Просмотр содержимого документа
«Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: Балабақшадағы жаз бен күз»
Ортаңғы «Балауса» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 12.09.18
Тәрбиеші: Тортаева Г.К
Білім беру саласы: Қатынса
Пән: Тіл дамыту
Өтпелі тақырып: Менің балабақшам
Тақырыбы: Балабақшадағы жаз бен күзде.
Мақсаттары
1.Тәрбиелік: Балабақша да, қоршаған орта да, өзін қалай ұстай білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Сурет арқылы әңгіме құрастыруға жаттықтыру, сөздік қорларын дамыту.
3.Оқыту:Бір-бірін тыңдап, түсініп, әңгімені толықтырып,сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы
Ресурстармен қамтамасыз ету: күз мезгілінің суреттері
Билингвалдық компонент: күз -осень, жаз-лето
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Жұмбақ:
Жауып жаңбыр, жер сабыр,
Шөп, жапырақ солады.
Бұл қай кезде болады?
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Жаз, күз мезгілдерінің суреттерін тақтаға ілу. Қандай айырмашылықтарын білесіңдер? Өз ойларын айтып отырындар.
2.Сұрақ- жауап
-Жылдың қай мезгілінен кейін күз мезгілі келеді?
-Күз айларын атаңдар?
-Күзде табиғатта, жануарлар мен құстардың өмірінде не өзгеріс болады?
-Адамдар бақшада, бақта, егісте қандай жұмыс істейді?
3.Сергіту сәті.
Сипап өткен самалға,
Тербеледі сары алма.
Шолып едім бақшаны,
Қауын біткен сап-сары.
4.Сөздік жұмыс
Жаз- күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалады. Балалар демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады,
Күз- молшылықтың, байлықтың, берекенің айы. Қырман басы тазаланып, бау- бақша жиналып, құс базары тарқайтын кез.
5.Д.о. «Кімге не керек?»
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
Сонымен, балалар бүгін біз қандай мезгілдермен таныстық?
Олардың айырмашылықтары қандай екен?