СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Не үйрендік" Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы: "Таным"

Тақырыбы: "Не үйрендік?"

Просмотр содержимого документа
«"Не үйрендік" Математика»

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы

(естиярлар тобы)


Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Таным.

Білім бөлімі: Көркем әдебиет. Математика

Тақырыбы: «Не үйрендік?»

Мақсаты: Балаларды 5-ке дейін санап, заттарды тапсырма бойынша санап алып, сан белгісімен белгілеп үйрету, геометриялық пішіндерді бекіту: шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, сопақша . Балаларды берілген бағыт бойынша қозғалуға жаттықтыру. Ойынға деген ынтасын көтеру, әрқашанда көмек беруге дайын тұруға тәрбиелеу.

.Сөздік жұмыс: мәни ботқасы


Қызмет кезеңдері

Тәрбиеші қызметі

Балалар қызметі

Ұйымдастырушы-қозғаушы қызмет

Таңғы жиын



Топқа көгершін ұшып келіп, хат әкеледі: Мен сендерге хат әкелдім!

- Рахмет, саған көгершін! Бұл хатты кім жіберген екен?! Оның мекен- жайы және кімнен келгені жазылмаған, бірақ сыртында бір сан бар: 5саны. Хатты ашып көрейік , мүмкін біреу бізден көмек сұрап отырған шығар. Барып көрейік пе?

- Қай жаққа барамыз?

Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір-біріне күлімдеп қарап, жақсы көңілін білдіреді.










Балалар хаттың ішінде карта бар екенін және жүретін жолды белгілеп қойғанын айтады.

Балалар картаға қарап алға жүретінімізді айтады

Ұйымдастыру-ізденушілік

- Дұрыс, алға жүрсек бір үйшік көреміз.

Үйшіктің алдында қандай жануарлар отыр? - Олар қай ертегінің кейіпкерлері? Қай жануар үйшікті бірінші тапты? Қалай сұрады? Ендеше оған 1 санын қояйық.

Екінші болып кім келді?

Үшінші ?

Төртінші?

Бесінші?

Барлығы қанша болды? (тура және кері санау)


-Енді картаға қарап, әрі қарай жүреміз. Қайда бұрыламыз?

Өзен көрінеді.

Өзеннен өту үшін көпір жасау керек, жерде жатқан бөліктерді құрастырып екінші жағасына өтуіміз керек.

-Алдымызда бір үйлер көрінді. 5 саны бар үйді табайық

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге хат жазып жібердім. Ботқа пісіріп жейін деп едім, бірақ санау білмеймін. Мына жерде 3 стақан сүт, бір үлкен қасық қант, бір кішкентай қасық тұз, 1 стақан мәни салу керек дейді. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

Түлкі балаларға ойындар ұсынады:

«Қанша зат, сондай санды көрсет»

«Қарама-қарсы сөздерді тап»

«Кім тез суретті құрастырады»

«Көршісін ата»



- Аю, түлкі, тышқан, қоян, бақа

«Үйшік» ертегісінің кейіпкерлері

Бірінші үйшікті жертесер тышқан тапты. Ол «үйшік кімдікі? үйшікте кім тұрады?» - деп сұрады.

Екінші бақылдауық бақа келді, оған 2 санын қоямыз.

Үшінші секек қоян келді, 3 санын қоямыз.

Төртінші жылмаң түлкі келді, 4 саны.

Бесінші жантайғыш аю келді, 5 санын қоямыз.

Балалар тура және кері санайды.

Оңға бұрыламыз.

Балалар жерде жатқан бөліктерді құрастырып, көпір жасайды.



Балалар үйді тауып есігін қағады, үйдің ішінен түлкі шығады.







Балалар қызығушылығын білдіріп, түлкіге ботқа пісіруге көмектеседі.

Балалар кастрюлге керек тағамдарды салып, былғап газ.плитаға қояды.

Балалар екі топқа бөлініп, тапсырмаларды орындайды.

Жетекші-жөндеуші

Балалар тапсырманы орындап болған соң, түлкі үстелдің басына шақырып, дәм татқызады.

Балалар рахмет айтып, топқа кетеді.


Күтілетін нәтиже:

Ұғынады: геометриялық пішіндерді ажыратады, берілген бағыт бойынша қозғалады

Түсінеді:

Қолданады: 5-ке дейін санайды, сан белгісімен белгілейді