СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Өсімдіктер туралы не білеміз?

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары 

5-сынып

Бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер жүйесі

Тақырып: Өсімдіктер туралы не білеміз?

Сабақтың басы: видеоролик көру, топқа бөлу

Сабақтың ортасы: Тақырыпқа шығу, тапсырмалар орындау

Сабақтың соңы: Кері байланыс, үй тапсырмасын беру

Просмотр содержимого документа
«Өсімдіктер туралы не білеміз?»

4-БӨЛІМ. ЖАНУАРЛАР ӘЛЕМІ МЕН ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІ

Тақырыбы: Өсімдіктер туралы не білеміз?

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.ӘТН3. Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады: Омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сөздердің антонимін, синонимін, омонимін жіктейді

Кейбір оқушылар орындай алады: Берілген тақырып бойынша мәтін құрастырады

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:


Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: ботаника, Лениногор, гектар, метр, флора, «Қызыл кітап»


Диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1. Өсімдіктер қайда өмір сүреді?

2. Олардың жануарлардан айырмашылығы бар ма?

3. Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Алғашқы жаратылған өсімдіктер қайсы?

5. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма?

6. Қазақстанда өсімдіктер жеткілікті өсе ме?

Алдыңғы оқу

1. Өсімдіктер қайда өмір сүреді?

2. Олардың жануарлардан айырмашылығы бар ма?

3. Өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер?

4. Алғашқы жаратылған өсімдіктер қайсы?

5. Өсімдіктердің қоршаған орта үшін маңызы бар ма?

6. Қазақстанда өсімдіктер жеткілікті өсе ме?

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы

3 мин





Видеоролик көрсетіледі. «Өсімдіктер әлемі»

Балалар, бүгінгі тақырыбымыз қандай деп ойлайсыздар?

Видеоролик бойынша тақырыпқа шығамын.

Сыныпты топқа бөлу:

Оқушылар орындарынан тұрып, «шаттық шеңберін» құрады. Шеңберді тұрған кезде оқушыларға түрлі гүлдердің суреттері таратылады. Қолындағы гүлін тілек айтып оң жақ көршісіне ұсынады. Осылайша сынып үш топқа бөлінеді.

https://www.youtube.com/watch?v=oKpGcF1LxDI



https://www.google.kz/search


Ортасы

25мин


Әр топқа үш түрлі түсті конверт беріледі, конверт ішіде суреттер болады. Сол берілген суреттерді А3 плакатка жабыстырып, инфография әдісі арқылы ереже шығарады.

  1. топ: гүлдің сабағы, математика сабағы (омоним)

2-топ: шипалы-улы (антоним)

3-топ: пайдалы, шипалы, емдік қасиеті бар (синоним)

«Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыз. Қарамен жазылған сөздердің синонимін табыңыз.

Алтай ботаника бағы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында құрылған. Ауданы 176 гектар, теңіз дең гейінен 760–860 метр биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. Алтай ботаника бағының негізгі жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық шаруашылығына пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішін де ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқанжапырақтылардың 47, раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі.

Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына пайдалануға енгізді. Сондай-ақ, Алтай ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Сөздердің синонимін табады

Мәтінді түсініп оқыды

Сөздердің синонимін тапты

«ПОПС» формуласын қолданып, қорықтың ел үшін маңызы мен болашағы туралы өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

Бірінші сөйлем. «Менің ойымша....».

Екінші сөйлем. «Себебі, мен оны .... деп түсіндіремін».

Үшінші сөйлем. «Оны мен .... деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын».

Соңғы сөйлем. «Осыған байланысты мен ... деген шешімге келдім»

Бағалау критерийі

Дескриптор

Қорықтың маңызы туралы өз пікірін білдіреді

Қорықтың маңызы мен болашағын анықтады


Берілген сөз тіркестеріне сүйенді


Өз пікірін еркін білдірді


Сөздердің жазылу емлесіне назар аударды

«Сергіту сәті» Жұмбақтардың шешуін табыңдар.

Мәңгі жасыл, жер бауырлап өседі,

«Серігі» оның саңырауқұлақ деседі.

Ылғалды алқап оның-дағы мекені,

Көпке аян, оның мүк емес екені.


Өсімдіктің қабығынан ағады,

Оның өзі қымбат әрі бағалы.

Кейде арулар моншақ жасап сол заттан,

Сәндік үшін мойынына тағады.


Сүйеді ол ылғал менен жарықты,

Көлеңкесін кең жайып, саялатты халықты.

Жер мен судың атауына тіркесіп,

Өзін-өзі бар қазаққа танытты.


Бейбітшілік, сәттіліктің ағашы,

Сондықтан да қымбат оның бағасы.

Аты шыққан бар әлемге майы бар,

Мәңгі жасыл өсіп тұрған жайы бар.

Шешулері: шайыр, зәйтүн, ағаш, қына

https://www.google.kz/search?q=%D0%B3%D2%AF%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80&rlz=1C1ASRM_enKZ710KZ710&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj_qMuf8cPTAhXsA5oKHSqlAX4Q_AUICCgB&biw=1366&bih=624#tbm=isch&q=%D1%82%D2%AF%D0%B9%D0%BC%D0%B5%D0%B4%D0%B0%D2%9B+%D0%B3%D2%AF%D0%BB%D1%96&imgrc=YLphOVj5aB0wZM:&spf=550

(«Қазақстан ғылымы» кітабынан)

Соңы

10 мин



Үй тапсырмасы


Кері байланыс.

Гүлдің суретін толық бояса, тақырыпты толық меңгердім.

Гүлдің тек ортасын бояса, сұрағым бар.

Гүлдің тек сабағын бояса, ештеңе түсінбедім

Төмендегі мәтінді негізге ала отырып, «Өсімдіктердің адам затқа пайдасы» деген тақырыпта антоним, омоним, синоним сөздерді қатыстырып, эссе жазыңыз.

Адамзат тіршілігінде өсімдіктер дүниесінің маңызы өте айрықша. Бағзы заманнан-ақ ата-бабаларымыз өсімдіктерді зерттеп, танып біліп, оларға ат қойып, жеміс-жидектерін, дәндерін азыққа, жапырақ, сабақ, гүл, тамырларын дәрі-дәрмекке, тері илеуге, түрлі нәрселерді бояуға пайдаланған. Өсімдіктер – оттегін бөлуші, табиғат көркі, дәрілік шикізат, мал азығы, тағамдық өнім.

Бағалау критерийі

Декриптор

Антоним, синоним, омоним сөздерді қатыстырып, эссе жазды

Мәтінді оқыды


Антоним, синоним, омоним сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданды


Эссе жазды


Сөздердің жазылу емлесіне назар аударды


https://www.google.kz/search?q=%D0%B3%D2%AF%D0%BB%D0%B4%D0%B5%D1%80&rlz=1C1ASRM_enKZ710KZ710&source=lnms&tbm=isch&sa=X&ved=0ahUKEwj_qMuf8cPTAhXsA5oKHSqlAX4Q_AUICCgB&biw=1366&bih=624#imgrc=kDbd9pM2c7WsQM:&spf=872


Қосымша ақпарат



Саралау - оқушыға мейілінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау - оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Гүлдің суретін толық бояса, тақырыпты толық меңгердім.

Гүлдің тек ортасын бояса, сұрағым бар.

Гүлдің тек сабағын бояса, ештеңе түсінбедім


Пәнаралық байланыс - денсаулық пен қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)



Дүниетану

Рефлексия

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланасыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындарды ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?





Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?


Оқыту мен оқу барысында қай әдіс сабақты жақсартатын еді деп ойлайсыз?

Сабақ барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?