СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Открытый классый час

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жасөспірілді бұзатын не деген сұраққа жауап іздеу.

Просмотр содержимого документа
«Открытый классый час»

Жасөспірімдерді бұзатын не?

Мақсаты: білімділік – жасөспірімдерді бұзатын не екендігіне жауап іздеу: 1) арақтың зияны 2) темекінің зияны 3) есірткінің зияны туралы ақпарат беру;

Дамытушылық – арақ ішу, темекі мен есірткі қолдану адамды аздыратындығы, оның денсаулыққа зияны туралы оқушыға арақ ішіп, темекі мен есірткі тартуға мүлде болмайтындығы туралы тереңірек түсінік беру, оқушының пікірін ортаға салу, бір-біріне сын, ескертпе айтуға үйрету.

Тәрбиелік – оқушылардың салауаттты өмір туралы ұғымдарын кеңейту, жеке бас гигиенасын сақтау және жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: есірткі қолдану, арақ ішудің, темекі шегудің зияны туралы суреттер, адамның ағзалары және тотықұс, маймыл, арыстан, шошқа суреттері, «Салауатты өмір салты деген не?», «Жаман әдеттің зияны» (плакаттар).

Барысы.

  1. Кіріспе сөз

  2. Темекі тарту жасөспірімдер үшін зиян (қойылым, пікірталас)

  3. Есірткінің зияны (баяндама)

  4. Қорытынды.

Сабақ барысында қойылатын қосымша сұрақтар.

  1. Есірткіден болатын биологиялық зиян.

  2. Есірткі қолданудан болатын әлеуметтік зиян.

  3. Есірткі қолданудан болатын экономикалық зиян.

  4. Адам арақ ішпей өмір сүре ала ма?

  5. Адам темекіні неге тартады?

  6. Темекінің, арақтың қандай зияны бар?

  7. «Қазақстан 2030» бағдарламасында адам денсаулығын қорғау туралы қалай айтылған?

  8. Темекі тарпайтын адамға темекінің зияны бар ма?

  9. Темекі тарпай өмір сүруге бола ма?



Кіріспе.

Маскүнемдік, темекі тарту, нашақорлық адамның жанына да, тәніне де, әсіресе жастардың денсаулығына өте зиянды әдеттер болып табылады. Адамдардың есірткі мен арақтан көрген зияндары жан түршігерлік. Соған қарамай соңғы кезде зиянды әдеттердің өрісі тартылмай келеді, барған сайын өршіп, бүкіл қоғамға қатерлі сипат алып барады. Жаман әдеттер жасөспірімдер, мектеп оқушылары арасында жайыла түсуде.



  1. Спортпен шұғылдану

Салауатты өмір салты деген не? 2. Күн тәртібін ұстау

  1. Жеке бас гигиенасын сақтау.

  2. Жаман қылықтардан аулақ болу (маскүнемдіктен, шылым шегуден, нашақорлықтан)

1-бөлім. «Темекі тарту жасөспірімдер үшін зиян»

  • Бүгінгі біздің сабағымызға тарих, әлеуметтану, биология, медицина, химия саласының мамандары қатысып отыр және біздің құрметті көрермендеріміз сіздер қатысп отырсыздар. Біздің ой-думанымыз қызықты, проблемалы және ісерлі болуы сіздердің белсенділіктеріңізге байланысты.

Бұл отырған шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаңда алмайды ол «тартпа» деген тіліңді ол.

Қой десең де қоймайды, көк түтінге тоймайды.

Сора-сора уыты өң бойыңды жайлайды.



Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Бірақ шылым сорғанда аузы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілейді,

Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді.

Жүргізуші: бұл тыңдығандарыңыз – шылым шегудің зияны туралы әннің бір шумағы. Бүгінгі әңгіменің осы қоғамдық құбылыс туралы болмақ. Темекі шегу сәнге берілу ме, әдет пе, ауру ма? Сол туралы болмақ. Темекі шегу біздің тұрмысымызға ғана кіріп қойған жоқ, мәдениетімізге де кірді. Бұл кезде ой-өрісі дамыған, мәдениетті адамға шылым шегу тіпті жараспайды. Ал кісі өліміне апаратын жаман әдет бізге қайдан келді? Ол туралы бізге тарихшы айтып берсін.

Тарихшы: олар бейтаныс құрлыққа келгенде Колумб бұл жерді ғажайып Үндістанның шығыс жағалауы деп ойлайды. Осы жерде жергілікті тұрғындар Колумбқа басқа сыйлықтармен қатар «Петум» деген шөптің кептірілген жапырақтарын ұсынды. Олар кептірілген осы жапырақтарды түтікше тәрізді етіп орап шегеді екен.

Еуропалықтарға темекі шегуді үндістер үйреткен, олар темекі түтіні арқылы масаларды қуған. Үндістердің ер адамдарымен қоса әйелдері, балалары да темекі шеккен. Колумб маростары дстастық белгісі ретінде «өмір түтігін», яғни темекіні шеккен.

Ал 1496 жылы испан монахы Роман Пано Еуропаға мәдени өсімдік ретінде темекіні алып келді. 1559 жылы Португалиядағы француз патшайымы Екатерина Медичиге бас ауруы қайталаған кезде темекінің кепкен жапырағын іскеуді ұсынып, осы жапырақты сыйлайды. Нико мұны темекінің барлық ауруға дерлік шипалы қасиетін айтып кітап жазған испандық ботаник Николай Менардестен естіп білген еді. Осылайша темекіні иіскеу өзіндік модаға айналды. Темекінің зияны туралы кейінірек белгілі болды. Осыған байланысты «бұл дәріні тек дәріханаларда ғана сату керек» дегенді XII Людовик қаулы етіп шығарды. Бірақ темекі тарту мен иіскеуді әдетке айналдырғандар оны қоя алмады. Ресейге темекі XVII ғасырдың басында келді және оны тартқандар қатаң жазаланды. 1698 жылы I Петр темекіге тиым салғанды жояды. Содан бері темекі шегу кең тарай бастады. Темекі шегу біртіндеп Қазақстанға да келді. 2002 жылы 10-шілде күні Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан назарбаев қол қойған «Темекі шегушілердің алдын алу, оны шектеу туралы» заң шықты.

Жүргізуші: түтік, папирос, сигарет... Бұл заттарды біз үнемі көріп жүрміз, бірақ осылардың ішіне үңіліп көрдік пе? Сигареттің іші немен толтырылғанын білу үшін сөз кезегін биологқа берейік.

Биолог: Темекі алқатұқымдастар класына жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австралия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3 түрі өседі. Ол бір жылдық шөп, гүлдер түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады.

Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішіне орналасқан ұсақ тұқымдар болады. 1 грамында 10000 тұқым болады. Өсімдіктің жағымсыз, ауыр иісі болады. Құрамында никотин және басқа да улы алколоидтар бар. Темекінің жабайы түрі өсетін жерлерде оның жапырағын жеген мал уланып өліп қалады. Мәдени жіне дәрілік өсімдік ретінде тараған темекі қазір 120 елде өсіріледі. Дүниежүзінің өндіріс орындары бір жылда 6 миллион тонна өнім шығарады. Ал Қазақстанда жылына 9 мың тонна темекі өсіріледі. Одан жылына 12,6 млрд сигарет экспортқа шығарылады, 3 млрд сигарет басқа елден алынады. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептірілген. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды. Темекі жапырағынан лимон қышқылын, РР дәруменін, никотин-сульфат жасап ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы қолданады.

Жүргізуші: Адам үнемі білуге құмартып тұрады. Осыған байланысты, құрметті көрермендер, араларыңызда өмірінде бір рет те болса темекі тартып көргендерге сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші рет тартқанда қандай күйде болдыңыз, осыдан кейін тағы тартқыңыз келді ме? Жаман әдетті сіз неге тастап кетпедіңіз?

Ұлы Гетенің тамаша шығармасы «Фауста» мынадай бір оқиға барын бәріміз біле бермейміз. Жаңа дүниеге Мефистофельмен бірге Фаустта барады. Онда көптеген қызықты нәрселерді көреді, солардың ішінде бұрын-соңды көріп білмеген өсімдік темекі де бар еді. Сонда қай кезде де әр нәрседен хабары бар Мефистофель «қайдаы бір шоңайна емес, пайдалы шөп! Бұл ескі дүниені бақытқа кенелтеді, ны бір шеккен адам дағдылы ермекке айналады» деген.

Темекі шегу неге әдетке айналады? Бұл сұраққа жауапты дәігерден алсақ.

Дәрігер: Темекі түтініндегі құрамды бөліктері қанға сіңеді, 2-3 минуттан соң ми жасушаларына жетеді де, уақытша белсенділігін арттырады. Бұдан шылымқор өзін уақытша жақсы сезініп тыныштанғандай болады. Біраз уақыттан кейін оның жағдайы қайтадан қалпына түсіп тағы жақсы күйді аңсайды, сөйтіп тағы темекіге қол созады. Осылайша никотин зат алмасу үрдесіне орналасып, адам темекі тартпаса бір нәрсе жетпегендей болып тұрады. Бірнеше апта темекі тарқан соң әдетке айналдырып алады. Бір жыл ішінде ол адам кәдімгі шылымқор болады. Аяқ астынан темекіні тастаған адамның басы ауырып, еңсесі түсіп, ашушаң күй кешеді.

Жүргізуші: Осылайша шылымға әуестену әдетке айналады. Енді адам неліктен темекі шегеді, сол туралы әлеуметтанушылар айтса.

Әлеуметтанушы: Дүниежүзіндегі ер адамдардың 60 % - ы әйелдердің 20 % - ы темекі шегушілер. Темекіні үзбей тарқан адамдардың 16,9 % - ы темекіні 8-9 жастан бастап тартқандар. Жасөспірімдердің 27 % - ы жолдастарының әсерімен, 40% - ы қызықтап, 17 % - ы үлкендердің қолдауымен темекі шегеді. Жасөспірім шылымқордың 85 % - ының әке шешелері темекі шегетіндер. Темекі шегуші қыздарға келсек: олардың көбі басқалардың назарын өздеріне аудару үшін, сәнді көріну үшін, ешкімге тәуелсіз еместігін, өзіне-өзі сенімді екендігін көрсету үшін шегеді екен. Бұрындары темекі шегуші әйелдер өте аз кездессе, қазір 16-17 жастағы қанша жігіт темекі шексе, сонша қыз темекі шегеді. Бұдан біз сәнге берілу, еліктеп темекі шегу соңы әдетке айналатынын көріп отырмыз. Мұндай әдеттен арылу өте қиынға соғады. Қазақ «ауру қалса да, әдет қалмайды» деп айтады. Темекі шегетін балалардың 80 % - ы бұл әдеттен арыла алмайды. Ал 2 сигарет жасөспірімдердің 70 % - ы тұрақты шылымқорға айналады екен. Қазақстанда шылым шегу салдарынан бір күнде 70 адам қайтыс болады. Олардың жас мөлшері 35-69 аралығында.

Жүргізуші: Мен тағы мынадай сұрақ қойғым келіп тұр. Темекі шегудің аяғы жайсыз жағдайға соқтыратынын біле тұра неге адамдар темекі шегеді? Бұл туралы әлеуметтанушыда қандай ақпарат бар?

Әлеуметтанушы: Зерттеулер бойынша шылымқордың 65 % - ы темекі тартуды тастағысы келгенімен, олардың 80 % - ы өз бетімен қоя алмайды екен. «Ағзамыз темкіге үйреніп алған, денсаулығымызға зияны жоқ, керісінше тыныштандыруға көмектеседі, стресс жағдайында арылуға себін тигізеді» деп ойлайды. Жастардың 20 % - ы ұзақ темекі шегушіліктің зардабын біле бермейді. Біз бір көшедегі тұрғындардан шағын сауалнама жүргізгенімізде темекі тартатын әйел адам жоқ, 9 ер адам темекі тартады екен. Ең кішісінің жасы 23-те. Темекіні 25 жыл тартқан кісі бар. Барлығы темекінің зияны туралы біледі, бірақ «темекі шегуді неге тоқтатпайсыз?» деген сұраққа «Шаршағынымды басады, күш беретен сияқты, шекпесем өзімді жайсыз сезінемін» деп жауап берді.

Жер бетінде көптеген адамдар темекі тартсада өмір сүріп жатыр. Біздің ағзамызға темекі шегу қауіпті ме? Осы сұраққа жауап беру үшін дәрігерге сөз береміз.

Дәрігер: Әр сигарет адам өмірін 8-10 минутқа қысқартады екен. Шылымқорларда темекі шекпейтіндерге қарағанда жүрек-тамыр аурулары 2-3 есе, өкпе ісігі 15-30 есе, стинокардия 13, инфаркт миокарда 12, асқазан жарасы 10 есе көп кездеседі. Сол сияқты шылымқорлар ОРЗ, бронхит, астма ауруларымен жиі ауырып, есту көру қабілеттері де төмен болады. Ерін ісігі, өңеш, асқазан ісігімен де көп ауырады.

Мойындарына «бронхит», «Қатерлі ісік», «Туберкулез» деген тақтайша ілінген оқушылар шығады.

1-оқушы (Бронхит): Біз темекі тартатындарды жақсы көреміз.

2-оқушы (Қатерлі ісік): Біз темекі тартатындардың қатарын көбейткіміз келеді.

3-оқушы (Туберкулез): Сендердің сандарыңның көбейгені біз сияқты ауруларға өте жақсы.

Жүргізуші: Осындай жағдайды білген адамдар темекі тартпайтын шығарсыздар?

Мұғалім: Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әр адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Өйткені дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашанда құлшына кіріседі. Халқымыз «Тәні саудың – жаны сау» деп орынды айтқан.