СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әншіге де, ақынға шабыт берген "Туған өлкем"

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кенен Әзірбаев шығармашылығымен таныстыру                                                      

 К.Әзірбаевтың «Туған жер» әнімен танысу;

Просмотр содержимого документа
«Әншіге де, ақынға шабыт берген "Туған өлкем"»

Сабақ жоспары № 27

Пәннің аты : Музыка

Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем Сабақтың мақсаты: Кенен Әзірбаев шығармашылығымен таныстыру 1. Білімділік: К.Әзірбаевтың «Туған жер» әнімен танысу; 2. Ән үйрену; Халық әні «Алатау» 3. Тәрбиелік: Оқушылардың туған жерге деген махаббатын ояту; Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

Жаңа тақырыпты меңгерту. Әңгіме әдісі арқылы: - Туған елі мен жерін әнге қосқан әнші, композитор Кенен Әзірбаев. Кенен ата өзі ән шығарған. Сол әндерді өзі орындаған. Қазақ халқы өзі ән шығарып, оны орындайтын өнерпаздарды ел ішінде сал-серілер деп атаған. Кенен 11 жасынан домбыраға қосылып, ән шығара бастайды. Әкесі Әзірбай мен анасы Ұлдар да әнші, домбырашы болған екен. Кенен ата ән айтуды әуелі ата-анасынан үйренеді. Ол жыр алыбы Жамбылмен бірге көп жүреді. Жамбыл атасынан үлгі алады. Ал есейе келе өзі де халыққа арнапөсиет-нақыл сөздер жазады. Қазақ халқының ерлігін, батырлығын жырлап, ұзақ-ұзақ жырлар да жазады.Ол тіпті айтыскер ақын да болған.

Әсіресе, Кенен ата туған жерін қатты сүйіп, оған арнап көптеген әндер шығарған. Олар: «Туған жер», «Ой жайлау», «Нұрлы жаз» деп аталады. Кенен ата атқа мініп, ел аралағанды жақсы көретін еді. Ол өзінің туып өскен Қордай жерін ерекше қадірлеген. Оның тауы мен тасын, жасыл жайлауын әніне қосып, мақтан еткен. Ол «Туған жер» әнінде:

- Туған жер, тауың да ыстық, тасыңда ыстық, Туған ел, кәрің де ыстық, жасың да ыстық Тоғайың, топырағың, төбеңменен Кел, кел деп сүйгендейсің мені құшып, - деп шырқайды. Кенен атаның «Туған жер» және «Ой жайлау» әндері халық арасында кеңінен таралып кетеді. Қазіргі кезде бұл

Музыка тыңдау. - Кенен Әзірбаевтың «Туған жер» әнін тыңдау. Әсіресе оқушылардың назарын әннің сөзіне аударған жөн. Әннің қайырмасын оқушылармен бірге қосылып орындауға болады.

Ән оырндау! - Халық әні «Алатау». Әннің шумағы 11 буындық қара өлең жанрында жазылса, ал қайырм асы 7-8 буынды болып келеді. Сондықтан әннің шумағы мен қайырмасын әртүрлі сипатта орындаған дұрыс.

Жаңа сабақты қорыту: - Сал-серілер деп кімдерді айтады? - Кенен ата ән айтуды кімнен үйренеді? - Кенен ата туған жеріне арнап қандай әндер шығарады? Кенен Әзірбаев жөнінде мәлімет оқушыларға үй тапсырма ретінде беріледі. Біліп ал! Кенен Әзірбаев (1884-1976) – Жамбыл облысы Қордай ауданы Мәтібұлақ ауылында (қазіргі Кенен Әзірбаев атындағы ауыл) дүниеге келген. Ол Жамбыл, Сарыбас, Балуан Шолақ, Шашубай синды белгілі әнші-ақын, композиторлардан үлгі -өнеге алған. Ақын - композитордың «Бозторғай», «Көкшолақ», «Базар-Назар», «Бұлбұл» тағы басқа әндері халық сүйіп тыңдайтын әндеріне айналған. Кенен Әзірбаевтың есімі Жамбыл облысы Қордай ауданында Қасық орта мектебіне берілді. Алматы қаласының бір көшесі Кенен атаның есімімен аталады.