Оналбаева Гулнара Анарбекқызы 2-деңгей №81 Т.Тәжібаев ж.о.м. Шымкент
Тақырыбы: | Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер |
Мақсаты: | Тыңдаушылар сабақтан өздеріне бағыт- бағдар алуы, жаңа әдіс-тәсілдерді көру, сезіну арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру жолдарын үйренуі. |
Күтілетін нәтиже: | Жаңа әдіс тәсілдерді өз іс тәжірибесінде қолдану жолдарын қарастыратын болады, жаңа көзқарас құлшыныс, қызығушылық танытады. |
Ресурстар: | Флипчард, стикерлер, маркерлер, жұлдызшалар, кері байланыс қағазы, сиқырлы шаршылар, фишбоун. |
Қолданылған әдіс-тәсілдер: | «Ыстық орындық», «Фиш Боун », «Ақ сүйек», «Мен кіммін ?», «Көшбасшылар» ойыны, «ЖАДА» ұйымдастыру ойындары әдісі |
|
Кезеңдер | Коучтің іс - әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті |
1. Сергіту сәті 5 мин. | Кіру билеті арқылы топқа бөлемін | Топқа бөлінеді |
2. Шаттық шеңбері 5 минут | Барлық қатысушыларды ортаға шақырамын, бір, екіге саната- мын. Екіншілер ішкі шеңберді құрайды. Өздеріне жақсы тілектер ойлау- ын сұранамын. | Ішкі шеңбердегі қатысушылар сыртқы шеңберге бұрылады. Жұптасады, сәлемдеседі, өзіне тілеген тілектерін бір – біріне тілейді. |
3.Ыстық орындық 5 минут | Көңіл көтердік, сыныпта жағымды атмосфера құрып алу жұмысқа құлшынысты арттыруы сөзсіз. Шеңбер ортасына ыстық орындық қойылады, оған марапатпен бір тындаушы отырғызылады. «Ыстық орындық» тәсілін сұрақ қою арқылы тақырыпты пысықтауға, баланы бағалауға қолдануға болады. | Тақырып бойынша «ыстық орындықта» отырған тыңдаушыға сұрақтар қойылады. Мысалы (қандай тәсілдер қолданасыз?, Сәтті шығатын тәсілдеріңізді атаңыз) |
4. Фишбоун 10 минут | Әр топқа қағазға салынған балық беріледі және осы балықтың жоғарғы қабырғаларына сұрақ жазу тапсырылады. Фишбоун әдісі үй тапсырмасын тексеруге, пысықтауға ыңғайлы, | 1 топ: мұғалімдер 2 топ: ата-аналар 3 топ: оқушылар Әр топ балықтарын ауыстырады және өздеріне қойылған сұрақтар жауабын балықтың төменгі қабырғасына жазады. Әр топтың жауаптары тыңдалады. |
5. Ақ сүйек 5 минут | «Ақ сүйек» ойыны жұптарға тапсырма ретінде беріледі, қысқа тест болуы да мүмкін. | Жұп бірлесіп бірінің жауабын бірі толықтырады. Онаң соң алдарындағы жұлдызшаларды тақтада ілулі тұрған күнге егер жауабын білсе, ал табылмаған жауабтар үшін түнге жапыстырады. |
6. 5 минут | «Мен кіммін» -ойыны жұптарға арналған. Қатысушылар бір бірі- нің шекелеріне көрсетпей атақты адамадардың немесе үй жануарларының аттарын жазып, стикер жабыстырады. | Тиімді сұрақтар қоя отырып, өздерінің кім екендігін табады. Оқушыларды тиімді сұрақ қоя білуге үйретеді |
7 | «Көшбасшылық» ойыны қатысушы 7 адамға рольдер бөлініп беріледік. Тапсырма – егер спонсор біздің мектепке 500 мың теңге берсе, қандай игі істерге жаратар едініздер? Барлық қатысушылар өз ролдерін тиянақты орындауын қадағалаймын. Рольдік ойындарды осылай беруге болады. Ортақ шешімге келе алмайды, өйткені бәрі көшбасшылар. | Қатысушылардың әрқайсысы мынадай карточкалар алады. 1.Сіз нағыз көшбасшысыз. Сіз әр қашан да дұрыс шешім таба білесіз. 2.Сіз көпті көрген, өте тәжри- биелі адамсыз. Өзіңіздің өмірлік тәжрибиеңізге сүйене отырып, сіз әрқашан жақсы шешім ұсынасыз. 3.Сіз ылғи да күмәнданып, бәріне де сенімсіздікпен қарайтын адамсыз. 4.Сіз қандайда болмасын идеяны жоққа шығара білетін сыншысыз. 5.Сіз еш келісімге келе алмай жүргендерді татуластыра білетін бітімгерсіз. 6.Сіз қортындылауды жақсы білетін аналитиксіз. 7.Сіз өзіңіздің жеңілтектігіңіз бен қандайда болмасын ұмтылысты жоққа шығарасыз. |
8 | ЖАДА ұйымдастыру. Қысқаша көбейту формуласы жазылады (a+b)2 = a2 + 2ab+b2 (2a+3b)2 Сыныпта да дәл осылай ЖАДА арқылы оқушылар сізге көмекке келе алады. ЖАДА –ға тағы бір тапсырма «Сыйқырлы шаршы» - ойыны ойналады. | Бірінші шығарған үш қатысушыға тағы үш адам бекітіледі, Өздерінің қалай шығарғандарын түісіндірген үш қатысушы екінші тапсырманы орындаған соң алтыға айналады. Үшінші тапсырманы алты тыңдаушы тағы алты адамаға түсіндіреді. |
Рефлексия Қолсандық, еттартқыш, себет. | Түсінікті болған нәрсені қолсандыққа салыңыз. Ой елегі нен өткізу керек болса еттартқыш қа саласыз. «Қажет емес» десеңіз себетке тастаңыз | |
Назарларынызға рахмет! |
Оналбаева Гулнара Анарбекқызы 2-деңгей №81 Т.Тәжібаев ж.о.м. Шымкент