Реакцияға түскен немесе реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасы және зат мөлшері арқылы зат массасы мен газ көлемін табуға есептер шығару
1-мысал. 12,6 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескен кезде түзілген тұздың массасын табыңыздар.
Берілгені: m(HNO3) = 12,6 г
m/к. m (КNO3) = ?
Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.
HNO3 + КОН = КNO3 + Н2 О
2)Азот қышқылы мен калий нитратының молярлық массаларын табамыз.
М (HNO3) =63 г/моль
М (КNO3) =101 г/моль
3) Реакция теңдеуі бойынша 63 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескенде
1 моль азот қышқылы мен 1 моль калий нитратының массаларын табамыз.
m = v ∙ M
m(HNO3) = 1 моль ∙ 63 г/моль = 63 г
m (КNO3) =1 моль ∙ 101 г/моль =101 г
4) Реакция теңдеуі бойынша 63 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескенде
101 г калий нитраты түзіледі, 12,6 г азот қышқылы калий гидроксидімен әрекеттескен кезде түзілетін калий нитратының массаларын табамыз.
63 г --- 101 г
12,6 г ---х г
х =
= 20.2 г Жауабы: 20,2 г калий нитраты түзіледі.
2-мысал. 3 г көмір толық тотығу үшін оттегінің қандай көлемі жұмсалады?
Берілгені:
m(С) = 3 г
m/к V(O2) = ?
Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.
С+О2 →СО2
2) Көмірдің молярлық массасын табамыз.
М (С) =12 г/моль.
3) Кез-келген газдың 1 молы қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алатынын ескерсек, 1 моль көмір тотығу үшін жұмсалатын оттегі 22,4 л көлем алады. 1 моль көмірдің массасын табамыз
m = v ∙ M
m(С) = 1 моль ∙12 г/моль = 12 г
4) Реакция теңдеуі бойынша 12 г көмір тотығу үшін 22,4 л оттегі жұмсалады, ал 3 г көмір толық тотығу үшін қажетті оттегінің көлемін табамыз.
12 г ---22,4 л
3 г ---х х =
= 5.6 л
Жауабы: 5.6 л оттегі жұмсалады.
3-мысал. Күкірт жанғанда 112 л (қ.ж) газ түзілді. Жанған күкірттің массасын табамыз.
Берілгені:
V (SO2) = 3 г
m/к m (S) = ?
Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.
S+О2 →SО2
2) Күкірттің молярлық массасын табамыз.
М (S) =32 г/моль.
3) Кез-келген газдың 1 молы қалыпты жағдайда 22,4 л көлем алатынын ескерсек, 1 моль күкірт жанғанда түзілген күкірт (ІҮ) оксиді 22,4 л көлем алады. 1 моль күкірттің массасын табамыз .
m = v ∙ M
m(С) = 1 моль ∙32 г/моль = 32 г
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма:
4) Реакция теңдеуі бойынша 32 г күкірт жанғанда 22,4 л күкірт (ІҮ) оксиді түзіледі, ал 112 л күкірт (ІҮ) оксиді түзілген кезде жанған күкірттің массасын табамыз.
32 г ---22,4 л
х ---112 л х =
= 160 г
Жауабы: 160 г күкірт жанғанда
4-мысал. 0.3 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін натрийдың массасын табамыз.
Берілгені:
v (HCI) =0, 3 моль
m/к m (Na) = ?
Шешуі: 1) Рекция теңдеуін жазамыз.
2Na + 2HCI → 2NaCI + H2
2) Натрийдің молярлық массасын табамыз.
М (Na) =23 г/моль.
3) 2 моль натрийдың массасын табамыз.
m = v ∙ M
m(Na) = 2 моль ∙2 3 г/моль = 46 г
4) Реакция теңдеуі бойынша 2 моль тұз қышқылымен 46 г натрий әрекеттеседі, ал 0.3 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін натрийдың массасын табамыз.
2 моль---46 г
0.3 моль ---х х =
= 6.9 г
Жауабы: 6.9 г натрий әрекеттеседі.