СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Макала " Жол тәртібі- балабақшадан"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Статья о правилах дорожного движения в детском учебном заведении, Здесть можно узнать все правила которые должен знать дошкольник

Просмотр содержимого документа
«Макала " Жол тәртібі- балабақшадан"»

Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

№ 3 бөбекжай - бақшасы» МКҚК.


Жол тәртібі- балбақшадан.


Қазіргі таңда білімді, тәрбиелі, тәртіпті, заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу педагогтердің басты мақсаты. Соған орай кез келген білім мекемелері түрлі іс-шараларды ұйымдастырады. Жаңа оқу жылының басында өзім қызмет етіп жатқан Қостанай қаласы №3 бөбекжай бақшасында «Назар аудар, бағдаршам» -атты 01.09.-14.09.2016ж. аралығында «Жол жүру ережесіне» байланысты он күндік өтті. Аталмыш он күндік ішінде балабақшада сан-алуан іс-шаралар ұйымдастырылған еді.

Нақтырақ айтсам, әр топта ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттері, буклет көрмелері, әнгімелер, ойындар және тағы басқа ұйымдастырылған іс- әрекеттерін әр тәрбиеші өзінің шеберліктерін пайдаланып ойын түрінде, интерактивті құрылғылармен және тағы баска технологияларды қолданып ұйымдастыра білді. Осы он күндік мына мақсаттарды көздеді:

Мақсаты:

  1. Көшеде жүру ережелерімен танысу;

  2. Жолдағы белгілерді ажырата білуге балаларды пысықтау;

  3. Балалардың жол ережесіне байланысты есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру;

  4. Белгілі бір ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу

Біздің балабақшадағы бірінші кіші топтардағы «Солнышко» ,«Радуга» тәрбиешілері тәрбиеленушілеріне әңгіме ретінде жол тәртібімен таныстырды.

«Солнышко» және «Радуга» топтары мына тақырыптарда «Машиналар» ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті жүргізілді.

Мақсаты: Жолда жүргенде абай болу, жолдан жүгіріп өтпеуге, ата-анасыз жүрмеуге үйретті. Балаларға көлік түрлерімен таныстыстыру(жүк көлігі, жеңіл көлік, трамбай, троллейбус,) балалардың сөздігін кеңейту.


Екінші кіші «Көбелек», «Балапан» топтары мына тақырыпта ұйымдастырылған оқу іс-шараларын өткізді:

Тақырыптары: «Жол атасы бағдаршам», «Бағдаршамның шамдары»

Мақсаты: Бағдаршам көздерімен танысу (Қызыл, сары, жасыл) Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру, еске сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу. Жол белгілерін айыра білу дағдыдарын қалыптастыру, жол ережісін білудің маңызды екенін түсіндіру.
Балалардың ой-ұшқырын дамыту үшін мынадай жұмбақтар жасырылды:

Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)


Бір тұлпар, су ішпейді, Жем жемейді,

Ескіріп ешбір адам емдемейді

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді (Трамвай)

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам)

Ала таяқ ұстағаны

Жол тәртібін нұсқағаны

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)

Ортаңғы «Жұлдыз» және «Ласточка» топтары екі топқа бөлініп жарыс ретінде өткізді. Тәрбиешілер: қазақ тобының тәрбиешісі А. Санай мен орыс тобының тәрбиешісі А.М. Кукиль жолдағы белгілерді ажыратып, пысықтау арқылы өз білгендерін ортаға салдырып жақсы жарыс өткізді.

Міндеттері:

Бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту.

Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол, жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру.

Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп сақтауға тәрбиелеу.

Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.

Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің.

Ересек: «Жидек» тобы мына тақырыпта «Жол жүру ережесін сақтайық» атты ұйымдастырылған оку іс әрекетін өткізілді, мақсаты балаларға жолда жүру тәртібінің негіздерін үйрету және қарапайым ережелерді сақтауға тәрбиелеу. «Ромашка» ересек тобының тәрбиешілері он күндікте «Ертегі кейіпкерлерін қауіпсіздікті сақтауға үйрету» атты ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізу барысында интерактивті құрал-жабдықтарды пайдаланып сабақты жоғары дәрежеде шебер өткізді.



Авторы: Садвокасова В.А.

Қостанай қ.№3 бөбекжай

бақшасының тәрбиешісі