Шеберлік –сынып

Мұғалімнің аты-жөні: Сарсембаева Куляш Жаманбаевна
Жұмыс өтілі: 25 жыл
Жұмыс орны: Алматы облысы, Текелі қаласы, №5 ОМ
Қызметі: математика пәнінің мұғалімі
Санаты: жоғары (14 разряд)
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП ЖОСПАРЫ:
ТАҚЫРЫП: «Дарынды және талантты балаларды оқыту»
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МАҚСАТЫ: Дарындылық, талант және данышпандық түсініктері жайлы бір ғана дұрыс көзқарасты іздеу емес, кез келген ерекше қабілеттілігі бар дарынды баланы анықтау білігін қалыптастыру және оны дамыту үшін қажетті жағдайлар туғызу.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫПТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
-Дарынды және талантты балаларды анықтау түрлерімен таныстыру;
-Дарындылық қабілеттерді ашудың әдістерін меңгерту;
-Дарынды және талантты балаларды дамыту тәжірибесімен бөлісу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: Ұстаздар дарынды және талантты балаларды анықтау түрлерімен танысады, дарындылық қабілеттерді ашудың әдістерін меңгереді және дарынды және талантты балаларды дамыту тәжірибесімен бөліседі.
Ұйымдастыру: | Психологиялық ахуал орнату. (2 мин) | Топ мүшелерінің барлығы жаттығу жасайды. |
Топқа бөлу: | Топ мүшелерін стикерлер арқылы 2 топқа бөлу. (1 минут) | Топ мүшелері үстел үстінде жатқан түрлі-түсті стикерлерді бір-бірден алады. Сол түстер бойынша өз топтарына барып отырады. |
Тапсырма: | «Дарынды оқушы» үлгісін жасау. (5 минут) | Ұстаздар топ болып, тапсырманы постерге орындайды. Жұппен талқылау.Ортаға салып талдау. Ұстаздар өз ойларын айтып, бірін-бірі толықтыру. (қорғауға 2 *2=4 минут ) |
Тапсырма: | Оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайсыздар? (2 минут) | Ұстаздар топ болып, тапсырманы постерге орындайды. Жұппен талқылау. Ортаға салып талдау. Ұстаздар өз ойларын айтып, бірін-бірі толықтыру. (қорғауға 2 *2=4 минут ) |
Тапсырма: | Дарындылық ұстанымы дегенді қалай түсінесіздер? | Топ мүшелері тапсырманы топ болып, жұппен талқылап, ортаға салып талдау арқылы ауызша өз ойларын айтады. |
Сергіту сәті: | «Дарынды бала осындай...» атты бейнеролик көрсету. Ұстаздарыдың өз пікірлері мен ойларын тыңдау. Дарынды және қабілетті оқушының айырмашылықтарын сұрау. (8 минут) |
Кері байланыс: | «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Не білдім? Не білгім келеді? (3 мин)
| Топ мүшелеріне стикерлер таратылады, олар өз ойларын жазып, коучинг-сессиядан не білді, не түсінді, не игергенін білдіреді. |
Дерек көздері: | Ғаламтор материалдары. |
ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: топтық жұмыс, оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер (жұптық жұмыс, диалог түрлеріт.б.)
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: интербелсенді тақта, слайдтар мен презентациялар және видеороликтер.
ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: Мұғалімге арналған нұсқаулықтар, Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов, Алматы-2013ж.
ШЕБЕРЛІК-СЫНЫП МАЗМҰНЫ :
Жұмыс кезеңі: | Кезеңнің мазмұны | Қатысушылардың іс-әрекеті | Уақыты | Ресурстар |
Ұйымдастыру | Психологиялық ахуал орнату | Топ мүшелерінің барлығы жаттығу жасайды. | 2 минут |  |
Топтық жұмыс | «Дарынды оқушы» үлгісін жасау | Ұстаздар топ болып, тапсырманы постерге орындайды. Жұппен талқылап, ортаға салып талдады. Ұстаздар өз ойларын айтып, бірін-бірі толықтырды. | Орындауға 5 минут, қорғауға 2 *2=4 минут |   |
Топтық жұмыс | Оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайсыздар? | Ұстаздар топ болып, тапсырманы постерге орындайды. Жұппен талқылау. Ортаға салып талдау. Ұстаздар өз ойларын айтып, бірін-бірі толықтыру. | Орындауға 5 минут, қорғауға 2 *2=4 минут |  |
Топтық жұмыс | Дарындылық ұстанымы дегенді қалай түсінесіздер? | Топ мүшелері тапсырманы топ болып, жұппен талқылап, ортаға салып талдау арқылы ауызша өз ойларын айтады. | 10 минут |  |
Сергіту сәті: | «Дарынды бала осындай...» атты бейнеролик көрсету. | Ұстаздарыдың өз пікірлері мен ойларын тыңдау. Дарынды және қабілетті оқушының айырмашылықтарын сұрау. | 8 минут |  |
Кері байланыс: | «Соңғы сөзді мен айтайын» стратегиясы. Не білдім? Не білгім келеді? | Топ мүшелеріне стикерлер таратылады, олар өз ойларын жазып, коучинг-сессиядан не білді, не түсінді, не игергенін білдіреді. | 3 минут |  |
РЕФЛЕКСИЯ:
Коучингтің сәтті тұстары:
Дарынды және талантты балалармен жұмыстың түрлерімен танысып, тың мәліметтер алды..
Дарынды баларды анықтаудың үлгісімен танысып тәжірибеде пайдалануға бағыт бағдар алды.
Әріптестердің білгендерін мүдірмей қорғап, өз ойларын еркін жеткізе алуы.
Диалог арқылы сөздік қоры, сөйлеу мәдениеті жетілді.
Сәтсіз тұсы:
Әлі де ізденімпаздықтың, белсенділіктің жетіспеушілігі.
Теориялық мәліметтердің көпшілік әріптестерге түсініксіздігі.
Болашақта:
Осы тақырыпты толық меңгерту мақсатында осындай коучинг- сессияларды ұйымдастырамын.
Дарынды және талантты оқушыларды оқыту модулін дамыту мақсатында әртүрлі іс шаралар ұйымдастыру.
Мұғалімге арналған нұсқаулықтар
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері А.Әлімов, - Алматы,2013ж.
Қара сөздер А.Құнанбаев, - Алматы,1998ж.
Мұғалімнің педагогикалық жаңалықтарын ұйымдастыру Б.Барсай, Ш.Таубаева, - Алматы,2007ж
http://catalog.kazakh.ru/sites/0/18571
http://sabaq.kz/
http://bilim.idhost.kz/ustaz
Шеберлік –сыныпқа қосымша материалдар қосу қажет.