СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің күн тәртібім" жаратылыстану

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың күн ережесі туралы білімдерін кеңейту. Күн

ережесін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Таң атты, таңертең, күн шықты, түс келді,  кеш, т.б. деген ұғымды мезгілді дұрыс атап, ажырата білу.

Просмотр содержимого документа
«"Менің күн тәртібім" жаратылыстану»

Ортаңғы тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в средней группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель:

Білім беру саласы/Образовательная область: Таным. Познание.

Пән/Предмет: Жаратылыстану

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Балабақша»

Тақырыбы/Тема: «Менің балабақшамдағы күн тәртібім дегеніміз не?»

Мақсаттары/Цели:

1.Тәрбиелік – воспитательная: Уақытты дұрыс үнемдеуге тәрбиелеу.

2.Дамытушылық – развивающая: Балаларға күн тәртібі арқылы уақыт туралы түсініктерін жетілдіру.

3.Оқыту – обучающая: Балалардың күн ережесі туралы білімдерін кеңейту. Күн

ережесін жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру. Таң атты, таңертең, күн шықты, түс келді, кеш, т.б. деген ұғымды мезгілді дұрыс атап, ажырата білу.

Педагогикалық технологиялар/пед.технологии: компьютерлік, денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: слайд «Менің күн тәртібім», тәулік бөлігіне байланысты суреттер, күн бейнесі.

Билингвалдық компонент/Билингвальный компонент: Таңертең-утро, күндіз-днем, кеш-вечер,түн-ночь.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент:

Тосын сәт: Балалар біз бүгін сендермен саяхатқа шығамыз. Саяхат «Менің күн тәртібім» деп аталады.

2.Негізгі бөлім/оснавная часть:

Слайдпен жұмыс:

Қараңдаршы балалар күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз.

Билингвалдық компонент:

- Қане, «таңертең-утро» деп қайталайық.

Жеке жұмыс: Амина сен таңертең не істейсің?

Дұрыс айтасыңдар, таңертең жуынамыз, жаттығу жасаймыз, киінеміз, балабақшаға келеміз.

-Таңертеңгелік жаттығу не үшін қажет?

- Қараңдаршы, күн бір орында тұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр.

- Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе «күндіз» дейміз.

Билингвалдық компонент: «Күндіз-днем» сөзін қайталау.

Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайда тұр? Күннің пішіні қандай екен?

- Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?

- Ал күндіз сендер не істейсіңдер?

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын.

Тісімді тазалап,

Шашымды тараймын.

Киімді киемін,

Бақшаға келемін

Мен әдепті баламын.

- Балалар қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді, яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл мезгілді кешкі мезгіл деп атаймыз.

Билингвалдық компонент: «Кеш-вечер» сөзін қайталау.

- Балалар біз кешке не істейміз?

Ал енді міне күн ұясына батты. Бұл мезгілді «Түн» дейміз.

-Түнде біз не істейміз?

Билингвалдық компонент: «Түн-ночь» деп қайталаймыз.

-Түнде аспаннан нені көреміз?

- Айдың жанында нелер бар?

-Ал жұлдыздар көп пе,әлде аз ба?

Дидактикалық ойын: «Бұл қашан болады?»

Ойын шарты: Тәулік бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып шығу.(Алдымыздағы өзіміздің іс-әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді қойып шығамыз).

«Сөздік ойын»

Тәулік бөліктері туралы.

- Біз таңертең жаттығу жасаймыз, ал...түскі ас ішеміз.

- Біз кешке тамақ ішеміз, ал ... жаттығу жасаймыз.

- Түнде біз ұйықтаймыз, ал ... серуендейміз.

- Таңертең ертеңгілік ас ішеміз, ал... ұйықтаймыз.

- Күнді күндіз көреміз,ал жұлдызды...көреміз.

3.Қорытынды/итоговая часть:

-Күн тәртібін не үшін сақтау қажет?

-Күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты қалай атаймыз?

Балаларды күн бейнесімен бағалау.