18 ғасырдың соңында қысқа аяқты қойлар пайда болып, одан анкон тұқымы тараған. 19ғ-да мұндай индивидуумдарды “спорт” деп атаса, ал қазір мутант деп атайды. Мутант спонтанды түрде не мутагендердің әсерімен пайда болады. Мутанттың басым көпшілігі бастапқы организмдерден әр түрлі құрылымдары мен функцияларының бұзылуымен әрі тіршілікке бейімділігінің төмендігімен ерекшеленеді. Ал кейде қалыпты орта жағдайында селективтік артықшылықтары басым мутант пайда болады. Мұндай мутанттар өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұқымдарын және микроорганизмдердің штаммдарын шығару үшін аса маңызды. Генетикада мутанттарды мутациялық процестердің заңдылықтарын, генетикалық аппараттың құрылысы мен оның жұмыс істеуін, әр түрлі заттардың биосинтез жолдарын, т.б. зерттеуге пайдаланады. 2.Мутаген (латын тілінде mutatіo – өзгерту және ген) – клетканың генетикалық материалын бұзатын және мутациялық өзгерістердің пайда болуына ықпал ететін әр түрлі факторлар. Олар химиялық, физикалық және биологиялық болып бөлінеді. Химиялық мутагенге: көптеген алкилдеуші қосылыстар, нуклеин қышқылдарының азотты негіздерінің аналогтары, алкалоидтар, т.б.; физикалық мутагенге: иондаушы сәулелердің барлық түрлері (гамма, рентген сәулелері, протондар, нейтрондар), ультракүлгін сәулелері, жоғарғы және төм. темп-ра, т.б.; ал биологиялық мутагенге: көптеген вирустар жатады. мутагендердің әсерінен клетканың, қала берді организмнің қалыпты тіршілік ету жағдайы бұзылады. Соның нәтижесінде мутацияның барлық типтері (гендік, хромосомдық, геномдық) көрінеді. Организмде мутация жиілігін жүздеген есе өсіретін мутагендерді ‘‘супермутагендер’’ деп атайды. Кейбір мутагендер канцерогендік те әсер етеді. 3.Мутагенез (мутация және генез) – физикалық және химиялық мутагендердің көмегімен мутацияларды жасанды жолмен алу әдісі. Бұл әдіс экспериментті генетикада жиі қолданылады. Селекцияда мутагенез жануарлардың, өсімдіктердің және микроорганизмдердің болашақтағы мутанттарын алуда пайдаланылады.
Просмотр содержимого документа
«Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік.pptx»
Күні: 12.12.2016 ж.
Сыныбы: 9
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Мутацияларды экспериментальды жолмен алу.Адамның тұқым қуалайтын өзгергіштігі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Генетиканың зерттейтін бір қасиеті өзгергіштік туралы толықтай түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың жан-жақты болуына ықпал жасап, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, еңбектенуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: ребус, проблемалық сұрақтар
Көрнекіліктері: суретті сызба-нұсқа, слайд.
Пәнаралық байланысы: генетика негіздері
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тақырып «Модификациялық және тұқым қуалайтын өзгергіштік. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің типтері. Гендік, хромосомалық, геномдық мутациялар. Тұқым қуалайтын өзгергіштіктің гомологтік қатарлар заңы».

” ”ʼ ”ʼ ”” ”ʼ ”ʼ ʼ

ʼ ”ʼ ” ”” ”ʼ ” ʼ
-Жарайсыңдар оқушылар, ребусты шешуде өте белсенділік таныттыңыздар. Сонымен ребустың шешімі мутацияның бір түрі – геномдық болды.
- Енді келесі айдарымыз «Кубиктер айналымы» деп аталады. Бұл айналымда сендер ортаға шығыңдар,мен кубик лақтырамын, кубик кімнің алдына түседі сол оқушыға мен сұрақтар қоямын.Сол сұрақтарға сендер тезірек жауап берулерің керек.
Кубик лақтыру.
Полиплоидия дегеніміз не?
Кубик лақтыру.
Мутагендік факторлар неше топқа бөлінеді?
Кубик лақтыру.
Дерек көздеріне сүйенсек елімізде әрбір алтыншы отбасы бала сүю мүмкіндігінен айырылған. Бұл жағдайды қалай түсінесің?
Кубик лақтыру.
Қазіргі заманда адамдар арасында да қосжынысты адамдар кездеседі дегенді қалай түсіндіресің?
Кубик лақтыру.
Сыртқы орта жағдайларының әсеріне байланысты тұқым қуаламайтын өзгерістердің қалыптасуы қандай өзгергіштік болып табылады?
Қызықты мәлімет.