Ақмола облысы
Целиноград ауданы
Новоишимка ауылы
№ 32 орта мектеп
Химия пәнінен элективтік курс бағдарламасы

Тақырыбы:
«Химия есептерін топтық жұмыс арқылы шешу»
2018 жыл
«Химия есептерін топтық жұмыс арқылы шешу»
пайдалану: 34 сағат
I.Түсінік хат
- 8 сыныпқа арналған элективтік курсының бағдарламасы оқушыларға химия пәнінен теория жүзінде алған білімдерін есептер шығару арқылы тереңірек түсінуге көмектеседі және әрі қарай өз бетімен алған білімдерін қолдана білуге үйретеді.
Есепті шығаруоңайдан күрделі есепке жүйелі түрде берілген.Есептер барлық оқушылар үшін топтық жұмыс арқылы және деңгейлік тапсырмалар түрінде жасалған.Курс барысында тақырыптар үш бөлімнен тұрады, қарапайым есептер күнделікті сабақта шығарылатыннан,күрделі есептерге жалғасып,шығармашылық жұмыс талап ететін есептерге айналады.Үшінші бөлімде топтық жұмыс арқылы оқушылар бір біріне көмектесіп талқылау арқылы алған білімдерін қорытындылайды.
Курстың негізі – химиялық есе,птерді шығару топтық жұмыс арқылы өз білімдерін тереңдетеді және тәжірибе жүзінде алған білімдерін пайдалана алады.
Мақсаттары:
Топтық жұмыс арқылы оқушының таным белсенділігі және өзіндік шығармашылық қатынасы тәрбиеленеді.
Ынтымақтастықта жұмыс жасауда химиялық есептерді шығарып, түсініп, өздерінің білімдерінің қолдана біліп, нәтижесін бағалай білуге үйренеді.
Элективті курс арқылы оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық арттыру мақсатында бейімдеп оқиды.
Шығармашылық, өзіндік әрекетіне бейім, оқушы тұлғасы қалыптасады.
Химия ғылымын оқып білуге деген құштарлығы артады.
Міндеттері:
Оқушылардың алған білімдерін толықтырып , күнделікті тұрмыста, отбасында қолдана білуге үйренеді.
Химиялық есептер шығару арқылы химия ғылыми маңызын ашады және өзіндік көзқарас қалыптасады.
Химияны оқытуға бәсекел жан-жақты қабілетті, патриот тұлға тәрбиеленеді.
Оқушылардың ынтымақтастықта жұмыс жасап шығармашылық , жеке қабілеттерін дамытады.
Ғылыми көзқарастарын қалыптасады.
Күтілетін нәтиже:
Топтық жұмыс арқылы оқушылардың теориялық білімідерімен бөлісіп, танымдық, шығармашылық дағдысы қалыптасады, функционалдық сауаттылық артады.
Оқушылар топтық жұмыста және өз бетінше әдебиетпен жұмыс жасап, ізденуге дағдыланады.
Химиялық тіл, сауаттылықтары дамиды.
Оқушының санасына отан сүйгіштік көзқарасын тәрбиеленеді.
Есеп шығаратың дағдыларықалыптасып,өз көзқарасын бекітеді.
Пән аралық байланыс:
Биология, география, дүниетану, физика.
Курстың уақыт көлемі:
Аптасына бір рет, барлығы 34 сағат.
Курстың берілу әдістері:
Топтық жұмыс, шығармашылық жұмыс, тест, жоба қорғау- презентация.
Курсты оқыту технологиялары:
Сыни тұрғыдан оқыту, проблемалық оқыту, жобалау әдісі, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.
II . Мазмұндық бөлім:
І. Сандық есептердің типтері.
1.Зат массасының сақталу заңы мен құрам тұрақтылық заңына шығарылатын есептер-3 сағат.
2.Заттың формуласы бойынша шығарылатын есептер.
-анализ мәліметтеріне сүйене отырып заттың қарапайым формуласын табу.
-заттың формуласы бойынша оның проценттік құрамын табу.
-газдардың молекулалық формулаларын табу.
-формула бойынша заттың құрамына кіретін және элементтердің салмақ өлщемдерін табу.-4сағат.
3. Химиялық теңдеулер бойынша шығарылатын есептер.-3 сағат.
4. Ерітінділердің концентрациясын анықтауға шығарылатын есептер.-3 сағат.
5. Периодтық заңға және атом құрылысына шығарылатын есептер.-4 сағат.
6. Авогадро заңы. Газдардың грамм-молекулалық көлемін табуға арналған есептер.
-газдардың грамм-молекулалық көлемін табу.
-газдардың салыстырмалы және абсолюттік тығыздығына сәйкес молекулалық салмағын табу және молекулалық салмақтары бойынша тығыздығын табу.
-салмақ пен көлем қатар келгенде шығарылатын есептер.
-химиялық реакцияға қатысатын газдардың өз ара көлемдік қатынастарын табу.-5 сағат.
ІІ. Политехникалық мазмұндағы күрделі есептер.-5 сағат.
ІІІ. Эксперименттік есептерді шығару.
-эксперименттік есептерді шығару әдістері.
-эксперименттік есептердің типтері.
-химиялық құбылыстарды байқау және оны түсідіру.
-заттарды алу.
-химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу.
-берілген заттарда қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту.-6 сағат.
III. Нормативті бөлім:
№ | Сабақ тақырыбы | сағат саны | Блум бойынша | Оқытудың негізгі мақсаттары | Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер | Оқу нәтижелері | Бағалау,соның ішінде оқыту үшін бағалау |
1-3 | І. Сандық есептердің типтері. Зат массасының сақталу заңы мен құрам тұрақтылық заңына шығарылатын есептер. | 3 | Қолдану, жинақтау | Зат массасының сақталу заңы мен құрам тұрақтылық заңына шығарылатын есептер шығаруда тиімді тәсәлдерді қолданып, шығару жолынна талдау жасай алады | Мәселені шешуге арналған тапсырма. ‑ Миға шабуыл. | Барлық оқушылар тақырып аясында өз пікірлерін ортаға салып, жан-жақты талқылап бір шешімге келеді | Өзін өзі бағалау. Берілген дұрыс жауаптарға қарап өзінің жұмысын тексереді.    |
4-7 | Заттың формуласы бойынша шығарылатын есептер. -анализ мәліметтеріне сүйене отырып заттың қарапайым формуласын табу. -заттың формуласы бойынша оның проценттік құрамын табу. -газдардың молекулалық формулаларын табу. -формула бойынша заттың құрамына кіретін және элементтердің салмақ өлщемдерін табу. | 4 | Қолдану, бағалау | Анализ мәліметтеріне сүйене отырып, заттардың формуласын анықтауда бірнеше тәсілдерді айқындап есептерді шығаруда қолдана алады. Заттың проценттік құрамын табу тәсілін қорытып шығарады. Заттың салмақ мөлшерін табу әдісін ұсынады. | «Галереяны шарлау» әдісі | Сараптау, жинақтау, бағалау; Ақпаратпен тиянақты жұмыс жасалады.Сыныптастарының ұсынылған мәселе, ақпарат туралы елестетуімен таныстырады; ұсынылған мәселе туралы өзгелердің пікірін біледі; өз жұмысын сыныптастарымен талқылайды, жұмысқа терең сараптама жасау арқылы өз білімін, түсінігін кеңейтеді. | Өзін өзі бағалау.    |
8-10 | Химиялық теңдеулер бойынша шығарылатын есептер. | 3 | Қолдану, жинақтау. | Химиялық теңдеулер бойынша шығарылатын есептерде реакция теңестіріп есептеулердің тиімді тәсілін айқындайды. | «Джигсо» әдісі. | Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау. Басқа топтарға өкілдерді жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту. | Бірін біріформативті бағалау,мұғалімнің берген суммативті бағасы  |
11-13 | Ерітінділердің концентрациясын анықтауға шығарылатын есептер. | 3 | Жинақтау, бағалау | Есептеу формулаларын қолдану арқылы ерітінділердің концентрациясын анықтауға болатыны туралы мәліметтерді ұсынады және керекті формулаларды таңдай алады. | «Кластер» әдісі . | Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды жинақтау, тұжырымдау. Тұжырымды ойларын қарталарға түсіріп, топтық жұмыс қорғалады (постер) | Бірін біріформативті бағалау.   |
14-17 | Периодтық заңға және атом құрылысына шығарылатын есептер. | 4 | Талдау, жинақтау. | Химиялық элементтердің құрылысын ХЭПЖ негізінде ажырата біліп, бір бірімен айырмашылқтары мен ұқсастықтарын ажыратып, мәліметтерді ұсынып қорытынды жасайды. | «Қар кесегі» | Ұжымдасып өз ойларымен бөлісе алады. Нақтылыққа үйренеді. | Бірін біріформативті бағалау.   |
18-22 | Авогадро заңы. Газдардың грамм-молекулалық көлемін табуға арналған есептер. -газдардың грамм-молекулалық көлемін табу. -газдардың салыстырмалы және абсолюттік тығыздығына сәйкес молекулалық салмағын табу және молекулалық салмақтары бойынша тығыздығын табу. -салмақ пен көлем қатар келгенде шығарылатын есептер. -химиялық реакцияға қатысатын газдардың өз ара көлемдік қатынастарын табу. | 5 | Талдау, жинақтау. | Авогадро заңына сүйене отырып газдарға қатысты зерттеу есептерін шығара алады салмақ пен көлем қатар келгенде есептерді шығарып таңдау жасап, қорытынды шығарады. | «Үштік» әдіс (Ойлан, жұптас, бөліс) | Оқушылар ойына келген жауаптар немесе идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу. | Бірін біріформативті бағалау.  |
23-27 | ІІ. Политехникалық мазмұндағы күрделі есептер. | 5 | Қолдану, талдау. | Политехникалық күрделі есептерді зерттеп, тиімді шығару жолын көрсетеді. | ««Эйлер шеңбері» әдісі | А-4 параққа, шағын постерге Эйлер шеңбері сызылып, кезекпен идеялар талқыланып, жазылады. Не?Қалай? Неге? Нәтиже? деген Мәселер бойынша идеялар сараланады. | Бір бірін бағалау.    |
28-33 | ІІІ. Эксперименттік есептерді шығару. -эксперименттік есептерді шығару әдістері. -эксперименттік есептердің типтері. -химиялық құбылыстарды байқау және оны түсідіру. -заттарды алу. -химиялық заттарды бір-бірінен ажырата білу. -берілген заттарда қоспаның бар екендігін анықтау және затты қоспадан тазарту. | 6 | Талдау, жинақтау. | Алған ақпаратты айқын тұжырымдайды, заттарды анықтайды, құрайды, жорамалдайды, ажыратады, саралайды. | «Зерттеушілік конференциясы» әдісі | 1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы. |    |
34 | Қорытындылау сабағы. | 1 | | Курс бойынша алған білімдерін бағалайды. | SWOT - талдау | Бұл әдісті қолдану барысында мәселенің жағымды, жағымсыз жақтарына сараптама беріледі, мүмкіндіктері бағаланып, қауіп-қатерлері туралы нақты дәлелдер келтіріледі. | |
Қолданылған әдебиеттер:
1.А.Б.Юсупова «Химия есептері және оларды шығару әдістері.» Алматы «Мектеп»1989.
2. «Химия» 8-сынып оқулығы.
Н.Нұрахметов, Қ.Сарманова, К.Жексембина.
3.К.Әбсалыққызы «Химия бақылау жұмыстары» Алматы. «Рауан»1994.