СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мейірімділік-асыл қасиет

Нажмите, чтобы узнать подробности

План урока по самопознание для 3 класса.План урока про иситну.

Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік-асыл қасиет»

Тексерілді: _______________ «____»______________________

Өзін-өзі тану сабағы

Мектеп: Ханарық ЖОМ Мерзімі:5.04.2017ж

Тақырып: Жаным толған жақсылық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Кешірімшіл болу, шынайылық, адамдарға риясыз қызмет ету.

Мұғалім: Рахмеджанов Азимжан Сынып:3-«А,Б» Оқушылар саны:49

Мақсаты: Балаларға адамдардың жаны толған жақсылық екендігін сүйіспеншілік құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

-оқушыларға кешірімшіл болу туралы түсінік беру;


-оқушылардың бойына шынайылық қасиеттерін дамыту;


Оқушыларды адамдарға риясыз қызмет етуге тәрбиелеу;

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.Тыныштық сәті

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:

(материалдар,

Дерексөздер)

Ы.Алтынсарын «Кел, балалар, оқылық»кітабы,

фотосуреттер,

үнтаспа,маркер,

ватман,видеобейне,үлестірме қағаздар, «Құндылықтар ағашы» суреті.

Ескерту: Балалар ережені еске түсіріп,сыныптың тәртібін сақтайық.


«5»-Т


Тәртіп


Тазалық


Татулық


Талап





2.Үй тапсырмасын тексеру: Е.Ашықбаевтың «Сурет салсам» атты өлеңін сұрау.

  1. Жақсылықты риясыз жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

  2. Өздеріңнің жақсылық істерің туралы естеріңе түсіріп айтып беріңдер?

Сабақтың барысын талқылау:

3.Әңгімелеу (сұхбат): Е.Көсеоғлұның «Жан ана» атты мәтіні.

  1. Ауылдағылардың жасаған әрекеттеріне көзқарастырың қандай?

  2. Осы әңгімеден қандай ой қорытуға болады?

  3. Жан ана адамдарға қандай жақсылық істеді?

  4. Жан ана неліктен өкінді?

  5. Өздерің «жақсылық жасау» дегенді қалай түсінесіңдер?


4.Дәйек сөз:

Біреуге жақсылық етсең,

ол жақсылығыңды міндет етпе.

Ы.Алтынсарин

  1. Осы дәйек сөзден не түйдіңдер?

  2. Өздерің адамдарға жиі жақсылық жасайсыңдар ма?


5.Шығармашылық жұмыс:

«Жаным толған жақсылық» тақырыбында әңгіме құрау.


6.Топпен ән айту:

Біз бақытты балдырғандар

Сөзін жазған: М.Әлімбаев

Әнін жазған: Ө.Байділдаев


7.Үй тапсырмасын беру:

Қ.Толыбаевтың «Күн мен гүлдер» атты мәтіні оқу.


8. Соңғы тыныштық сәті

Баяу музыка қойылады. Тыныс алуға зейін қою.

Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет)немесе1..................2 [3].

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізде сақтайық. Рахмет!