СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік»

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік" екінші кіші топтарына арналған ертеңгілік

Просмотр содержимого документа
««Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік»»

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы) атты ертеңгілік

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер!

Тәрбиеші: ҚР әнұраны

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.
Балалардың тақпақтары:


Бахтияр: Әлем сүйген салтымыз бар
Бейбітшілік ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы.

Мақпал: Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!


Жансая: Қорғау үшін өмір көркін
Бүгіннен де ертең нұрлы.


Аружан:Кең далам, таулы орман.
Ұл мен қыз қорғаймыз,
Бақытты ұлы Отан.
Отан,ұлы Отан


Мерей: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.


Тәрбиеші:

Өздерің асқар таулар, қарлы шыңдар
Сұлуға лайықты жармысыңдар
Мерейлі мерекемен құттықтаймыз
Ерлері бейбіт күннің армысыңдар!
Боп олар жүре берсін ел еркесі
Ұстазбен кірер шәкірт берекесі
Құтты болсын ағайын баршаңызға
Ұлан күнгі, жеңістің мерекесі.

Қыздар биі: «Гүлдер»



Ойын: «Тұлпар»

Мақсаты: Балаларды шапшандыққа тәрбиелей отырып, озат болуға баулу.

Ұлдар биі: «Батырлар»


Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.

Сау-саламатта болыңыздар!


























«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің № 13 «Ақбота» бөбекжай-бақшасы» МКҚК








«Отан қорғаушылар күніне арналған ертеңгілік»

II-кіші топ «Толғанай»



Тәрбиешілер: Ибраева Ж.Ж.

Қарғабаева А.С.























Қостанай-2013ж