Батырбек Өтеп атындағы «Өнер» мектеп-интернаты КММ
Пәні: Қазақстан тарихы
Сыныбы: 7 а ә б в
Сабақтың тақырыбы: Қасым хан
Пән мұғалімі: Мақаш Бауыржан
Жаңа оқу жылы жемісті,
Мерейі үстем жыл болсын.
Шәкірттеріміз өрісті,
Елім дер қыз бен ұл болсын.
Сабақтың мақсаты
Білімділік . Қасым ханның қазақ хандығының тарихында тәжірибелі қолбасшы, білікті басқарушы, тұлға ретінде атқарған рөлін ашып көрсету.
Дамытушылық: Оқушылардыың білімдерін тірек - сызба арқылы түсіндіре отырып толықтыру, шыңдау. Картамен жұмыс жүргізу, топ болып.өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Қасым ханның тағылымы мол тарихи тұлғасы арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас, Ойын,т.б. Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту, тірек – сызба арқылы оқыту, және жеке жұмыс, мәтінмен жұмыс. Пәнішілік байланысы: География, математика,қазақ әдебиеті Көрнекіліктер: Тірек сызба,Қасым ханның суреттері, саяси карта. Жаңа технология: СТО,Қараев әдістерін пайдалану, баяндау, сұрақ – жауап
І. Ұйымдастыру :
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
ІV.Сабақты бекіту
V. Қортындылау
VІ. Бағалау:
VІІ Үй тапсырмасы: Венн диаграмасы.
МОНҒОЛСТАНЫҢ БАТЫС ЖАҒЫНДАҒЫ ШУ МЕН ҚОЗЫБАСЫ ТАУЫНДА. 1465 - 1466 ЖЫЛДАРЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛДЫ .
Ұлы Отан соғысының батырлары
Ұлы Отан соғысы
1941-1945
1. Ұлы Отан соғысы басталды -1941ж 22 маусымда
2.Ұлы Отан соғыс аяақталды -1945ж 9 мамырда
3. Кеңес Одағы бойынша 27 млн адам опат болса
Соның 1 3% қазақ
4 . Қазақстаннан 497 адам КСРО батыры атағын алған.
Оның 97-і қазақ
Шо қан Уәлихановқа 150 жыл.
Үй тапсырмасы
§37.Қазақ мемлекетінің құрылуының тарихи маңызы
1
Жылдар
Шу өзенінің бойында Қозыбасы тауында Қазақ хандығы құрылды.
2
1458
жыл
1465-1466 ж
Керей сұлтан хан сайланып,қазақ хандығын құрды.
3
XV ғасыр-дың 70-ж
Керей хан мен Жәнібек хан Түркістанға Созаққа шабуыл жасады.
4
1470
жыл
Қазақ хандығы Сырдария бойы мен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды.
5
XV ғасыр-дың 80-ж
Шайбани хан Моғолстан ханының қолдауымен Қазақ хандығына шабуыл жасап Сауран,Сығанақ,Созақ қалаларын басып алды.
Қасым хан – Жәнібек
ханның заңды мұрагері
XVI ғасырдың бас кезінде Жәнібек ханның ұлы Қасым таққа отырды. Керей ханнан кейін хан тағы оның ұлы Бұрындық ханның үлесіне тиген еді. Бастапқы кезде Қасым сұлтан әкесінің жолын қуып, барлық істе Бұрындық ханға бағынып , соңын алдында бас иді. Алайда Бұрындық пен Қасымның арасында билік үшін шиеленіскен күрес Қасым сұлтанның жеңісімен аяқталды.
Бұрындық хан жеңіліс тауып, елден кетті. 1511 жылдан бастап Қасым хандық билікті қолына алды.Қасым хан Қазақ хандығының тағына отырысымен ішкі- қайшылықтарды –феодал-ақсүйектердің наразылығын бәсеңдетіп, хандықты нығайтуға кірісті. Сөйтіп Қазақ хандығының жер көлемін кеңейте түсуге бар күшін,ынта-жігерін аямай жұмсады. Нәтижесінде Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда нығая түсті.
Қасым ханның билік құрған кезіндегі қазақ хандығының қуаты мен беделі алыс елдерге танылды. Қасым ханның Қазақ хандығына хан болуы кездейсоқ емес, XV – XVI ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы ішкі саяси дамудың заңды қорытындысы. Қасым хан – хандықтың кеңеюімен нығаюына белсене араласып, өз елін алыс-жақын елдердің бәріне танымал еткен тарихи тұлға. Қасым хан бүкіл Дешті Қыпшақтың ханына айналды. Қасым хандығының нығаюына онымен көршілес отырған, сол кезде ауыр дағдарысты басынан көшірген Ноғай Ордасының әлсіреуі себепкер болды. Руларды билеуші мырзалар билік үшін өзара күресіп жатты. Соның салдарынан Ноғай Ордасының жеріне көшіп жүрген рулардың бір бөлігі- қыпшақтар, қаңлылар және басқалары Қазақ хандығының құрамына келіп қосылды. Ноғай мырзаларының қол астында болған көптеген қауымдар Қасым ханға бағынды .
Қасым хан ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.
Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-сұлтандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.
Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.
Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын , бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.
Қасым ханның Шайбани ханмен жүргізген соғыстары
XVI ғасырдың басында қазақ ханы Қасым ханның сыртқы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу жолындағы күрес болды. Қасым ханның Мауараннахрдың билеушісі болған Шайбани хан және оның ұрпақтарымен күресі тоқтаусыз жүре берді. Бұл ұрпақтан ұрпаққа созылған соғыс экономикалық сипат алды.
Мұхаммед Шайбани хан Қазақ хандығының экономикалық жағынан күшеюіне жол бермеуге ұмтылды. Сөйтіп қазақ хандығының Сырдария бойындағы шұрайлы жерлер мен қалаларға билік жүргізуіне бөгет жасады. Шайбани хан алғаш экономикалық соққы беру үшін, екі ел арасындағы сауда байланысын үзіп, тоқтатуға тырысты. Ол “Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін жасамайтын болсын, олармен осы жерлердің тұрғындары арасында қарым-қатынас болмасын” деген жарлық шығарды. Осымен қатар қазақ саудагерлерінің керуенін тонау туралы бұйрық берді.
Оңтүстік қазақстан қалалары үшін күрес ұзаққа созылды. Шайбани хан 1503,1505,1506 жылдары қазақ жеріне тонаушылық жорықтар жасады.
1509 жылы Шайбани көп әскермен Жаныш сұлтан қыстап отырған Караталға күтпеген жерден шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты.
1510жылы Шайбани хан Қасымға қарсы тағы бір шапқыншылық жорық ұйымдастырды. Шайбани Мерв түбінде Иран шахы Исмаилмен шайқаста қаза тапты.
Қасым ханның « Қасқа жолы”
1. Мүлік заңы (жер-су,мал –мүлік,дауы). 2. Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 4. Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері). 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.)
Қасым ханның заң жинағының екінші тармағында не жайлы айтылған?
Қасым хан кімнің баласы?
М.Х.Дулатидың айтуынша Қасым ханның қанша әскері болған?
Қасым ханның заңдар жинағы жайлы ой-пікір айтқан ғалым?
Қасым ханның халқының саны миллионнан астам болған деп кім айтқан?
Қасым ханның заң жинағы?
Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алу үшін Қасым хан кімдермен соғыс жүргізіп отырды?
Ескерту: Слайдтың көрсетілуі барысында әрбір доп үш реттен тышқан көмегімен шертіледі. 1-ші сұрақ пайда болады, 2-ші сұрақ жойылады, 3-ші доп қақпаға енеді.
Қасым ханның шежіресі.
Математикалық лото
- 1465+550= (2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы)
- 1584-73= (1511 жылы Қазақ ханы Қасым ханның билікке отырған жылы)
- 1450+64= (1514 жылы Монғол ханы Саид ханның Қасым ханнан шайбанилерге қарсы күреске көмек сұрауы)
- XX-IV = ( XVI ғасыр Қазақ хандығының беделі өсіп,жер көлемі
ұлғайып,халқының саны бір миллионнан асып,хандықтағы талас тартыстар азайды)
- 1465+65= (1530 жылы Қазақ хандығы ауыр жеңіліске ұшырады)
- 1740-208= (1532 жылы Тахир хан бауыры Тоғым ханмен бірге
Орта Азия әміршісі Абд ар-Рашид ханмен шайқаста қаза тапты.)
- 1325+198= (1523 жылы Орыс деректерінде Қасым ханның
Сарайшық қаласында қайтыс болуы.)
хан
Жәнібек ханның баласы
Қазақ хандығының жер аума-ғын кеңейтті
Қасым
1511-1523 жылдарғы Қазақ ханы
«Қасым ханның қасқа жолы»
300 мың әскер жасақтай алды
Е герде мен: Қасым хан болсам
«БББ»
- Білемін Білдім Білгім келеді
Бағалау
Үйге тапсырма: §38 оқып келу ВЕНН диаграммасын толтыру Қасым хан мен президентіміз Нұрсұлтанның ерекшеліктері мен ұқсастығын тауып дәптерге жазыңыз.
Қасым хан
Нұрсұлтан президент
ұқсастығы