Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в средней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 31.01.2020
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область:Шығармашылық
Пән / Предмет: Аппликация
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: "Құстар -біздің досымыз"
Тақырыбы / Тема: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаттары / Цели:
1. Тәрбиелік – воспитательная. Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. балаларды адамгершілікке, табиғатты сүюге, табиғатқа қамқор бола білуге тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Қию іскерлік дағдыларын дамыту. балалардың ойлау қабілетін дамыту, тақпақтар, мақал–мәтелдер, тыйым сөздер айтқыза отырып, тілдерін дамыту
3. Оқыту – обучающая Геометриялық пішіндерден құстың бейнесін және жеке бөліктерін қиюға, олардың түс ерекшеліктерін бере білуге үйрету. балалардың құстар туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, түрлі-түсті қағаздар, қайсы, желім.
Көп тілділік полиязычие: құс-птица- bird,қыс-зима- winter
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылы
Тәрбиеші:
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыста ауа–райы қандай болады?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Кім қыс айларын атап береді?
- Балалар, бүгін бізде жапсыру сабағы, қане өткен тақырыпты есімізге түсіріп өтейікші. Біз не туралы өттік?
- Маған кім қысты суреттеп береді?
- Оған не жатады?
- Біз табиғаттың әсемдігіне, сұлулығына таң қалып, қызығамыз, оны біз қалай білдіреміз?
- Табиғат аясында не істейміз?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Тас, құм, су, қар, мұз, тау, күн, жер, топырақ қай табиғатқа жатады?
- Ал адамдар, жануарлар, құстар, ағаштар, жәндіктер, гүлдер, балықтар қай табиғатқа жатады?
- Осы екі табиғат бір–бірімен байланысты. Бүгін біз құстар жайлы әңгімелесеміз.
Көп тілділік полиязычие: құс-птица- bird,қыс-зима- winter
2.Негізгі бөлім
Дидактикалық ойын: «Сөйлемді аяқта» ойыны
Шарты: мен сендерге сөйлемнің басын бастаймын, сендер аяқтайсыңыздар.
- Құстар ұша алады, өйткені ...
- Құстар қоректенеді ...
- Көктемде қайтқан құстар ...
- Аяздан қорықпайды ...
- Үй құстары ...
- Құстар қорғайды ...
- Құстар бір–біріне ұқсайды, ....
«Құсты және ұясын құрастыр» ойынын ойнаймыз.
(Геометриялық пішіндерден құс бейнесін, ұясын құрастыру)
Фонетикалық жаттығу:
Бала қарға – қарқ, қарқ (бәсең дауыспен)
Ана қарға – қарқ, қарқ (орта дауыспен)
Әке қарға – қарқ, қарқ (қатты дауыспен)
Балалардың назарын суретке аударамын
Тәрбиеші:
- балалар суреттегі балаға ат қояйық, аты Еркетай болсын
- Қолыңдағы не?
- Қолында рогатка, құс атқысы кліп тұр
- Балалар, құсты атуға бола ма?
- Олай болса балалар, біз Еркетайға құстар туралы тақпақтар айтып берейік.
-Еркетай сен бізбен бірге мына кестені аяқта.
- Мынау қандай құс?
- Қандай бөліктерден тұрады?
- Құстар қайда өмір сүреді, мекендейді?
- Құстар қояннан кіші, арадан үлкен.
- Түсі ақ, қара, қызыл.
- Құстарға өмір сүру үшін не қажет?
- Құстардың пайдасы мен зияны.
- Өте жақсы. Балалар, Еркетайға мақал – мәтелдер, тыйым сөздерді айтып берейік.
Сергіту сәті:
Қарлығаш боп ұшайық.
Торғай болып қонайық.
Сауысқан боп секіріп
Тоқылдақ боп шоқиық
Қане қанат жазайық
Қарлығаш боп ұшайық
Ұшып – ұшып алайық
Орнымызға қонайық.
- Жарайсыңдар балалар, бүгін біз осы құстардың бірі торғайдың суретін жапсырайық. Біз кеше күннің екінші жартысында алдын ала жұмыс жасап торғайдың дене мүшелерін қиып қойған болатынбыз. Олай болса балалар, алдымыздағы ыдыстағы пішіндерді алып торғайды жапсырайық.
- Балалар торғайымызды жапсырмас бұрын, мені мұқият тыңдап алыңыз, желімді қолданған кезде желімді аузымызға салып жеуге болмайды, партаға немесе үстімізге жағуға болмайды, желімді қолданып болғаннан кейін желімді ішіне қарай бұрап, аузын жауып орнына қоямыз.
Жеке жұмыс: Абзал мен Чингизға қайшыны өздеріне қаратуға болмайтынын, үстел үстінде дұрыс отыруға жае-жаққа бұрыла бермеуге ескерту
3.Қортынды
Балалар бүгін жақсы жұмыс атқардыңдар, жапсырған торғайларынды мына жерге іліп қояйық,кешке ата-аналарын көрсін. Балаларды мақтап-мадақтау.