Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 08.11.19
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: «Қатынас»
Пән: Сауат ашу
Өтпелі тақырып: Жыл құстары
Тақырыбы: «Дауыссыз дыбыстар»
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Ой-өрісін дамыту, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Балаларға дауыссыз дыбыс ерекшелігі туралы түсінік беру. Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту.
3.Оқыту: Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Педагогикалық технологиялар: Ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: дидактикалық материалдар, еңбек құралдарының суреттері, тірек сызба, суреттер.
Сөздік жұмыс: Көкек, текше
Үш тілділік компонент: дауыссыз дыбыстар – согласные звуки-consonants
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
І.Ұйымдастырушылық кезеңі
1.Әңгімелесу
Балалар шаттық шеңберінде дөңгелене тұрып, қосылып айтады:
Біз қандаймыз, қандаймыз?
Шұғылалы таңдаймыз,
Жарқыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз!
ІІ.Негізгі бөлім
2.Жұмбақ: 1. Ағаш көрсе қышынар,
2. Басы – құрыш,
Сояу-сояу тісі бар. (Ара)
3. Еңбек, ауыл еңбегі, дала еңбегі, қаладағы еңбек, баланың өзіне-өзі көрсететін қызметі жайлы әңгімелесу, сұхбаттасу.
3. «Не істер едің?» дидактикалық ойыны.
Шарты: баланың зеректілігін, логикалық ойын байқау мақсатында «Не істер едің?» деген сұраққа жауап алынады:
- Пальтоңның түймесі үзіліп қалса, не істер едің? - Киім ілгіштің шегесі жұлынып кетсе, ...
- Шкафтың сөресін түсіріп алсаң, ..
- Бәтекеңнің бауы үзіліп қалса, ...
1. Сұрақ-жауап әдісі арқылы дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы алған білімдері пысықталады.
- Өздерің білетін дауысты дыбыстарды атаңдар. Жануарлардың «дыбысын» келтірейік. –
- Сиыр қалай дыбыстайды?
- Өз атын өзі шақыратын құсты білесіңдер ме?
- Көкек, кө-кек, кө-кек... Соңғы (к) дыбысты созып айтып көрейікші ...
2. Тәрбиеші дауыссыз дыбыстар ауыз қуысында кедергіге ұшырап, айтуға, дыбыстауға келмейтінін түсіндіреді. Дауыссыз дыбыстарды дауысты дыбыстардың көмегімен айтуға болатынын айтып, оған мысал ретінде бір буынды сөздерді айтқызады:
сүт
3. Бірнеше дауыссыз дыбыстарды айтқызу: т-ы; р-ы; к-і; г-і.
4.Сөздік жұмыс: Көкек, текше
5.Үш тілділік компонент: дауыссыз дыбыстар – согласные звуки-consonants
6.. Сергіту сәтін өткізу. Видео арқылы көрсету
7. Дәптермен жұмыс жүргізу.
а) Сурет бойынша «Балабақша бөлмесі» және «Сыныпта» деген тақырыптарда әңгіме құратып, жекелеген сөздерге дыбыстық талдау жасату. Сөздегі дауыссыз дыбыстарды хормен қайталату.
ә) Текше, қонжық, дәптер сөздеріне дыбыстық талдау жасап, олардың неше дыбыстан тұратынын айтқызады.
б) Берілген үзік сызықтарды қосып, таяқшаларды жазу. Машинаның суретін торкөзді санап салып, және бояйды.
ІІІ қорытынды
Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі қандай?
Жақсы қатысқан балаларды мадақтау