Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Құстар сайрайды»
Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 07.11.19
Тәрбиеші: Жәкіш Г.А
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Жыл құстары
Тақырыбы: Құстар сайрайды
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Құстарға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Құстар үнің тындау арқылы қуанышты көңіл-күйлерін туғызу, оны өз іс-әрекетінде маңайындағыларға бере білуге дағдыландыру;
3.Оқыту: Кеңістікті бағдарлай отырып үзік сызықтарды салуға дағдыланрын бекіту;
Педагогикалық технологиялар: ойын технолгиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: үнтаспа
Билингвалдық компонент:
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Балалар үнтаспаға жазылған құстар үнін тыңдайды.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Бірнеше құстардың суретін көрсетіп, олармен жақынырақ таныстыру (көкек, бұлбұл, кептер, бозторғай т.б.).
2.Сұрақ- жауап
- Құстардың сайрағаны сендерге ұнай ма? Әнші құс деп қай құстарды айтамыз?
Міндетті түрде балалардың ойларын тыңдайды.
-Құстарда қандай дене мүшелері бар?
- Балалар, құстардың табиғатқа қандай пайдасы бар?
- Көрдіңдер ме, балалар жер шарында қаншама құстар мекендейді. Бәрінде қанат бар, денесі қауырсындармен жабылған оларды бір сөзбен «Құстар» деп атайды екен.
3.Үлгі көрсету
-Енді біз бүгін сурет салу барысында құстардың сайрағанын бейнелеп көрейік. Сендердің алдарыңдағы суретте торғайлар сайрағысы келіп тұмсықтарын ашып тұр, бірақ олардың дыбысы бізге естілмейді. Ол естілу үшін дыбыстарды мына түрде бейнелейміз.
Тақтаға балапанның тұмсығынан бастап үзік сызықтарды солдан оңға қарай тарата сызады. Бұл шиқылдаған дыбыстар екенін түсіндіреді. Балалар бәріміз бірге ауада үзік сызықтар салып жаттығайық.
Балаларға өздерінің алдарындағы суреттегі құстарды сайратуды ұсыну.
4.Саусақ жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Қосып едім екеуін,
Болып шықты оң саусақ.
5.Жұмыс барысы
Балалар жұмысқа кірскен кезде үнтаспадағы құстар үнін қосылады. Солдан оңға қарай тарата сызады.
6. «Ұшты-ұшты» ойыны.
«Ненің даусы?» музыкалық дидактикалық ойыны.
Ескерту: егер үнтаспа немесе күйтабақ болмаса, шиқылдайтын ойыншық құстарды және су құйып үрлегенде дыбыс шығаратын ойыншық құстарды пайдалануға болады.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сурет салып болған соң балалардың жұмыстарын жинап алып талдау және көрме ұйымдастыру.