СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

My hobby hobbyes

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тема урока My hobby

открытая уроки

Классовые предметы

Просмотр содержимого документа
«My hobby hobbyes»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Сарқан гуманитарлық колледжі

Шет тілін оқыту әдістемесі пәнінен



КУРСТЫҚ ЖҰМЫС





Тақырыбы: «Оқушылардың шетел тілі сабағында Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы өз білімін бақылау, өз бетімен жетілдіру»





Тексерген: А.А.Тулемисова

Орындаған: 403 «А» топ

Білімгері: Н.С.Кашкенова





Сарқан қаласы

2015 – 2016 оқу жылы

Мазмұны



Кіріспе..................................................................................................................2-3



I – тарау. Оқытудың жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологиялары.



    1. Шетел тілі сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларын қолдану..................................................................................................................4-5



    1. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялары дегеніміз не?......................................................................................................................6-8


    1. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану..............................................................................................................8-10



ІІ – тарау. Мултимедиялық проекторлар (интерактивті тақта, слайд, видео, т.б.)

2.1. Интерактивті тақта....................................................................................11

2.2. Компьютерлік технология арқылы шетел тілін оқыту..........................12-13



ІII – тарау. Оқушылардың білімін бақылау және бағалау.

3.1. Шетел тілі сабағында өз бетінше білімін бақылау.............................14-17

3.2. Шетел тілі сабағында оқушылардың өз білімін жетілдіру ..................................................................................................................17-23

3.3. Баға қою.....................................................................................................23-25

3.4. Өз білімін бақылау және бағалауға арналған тапсырмалар..................25-27



3.5. Қорытынды...................................................................................................28

3.6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................29



Кіріспе.

Оқытудың жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларын меңгеру - қазіргі заман талабы. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндеттер ауыр» деген болатын.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Ұстаздар қауымының алдында сабақта ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру; Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу; Сабақта оқытудың жаңа технологияларын тиімді қолдана білу; Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету міндеттері тұр.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Шетел тіліне үйрету жүйесінің жұмысы үнемі бақылауды талап етеді. Бақылау екі жақты әрекет. Ол мұғалім мен оқушыны байланыстырады. Оқушының білімін тексеру оның дайындық деңгейін анықтайды және оны оқуға итермелеп отырады.

Бақылау жұмыстары сыныптың бағдарламалық талаптарын орындағанын әр тоқсан бойынша тексеруге мүмкіндік береді. Бұл бақылау жұмыстары сөйлеу әрекетінің түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады:

  • түсініп тыңдау (аудирование) – мәтінді оқушының түсінгенін бақылау

  • сөйлеуді бақылау – соңғы сабақтарда оқиғаны суреттеумен немесе оқиғаны әңгімелей білуді тексеру

  • бақылау оқуы – бұл бір мәтінді іштей оқып, түсінгенінен сұрақ қою арқылы жеке тексеру немесе жаттығу – тапсырма түрінде жазып беру.

Бақылау жұмыстарын өткізу әдістемесі мұғалім кітабында берілген, бақылау оқуына арналған мәтіндер оқулықта беріледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты – оқушылардың шетел тілі сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларын қолдану арқылы шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату, өз білімін бақылап бағалауға, өз бетінше білімін жетілдіруге үйрету.

Зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.

Зерттеу нысаны: Ағылшын тілі сабағында өз білімін жетілдіру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;
3. Видеофильмдер мен мультимедиялық презентациялар арқылы диалог және монолог түрінде сөйлеуге үйретудің жаңа нұсқаларын ұсыну;

4. Өз білімін бақылау және бағалау.

Зерттеудің әдіс – тәсілдері:

  • Өзін – өзі бақылау әдісі;

  • Статистикалық анализінің әдіс элементі;

  • Аналитаклық әдістер.


Курстық жұмыс жазу барысында келесі қайнар көздер қолданылды: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.


Курстық жұмыс жазғанда әр түрлі әдебиеттер қолданылды:

Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері; Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі»; С. Т. Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау; М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта; С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану.

Курстық жұмыстың құрлымы:

Берілген курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қортындыдан, қосымша материалдардан және пайдаланылған қайнар көздер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.






















I – тарау. Оқытудың жаңа ақпараттық коммуникациялық технологиялары.

    1. Шетел тілі сабағында ақпараттық – коммуникациялық технологияларын қолдану.

Білім беруде ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық пен жұмыс жасауға мүмкіндік туғызады. Оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11 – бабының 9 тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзіреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеру құзыреттілігін қалыптастырудың басты мақсаты – оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және оны қолдану білімдерімен қаруландыру, олардың компьютерлік технологияны өз қызметтеріне еркін, тиімді пайдалана алу қабілеттерін қалыптастыру.

Ақпараттық–коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу.

Ақпараттық-коммуникативтік технология жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары: оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік және интерактивтік технологиялары бағыттары:

а) электронды оқулықтар;

ә) телекоммуникациялық технологиялар;

б) мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар;

в) қашықтықтан оқыту (басқару) Интернет.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:

Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

1. Білімге бір – бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады:Жоғары сынып оқушыларын емтихандар мен ҰБТ даярлауға арналған жаттықтыру бағдарламаларын пайдалану;

2. Оқытудың жүйесінің көп денгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

3. Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

4. Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.

АКТ-ны қолдану сабақтарында, басқа сабақтардағы сияқты, мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:

• дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);

• әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);

• ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);

• оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).

Ақпараттық технологиялар мен инновациялық педагогикалық әдістерді біріктіру білім беру сапасы мен тиімділігін арттырады, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаларының бірі болып саналатын білім беру жүйесінің білім алушылардың деңгейі мен даму ерекшеліктеріне сәйкестігін күшейтуге мүмкіндік береді.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдануы болып табылады. Бүгінгі бала - ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағат-бағдар беруші – біз. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.

Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ол өркениетке жетуде жан – жақты дамыған,рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше Қазіргі білім берудің басты мақсаты да жан – жақты дамыған,рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады.Сондықтан заман талабына сай оқыту үрдісін жетілдіре отырып,қоғам сұранысына сай жеке тұлға қалыптастыру мәселесі бойынша оқушыларға ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта көптеп қолдану тиімділігі артып отыр. Адамның үнемі ізденіске,жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс.

































1.2. Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар дегеніміз не?

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар дегеніміз не ? «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты. Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық - коммуникациялық технологияларды (бұдан кейін АКТ) пайдалану. АКТ - ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ - ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан - жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

«АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан - жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық - аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ - ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

- Интерактивті тақта;

- Мультимедия;

- Интернет кеңістігі;

- Электронды оқулық.

«Интернет» деген термин ағылшынның «international net» деген сөзінен, аудармасында «халықаралық байланыс» деген ұғымды береді. Интернет жүйесі арқылы тіл үйренуші тіл өкілімен тура, тікелей байланысқа түсе алады, шетел тілі сабағында Интернетке қосылу арқылы шынайы қарым-қатынас үлгісін жасауға болады. Табиғи тілдік ортада тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана отырып, тіл үйренушілер айтылымдарға спонтанды түрде, түрлі тілдік формулаларды қолдана отырып, жылдам жауап беруге дағдыланады.

Интернет жүйесінің келесі ақпараттық қоры мен ресурстарын шетел тілі сабағында пайдалану бірден-бір тиімді болмақ:

•электрондық пошта( e-mail), телеконфереция, видеоконференция;

•жеке ақпараттарды жарыққа шығару мүмкіндігі немесе басқаша айтқанда Web

•серверге жеке шығару;

•ақпараттық каталогтар (Yahoo, InfoSeek/ UltraSmart, Galaxy) іздеу жүйесі (Altta, Vista, HotBob, Open Text), жүйе ішіндегі әңгіме( Chat).

Оқу үрдісінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажет:

Бір қалыптылықты пайдаланбау, деңгейлер бойынша (білу, пайдалану, қолдану) оқушылар әрекетін ауыстырып отыру;

Баланың ойлау (зерделеу) қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамыту;

Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу;

Оқушының есте сақтау қабілетін ескеру (жедел, қысқа мерзімді және ұзақ уақыттық есте сақтау).Оң мотивацияларды қалыптастыру – мұғалімнің кәсіби міндеті. Мотив оқушының танымдық қызығушылықтары, жаңа білім, іскерлік, дағдыны меңгерудегі қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Жағымды жағдай туғызу үшін оқушыны коммуникативтілікке бағыттап, сабақта оқушы іс - әрекетін ынталандыратын ерекше сабақ формаларын таңдау керек. Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс - әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, спектакль - сабақ, саяхат - сабақ және т. б. жатқызуға болады.

Жаңа АКТ - ны сабақта пайдаланудың тиімділігі:

Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;

Ақыл - ойын дамытады;

Шығармашылық белсендігін арттырады;

Ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді;

Тіл байлығын жетілдіреді;

Жан - жақты ізденушілігін арттырады. АКТ - ның негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс - әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан - жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Білім беруде АКТ - ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ - ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ - ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай - ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс - әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы (тақырыпты) қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш - карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео - сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз.

Қорыта айтқанда, ақпараттық - коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану - бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден – бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.

Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану, тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады , сондай- ақ оның сапасы алынған білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Түйін Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану мәселесі өзектімәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты субьектінің мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру десек, онда сол шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттықкоммуникациялық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ.





1.3. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану.

Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.

Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді.

Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде.

Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи – танымдық, педагогикалық – психологиялық сауатты, саяси – экономикалық білімді және ақпараттық – коммуникациялық білімді және ақпараттық – коммуникациялық технологияны жан – жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Ағылшын тілі - ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт, Вальтер Скотт сөйлеген.

Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.

Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы. Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Ең алдымен технология туралы жалпы мәліметті қарастырайық.Сөздіктерде «Технология» деген адамдардың нақтылы күрделі үрдісті өзара байланысқан жүйелер, рәсімдер мен операцияларға жіктеу арқылы жүзеге асыру тәсілін айтады. Бұл арада рәсім деп басты үдеріс (немесе оның бір кезеңі) жүзеге асыратын, нақтылы технологияның мәнін білдіретін әрекеттер кешенін айтамыз, ал операция – осы рәсім аясындағы міндеттерді практикалық жағынан шешу жолы.

Поляк педагогы В. Оконь оқыту құралдарын мұғалімнің іс-әрекетін ауыстыру мен білім алушылардың әрекетін автоматтандыру мүмкіндігінің өсуіне байланысты жіктейді. Осыған сәйкес, оқыту құралдары екі топқа бөлінеді: жәй және күрделі. Жәй құралдар: сөздіктер, оқулықтар және басқа да мәтіндер; қарапайым визуалды құралдар: нақтылы заттар, модельдер, суреттер.Күрделі құралдар: механикалық визуалды құралдар: кодоскоп, диапроектор және т.б; аудио құралдар: магнитафон, радио, музыка ойнатқыш; аудиовизуалды: дыбысты фильм, телевизор, бейнежазба; оқыту процесін автоматтандыру құралдары: мультимедиялық кабинет, компьютерлер, ақпараттық жүйе, телекоммуникациялық жүйе.Бұл технологияларды әсіресе шетел тілін үйренуде пайдасы өте зор. Себебі, тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуметін қатар үйренеді. Ал оны толықтай меңгеру үшін оқулықтың аздық етері анық. Адам көру, есту арқылы тіл қолданушылардың мәдениетін тезірек сезінеді. Яғни, өзінің де сол тілді меңгергендердің қатарына қосылуы әбден мүмкін.Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр.

Өмірдің әр алуан саласына ақпараттық процестердің енуі жаңа ақпараттық технологияларға негізделген білім беру жүйесінің жаңа моделін құруды талап етеді. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point.

Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамасыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі. Және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б.

Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

• лексиканы оқып үйретеді;

• сөйлеу ырғағын;

• диалог, монолог және рөлдік ойындарды;

• хат жазуға үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Көбіне ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданылады. Интерактивті тақтаға сөзі анық жазылған ағылшын тіліндегі видеороликтерді, аудио дискідегі өлеңдерді, электронды оқулықтарды компьютер арқылы енгізіп, тақырыбы бойынша сабақта қолданған жөн. Бұл көрнекі құралдар тақырыпты ашуға, оқушыға жеткізуге көп көмегін тигізеді. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша жаттығулар мен тапсырмаларды орындап, тестілер шешіп, семантикалық карталар және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жай түрде көрсетуге пайдалы. Интерактивті тақтаны оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі тақырыпта материалдар енгізіп қоюға болады, кез-келген керек уақытта сол материалды ойланбай қолдануға болады. Ағылшын тілін үйрету барысында интерактивті тақтаны тәжірибеде кеңінен қолдана отырып, төмендегідей қорытындыға келдім: оқушының тіл үйренуге қызығушылығын арттырады; қарым-қатынас дағдыларын дамытады; оқу процесін жекешелендіреді және ерекшелендіреді; оқушылардың ойлау қабілетін дамытады; оқып жатқан тілде мәліметтерді тыңдау арқылы сол тілде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді; тақта аркылы сабақта әртүрлі тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндіктер ашылады.

ІІ тарау. Мултимедиялық проекторлар(интерактивті тақта, слайд, видео, т.б.)

2.1. Интерактивті тақта

Интерактивті тақта – топтағы оқушылардың барлығын оқытуға және оқытушы жаңа материалды өте қызықты және қарқынды етіп түсіндіруге көмектесетін, көзге көрінетін құнды құрал. Ол сызбаларды түсіндіруді жеңілдетіп, қиын мәселелерді шешуге көмектесе алады. Оқытушылар өздерінің жаңа ойларын, идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. Бұл тақтада оқытушылармен жаңа материалдарды бірігіп талдауға мүмкіндігі зор. Зерттеулер көрсеткендей, түрлі ресурстарды, қызықтыруларды ұлғайта отырып қолданса, оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де интерактивті тақта сабақты қызықты ететіні анықталды. Интерактивті тақтамен дұрыс жұмыс жасаса, оқушылардың білімдерін тексере де алады. Интерактивті тақта топтағы барлық оқушылардың басты назарына айналады. Ал егер де керекті материалдардың барлығы алдын ала дайындалып, түсінуге оңай болса, сабақтың жақсы қарқынды өтуін қамтамасыз етеді. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таң қалдырады, шабыттандырады. Көптеген мектептерде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін білмегендіктен, тек слайд көрнекіліктер көрсетумен ғана шектеліп жүрген мұғалімдер бар. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге болады. Интерактивті тақтамен жұмыс істеудің артықшылықтары: бағдарлама бойынша барлық топ оқушыларына қолайлы; сайттарды, басқа да құралдарды қолдана отырып, жаңа материалдарды түсіндіруге, меңгеруге қолайлы; берілген материалды әсерлі жеткізуге және оны топтағы оқушылары арасында талқылауға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі аудио-хабарлар. Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі.

АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:

-Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;

-Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;

-Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;

-Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерді жұмыс істеуге үйренеді;

-Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;

-Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді;

Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.





2.2. Компьютерлік технология арқылы шетел тілін оқыту.

Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралып оқытуға ақпараттық-коммуникациялық техно­логияларды пайдаланудың тиімділігі:

1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау (музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне-клиптер,слайд-шоу).

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылымын, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды.

3. Білімді бақылау арқылы нәтиже алу, бағалау.

Ақпараттық технологияны шетел тілі сабақтарында пайдалану нәтижесінде төмен­дегідей жетістіктерге қол жеткіземіз.

1. Сөзжұмбақ, кестелерді құру үшін дербес ком­пьютерді қолдану арқылы грамматикалық және лексикалық оқу материалдарын өңдеу.

2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.

3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.

4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Ақпараттандырылған қоғамның талабына сай мұғалім де, оқушыда жаңаша көзқарасты, терең ойлы болу керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек. Қоғамның басты бағыттарының бірі – білім беру процесін ақпараттандыру. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану білім беру үрдісінде тиімді және білім сапасын көтеруге ықпал жасайды. Оқу үрдісінде жаңа ақпараттық – коммуникациялық технологияларды қолдану, әлемдік білім кеңістігіне толығымен еніп, халықаралық деңгейге көтерілуде білім беру үрдісіне ақпараттық – коммуникация технологияларының жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғарғы тиімді технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Қорыта келгенде ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді Ақпараттық –коммуникациялық технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол.

Ағылшын пәні бойынша оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға, әсіресе сабақта сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру кезінде өз бетінше ізденіп білім алуға үйрету басты назарда болады. Қазіргі оқу үрдісіне қойылатын басты талаптардың бірі - шығармашылық тұлғаны қапыптастыру. Мұндай жетістікке жету үшін алдымен оқушылардың танымдық ізденістерін тиімді ұйымдастыру қажет. Оқушының сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастырудың бір жолы - оларды өз бетінше жұмыс жасауға үйрету. Бұл бағытта оқушының танымын арттыруда мынадай жұмыс түрлері тәжірибеде қолданылып жүр:

1. Оқушылардың қисынды ойлауын дамытатын, яғни сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы тапсырмалар беру.

2. Оқулықта немесе қосымша үйге берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері.

3. Үйге берілген тапсырма сөздің айтылуы мен естілуі жұмыстарын ұйымдастыруға арналған жұмыс түрлері.

Негізінен, шет тілін оқыту процесінде оқушыларды бірігіп белгілі бір мәселені шешуге белгілі бір әрекетке өз жауапкершілігін сезініп, белсенді болуға және осы кезде өз қиялын, ой-өрісін, шығармашылығын көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл әдіс оқушыларды жұп болып, бірігіп жұмыс жасауға, жұмыс жасай отырып, өзгелерге көмек көрсетуге үйретеді. Сонымен қатар бұл ұғым тәсіл ретінде төмендегідей талаптарға сай келеді:

  • ақпаратты терең игереді, өйткені оны ой елегінен өткізеді;

  • студент өзін-өзі еркін және ыңғайлы сезінетін өрісті қалыптастырады, тілді оқып үйрену ниетін арттырады;

  • студенттің жеке тұлғасына тікелей әсер етіп, танымдық, шығармашылық қабілетін оятады;

  • топ студенттерімен жасалатын жұмысты түрлі формада (жұптық, топтық, ұжымдық) өткізуді қамтамасыз етеді;

  • ойлауды белсендіреді;

  • ынтымақтастықпен әрекет етуге үйретеді;

  • тындау дағдысын қалыптастырып, өзгені тындай алады.

Әрине мүндай тәсілді қолдануда кездесетін қиындықтар да жоқ емес. Себебі әр студенттің ойлау қабілеті, жылдамдығы, білім деңгейі, ақпаратты меңгеруі бірдей жағдайда емес. Осыдан келіп студенттердің алдында шынайы және психологиялық қиындықтар туындайды.

Шынайы қиындық:

- берілген тапсырма дұрыс ұйымдастырылмаған жағдайда;

-жүріп жатқан әңгіме оқушыларға қызық емес болса;

-әңгімені тыңдамағандықтан сөйлей алмаған жағдайда туындайды.

Ал психологиялық қиындық шынайы қиындыққа қарағанда жиірек кездеседі. оқушылар мұндай жағдайда көбінесе үнсіз калады.

Яғни:

- оқушылар өз ойын білдіру үшін көмекші сөздерді, тілдік құралды таба алмағандықтан үндемейді;

- оқытушы мен топ алдында сөйлеуге қысылғандықтан үндемейді;

- өз білім дәрежесінің төмен екендігін көрсеткісі келмегендіктен үндемейді.

Мұндай жағдайда оқушыларды сөйлеу үшін оған қысым көрсетпей, оған сөйлеу үшін ыңғайлы, қолайлы мүмкіндік туғызылуы керек, студентті өз әрекеттерін тындай білуге үйрету керек.

Мұғалім алдымен оқушыларды сөйлеуге үйретуде, соның ішінде тілді қарым-қатынас құралы ретінде меңгеруге ұмтылуын, оқушыларға өз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру үшін оған сай ниетін оятып әрі оқу атмосферасын орната білуі керек. Ал мұндай атмосфераның орнауына Н.В.Гавриленконың төмендегі пікірлерімен толықтай келісуімізге тура келеді.

Біріншіден, ағылшын тілін оқытуда итерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқыту процесіне сай болуы керек. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жатты-ғулар студенттердің білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек.

Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өзі табуға дағдылануы керек.

ІІІ тарау. Оқушылардың білімін бақылау және бағалау.

3.1. Шетел тілі сабағында өз бетінше білімін бақылау.

Оқушылардың бірі оқьпушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай оқушылар нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдайда студенттерді топқа не болмаса жұпка біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр студенттің өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен студентер үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы студент топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық студенттердің, әсіресе білімі төмен студенттердің нәтижелі жұмыс істеуін кездейді. Осылайша оқушылар бірігіп қиындықтың алдын алады.

Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауга бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы оқушылар өз білімін өздері бағалайдыда олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін - өзі бақылау, жұптық өзара бақылау. Топтық өзара бақылау кезендері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.

Бұл бақылауды төмендегі бағалау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болады.

Өздік бағалауы

1. Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым: төмен, орта, жоғары

2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен, орташа, жоғары

3. Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орташа, жоғары

Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды)

1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі: төмен, орташа, жоғары

2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы: төмен, орташа, жоғары

3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті; төмен, орташа, жоғары.

Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді бағалау үшін өзінде тиісті білім болуы қажеттігі туады.

Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиетгерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдык, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.

Жалпы шетел тілі сабағында қолданылып жүрген ролдік ойындар, іскерлік ойындар, пікір талас, студенттердің баяндамалары мен ақпараттық хабарлары, дәріс - диалог, тренинг, дөңгелек үстелдер, ұжымдық -танымдық оқу, иммитация әдістері осы жоғары белсенділікті дамыту әдісінің интерактивті әдіс белгілері болып табылады. Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-әрекетті талқылау, қарама-қарсы кайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір таласын тудыру студенттің пәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. Ең бір жалқау деген студенттің өзі де өз ойларын ортаға салуға тырысады.

Сабақ барысында қолданылған төмендегі бір-екі мысалға көңіл аударайық.

Белгілі бір өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында оқушыларды үш топқа бөліп, оларға негізгі тақырыпқа байланысты ("Travelling" тақырыбын пайық) тақырыпшаларды береміз:

1 топқа" Travelling by train"

2 топқа "Travelling by bus"

3 топқа "Travelling by plane"

Әрбір топ өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша ассоциограмма жасайды. Ассоциограмманың көмегімен топ студенттері бірігіп, өздеріне берілген саяхат түрлері жайлы толық мағлұмат бере отырып оныңтиімді және тиімсіз жақтарына шыңайта білулерікерек. Соныменқатар әртопқақойылатынталап тақырыпқа байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін көбірек пайдалану және талқылауға топстуденттерініңтүгелдейқатысуын қадағалау. Соңында оқытушы топтарға бірін – бірі бағалауға мүмкіндік беріп, өзінің қойған бағасымен корытындылай отырып, әртоптың ортақ бағасын шығарады.

Осы тәрізді тәсілді грамматикалык жаттығуларды орындату кезіндеде пайдаланған өте тиімді. Мұндай жағдайда топ оқушылары әрбір ұпай үшін күреседі. Себебі грамматикалықтұрғыдан әрбір дұрыс жасалған сөйлем оларға ұпай әкеліп отырады. Тапсырманы орындау кезінде студенттер өздерінің бар білгендерін топ мүшелерімен бөліседі. Бұл кейбір грамматикалык материалдарды түсінбей жүрген оқушыларға үлкен көмегін тигізеді.

Ал мәтіндермен жұмыс жасау кезінде оқушылардың берілген мәтінді кемінде екі рет оқығандары дұрыс. Бастапқыда олар мәтінге тек көз жүгіртіп, жалпы идеяны немесе басты проблеманы түсіне алады, ал одан соң мұқият көңіл бөліп бастан аяқ оқып шығады. Бұлайша жасау талқылаудың алдында тұжырымды логикалык тұрғыдан кайта пысықтауға көмектеседі.

Сабақ уақытын мейілінше үнемді пайдалану үшін мәтінді үйден оқып келуді тапсырған дұрыс.

«Жеті жұрттың тілін біл, жеті жұрттың қамын же» дейтін бабаларымыз тілдің құдіреттілігін ертеден-ақ айқындап берген. Ел ертеңіне алаңдайтын болашақ тұтқасын ұстайтын саналы да білімді ұрпағымыздың қалыптасуына тілдің әсері мол. Өнер атаулының ішіндегі ең құдіреттісі сөз өнері, сөйлеу өнері екендігін оқушыға сезіндіре отырып, ағылшын тілі сабағында қазақ тілімен шетел тілін сабақтастыра отырып, оқушының өз тілін қастерлеуге, өзге тілді білуге, үйренуге деген талпынысын арттырамын. Сонымен ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікір болжамы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде тіл үйренудің заман қажеттілігінен туындағаны анық.

Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.

1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды. Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.

Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудандық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.

2. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

  • тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;

  • әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады.

  • оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді бағалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.

  • оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;

  • білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;

  • байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;

  • мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;

  • бағаны әділ қойылуы;

  • оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;

  • әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;

  • бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендемеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.

3. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады. Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңестер береді, міндеттер қояды.

Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай тексеру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп, оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп, олардың білімдерін тексеріп, көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады. Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жинауға болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны ескертіледі.

Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.

Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Тарих, география, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі.

Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін, мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау жұмысын жүргізіп, оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.
Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.



3.2. Шетел тілі сабағында оқушылардың өз білімін жетілдіру.

Шетел тіліне үйрету жүйесінің жұмысы үнемі бақылауды талап етеді. Бақылау екі жақты әрекет. Ол мұғалім мен оқушыны байланыстырады. Оқушының білімін тексеру оның дайындық деңгейін анықтайды және оны оқуға итермелеп отырады.

Оқушының іс – әрекетін, сабағын бақылай отырып, мұғалім оның білімінің сандық, сапалық көрсеткіштерін анықтайды, баға қояды, бұл баға сынып журналына қойылады, күнделігіне қойылады, оған мұғалімнің қысқаша анықтама береді. Мұғалімнің бағаға берген түсініктемесі оқушының оқудағы жетістігін, тілді үйренудегі қиындықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, бақылаудың және ынталандыру негізі қаланады, ол оқушыны белсенді жұмыс істеуге ынталандырады. Оқушының оқуын бақылауды тек жеке сұрау деп түсінбеу керек, сұраудың бұл түрі көп уақыт алады және бұған оқушылардың аз бөлігі қамтылады.

Бұл бақылаудың орнына аралас бақылау түрін ұйымдастырған жөн, мұнда жаттығулардың түрлері қолданылады, оқушылардың сабаққа тілдік және жалпылай әзірлігі тексеріледі. Бұл бақылау түрінде көп оқушыны қамтып, жылдам тексеруге болады және белгілі бір уақыт алмайды, сабақтың басынан аяғына дейін тексеруге болады. Осы жағдайда оқу әрекетінің екі түрі текмеріледі:

  • біріншіден, оқушының тыңдап түсінудегі, оқудағы тілдік әзірлігі тексеріледі, тілдік әзірлік мәтінді оқып түсінгенін айтуға, оқиғаны немесе суретті бейнелеуде, әңгіме айта білуде көрінеді. Бұл жұмыстардың түрі бағалауға болатындай толық түрде орындалуы керек. Бағаны бірден тапсырма орындағаннан, тексерілгеннен кейін қою керек, оқушы сонда ғана бағаны салмақтайды, оның әсері жоғары болады.

  • екіншіден, бүкіл сабақ кезіндегі оқушылардың жұмысы бағаланады, оның жаттығуға белсенді қатысуы тексеріледі. Барлық жұмыстың түрлері бағаланып, сабақтың соңында қорытынды баға қойылады.

Бағаны осылай қорытындылап қою оқушының белсенділігін көтереді, оқу материалын тез және нақты игенуге көмектеседі.

Бақылаудың осы екі формасын тиімді пайдалану – сабақта көп оқушыны тексеріп, бағалауға мүмкіндік береді.

Әр тоқсанның аяғында тоқсанда өтілген оқу материалының негізінде сөйлеудің әр түрі бойынша бақылау жұмысы өткізіледі.

Бұл бақылау жұмыстары осы сыныптың бағдарламалық талаптарын орындағанын әр тоқсан бойынша тексеруге мүмкіндік береді.

Бұл бақылау жұмыстары сөйлеу әрекетінің түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты ұйымдастырылады:

  • түсініп тыңдау (аудирование) – мәтінді оқушының түсінгенін бақылау

  • сөйлеуді бақылау – соңғы сабақтарда оқиғаны суреттеумен немесе оқиғаны әңгімелей білуді тексеру

  • бақылау оқуы – бұл бір мәтінді іштей оқып, түсінгенінен сұрақ қою арқылы жеке тексеру немесе жаттығу – тапсырма түрінде жазып беру.

Бақылау жұмыстарын өткізу әдістемесі мұғалім кітабында берілген, бақылау оқуына арналған мәтіндер оқулықта беріледі.

Күнделікті бақылау кезінде мұғалім баланың қызықтырушылық маңызын ескеруі керек, сонымен бірге бағаның дұрыстығын сақтауы керек және оқушының үлгерімін анық бағалауы керек. Оқу жылының аяғында қойылатын қорытынды баға тыңдап түсінудің, сөйлеудің, оқудың бағдарламалық талаптарына сай оқушының тәжірибелі тілде сөйлеуді меңгеру деңгейін дәл анықтауы қажет.

Ал қойылған бағалар мұғалімге оқу әрекетінің жалпы тілдік әзірліктің қаедай деңгейде екендігін көрсетеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың жіберген қатесінің түрлерін анықтап, жиілігін, біржақтылығын оқушылардың оқу, түсіну, сөйлеуді игеру деңгейін, оның бағдарламаға сәйкестігін анықтайды.

Осы көрсеткіштерді талдау мұғалімге оқу әрекетін дұрыс бағалауға, оқытудың әлсіз жақтарын анықтауға, жалпы кемшіліктердің себебін анықтауға, оларды болдырмау жолдарын қарастыруға, оқу жұмысына түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

Сыныпты топқа бөліп оқыту шет тілін оқуды бағалауға мүмкіндік береді. Үлгерімді бақылау жұмыстың 4 түрін салыстырмалы түрде бақылау жұмысын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Тоқсан бойынша әр оқушы жұмыстың әр түрінен 2 рет баға алуы керек. Тоқсан аяғында сөйлеудің әр түрінен (тыңдап-түсіну, сөйлеу, жазу, айту) бақылау жұмыстары өткізіледі. Алдыңғы бағаларға бақылау жұмысының бақылау жұмысының бағасы қосылып, қорытынды тоқсандық баға шығарылады.

Бақылау мен үлгерімді салыстырмалы түрде жүргізу оқушының тілді меңгеру деңгейін дәл анықтауға, оқыту бағдарламасын, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетін толықтыруға, жаңартуға мүмкіндік береді.

Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру.

Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.

Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының нәтижелеріне қарап баға қойылады.

Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданылады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондырғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.

Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материалдарды құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғыларды жинақтау және өзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек төртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты-жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады. Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқушыға дер кезінде, нақты көмек береді.

Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді біліп отырады.

Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада бірнеше сұрақтардың жауаптары болады. Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс екенін хабарлап, оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық-есептейтін техникалар, компьютерлер көптеп енгізілуде. Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды қалай меңгергенін тексере алады.

Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері - оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері: Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспармен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі – оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады, ол үшін оқушылар жаттығу жазып, немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс. Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді. Сондықтан осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.

Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексертеді. Бұл тәсілдің екі нұсқасы қолданылады:

1) оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін тексеруі;

2) бір оқушының тақтаға үй жұмысын жазуы (Бұл кезде сынып басқа тапсырмаларды орындайды: ауызша ережелерді қайталайды, басқа тапсырмаларды тексереді). Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.

Бастауыш сыныпты бітірер алдында басқа тәсілдер қолданылады. Жаппай сұрау арқылы оқушылардың есептерінің нәтижелері анықталады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды, курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.

Белгілі бір тақырып бойынша қосымша оқу ақпараттарын жинаған, оқу-тәжірибе учаскесінде өсімдік өсірген, шеберханада бұйым жасаған, өтілген курс бойынша реферат жазған оқушыларға сынақ қойылып, сапалы жұмыстар есептеледі. Жұмыстың түріне байланысты жеке оқушының, топтық немесе ұжымның жұмыстарына баға беріледі. Мәселен топ және ұжымға оқу-тәжірибе учаскесінен жақсы өнім алғаны үшін "есептелді" деген белгі қойылады.

Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады. Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға билеттің сұрақтары беріледі. Тек қана практикалық тапсырмалардың, есептердің мазмұны туралы айтылмайды.

Тексеруден диагностикаға көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады.
Диагностика - оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі. Мектептегі диагностиканық міндеттері:

•    оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының жұмысы, дамуы);

•    оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі, ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);

•    тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).

Неге тексеруден гәрі диагностика туралы көп айтылуда? Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда? Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты. Егер өткен тәрбиеде талдау, тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса, енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады. "Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?" - деген сұраққа жауап беру керек. "Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?" - деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып, оқушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділігі зерттеледі. Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі. Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды. Ал диагностика онымен санасады, оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Мысалы, тексеру арқылы 3-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады. Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады. Процесс те, нәтиже де жақсы сияқты. Тек қана диагностика оқушының "өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін, бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды. Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.

Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап, олардың себептерін түсіндірмейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл-ойды, т.б. зерттеу, жеке оқушылармен жұмысты жобалау әдісі қолданылады. Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны (сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.

Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп, мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады. Диагностика оқушыларды "орташа", "үздік" деп бөлмей, олардың мүмкіндіктерін анықтайды. Диагностикалық қорытындылар дәл, толық болу керек. Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып, оның қабілетін, дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.

Оқушылардың білімдерін тексеру, бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп. Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі, мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін талдайтын диагностика тұрады. Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.

Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру, бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Зерттеулер оқу жұмысының сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.
Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.

Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау – білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру – бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.

Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-бөлім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді. 2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру. 3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту. 4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.

Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.

Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:

•    Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.

•    Арнайы қабілетті тестілеу.

•    Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.

•    Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:

•    білім стандартына сәйкестігі;

•    қате жауаптарды енгізу;

•    дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;

•    дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;

•    бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.

Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.

Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.

Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады. Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды. Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды. Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында жазылған.




3.3. Баға қою.

Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.

Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:

•    толық біледі (өте жақсы);

•    жеткілікті біледі (жақсы);

•    жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);

•    білмейді (қанағаттанғысыз).

Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:

•    тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;

•    "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;

•    жақсы көңіл-күйге бөлеу;

•    оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;

•    оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;

•    жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;

•    оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);

•    жеке тапсырмалар беру;

•    оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:

•    оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;

•    оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;

•    жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;

•    бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;

•    тестілік бақылауды жиі қолдану.

Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.

"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.

"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.

Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары:
Үлгермеушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анықтау керек.

Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ынтаның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.

Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында байқамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі.

Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтауға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.

Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтижесінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибесіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші болады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапаларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемшіліктерін түзетуге ықпал етеді.

Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбыларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қиын" балаларға еліктеуі.

Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің міндеті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.





3.4. Өз білімін бақылау және бағалауға арналған тапсырмалар

Present Simple (1)

To be етістігі

  1. Where … you from

  2. How old … you? How old … your brother?

  3. What … your aunt’s name?

  4. I … glad to see you. How … you?

  5. The dog … in the garden?

  6. Tom’s parents … travel agents.

  7. … your father a carpenter? … No, he …

  8. John … (not) a student, he … a doctor.

  9. That book … (not) very interesting. Take this one.

  10. The best seats … 10 $.

  11. Moscow … the capital of Russia.

  12. I … hot. Open the window, please.

  13. What … the weather like today?

  14. I … (not) interested in football at all.

  15. … Tom and Bob good football players?

  16. … you hungry?

  17. The news … (not) very bad today.

  18. What … your parents address?

  19. Your money … in your handbag.



Present Simple (2)

Test

  1. How much ..... you earn?
    a) do b) does c) is

  2. ..... London have many museums?
    a) is b) does c) do

  3. ..... it snow a lot in Iceland?
    a) does b) are c) do

  4. ..... you speak English?
    a) are b) does c) do

  5. ..... they live in London?
    a) is b) does c) do

  6. ..... you have a car? 
    a) do b) does c) is

  7. ..... your parrot talk?
    a) does b) are c) do

  8. What ..... we have to do for homework?
    a) is b) does c) do

  9. What time ..... this class finish?
    a) do b) is c) does

  10. How often ..... you rent a video?
    a) are b) does c) do



Present Simple (3)

Present simple етістігін пайдалана отырып, жақшаны аш.

1. Alice (to have) a sister.
2. Her sister’s name (to be) Ann.
3. Ann (to be) a student.
4. She (to get) up at seven o'clock. 
5. She (to go) to the institute in the morning. 
6. Jane (to be) fond of sports. 
7. She (to do) her morning exercises every day. 
8. For breakfast she (to have) two eggs, a sandwich and a cup of tea. 
9. After breakfast she (to go) to the institute. 
10. Sometimes she (to take) a bus.
11. It (to take) her an hour and a half to do her homework. 
12. She (to speak) English well.
13. Her friends usually (to call) her at about 8 o’clock.
14. Ann (to take) a shower before going to bed.
15. She (to go) to bed at 11 p. m.



Present Simple (4)

Жақшаның ішіндегі сөздерді қолданып, сөйлемді Present simple шағына келтір.

1) They _____ football at the institute. (to play)
2) She _____ emails. (not / to write)
3) ____ you____ English? (to speak)
4) My mother ____ fish. (not / to like)
5) ____ Ann ____ any friends? (to have)
6) His brother _____ in an office. (to work)
7) She ___ very fast. (cannot / to read)
8) ____ they ____ the flowers every 3 days? (to water)
9) His wife _____ a motorbike. (not / to ride)
10) ____ Elizabeth_____ coffee? (to drink)



Present Simple(5)

To be етістігін Present Simple шағына қой.

1. What ... your name? - My name ... Shirley Frank.

2. What ... your address? - My address ... 175 Grand Central Parkway.

3. What ... your phone number? - My phone number ... 718-1930.

4. Where ... you from? - I ... from New York.

5. I ... a pupil.

6. My father ... not a teacher, he ... a scientist.

7. ... your aunt a doctor? - Yes, she ... .

8. ... they at home? - No, they ... not at home, they ... at work.

9. My brother ... a worker. He ... at work.

10. ... you an engineer? - Yes, I ... .

11. ... your sister a typist? - No, she ... not a typist, she ... a student.

12. ... your brother at school? - Yes, he ... .

13. ... your sister at school? - No, she ... not at school.

14. My sister ... at home.

15. ... this your watch? - Yes, it ... .

16. She ... an actress.

17. This ... my bag.

18. My uncle ... an office worker.

19. He ... at work.

20. Helen ... a painter. She has some fine pictures. 











Present Simple (6)

To be етістігін пайдаланып, Present Simple шағына қойып, мәтінді ағылшын тіліне аударыңыз.

Меня зовут Катя. 2. Мне 14 лет. 3. Я русская. Я из Санкт-Петербурга.  4. Я ученица. 5. Мой любимый вид спорта - теннис. 6. Я интересуюсь музыкой. 7. Мой любимый предмет - английский язык. 8. Мой папа - программист. Он не интересуется политикой. 9. Моя мама - зубной врач. Она интересуется искусством. 10. Мы всегда заняты, но мы очень счастливы быть вместе. 11. Чья это ручка? - Это моя ручка. 12. Чья это книга? - Это ваша книга. 13. Чей это стол?  - Это стол моего брата. 14. Чья это сумка? - Это сумка моей мамы. 15. Чей это карандаш? - Это карандаш моей мамы. 16. Это твоя тетрадь? - Да. 17. Это тетрадь твоего брата? - Нет, это моя тетрадь. 18. Где ваш  стол? - Он посередине комнаты. 19. Где твоя ручка? - Она в моем кармане. 20. Где твоя тетрадь? - Она на столе. 21. Где твоя мама? - Она на работе. 22. Где твой брат? - Он в школе. 23. Где твоя сестра? - Она дома. 24. Чей это карандаш? - Это мой карандаш. - А где мой карандаш? - Он на столе. 25. Чьи это часы? - Это мои часы.  - А где мои часы? - Они на столе.



Present Simple (7)



Is / am / are / do / don't / does / doesn't көп нүктенің орнына қойыңыз.

1. Our grandma doesn 't live with us. She has her own little house.

 2. What time ..... you usually wake up?

 3. Why ... they looking at us?

 4. I can’t talk to you now. I ..... working.

 5. ........... your brother shave every morning?

 6. We ..... want to move at all.

 7. Sam .... a good football player, but he ..... play very often.

 8. ..........the sun shining? No, it ... not.

























\



































Қорытынды.

Қорыта айтқанда ғылым мен техника дамыған және елдердің өзара бәсекелестігі күшейе түскен ХХІ ғасырда ағылшын тілін меңгеру аса қажет. Оның үстіне, еліміздің дүние жүзінде дамыған 30 елдің қатарына ену стратегиялық бағытын іске асыру үшін шетел тілін меңгерген білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеудің маңызы зор.

Ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру бір жылғы мәселе емес. Сондықтан оны оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, техникалық құралдарды қолданған жөн.

Интерактивті тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалык тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін окып үйренуге деген қызығушылығын арттырады.

Түйіні:

- Шет тілі – қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдениет дамуының қайнар көзі. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар, екі аралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет, компьютер қолдану өте тиімді болып табылады. Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру. Алға қойған мақсатқа жету, оқушыларға жаңа материалды толығымен түсіндіру жолында көптен-көп септігін тигізеді.

- Ақпараттық-техникалық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:

• үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

• оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

• сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады;

• оқушылардың шығармашылығын арттырады;

• оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

• грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

• оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады.

- Ағылшын тілі сабағында ақпараттық-техникалық құралдарды пайдалану – заман талабы. Шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы болып табылады.

- Бақылау мен үлгерімді салыстырмалы түрде жүргізу оқушының тілді меңгеру деңгейін дәл анықтауға, оқыту бағдарламасын, ауызша және жазбаша сөйлеу әрекетін толықтыруға, жаңартуға мүмкіндік береді.

- Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру








































Пайдаланылған қайнар көздер мен әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана.- 2001ж.

  2. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасы.

  3. «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауы

  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.

  5. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3

  6. Г. Н. Губайдуллина «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Алматы, 2011ж

  7. С. Т.Мұхамбетжанова, Ж. Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасау. Әдістемелік құрал.-Алматы,2008ж.

  8. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж.

  9. С.С.Сенғалиева Интерактивті тақта мүмкіндіктерін қолдану. Бастауыш сыныпта оқыту, 2010ж. №5

  10. Г.Байтилеуова, «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі». Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6

  11. Г.Оразәлі Мектепте интерактивті тақтаны қолдану. Білім әлемінде, 2010ж. №5

  12. Г.Ә.Мусаева, Ақпараттық технологияны оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану. Мектептегі технология, 2010ж. №5

  13. Г.Т.Жаримбетова, Интерактивті тақтада жұмыс жасау мүмкіндіктері. Мектептегі технология, 2008ж. №9

  14. Л. А. Кравченко, И. Ф. Ахметова Использование интерактивной доски на уроках иностранного языка в средней школе. Английский язык в школе, 2008г. №1

27