СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қолғап

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                       Тақырыбы: Қолғап

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Қолғап»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 05.12.19

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Қатынас

Пән:Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Қош келдің қыс

Тақырыбы: Қолғап

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу. Өлең мазмұнын түсіне отырып жаттауға үйрету. Ой-өрісін кеңейту.

2.Дамытушылық: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

3.Оқыту: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету: ертегі кейіпкерлері

Билингвалдық компонент: қоян- заяц, қасқыр- волк, аю- медведь

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін

дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

Жұмбақтар

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері? Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады? «Қолғап»

Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. 

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады. Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді. Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады. Ал сен кімсің?

Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Қолғапқа қабан келеді. Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады. Ал сен кімсің?

Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші. Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады. Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

Бақа: мұнда орын жоқ!

Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

Аю: Қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады.

Ит әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді.

Қолғапты алып кетеді.

Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.

Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге

үй-баспана құрастырайық.

Ойын: Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулар арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.

Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

Қолғапты кім жоғалтып алады?

Ең бірінші болып кім тауып алады?