Просмотр содержимого документа
«Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметтері»
Біздің қоғам төрт негізгі саладан тұрады: саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани. Бұлардың әрқайсысының өзіндік міндеттері бар. Мен сөз қылатын әлеуметтік сфера – бұл адамдардың өмір сүру тәлісін, өмір сүру деңгейін, халықтың әл-ауқатын, тұтынуын анықтайтын салалар мен кәсіпорындардың, ұйымдардың жиынтығы.
Әлеуметтік сала адам өмірінің бүкіл кеңістігін қамтиды - оның еңбек және өмір сүру жағдайы, денсаулығы мен демалысы, әлеуметтік таптық және ұлттық қатынастары.
Мемлекеттік және әлеуметтік қызметтердің дәстүрлі консервативті секторы ақпараттық технологиялардың дамуымен айтарлықтай өзгерді. Бірақ бұл ұзын-сонар даму жолының басы ғана деп ойлаймын.
Қоғамның әлеуметтік саласы – адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұйымдастырылған жүйе. Оған білім беру және білім беру мекемелері де кіреді: балабақшалар, мектептер, хобби үйірмелері, колледждер, университеттер.
Мектептегі әлеуметтік қызмет 5 бағытта, бір жүйеге тоғысады. Олардың ішінде – диагностикалық қызмет: «қиын оқушылар», кәмелет жасына толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, асырау сияқты өз міндеттерін орындамаған, сондай-ақ баланың дене адамгершілік жағынан дұрыс дамуына кері әсер ететін, оларға қатыгездікпен қарайтын «проблемалы» ата-аналармен жұмыс жүйесін қалыптастыру, сонымен қатар өз құзырлығы шеңбері бойынша көмекті қажет ететін балаларға әлеуметтік қорғау көрсету, «ерекше назардағы» оқушылармен жеке жұмыс іс-шараларын жетілдіру, «ерекше назардағы» ата-аналармен жеке жұмыс жоспарын жандандыру, сынып жетекшілері, психолог, медицина қызметкерлері, мектептің басқа да қызметкерлерімен, ата-аналар комитетімен, құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесімен, оқушылардың өзін-өзі басқару органымен, құқықтық оперативті топпен, кәмелет жасына толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссиямен, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты үйлестіру жатады.
Мектептің әлеуметтік саласының өзегі әлеуметтік педагогтар. Бүгінгі заман мектебі әлеуметтік педагогтарға мұқтаж. Өйткені, фильтрсіз интернеттегі ақпараттар легі бүлдіршіндер мен жастардың ортасында мың түрлі түсінік қалыптастыруда. Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың өсуі, нашақорлықтың етек жаюы, компьютер, интернет ойындарына деген тәуелділік – бұл жағдаяттардың барлығы мектеп, қоғам алдындағы тұрған мәселелер.
Осындай қиын мәселелерді шешу жолында жалпы жұртшылық жұмыла әрекет жасауы керек деп ойлаймын. Соның ішінде әлеуметтік педагогтар мен психологтардың алатын орны орасан.