Пән: Көркем еңбек Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 1. Дизайн және технология Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Жолаева А.А. Сынып: 9 сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| Киім және аксессуардың заманауи өндірісі |
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 9.2.2.2.Әртүрлі өнеркәсіпте технологиялық және өндірістік үдерістер туралы білімдері мен түсінігін көрсету |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушы: Киім және аксессуардың заманауи өндірісі туралы білу, жасаған аксессуарларына материалды қолдану |
Бағалау критерийлері | 1. Киім аксесуарларын атайды 2. Аксессуарларды жасай алады |
Тілдік мақсаттар | Интерьер,түстер түрлері, |
Құндылықтарды дарыту | Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы,өмір бойы білім алу |
Пәнаралық байланыстар | Бейнелеу,музыка,сызу,информатика |
АКТ қолдану дағдылары | Интернет желісі |
Бастапқы білім | Киім және аксессуардың заманауи өндірісі туралы біледі |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дерексөздер/ Ресурстар |
Сабақтың басы 5 минут | Психологиялық ахуал: Аксессуарлар туралы суреттер көрсету арқылы балалардың назарын сабаққа аудару. 1.Аксессуарлардың қандай түрлерін білесің? 2.Аксессуарларды не үшін қолданады? 3.Олар не үшін қолданады? 4.Аксессуарларды қай кезде тағады? | Оқулық ,сурет |
Сабақтың ортасы 8 минут . | Топқа бөлу: Моншақ пен білезік суреттері таратылып беріледі, сол бойынша 2-топқа бөлінеді. Жұппен жұмыс 1-тапсырма:Аксессуарлардың нобайын дайындап,сол бойынша моншақ,білезік жасау. (Қосымша №1) Бағалау критерийі: | Дескриптор: | 1.Аксессуарларды қолданылатын материалды таңдайды және қауіпсіздік ережелерін құрастырады | 1.Аксессуарларды жасау үшін қолданылатын материалдарын таңдай алады. 2.Кесте арқылы қауіпсіздік ережесін құрастыра алады. | 2-тапсырма:ТЖ 1-топ Берілген сурет бойынша материалды үнемдеп, түс үйлесімділігін сәйкестендіріп,бисерден алқа жасау. 2-топ Берілген сурет бойынша материалды үнемдеп, түс үйлесімділігін сәйкестендіріп,моншақтан білезік жасау. Бағалау критерийі: | Дескриптор: | 1.Бисер мен моншақтан түрлі алқа,білезіктер жасай алады,заманауилығына көңіл аударады. | 1. Берілген сурет бойынша материалды үнемдеп, түс үйлесімділігін сәйкестендіріп, бисерден алқа жасай алады. 2. Берілген сурет бойынша материалды үнемдеп, түс үйлесімділігін сәйкестендіріп, моншақтан түрлі білезіктер жасай біледі. | | Қосымша №1 Моншақ.бисер,жіпине,қайшы. |
Сабақтың соңы 5 минут | Сабақ соңында жасаған аксессуарларымен көрме ұйымдастырып, «Табыс сатысы» әдісі (Мен оны істеймін,Мен оны істей аламын,Мен тырысып көремін) бойынша кері байланыс жасау арқылы бағалаймын. | |
Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | |
| | |