СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

М.Мақатаевқа арналдған әдеби-сазды кеш

Категория: Литература

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақын М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш

Просмотр содержимого документа
«М.Мақатаевқа арналдған әдеби-сазды кеш»

Тақырыбы:«Бүгін менің туған күнім...»(М.Мақатаев шығармашылығына арналған әдеби-сазды кеш)

Мақсаты:Ақын өмірі мен шығармашылығын насихаттау

Өтілу барысы:

Ерсұлтан: Қайырлы күн қадірменді, жыр сүйер қауым! 

Арай: Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырған, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма, ойландаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -

дегендей, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Бүгін менің туған күнім...» атты әдеби сазды кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. 
( Интерактивті тақтадан Мұқағали Мақатаевтың өмір жолы баяндалады. слайд )



Ерсұлтан: Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай.

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берген өлеңді-ай, – деп Айтақын жырлағандай, Мұқағали жырлары халық жадында мәңгілік сақталып, кеңінен тарап, бүгінгі ұрпаққа жетіп отыр.



Арай:

Мынау жұртқа жақпады ма әлденем,

Бекер өмір сүргенім бе әлде мен?

Халқым, сенің қасиетіңді білем деп,

Босқа өмірім өтті ме екен әуремен?



Ерсұлтан:

Айтамын деп қуанышың, мұңыңды,
Басқа арнаға бұрдым ба әлде жырымды?!
Мен бәрібір өзіңменен бір болам
Өзегінен тепсең –дағы ұлыңды







Арай:

Тойланбаса тойланбасын, не етейін,

Той көрмей-ақ, сый көрмей-ақ өтейін.

Қаламымды берші маған, бәйбіше,

Болашаққа арыз жазып кетейін... ,- деп бір күндік сәуледей ағып өткен қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали Мақатаевтың бүгін туған күні..

«Менің нәзік жанымды кім түсінер » атты ақын өлеңдерінен құрылған сахналық қойылым.

Ерсұлтан: Мұқағали Мақатаев балалық шағынан–ақ ақын ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. 1954-1962 жылдар арасында қазақ радиосында диктор болды, 1962-1972жылдар аралығында «Социалистик Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Жұлдыз» журналдарында білім меңгерушісі, 1972-1973 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болып жұмыс істеді. 

Арай:

Мұқағалидің тұңғыш өлеңі 1948 жылы Нарынқол аудандық «Советтік шекара» газетінде басылды. 
Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.

Ерсұлтан: Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. 
Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. 

10 «А» сынып оқушылары Әбухасов Ернұр мен Ізмұханбетов Ердәулеттің орындауында ақынның сөзіне жазылған «Жарығым-ай» әнін қабыл алыңыздар.


Арай:

Бүгінде ақынның ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтармыз – алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері халқынан қалтқысыз бағасын алып, келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармаумен қымбат та құнды. :


Ерсұлтан:

Мұқағали – біздің замандағы ғажайып ақындардың бірі. Ақынның өзі «Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылымды зерттемек болсаңдар, онды мен не жазам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мен өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем» деген екен. 

Ендеще қашан да ақиқаттық ақ туын көтеріп, әділет пен адалдақты тең ұстаған ақынның ғажайып сырлы өлеңдеріне кезек бер ейік. 

1. «Қазынам бар» - Береке

2. «Қай күні менің тәмамдалады дастаным» - Ақбота

3. «Сап-сары жапырақтар» - Әйгерім


Арай:

Көрер едің 
Шаламын ба, отпын ба 
Білер едің, 
Ақынмын ба, жоқпын ба?
Кектендірген хан Жәңгір де жоқ мұнда, 
Көктенетін Махамбетте жоқ мұнда

Ерсұлтан:

Түсінер ең,

Езбін бе, әлде ермін бе

Байқар едің,

Артақпын ба, кеммін бе.

Мен Спартак бола алмадым, не шара,

Сенің өзің Цезарь болып көрдің бе.

Арай :

Сырым да осы, 
Жырым да осы, 
Алдыңда. 
Байқашы бір, 
Бықсыдым ба, жандым ба? 
Махаңдар жоқ, 
Махаңдардың сарқыты –
Мұқағали Мақатаев бар мұнда.


1. «Табиғат, жанымды алсаң, алшы менің» - Айдос

2 «Менің ғасырым» - Дәулет

3. « Хантәңірі-Ердәулет

Арай:Ақын естеліктерінде былай дейді: «Мен өлеңді ойдан құрастырып жазбаймын. Әлдекім құлағыма сыбырлағандай болады. Соны көшіремін. Сенесің бе?»



Ерсұлтан: Сіздер білесіздер ме? Ақын бір отырғанда үзіліссіз бір де бір түзетусіз 1974 жылы 27 қаңтарда таңертеңгі сағат 10-нан баста түңгі 12-ге дейін «Чили шуағым менің» атты 277 жолдан тұратын поэманы 14 сағат ішінде ешқандай түзетусіз, тоқтаусыз жазған.

1. «Жоқ, дәрігер» - Ажар

2. «Емханада» Жасұлан

3. «Дос болам десең» - Алтынай

4. «Мен қарапайым қарттарды сүйем» Болат

 

Ерсұлтан:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан тамызбаймын

Арай :

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

Жансыз өлең жанымды алды кілең.

Бір ойым жүрегімде қаза болып,

Бір ойым көмейімді қалды тіреп,

Ей, өлең, қайтсем саған жан бітірем?

1. «Поэзия»- Аида

2. «Фариза»-Диана

3. «Мақатаев туралы жыр» - Дана

4. «Қара өлең» - Самал


Ерсұлтан: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. 
Халық көңілін сусындатқан, ақын өлеңдерінің көпшілігі өмір туралы, тірршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді. 

Арай:
Өмір дегенге 
Тірлікте сірә жетер ме ой!
Жарық сәуледен 
Басқаның бәрі бекер ғой, 
Бекер ғой бәрі, бөтен ғой, 
Өмір дегенің бір күндік сәуле екен ғой


Ерсұлтан: Ақынның ғұмырлы поэзиясы бүгінгі таңда барша жұрттың жүрегінен берік орын алып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін айнымас жан серігіне айналды. 

1. «Қасым солай болмаса» - Арай

  1. «Не пайда» - Айдана

3. «Аулақ, аулақ» - Санжар


Арай:
Қарсы алмаса, 
Құрсын, қарсы алмағын, 
Ән салып бер, 
Әніңмен жан сап маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір, 
Жатсын ұйып жапанда дел-сал далам.

 
Ерсұлтан:
Ән сал, жаным,
Әніңмен тербет мені 
Бір сәтке тынсын тірлік жер көктегі.
Дала ұйысын,
Дамылдап таулар жатсын, 
Таулар жатсын мәңгілік жөргектегі. . 


10 «А» сынып оқушылары Айдана мен Аиданың орындауында ақынның сөзіне жазылған «Аңса, жаным» әнін қабыл алыңыздар.

Арай:

Мұқағалидың өлеңдері шын шабыттың, қиын күйзеліс пен шын қуаныштан, шын сағыныштан туған. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген.
Ақын Әбділда Тәжібаевтің сөзімен айтар болсақ: «Махаббат – сезім. Ол адамның ішкі рухы, тозбас қуаты. Махаббатты сезімге ерлік, жүректілік керек. Мұқағалиды құдіретті ақын ететін де сол ерлік болатын...» 
Ерсұлтан:
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің, 
Көзімнен ғажаып болған күнім едің, 
Гүлім едің...
Елтіген түнім едің, 
О, махаббат! 
Сен әлі тірі ме едің?!

Арай
О, махаббат!
Сен әлі тірі ме едің?
Тірі ме едің...
Мен әлі тірілемін! 
Ақ періште алдында жүгінемін. 
...Қолдай гөр, ғашықтардың пірі, мені!

1. «Ғашықпын» - Ақмаржан

2. «Сезім» - Меруерт

3. Сен менің» -Нұргүл

4. «Мен сені сағынғанда» - -Назгүл

5. «Шәмілге» - Айжан


Арай: «Жыр басы Қарасаздан басталған М.Мақатаев бүгінде ән болып қалықтап, жыр болып жұлдыздармен сырласып, сонау поэзия әлемінде шырқап барады» 

Ерсұлтан: «Қазақ халқының бір ғана Абайы болса, Мұқағали да жалғыз. Мұқағалидай ақыны болған халық – бақытты халық»


Арай: Мұқағали мөлдірліктен, тазалықтан, биік адамгершіліктен түратын. Ақынға көзі тірісінде көрсетілмеген құдіреттің, берілмеген сый-сияпаттың орнын толтырудың бір жолы, бір жөні бар: ол ақынның қисапсыз рухани қазынасын ұлт игілігіне асыруға асығу». 


Ерсұлтан: «Өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді. Олай болса, М.Мақатаев та көз жұмған жоқ. Қатарымызда, күнбе-күн қасымызда.

Арай: Табиғатында адамға жаманшылығы жоқ, жаны жуас, жомарт, өзін басқаның бәрінен кіші санайтын ақын көкірегінен буырқана ағылған жыр жанартаулары өлең құмар халыққа таусылмайтын сый, мол қазына болып қала бермек. Ақынның сөзі өлмесе, өзі де өлмегені. 

2. «Бесік басында» - Альбина

3. «Шеше, сен бақыттысың» - Диана

4. «Әйелдер-ай» - Айбек

Арай:

Жазушы баспасының ұжымы республикалық «Тұлпар» сыйлығының статусын бекітті. Аталмыш сыйлық екі жылда бір рет көркем проза, поэзия және әдеби сын саласындағы үздік шығармаларға беріледі.  Тұңғыш белгіленген «Тұлпар» сыйлығы 1991 жылы қазақ елінің үлкен ақыны марқұм М.Мақатаевтың «Жылайды жүрек» атты өлеңдер мен дастандар кітабына берілді.

Ерсұлтан: ХХ ғасыр аяқталар тұста Мұқағали Қазақстан Жазушылар Одағының шешімімен «ғасыр ақыны» атанды. ХХІ ғасыр табалдырығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегері болып аталды. Міне, бұл Абай жаққан сәулені Мұқағалидың алаулата түскенінің айғағы

Арай:

Жазылар естеліктер нешелеген,

                      Көрерміз оның бәрін пешенеден.

                      Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,

                      Көшеді өлең немесе өшеді өлең,-дейді Мұқағали.


Ақиық ақынға арнау, өлең де, эссе де, естеліктер де әлі жазыла берер. Мұқағалидың өзі айтпақшы: өлең көше ме,өше ме-мәселе сонда! Ал М.Мақатаевтың жырлары күндегендерге - көктен түскен жасындай боп, күткендерге - мәңгі тозбас асылдай боп, 20 ғасырдан 21 ғасырға бар бояуын жоғалтпай көшкені анық. 

    Ерсұлтан:                      

Кезінде ақиық ақын М. Мақатаев: 
«Ақынмын деп қалай мен айта аламын, 
Халқымның өз айтқанын қайталадым. 
Күпі киген қазақтың қара өлеңін, 
Шекпен жауып өзіне қайтарамын», - деп қарапайым қазақтың қара өлеңінің жілігін шағып, майын ішті. Дегенмен, өзінің әділ бағасын ала алмай кеткен ақынның әділ таразысы халық болды. Оны күллі халық сүйіп оқыды. Мұқағали шын мәнінде, бір туар екенін халыққа таныта білді.


Арай: 10 «А» сынып оқушылары Әбухасов Ернұр мен Ізмұханбетов Ердәулеттің орындауында ақынның сөзіне жазылған «Күрең күз» әнін қабыл алыңыздар.

Арай: «Жақындықты сеземін –

                        Жерден де аспаннан,

                        Жылулық сезінем –

                        Мұздардан, тастардан.

                        Өмірім ,сірә да,

                        Арыдан басталған,

                        Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

                        Осы мен

                        Өлмеймін, өлмейтін шығармын

                        Сәл ғана мызғып ап ,қайтадан тұрармын» -

  деген жолдарды оқығанда, анау сөздерді біз сияқты пенделерді

«не дер екен» деп, сынау үшін айтқан сияқтанады да тұрады. Өйткені бүгінде «сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрғанына» бәріміз куәміз. Болашақ ұрпақтар да куә бола бермек.

Ерсұлтан: Құрметті, жыр сүйер қауым! Осымен «Бүгін менің туған күнім...» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашалығына арналған әдеби кешіміз тәмамдалды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!