеріміздің орындауында «А ты меня любишь!» биін тамашалаймыз.

Аян-Айнель

Асылхан-Айша

Нұрали-Айару.

ІV-кезең:Үй тапсырмасы.

Жүргізуші:Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаныма,тонғаныма,

Жылқы ойнап,бие қашқан тай жарысқан-деп Абай атамыз

айтқандай,балаларымыздың күз мезгіліне арналған өлең жолдарына кезек

береміз.

Бекнұр: Астық жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс,

Алдық өнім сыйыңды.

Айша: Берекесін сыйлауға,

Ортамызға күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Айару: Күз келді мінеки,

Сарғайды жапырақ.

Күн нұры солғындау,

Көңілсіз отырып.

Жүргізуші:Қыл боп өскен жеріміз,

Айдын шалқар көліміз.

Аман болып тұрыңдар,

Қамқор болған еліміз,

Қаһарлы қыс өткенде.

Қайтып келіп көктемде,

Күнде думан құрамыз

Күн шуағын төккенде-дей келе балаларымыздың орындауында «Жапырақтар» биін тамашалаймыз.

Балаларды марапаттау ,құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Н.А.Торланбаеваға беріледі.