Просмотр содержимого документа
«"Әртүрлі өнер түрлерімен таныстыру"»
Тақырыбы :Би әлемі
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің өз өнерлерін көрсете білуге.Көпшіліктің арасында өзін ұстай білуге.шапшаң қимылдауға әсемдікке , жауапкершілікке тәрбелеу.
Армысыздар, , аяулы бүлдіршіндер, қадірменді қонақтар! Бүгінгі «Көктем би өрнегі» атты сайысына қош келдіңіздер.
Әр шаңыраққа әсем үнімен, ерке қылығымен бақыт сыйлайтын, әр отбасының базары мен ажары болған бүлдіршіндер бүгін ортамызда би билеп өнерлерін көрсетпек. Бүлдіршіндердің өнерін сараптайтын қазылар алқасымен таныстырамын:
Би билейді талмайды,
Әсем ән де шырқайды
Сүп - сүйкімді Жанельді
Барлық бала тыңдайды.
№1 би өнерін көрсетеін «Арман» шағын орталығының би тобын қошеметтеп қарсы алыңыздар би «Әртүрлі шынылар»
Әдепті біз сақтаймыз,
Шындықты әркез жақтаймыз
Өнерлі біз бәріміз
Тәртіпті де баламыз
Мектепалды даярлық «А» сыныбының орындауында « Чунга чанга » биі.
Мен де биші боламын,
Жұлдыз болып жанамын
Деп жүр біздің Сабина
Шұғыладай боламын!
Кезегі енді келеді,- деп би кезегін мектепалды даярлық «ә» сыныбының өнерін тамашалаймыз Ашық болсын жолымыз,- деп Сабинаны « Шы5ыс » биімен шақырамыз.
« Алау болып жанамын,
Жеңісті өзім аламын»,-
Деп келіпті Шағын орталықтың бүлдіршіндері
Қуана қарсы аламыз!
Сүйкімді бүлдіршін дердің « Папури » биін тамашалайық!
Ертеңгі күнін ойлайтын,
Биіктерге самғайтын
Бүлдіршіндер бар бізде
Өнерлі ғой шетінен.
Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы сіздерге де көп - көп рахмет!
Көрсетпесін өмір - өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата - анаға жүрген демеп
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ
Би әлемі.

Тәрбиеші: Алгашбаева М.Б
2018 Ж
Сабақтың өзіндік талдауы
Ашық сабақ : Көркем әдебиет
Тәрбиеші: Алғашбаева М.Б
Сынып : МДС«Ә»
Сабақтың тақырыбы | Тиімді тамақтану |
мақсаты | Балалардың сөздік қорын дамыту. Ойын арқылы сабақтың мазмұнына қарай " Тиімді тамақтану " тақырыбы бойынша , жаңа сөздердің мағынасын меңгереді және пайдалы зиянды тағамдарды ажыратады.. Тамақты уақытылы ішу,және дәрумендерді бар тамақтарды пайдалану керек екендерін түсіндіру.Тамақтану ережелерін, есте сақтауға дағдыландыру. |
1.Сабақтың жалпы құрлымы: | Сабақ барысында жеке ,жұппен жұмыс , сұрақ-жауап,сәкестендіру, деңгейлік,өздік тапсырмалар орындалды. Қызығушылықты ояту барысында оқушылар қимыл іс –әрекет арқылы сұрақтар қойып , «не жоқ» ойыны арқылы нені анықтауға болатынын түсіндіру арқылы жаңа сабақтың тақырыбы – тиімді тамақтану таныстырылды. Бір- бірін тексеру тәсілі қолданылды. Оқулықпен жұмыс барысында жұптық ,жеке жұмыс түрі жүргізілді.. Жұптық жұмыс барысында сәйкестендіру тапсырмасы орындалды. Пайдалы және зиянды тағамдардың түрлерімен таныстырылды.. Шығармашылық жұмыстар: дүкенге барып азық түлік сатып алып келу.Қандай зат алғандарын айтып беру. |
2.Сабақтың дидактикалық мақсаты | Ашық сабаққа оқушылар белсенді қатысты .Сабақта оқушылардың танымдық қызығушылықтары басым болды. Өткен тақырып бойынша алған білімдерін жаңа сабақта тереңдете түсті. Оқушылардың сабақ барысында орындаған тапсырмалары, сөйлеу мәнері, өз ойларын жеткізу жұптық топтық ,жеке жұмыс барысындағы белсенділіктері,шығармашылықтары ,бәсекеге қабілетіктері бағаланып, ескеріліп отырды. |
3.Оқыту үрдісіне оқушылардың дамуын жүзеге асыру. | Артығын бап , қай тағамда қай мезгілде ішеміз ,жалғасын табу тапсырмалары берілгенде оқушылар бәсекелестік қалыптасты оқушылар бір – бірінің қателерін тауып , дәлелдеу арқылы түзету жұмыстарын жасады. Әр орындалған тапсырманың нәтижесі бір-бірін бағалап отырды. |
4.Сабақ барысында тәрбиелеу: | Сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін айтуға ,дәлелдеу талаптарын орындауға машықтанды. |
| |
«Арман» ШО және мектепалды даярлық сыныптарында өткізілген «Би әлемі» сайысының сараптамасы .
Мақсаты: Тәрбиеленушідің өз өнерлеріе көрсете білуге. Көпшіліктің арасында өзін ұстай білуге , шапшаң қимылдауға әсімдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Шағын орталық және мектепалды даярлық тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді.Тәрбиеенушілер белесене қатысып өз билерін көрсеті.Атап айтсам «Арман» орталығы өздерінің жас болғандарына қарамастан жақсы билеп шықты.«Жас бишілер» номенациясымен марапаталды.
Шағын орталық тобы ұлдар және қыздар топ болып биледі. Қимылдары шапшаң биді нақышына келтіріп билеп шықты десемде болады.
Мектеп алды даярлық«А» сыныбының тәрбиеленушілері чунга чанга биін жақсы билеп шықты .Топ арасындағы би сайысында үздік атанды.
Мектепалды даярлық«Ә» сыныбының тәрбиеленушісі Омарова Сабина мың бұрала билеп өзінің шығыс биімен көрерменді таң қалдырды.Солай талантты биші номенациясымен марапатталды.
Қорыта келе би әлемі сайысы жоғары дәрежеде өтті .Көрермен болып отырған тәрбиеленушілерде жақсы қошемет көрсетіп отырды.Алдағы уақытта бұндай сайыстарды өткізіп тұру керек екенін түсінді.Би билегісі келетін балалар өте көп . Өнерлі балаларды өнерлерін одан әрі қарай жалғастырулары керек.Біз оларға қол ұшын беріп көмек көрсетіп отырамыз
Тәрбиеші: Алгашбаева М.Б
2018 Ж