СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Мен және менің отбасым" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Отбасы" сөзінің мағынасын ашу, отбасы мүшелерін тани білуге (әке, ана, ата, апа, әже, аға, іні (бауыр), қарындас (сіңілі)) үйрету. "Тату отбасы", "Бақытты отбасы", "Үлкен отбасы" ұғымдарынтүсіндіру. Отбасындағы бір - біріне деген сыйластық, қамқорлық сезімдеріне баулу.

Просмотр содержимого документа
«"Мен және менің отбасым" тақырыбындағы ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы»

ІІ кіші топқа ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

технологиялық картасы

Мерзімі:

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Тіл дамыту»

Тақырыбы: «Мен және менің отбасым»

Мақсаты: бір отбасындағы адамдар арасындағы тату қарым-қатынасты қалыптастыру. Бір-біріне қамқор болуға, өз отбасын мақтап ете білуге тәрбиелеу; «бақытты отбасы», «тату отбасы» ұғымдарын терең түсіндіру.

Сөздік жұмыс: жанұя, тату-тәтті отбасы.

Қостілдік компонент: менің отбасым – моя семья.

Керекті құралдар: отбасымен түскен суреттер,


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

қозғаушылық



Шаттық шеңбер:

  • Қайырлы таң, балалар! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз шеңбер құрып тұрып,бір-бірімізе сүйіспеншілігімізді білдіріп амандасып алайық.


Жартылай орындықта отырады.

Қарайды.


Турады.



Біз балдырған баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем! Сәлем! Сәлем!


Ұйымдастыру-іздестіру


Әңгімелесу

  • Балалар біз бүгін «Отбасы» туралы әңгімелесеміз. Біздің әрқайсымыздың өз отбасымыз бар.

Отбасында сендерді жақсы көретін, сендер жақсы көретін адамдар тұрады. Олар ата мен әжеміз, әке мен анамыз, аға мен апайымыз, бөпелеріміз.

  • Осыны бір сөзбен не деп айтамыз?

«Менің отбасым» орыс тілінде «Моя семья» деп айтылады.


  • Балалар отбасымыздағы басшы кім?

«Әке» деген сөзді орыс тілінде қалай айтамыз?

  • Ал, ана сендерді өмірге әкелген адам. «Ананы – мама» деп айтамыз.

  • Ата мен әжеге сендер кім болып келесіңдер?

  • Орыс тілінде «ата – дедушка, апа – бабушка» деп айтылады


Назар аударып тыңдайды.








  • Отбасы деп айтамыз.


Қайталайды.



  • Әкеміз, атамыз


  • «Папа» деп айтамыз


  • «Мама» қайталайды.


- Немере боламыз.


Қайталайды.




.

  • Отбасындағы адамдар бір- бірімен қандай болуы керек?


Отбасының болуы – үлкен бақыт.


Есік қағып шарға байланған хат әкелінеді.

Хатты ашып балалардың отбасымен түскен суреттерін алып көрсетеді.


Балалар отбасы жайлы тақпақ білесіңдерме?















Сергіту сәті:

Сәлем саған ата!

Сәлем саған әже!

Сәлем саған әке!

Сәлем саған ана!

Мағанда бір сәлем!

Отбасыма бір сәлем!


Енді орыс тіліндегі тақпақты тыңдайық.






Балалар тек тақпақ емес, мақал – мәтелдерде біледі.





«Сен отбасында кімдермен тұрасың?» дидактикалық ойыны.

Шарты: Балалар шеңбер бойынша тұрады. Допты жағалатып лақтырып,

ұстаған бала отбасында кіммен тұратынын айтып шығады.



  • Тату, мейірімді, қайырымды болу керек.



Таңданып қарайды.




Балалар өз отбасымен таныстырады.


  • Біздің үйде ән тарап,

Думандатар өмірді,

Біздің үйде салтанат

Біздің үйде көңілді.


  • Әкем, шешем және мен,

Тату-тәтті тұрамыз.

Сыйластықпен, махаббатпен,

Сауық- сайран құрамыз.


  • Әкемізге еркелеп,

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертек көп,

Атамызды сыйлаймыз



Балалар қимылды бірге жасап көрсетеді.




- Этот пальчик дедушка,

Этот пальчик бабушка,

Этот пальчик папочка,

Этот пальчик мамочка.

А вот этот-Я.

Это вся моя семья.

  • Әке- асқар тау,

Ана -шалқар көл,

Бала- жағадағы құрақ

  • Ана көрген тон пішер,

Әке көрген оқ жанар.



Ойынға қызыға қатысады.



Рефлексивті- түзетушілік







Қорытынды сұрақтар:

  • Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?


  • Отбасы мүшелерін атап беріңдерші.

  • Біздің шеңберіміз киіз үйге ұқсайды. Шаңырақ – отбасының белгісі. Әр адам, үлкен болсын, кіші болсын өз отбасын жақсы көреді, ендеше отбасымызға тілек айтайық.

  • Балалар, енді қонақтармен қоштасайық.




  • Отбасы туралы әңгімелестік.

- Ата, әже, әке, ана, аға,апай.



Әр бала өзінің тілегін айтады.


Қонақтармен қоштасады:

Ортаға келіп тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық!




Күтілетін нәтиже:

Білу керек: отбасы мүшелерін ажыратып, атай алу. Үлкендерге құрмет көрсете білу.

Болу керек: тілдік, сөздік қорлары, есте сақтау қабілеттері.

Істей білу керек: ойын барысында қайталап, тапсырмаларды толық орындауды.