Коучинг"оқушылардың функионалдық сауаттылығын қалыптастыру-заман талабы.
Коучинг өткізу жоспары
Дайындаған:
Үшінші (базалық) деңгейдегі мұғалім
Кушукбаева Д.Ж.
Мерзімі: қаңтар айы
Тақырыбы: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру –заман талабы.
МАҚСАТЫ: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдерінің іс-тәжірбиелерімен бөлісу, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейтіп, соған ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Заман талабына сәйкес жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
МІНДЕТТЕРІ:
- Осы мәселе боынша мұғалімдердің білім деңгейін анықтау. Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерді қарастыру.
- Мектеп оқушыларының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсету.
Күтілетін нәтиже:
Мұғалім – оқушы әлеуметтік өзара әрекеттестігі оқумен қалай байланысты екендігін және осындай қарым –қатынастың мүмкіндіктерін қалай кеңейтуге болатынын түсіну. Мұғалім-оқу үдерісін басқарушы, оқушы-белсенді ізденушіге айналатындай жағдай жасау.
Бағалау критериі:
«Бес саусақ» Рефлексиясы
Мұғалім іс-әрекетінің өнімі: оқушының функциональдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс- тәсілдері бойынша негізгі ұғымдарын сабақ жоспарында қолдана алуды көрсететін сабақ жоспарының үлгісі, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану.
Өткізудің әдіс-тәсілі:
Мәселені шешу мен нәтижеге жетуде әр мұғалімнің белсенді қатысуы негізінде ынтымақтастық орта құру.