СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепішілік бақылау- мектеп басқарудың тиімді функциясы

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Мектепішілік бақылау- мектеп басқарудың тиімді функциясы»

Мектепішілік бақылау- мектеп басқарудың тиімді функциясы.

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру ұйымдарының білім сапасын көтеру, мемлекеттік жалпыға бірдей стандарт деңгейінде білім сапасын қамтамасыз ету ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Жалпы орта білім беру мекемелерінде аталған мәселені мектепішілік бақылау үдерісін тиімді ұйымдастыру, жоспарлау, жүргізу арқылы шешуге болады. Мектепішілік бақылау білім беруді басқару жүйесіндегі күрделі және көп еңбекті талап ететін функциялардың бірі болып табылады. Мектепішілік бақылау жүргізудің маңыздылығы ол мектептегі оқу-тәрбие процесінің жай-күйі туралы объективті және толыққанды ақпарат алуға, сонымен қатар білім сапасын арттыруға және педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру мақсатында іске асырылып жатқан жұмыстардың тиімділігін жан-жақты зерделеуге және талдауға мүмкіндік береді. Мектепішілік бақылаудың тексеріс жұмыстарынан айырмашылығы, мектепішілік бақылауды білім беру ұйымдарының субъектілері жүзеге асырады. Мектепішілік бақылаудың мақсаты - білім беру ұйымының қызметі туралы ақпарат беру, жұмыстағы кемшіліктердің себептерін анықтау және түзету, педагогтерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Мектепішілік бақылау барысында алынған ақпарат, білім беру ұйымының қызметін, оқу-тәрбие процесін және педагогтің жұмысын жүйелі түрде зерделеуді қамтиды. Мектепішілік бақылаудың білім беру ұйымдарындағы мақсаттары:

  • Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

  • ҚР білім беру саласындағы заңнамасын сақтау;

  • білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді орындау;

  • білім беру процесіне қатысушылардың құқықтарын қорғау;

  • білім беру мекемесі қызметін жетілдіру;

  • оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру;

  • педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру.

Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
  • білім беру саласындағы заңнаманың орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;

  • заңнамалық және де басқа нормативтік-құқықтық актілерді бұзушылық және орындамау оқиғаларын айқындау, олардың жолын кесу шараларын қабылдау;

  • бұзушылықтардың негізінде жатқан себептерге талдау жасау, олардан сақтандыру жөнінде шаралар қабылдау;

  • педагогикалық қызмет нәтижелерін зерделеу, білім беру үдерісін ұйымдастырудағы оңды және жағымсыз үрдістерді айқындау және үздік педагогикалық тәжірибені тарату мен жағымсыз үрдістерді жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

  • мектеп бойынша бұйрықтардың іске асырылу нәтижелеріне талдау жасау;

  • бақылау үдерісінде педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету;

  • барлық оқу пәндері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарының сақталуын кезеңді түрде тексеру;

  • білім алушылардың білім мазмұнын меңгеру деңгейін кезең-кезеңімен бақылау;

  • білім беру ұйымында жүргізуге міндетті құжаттарды

тексеру (журналдар, күнделіктер, дәптерлер және т. б.);

  • жалпыға міндетті оқыту бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау (тамақтандыруды ұйымдастыру, материалдық көмек, үйде оқыту және т. б.);

  • үйірмелердің, факультативтердің және спорт секцияларының жұмысын бақылау (сабақтардың жүйелілігі, сабақтардың саны, сабақтардың тақырыбы және т. б.);

  • оқу-тәрбие процесінің жағдайынзерделеу, педагогтерді ынталандыру, өзара сенім және бірлескен шығармашылық ортаны құру;

  • білім алушылар, тәрбиеленушілер мен педагогтердің қауіпсіздігін, денсаулығын қорғауды және нығайтуды қамтамасыз ету;

  • қаржылық-шаруашылық қызметтің тиімділігін анықтау, материалдық- техникалық базаны жетілдіру;

  • мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау.

Мектепішілік бақылаудың функциялары:
  • Диагностикалық функция: бақылау белгілі бір критерий бойынша педагогикалық процесті диагностикалау, оның барлық қатысушылары жұмысының жетістіктері мен қиындықтарын көрсетеді.

  • Ақпараттық функция: бақылау - жоспарланған нәтижелермен байланысқан кездегі қызмет нәтижелерін талдау, әкімшіліктің, педагогикалық және оқушылар топтарының жұмысын түзету, таңдалған стратегияға сәйкес іс- әрекеттің одан әрі тактикасын анықтау үшін қажетті ақпарат көзі.

  • Ынталандыру (мотивациялық) функция: бақылау білім алушыларды оқу нәтижелерін жақсартуға, педагогтердің оқу-тәрбие процесін жүзеге асырудың формалары мен әдістерін жетілдіруге ынталандырады; бақылау педагогтер мен білім алушылардың оқуда жақсы көрсеткіштерге жетуге деген жалпы ұмтылысын ынталандырады.

  • Коммуникативтік функция: бақылау өзара қарым-қатынастағы коммуникативтік буындардың бірі болып табылады (білім алушылар мен педагогтер; педагогтер мен мектеп директоры; білім алушылар, педагогтер мен мектеп директоры), жүйеленген бақылау педагогикалық процестің барлық қатысушыларының өзара әрекеттесуінің үздіксіз процесін қамтамасыз етеді.

  • Интеграциялық функция: бақылау жалпы мақсатқа жету үшін жұмыс қиындықтарын немесе кемшіліктерін жою кезінде педагогикалық процестің барлық қатысушыларының күш-жігерін біріктіреді.

  • Білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау мынадай принциптерге негізделеді:
  • Позитивті іздеу қағидаттары. Бақылаушы бақылаудан оң нәтиже шығару үшін ең алдымен педагог жұмысының табысты болғанын атап айтса, онда бақыланатын адаммен қызметіндегі қиындықтарды жою туралы диалог нәтижелі болады.

  • Мақсатқа қол жеткізуді бақылау қағидаттары. Бақылау формалары мен тақырыптарын циклдік түрде қайталай отырып, жұмыс процесін бақылаудың қажеті жоқ. Бақылау мектептің мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу туралы ақпарат алуға бағытталуы керек.

  • Мектепішілік бақылау жүйесіндегі педагогтің субъективті позициясының қағидаты. Білім беру ұйымдарының педагогтері мектепішілік бақылау процесіне неғұрлым белсенді қатысса, соғұрлым өзара бақылау мен өзін-өзі бақылау табысты болады, педагогтердің жауапкершілігі мен сенімі артады.

  • Бақылаудың ашықтығы мен айқындығы қағидаты. Бақылаудыңоңжәне теріс нәтижелері бүкіл ұжымға белгілі болуы керек. Бұл жағдайда топтың әр мүшесі өзін бағалай алады немесе өзінің педагог ретінде жетілдіру қажет тұстарын көре алады.

  • Жүйелілік қағидаты. Егер бақылау эпизодтық болса, онда оның пайдалылығы күрт төмендейді.

  • Білім беру процесінде мектепішілік бақылау әдетте жалпыға міндетті оқытудыңорындалуына,оқупәндеріноқытудыңжағдайына,білімалушылардың білімі мен дағдыларының деңгейіне, құжаттардың жүргізілуі, сыныптан тыс тәрбие жұмысын, мектептен тыс және жалпы мектепішілік іс-шараларды ұйымдастыруда жүзеге асырылады.

Соныменқатар,мектепішілікбақылаубілімберусаласындағынормативтік құжаттардыңорындалуына, педагогикалық кеңестердің шешімдерін орындауға, әдістемелікбірлестіктердіңжұмысына,педагогтергеәдісетемлікқолдаукөрсету үшін іске асырылады.

Білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын тексеру мектепішілік бақылауға жатады: оқу кабинеттері, зертханалар, кітапхана, көрнекілік құралдар, спорт залы, мектеп құжаттамасын және мектептің іс қағаздарын жүргізу және т. б.

Мектепішілік бақылаудың объектілері : Оқу процесі:
  • Оқу бағдарламаларын орындау;

  • Білім алушылардың білім деңгейі мен дағдылары;

  • Дарынды балалармен жеке жұмыс;

  • Сабақтан тыс іс-шаралардың сапасы және т.б.

Тәрбие процесі:
  • Білім алушылардың тәрбиелік деңгейі;

  • Білім алушылардың қоғамдық белсенділік деңгейі;

  • Сынып жетекшілердің қызметі;

  • ата-аналардың тәрбие процесіне қатысуы;

  • мектептегі тәрбиелік іс-шаралар және т.б.

Оқу-әдістемелік жұмыс:
  • әр педагогтің кәсіби деңгейі;

  • әр сынып жетекшісінің кәсіби деңгейі;

  • педагогикалықт әжірибені тарату жолдары;

  • педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыру және т.б.

Ғылыми және инновациялық қызмет:
  • бұл қызметтің мектепті дамыту тұжырымдамасына сәйкестігі;

  • инновациялардың ғылыминегізділік дәрежесі;

  • инновациялардың тиімділігі;

  • педагогтердің ғылыми білім деңгейі;

  • білім алушылардың зерттеу қызметі.

Білім алушылар мен педагогтердің психологиялық жағдайы:
  • білім алушылардың, педагогтердің психологиялық жайлылық (ыңғайсыздық) дәрежесі;

Материалдық-техникалықжағдайы:
  • еңбекті қорғау;

  • санитарлық-гигиеналық жағдайы;

  • оқу және әдістемелік әдебиеттер мен қамтамасыз ету;

  • оқу-техникалық жабдықтармен қамтамасызету.

Мектепішілік бақылаудың түрлері мен нысандары.

Менеджменттің негізгі функциясы ретінде бақылау басқару объектісінің жағдайы мен қызметі туралы ақпараттықалыптастыруға,оқу-тәрбие процестері мен нәтижелері туралы ақпаратты зерттеуге (талдау), мектепті дамыту және қойылған мақсаттарға жету процестерін диагностикалау және бағалау бойынша

жұмыстарға, стратегиялардың тиімділігіне, басқару құралдары мен әдістерін пайдаланудың нәтижесіне мен қателіктерді түзетуге байланысты басқару қызметінің түрлерін біріктіреді. Басқаша айтқанда, басқару функциясы ретінде бақылау - бұл мектеп жүйесінің өзгеру процесін бақылау, алынған нәтижелерді берілген мектептің даму жоспары мен оқу бағдарламаларымен салыстыру, бағдарламадан ауытқуларды, олардың себептерін және шешу жолдарын анықтау.

Мектепте атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін білу бақылау функциясын іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Бақылау мектептегі нақты жағдай жоспарланған нәтижеге сәйкес келмейтін болса, қандай басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Бақылау міндеттеріне педагогикалық ұжымның жұмысын бағалау және орындаушыларды нәтижелі жұмыс істеуге ынталандыру үшін ақпараттық базаны қалыптастыру кіреді. Соңында, бақылау педагогикалық және басқарушылық қызметтің ең құнды тәжірибесін анықтауға мүмкіндік береді.

Бақылау субъектілері нормативтік құжаттар негізінде, сондай-ақ мектепішілік бақылау жоспарын әзірлеу кезінде айқындалады. Бақылау функциясын кім орындайтынына байланысты мектеп бақылаудың мынадай нысандарын ажыратады:

  • әкімшілік бақылау;

  • өзара бақылау;

  • ұжымдық бақылау;

  • өзін-өзі бақылау.

Мектепбасшылығыныңбақылауы әкімшілік деп аталады. Педагогтер мен мектеп басшылары бір-біріне қатысты бақылау функциясын орындай алады.Бұл жағдайда бұл өзара бақылау болып табылады. Өзара бақылау озық тәжірибені тарату және кәсіби біліктілікті арттыру кезінде ең тиімді болып құрал болып табылады.

Педагогтер ұжымы жүзеге асыратын бақылау – ұжымдық бақылау. Бұл педагогтердің қызметін тең бақылау, ол кәсіби пікірталастар, шығармашылық есептер түрінде жүзеге асырылады.

Өзін-өзібақылау педагогтің сенімге негізделген жұмысын білдіреді. Өзін- өзі бақылау педагогтің қол жеткізген нәтижелерін қажетті стандарттар мен қызмет нормаларымен дербес салыстыру арқылы жүзеге асырылады.