СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"әліппе - ғылым атасы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

БҰЛ 1 СЫНЫПТА ӨТКЕН ӘЛІППЕМЕН ҚОШТАСУ ЕРТЕҢГІЛІГІ.

Просмотр содержимого документа
«"әліппе - ғылым атасы"»

«Әліппе – ғылым атасы» ертеңгілік


Мұғалім: Армысыздар ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін балаларыңыз ен алғашқы оқулықтары Әліппемен қоштасқалы отыр. Мереке құтты болсын, қадамдарына гүл бітсін. (Осы кезде тапқышбек келеді)

Тапқышбек:- Сәлематсыздар ма? Достарым қайда екен? (Өз бетімен балаларды іздеп тұрады, сол кезде сөйлей жүре сиқыршы қыз келеді.)

Сиқыршы қыз: - Ой, бүгін қандай тамаша! Табиғат ана ашулы, қыс қаһарына мініп тұрғандай. Қараңдаршы, қандай әдемі қарлар. Ой мен тоңып қалдым ғой.

Тапқышбек: Сәлеметсіз бе? Мен сізді танымадым.

Сиқыршы қыз: Сәлеметсіз бе? Өзіңіз неғып жүрсіз?

Тапқышбек: - Сәлеметсіз бе? Мен Тапқышбекпін. Бүгін мектепте ерекше мереке өтпек еді. 1 «б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасады. Достарым да келуі керек еді, достарымды таба алмай жүрмін.

Фея: - Олай болса мен сиқыршы қызбын. Саған “Ғажайып таяғыммен”

достарыңды тауып беруге көмектесемін. (Сиқырлы таяғымен айналдыру. Сол кезде сахна ашылады.)

Фея? -Мына балалар неге көк галстук таққан?

Тапқышбек. - Өйткені, олар дауыссыз дыбыстар.

Фея: -Мына балалар неге қызыл бант таққан?

Тапқышбек: - Өйткені, олар дауысты дыбыстар.

Фея: -Мына балалар неге қара киінген?

Тапқышбек: - Олар айыру белгісі, жіңішкелік белгісі. Олар дыбысталмайды.

Мұғалім: Шұқшитқан кеп әуелі,

Сені әрбір әріпке.

Суреттері әдемі,

Бұл қай кітап? ӘЛІППЕ

Хор : Әліппе

Сиқырыш қыз: Менің тапсырмам бар. Сыр сандықта 42 әріп бар.

  • Әріптердің арасынан жазылған сөздерді тап.

  • Оларды айналдыра сыз.

Әліппе: Армысыңдар, жас достар,

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

“Әліппең” келді ортаға.

Білім деген ғажаптың

Әліппесін меңгерген,

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы халықтың.

Гүлназым: Мынау менің Әліппем,

Көгілдір туым түсіндей

Ақылшы жаным досымдай,

Қымбат маған кісімдей

Гүлназым: Бірінші бетпен елімнің

Ел таңбасын таныдым.

Көк байрақты қазақтың,

Ұрпағымын сәнімін.

Назерке: Әсем ою-өрнекпен,

Көмкерілген әліппем.

Сен болмасаң білімге,

Бастайтын жолды біліп пе ем?

Дархан. Қырық екі әріппен,

Таныстырған әліппем.

Ежіктемей сөздерді,

Оқи алам танып мен.

“А”- дан бастап оқыдық,

Аяқтадық “Я”-мен

Маржандай қып жазуды,

Жаза аламын сиямен.

Алдияр: Әліппені оқыған,

Данышпаның, данаң да.

Әліппені тоқыған,

Әкең менен анаң да.

Жанар.Әліппеден бастаған,

Білім жолын ғалым да

Әліппені ашпаған,

Жоқ өмірде дарын да.

Алдияр: Білімге жолды бастаған,

Әліппем саған мың алғыс!

Оқы деп ұран тастаған,

Әліппем саған мың алғыс!

Бауыржан: Анамыздай аялап,

Ақылшы болған ұстазым.

Өзіңнің ғана еңбегің,

Бүгінде биік ұшқаным.

Достастырған өзіңмен,

Ұстазыма мың алғыс,

Иландырған сөзіне

Қамқоршыма мың алғыс.

Хор : «Есеп сабағы»

Сиқыршы қыз: Тамаша балалар, осының бәрін қайдан үйрендіңдер. Сіздер қайда оқисыздар.

Ақкербез : Жарық жалпы орта білім беру мектебінің 1 б сыныбында оқимыз.

Аңсаған. Қадірлі мектеп бұл мектеп,

Оқыған ата-анамыз

Атыңды сенің құрметтеп,

Әрқашан еске аламыз.

Гүлжан: Елімізде атақты,

Ғалым ата не тапты?

Бәрін-бәрі білесің,

Оқи берсең кітапты.

Мұғалім: Сендерге сабақ болсын деп,

Мәпелейміз, баптаймыз.

Бейбітшілік құсы деп,

Қайсы құсты мақтаймыз?

Хор: Тілегіміз бейбіт күн.

Мұғалім жұмбақ оқиды.

Сиқыршы қыз: Кім жылдам ойыны. Математикалық санмақтар.

Сиқыршы қыз: Оқушылар ғажайып таяғым ертегі біле ме дейді.

Тапқышбек: Біз көп ертегілер білеміз ғой.

/ оқушылар ертегі аттарын айтып шығады./

Тапкышбек: Көрініс те көрсете аламыз. Көрініс Үш би.

Нұргелді: Үш кемеңгер дүлдүлім, сақтаған ел бірлігін! Қазақта қара қылды қақ жарған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің сөз үлгілеріне зер салайық. Төле би: Ринат: Уа халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерің бар,

Тау көтерген елің бар,

Қол бастайтын ерің бар,

Атадан қалған сара жолың бар.

Қазыбек би: Дарын. Біз қазақ деген мал баққан елміз,

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.

Елімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп найзаға үкі таққан елміз.

Ешбір дұшпан басынбаған елміз,

Достығымызды сақтай білген елміз,

Дәм-тұзды ақтай білген елміз.

Әйтеке би: Ислам: О, ұлы аға!

Биікке шықсаң көзің ашылады.

Жақсымен жолдас болсаң көңілің ашылады.

Менің балаларға айтпағым:

Ашу деген ағын су, алдын ашсаң арқырар.

Ақыл деген дария, алдын тоссаң тоқырар.

Ринат: Жас баланың күлкісін бер,

Жас ананың ұйқысын бер.

Жомарттың қолын бер,

Сапарлының жолын бер.

Судың тұнығын бер,

Асаудың арынын бер,

Түнгі оттың жалынын бер.

Әумин!

Дарын. Айтқаның әділ болсын,

Тілегің қабыл болсын.

Жортқанда жолың болсын,

Қыдыр жолдасың болсын.

Дұшпаныңа киелі бол,

Халқыңа иелі бол,

Өзіңе өмір берсін.

Айтқан сөзің әрдайым

Осылай жүйелі болсын.

Әумин!

Ислам: Асқар таудың пандығын бер,

Бұлбұлдың таңғы үнін бер.

Даланың жазықтығын бер,

Гүлдің нәзіктігін бер.

Лашынның жүрегін бер,

Нағыз достың тілегін бер.

Әумин!

Ән : Панарұлы Дарханбай

Айша.Біз енді Әліппемен қоштасамыз,

Жолына гүл мен қоса жыр шашамыз

Білімнің бұлағымен сусындауға,

Басқа да кітаптармен достасамыз.

Гүлжан: Жақсы достар келіңдер

Тамашаны көріңдер.

Төрімізден орын бар,

Құтты мейман болыңдар!

Әліппе: 42 әріпті игердің

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын, балалар сендерге,

Рахмет айтар кез келді.

Хор Мен оқушы баламын.

Әліппе. Ұстаздар мен балалар,

Аталар мен аналар

Танысыңдар досыммен

Достасыңдар осымен.

Аттанғанда бүгінмен,

Ана тілін таныңдар.

Ақыл, білім алыңдар.

Тапқышбек: Сауатымызды ашқан Әліппемізге рахмет айтып шығарып салайық. Қалған тапсырмаларды орныдауға Ана тілі көмектеседі.

Айша: Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға басқа кітап аламыз.

Ата-ана қуанышқа ортақ боп,

Сауатты боп шықты міне, балаңыз!

Ана тілі. Сәлем, ойшыл достарым!

Терең білім, ой саналы.

Әрбір сөзім ой салады

Ғылым, тәлім, өнерім көп,

Достасқанға берерім көп.

Сиқыршы қыз: Ана тілі пәніне өз білімізді көрсетейік. Слайдқа қарау.

1 тапсырма

2 тапсырма Өздерің би билеу білесіңдер ме?

Би «Қара жорға»


Ана тілі. Жарайсыңдар балалар, білімді жақсы меңгерген екенсіңдер.

Ана тілі.«Өнерлі өрге жүзеді» дегендей, аталар өсиетімен өсіп-өнген, мақал – мәтелінен сусындаған балалардың бойында өнер де бар шығар. Кәне, өнерлеріңді тамашалайық.

Нұргелді: Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер.

Отан-ана, Отан-үлкен

Қазақстан-туған ел!

Назерке: Отан – осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

Бейбарыс: Отан – жерім, Отан – суым,

Отан – қуат, Отан – нәр.

Отан – ұран. Отан – Туым.

Отан мәңгі гүлденер!

Мұғалім: Отан деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл.

Хор : Менің Отаным.

Ақкербез: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарың

Өзі жазып оқитын халге жетті,

Құтты болсын қадамы балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын,

Білімдерін әрі қарай дамытсын

Ерінбесін, еңбекқор мықты болсын

Би Вальс

Мұғалім: Кезекті ата – аналарға беремін.































Тапқышбек:- Сәламатсыздар ма? Достарым қайда екен?


Фея: - Ой, бүгін күн қандай суық! Табиғат ана ашулы, қыс қаһарына мініп тұрғандай. Қараңдаршы, қандай әдемі қарлар. Ой мен тоңып қалдым ғой.


Тапқышбек: Сәлеметсіз бе? Мен сізді танымадым.


Фея : Сәлеметсіз бе? Өзіңіз неғып жүрсіз?



Тапқышбек: - Сәлеметсіз бе? Мен Тапқышбекпін. Бүгін мектепте ерекше мереке өтпек еді. 1 «б» сынып оқушылары Әліппемен қоштасады. Достарым да келуі керек еді, достарымды таба алмай жүрмін.



Фея: - Олай болса мен сиқыршы қызбын. Саған “Ғажайып таяғыммен”

достарыңды тауып беруге көмектесемін. (Сиқырлы таяғымен айналдыру. Сол кезде сахна ашылады.)


Фея: -Мына балалар неге көк галстук таққан?


Тапқышбек. - Өйткені, олар дауыссыз дыбыстар.



Фея: -Мына балалар неге қызыл бант таққан?



Тапқышбек: - Өйткені, олар дауысты дыбыстар.


Фея: -Мына балалар неге қара киінген?



Тапқышбек: - Олар айыру белгісі, жіңішкелік белгісі. Олар дыбысталмайды.



Фея: Менің екінші тапсырмам. Сыр сандықта 42 әріп бар.

  • Әріптердің арасынан жазылған сөздерді тап.

  • Оларды айналдыра сыз.