Мотивациялық қозғаушы | Балалар бізге қонаққа төлдер келді. Кәне амандасайықшы Балалар үй жануарлары мен дала жануарлары араласып келіпті. Қастарында төлдері де еріп келген екен. (ойыншық жануарларды үстелдің үстіне араластырып қойылады) | Балалар келген төлдермен амандасады Балалар үстелдің үстіндегіойыншық жануарлар мен олардың төлдерін ұстап көреді. |
Ұйымдастырушылық ізденіс | Балалар біз кәзір үй жануарларын төлдерімен дала жануарларынан ажыратып екіге аттарын атап бөлуіміз керек -Кім айтады аю дала жануары ма? әлде үй жануары ма? -Жылқыны қай жануарға жатқызамыз? -Жылқының төлін не дейміз? -Балалар сендер жылқы, сиыр, қой, ешкілерді неліктен үй төлдері деп атаймыз? -Ия дұрыс айтасындар үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Енді суретке қараңдар мында жануарлар төлдерімен жайылып жүр Төлдердерімен жақынырақ таныс болайық -Енді балалар осы малдардың дауысын естіп ажыратайық Балалар сендер дыбыстарды естідіңдер енді сол дыбыстарды өзіміз келтірейік Түйе боздайды бе-бе Қой –ешкі маңырайды ме-ме Сиыр мөңірейді му-му Үй жануарларын қалай шақырамыз Ешкіні шөре-шөре Жылқыны қырау-қырау Сиырды әукім-әукім Сергіту сәті: Тыныс алу жаттығулары «Мұрын» (ауызды жауып мұрынмен өкпені кере тыныс алып, мұрынмен қайта шығару) «Гүл» (бұл жаттығуда қолды екі жаққа созып, жоғары көтеріп, мұрынмен демді жоғары алып, ауызбен шығару) Жеке жұмыс: Николаева Линамен Ойыншық және төл сөзін буынға бөліп бірнеше рет қайталату | Балалар көрсетілген жануарлардың атын атап екіге бөле бастайды -аю дала жануары, өйткені ол орманда өмір сүреді. -Жылқы үй жануары -жылының төлін құлын дейміз Осылай барлық жануарларды төлдерімен атап, оларды бөледі -Өйткені бұл жануарлар адамдардың қасында өмір сүреді. Көрсетілген төлдердің аттарын жекелеп атап шығады Әрбір шыққан дауысты ажыратып, қай жануардың төлі екенін айтады -Бе-бе-бе -ме-ме-ме -му-му-му -қойды –пүшайт-пүшайт -Шөре-шөре -қырау-қырау -әукім-әукім Балалар тыныс алу жаттығуын үш рет тәрбиешінің жетегімен қайталайды Ой-ын-шық, сөзін буынға бөліп үш рет қайталау Төл сөзін созып бірнеше рет қайталау |
Рефлексивті- коррекциялау | Балалар бізге қонаққа нелер келді? -Қандай төлдер келді? Балаларды мақтап-мадақтау, жақсы ат салысқан балаларға ерекше қолпаштау көрсету | -бізге қонаққа жануарлар төлдерімен келді Балалар келген төлдерді атайды |