СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Организм құрылымын қалпына келтіру" қысқа мерзімді жоспар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

8 сыныпта өтілетін "Зат және энергия алмасуы" тарауы бойынша 1 сабаққа арналған қысқа мерзімді жоспар

Просмотр содержимого документа
«"Организм құрылымын қалпына келтіру" қысқа мерзімді жоспар»

Қысқа мерзімді жоспар


Биология пәнінің мұғалімі: Мырзақұл Жомарт Бекұлы.

Мерзімі: 10.03.15 ж.

Пәні: Биология

Сыныбы: «8АБ»

Сабақтың тақырыбы: Организм құрылымын қалпына келтіру.

Сабақтың мақсаты: Адам ағзасындағы зат және энергия алмасу туралы түсінік қалыптастыру;зат және энергия алмасу ерекшеліктерін ажырата білу;

Күтілетін нәтиже:Зат және энергия алмасу туралы білді, маңызын түсінді, пластикалық және энергетикалық алмасуды ажырата алды.

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, Атаулар кестесі, Болжау тәсілі, Венн диаграммасы, Т-кестесі, Семантикалық кесте, Синквейн тәсілі.

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі.

Қолайлы психологиялық көңіл-күй қалыптастыру. Тренинг «Жүректен-жүрекке». «Атомдар мен молекулалар» арқылы топқа бөледі.

Шаттық шеңберін құрып, «Жүректен-жүрекке» тренингін өткізеді. Оқушылар қолдарына жүректің бейнесін алып бір-бірлеріне сыйлап, жылы лебіздерін білдіреді. Топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау.

І деңгейлік тапсырма «Ас қорыту мүшелерін ретімен орналастыру»,

ІІ деңгейлкі тапсырма тест алу 10 сұрақтан тұрады;

ІІІ деңгейлік тапсырма «Төртінші артық» деп аталады. Топ басшыларына бағалау парағын таратып береді

Жеке жұмыс жүргізеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушы ғана келесі деңгейлік тапсырманы орындай алады. Бос қалған оқушылар «Ас қорыту жүйесі» тақырыбында сурет салады. Топ басшылары бағалайды.

Қызығушылықты ояту сатысы

Қызығушылықты ояту кезеңінде «Атаулар кестесі» әдіс-тәсілін қолданады. Интерактивті тақтада жаңа сабаққа қатысты үш атау жазылады

  • зат алмасу

  • пластикалық алмасу

  • энергетикалық алмасу

Оқушылардан осы терминдер туралы ойларын, түсініктерін, қандай мағлұматтар білетіндіктерін сұрайды.

Оқушылар өз ойларын айтады

Мағынаны танып білу кезеңі:

Мағынаны танып білу кезеңі: Презентация көрсетіледі. Болжау әдісі арқылы оқушыларға қандай мәселелер көтеріледі? (не болады), шындығында қандай мәселелер көтерілді? (не болды) сынды сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді.

Оқушылар слайдта бейнеленген суреттерге назар аударып, әңгіме не жайында болып жатыр, келесі бөлімінде әңгіме не жайында болатындығын болжап отырды. жаңа тақырыпты өз бетінше меңгереді.

Тақырып туралы ой-толғаныс

Топтарға тапсырма береді.

І топ. Семантикалық кесте

ІІ топ.Т-кестесі

ІІІ топ. Венн диаграммасымен жұмыс

Критериалды бағалайды

Бес жолды өлең құрастыру

Топтар тапсырманы орындайды.

І топ. Семантикалық кесте толтырады,

ІІ топ. Т-кестесін жасайды

ІІІ топ. Венн диаграммасымен жұмыс жасайды. Критериалды бағалауды жүзеге асырады

Өлең құрайды.


Қорытынды

Рефлексия. Мұғалім оқушыларға стикерлер таратып, екі не үйренгенін, бір не үйренгісі келетінін жаздырады. Үйге тапсырма.

Стикерлерге бүгінгі сабақтан екі не үйренгенін, бір не үйренгісі келетінін жазады, күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.