Отын оның энергиясы, түрлері. Отынның меншікті жану жылуы
Сабақ № | Күні:21.10.16ж. |
Сабақ тақырыбы | Отынның энергиясы,түрлері. Отынның меншікті жану жылуы. |
Сілтеме | Физика 8-сынып, Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова күнтізбелік жоспар |
Жалпы мақсаты | Оқушыларға отын энергиясын, отынның меншікті жану жылуы білім беру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау қабілеттерін дамыту. |
Міндеттер | - Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру ; - Жаңа тақырыпты оқушылардың білімдерін пайдалана отырып жеткізу ; - Отын энергиясымен таныса білу. |
Мұғалім үшін оқу нәтижелері | - Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы толықтырып, тақырыпты пысықтау ; - Берілген тапсырмаларды , топта орындауға үйрету; -Оқушылардың өзін және бірін-бірі бағалауға дағдыландыру; |
Сабақ түрі, әдіс-тәсілдері | топпен жұмыс, диалогтық оқыту,АКТ, Блум таксмономиясы, сұрақ-жауап, көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлау технологиясының «БББ» кестесі, «Екі жұлдыз, бір тілек» |
Сабақтың көрнекілігі | Интербелсенді тақтада слайдтар, топтарға арналған тапсырмалар, видеолар, бағалау парағы. |
Күтілетін нәтиже | Оқушылар отынның түрлерімен жұмыс жасау. Жұппен,топпен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады. |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут | Суреттер бойынша 4 топқа бөлу /8 оқушы/ Бағалау критерийлері • Өз бетімен білім алуы • Дербес жұмыс жасауы • Жұпта жұмыс жасауы • Физикалық білімі |
Сабақтың барысы |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Тұсаукесер Үй тапсырмасын тексеру: Физикалық диктант. Слайд. 1. ……………. дегеніміз – сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі. 2. …………….. денелерде және ……………. конвекция болмайды. 3. Табиғи және еркін ……………….. болады. 4. Ішкі энергияның дененің көбірек қыздырылған бөлігінен дененің басқа азырақ қыздырылған бөлігіне тікелей немесе аралық денелер арқылы берілу құбылысы …………………….. деп аталады. 5. Қай ортада жылу өткізгіштік болмайды? Барлығы орындап болған соң, дұрыс жауаптарын тақтада көрсетемін. | Сұраққа топ болып жауап береді. Өткен тақырып бойынша естеріне түсіреді, жауаптарын дәптерлеріне жазады. Дәптерлерін бір-біріне тексертеді. Топ басшылары жауаптарын берілген дұрыс жауаппен тексереді.
|
Білу - 3 минут. Негізгі бөлім Жаңа сабаққа кіріспес бұрын «Отын түрлері» видеоролигін көрсету. Осы видеороликті көргеннен соң, мынадай проблемалық сұрақтар қоямын: 1. Видеороликтен не көрдіңіздер? 2. Осы видеороликтен көргеніңізді жалпы бір атаумен не деп аталады? Берілген сұрақ төңірегінде топпен талқылауға тапсырма беремін. Оқушылардың жауаптарын алған соң, түрткі сұрақтары, қайта бағыттау, жоғары - төмен деңгейлі сұрақтарды қоямын. Сосын бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Бүгін сабақта отынның түрлерімен танысамыз. Қандай отын түрлерін білесіңдер? Енді осы отындардың жану процесімен танысайық. Жану кезіндегі ішкі энергияның өзгеруі жылу алмасу және жұмыс атқару арқылы емес, отынмен байланысты болатын жылу химиялық құбылыстар есебінен жүреді. Мұнда жану өнімі молекулаларының қозғалыс энергиясы мен температурасы отын молекулаларының қозғалыс энергиясы мен температурасына қарағанда көбірек болады. Қарапайым отын – көмір, мұнай, бензин және т. б. құрамында көміртек бар. Жану кезінде бір көміртек атомы ауадағы оттектің екі атомымен қосылып, көмірқышқыл газының бір молекуласын құрайды. Нәтижесінде өте мол энергия бөлінеді | Осы сұрақ бойынша оқушылар өз ойларын айтады, бір - бірінің жауаптарын толықтырады. Топ ішінде өзара талқылап, топ басшылары өз сөздерімен білгендерінше жауап береді. |
ТҮСІНУ - 5 мин 1 тапсырма: Эксперимент жасау. Слайд. Барысы: 1. 2 – дана қатты қағаздың бетіне фольганы орналастыру. 2. Фольганың бетіне мақтаны орналастыру. 3. Екі мақтаның бетіне тамызғышпен біріне – спирт, ал біріне – бензин тамызу. Бір мезгілде сіріңкемен жағу. 4. Спирт пен бензин толық жанып болғаннан кейін, фольганы ұстап көру. Қорытынды жасау үшін қойылатын сұрақтар (слайд): 1) Фольга қағазы қалай қызды? 2) Қай отын түрі толық жанғанда көп энергияны шығарды? | Тапсырманы топпен орындайды, құбылысты бақылайды, зерттейді, қорытынды шығарады. Бір - бірінің жауаптарын толықтырады. |
ҚОЛДАНУ – 15 мин «Отынның меншікті жану жылуы» жаңа тақырыпты топтастыру, қорғау. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг. Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек. | Жаңа тақырыптар бойынша өздерінің постерлерін әр топ ортаға шығып қорғайды. |
ТАЛДАУ – 7 мин. Есептер шығару. 1. Массасы 20 кг құрғақ ағаш толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері: (Құрғақ ағаштың меншікті жану жылуы1,0•107Дж/кг). 2. Жылуы 2, 3*10Дж энергия алу үшін қанша бензин жағу керек? 3. 2 кг бензин мен 3 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады? №4 Массасы 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді? №5 5 кг антрацит толық жанғанда қайсысынан көп жылу бөлініп шығады? №6 Құрғақ ағаш түгел жанғанда 50 000 кДж энергия бөлініп шыққан. Массасы қандай? №7 Көлемі 2 л керосин түгел жанғанда қанша жылу бөлініп шығады? №8 210·108 Дж жылу алу үшін қанша тас көмір отынын жағу керек? | Әр топтарға есептер беріліп, жұптасып орындайды. |
ЖИНАҚТАУ- 6 мин «Ыстық орындық» әдісі бойынша топтардан бір- бір оқушы шақырылып, сұрақтар қою. | Өзін –өзі тексеруге арналған сұрақтар: Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады? Меншікті жану жылуы дегеніміз не? Оны қандай әріппен белгілейді? Өлшем бірлігі? |
Бағалау | 2 минут Топ бағалаушылары топ мүшелерін бағалайды. |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Қорытынды баға шығару | Бағалау парағы бойынша бағалау. |
Үйге тапсырма беру /1минут |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Үйге: §11, 7-жаттыгу №4,№5 есеп | Үй тапсырмасын күнделікке жазып алу. |
Рефлекция / 1 минут |
Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
Бағдаршам | Оқушылар стикерлерге жазып жапсырады. |