Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған еді. Осы үшінші жаңғырудың нақты тетігі, кілті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақалада анық жарық көрді деп ойлаймын. Мұнда сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту турасында емес, ұлттық болмыстан, ұлттық қабілет-қарымнан айырылып қалмай, осыны әлемдік байлықпен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе анық көтеріліп отыр. Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін
Просмотр содержимого документа
«Рухани жаңғыру -тәрбиеленудің басты жолы!»
Рухани жаңғыру -тәрбиеленудің басты жолы!
Жітіқара қаласы «Естай Есжанов атындағы №9 орта мектеп»КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Карипбекова Думангул Ертаевна
Елбасы биылғы халыққа Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруын жариялаған еді. Осы үшінші жаңғырудың нақты тетігі, кілті «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деген мақалада анық жарық көрді деп ойлаймын. Мұнда сананы мағынасыз, мақсатсыз жаңғырту турасында емес, ұлттық болмыстан, ұлттық қабілет-қарымнан айырылып қалмай, осыны әлемдік байлықпен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы мәселе анық көтеріліп отыр. Ұлттық сананы жаңғыртқанда өзіміздің, қазақстандық дербес даму үлгісін қалыптастыруымыз керек екендігін айтып отыр Елбасымыз. Бұл дегеніміз – қазақтың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, ең бастысы, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, қазақи рухымызды жаңғырту. Бұл ретте Президенттің жаңғыру ұғымының мейлінше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдыларымыз бен әдеттерден арылуымыз керек деген сөзінің жаны бар. Өйткені бұл – өмір заңы, даму заңдылығы. ХХІ ғасырдағы адамзаттың басты, негізгі құндылықтары білімнен басталатын болады. Жастарымызды осы бағытта тәрбиелеп, әлемдік білім ошақтарынан тереңдетілген білім алып халқымыздың игілігіне жұмыс істеуге баулуымыз керек. Балаларымызды қалай тәрбиелесек, болашағымыз солай болмақ. Келешегіміздің қожасы балаларымызды білімді де мәдениетті, тәрбиелі де әдепті, кішіпейіл де қарапайым етіп тәрбиелеу өз қолымызда. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды.
Отбасы – болашақ жеке тұлғаның негізі қаланатын қоғамның бастауыш құрылым бірлігі, баланың алғашқы ұжымы, оның табиғи даму ортасы. Отбасы тәрбиесі адамдар арасындағы оңтайлы және эмоцияналды көңіл-күй қарым-қатынасы арқылы адамгершілік, рухани және гуманитарлық құндылықтарға басымдық беруде әлеуметтік-тарихи тәжірибені таратудың анықтаушы құрамдас бөлігі болып саналады. Отбасылық өмір даналыққа және өркендеуге апаратын бастау болуы керек. Президент тарапынан қойылған міндеттерді шешу, отбасындағы ізгілік тәрбиесін дамытуда көп ғасырлық халық педагогикасына және балаларды жалпыадамзаттық құндылықтарға оқытудың әлемдік тәжірибесіне негізделген, ҚР білім беру жүйесінде лайықты орын алған, Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасымен үндеседі. Бағдарлама балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беру қоғамда жоғары рухани-адамгершілік игіліктерді нығайтудың, кемел мінез бен адамгершілік қасиеттерге ие лайықты азаматтарды тәрбиелеудің тірегі болуды мақсат тұтады. Мемлекет басшысының Үндеуіндегі «Білімнің салтанат құруы» бөлімінде осыны меңзеп, халықты жаппай білім алуға шақырады. Болашаққа бағдар ретінде әрбір Қазақ балалары мемлекеттік білім ордасындағы Елбасының осы сөздерін өздерінің алға қойған мақсаттарына кіріктіре отырып, еліміздің интеллектуалдық дәрежесінің жоғарылауына үлесін қосады деген сенімдемін. Жастардың, әсіресе, студент жастардың, интеллектуалды көрсеткіштері олардың тек білім деңгейімен ғана өлшенбейді. Сонымен қатар олардың рухани жаңғыруымен де тікелей байланысты. Рухани жаңғыру – әрбір жеке тұлға үшін оның тәрбиесі, ұлттық сана-сезімі, ұлттық рухани тамырынан нәр алған құндылықтары мен оның жаһандық өзгерістерді дұрыс бойына сіңіруі.
Отбасы – ұлттың, мемлекеттің, әлемнің, адамзаттың негізі. Сондықтан, оны нығайту керек. Отбасында тыныштық болса, үйде тыныштық болады. Үйде тыныштық болса, мемлекетте тыныштық болады. Мемлекетте тыныштық болса, әлемде тыныштық болады. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген бағдарламаны жүзеге асыру арқылы «Мәңгілік Елдің» болашағын құра аламыз.
Әр адамның өмірінде отбасы, оның өзіндік санасының қалыптасуының алғашқы баспалдағы болып табылады. Отбасында баланың қарым-қатынас жасауындағы біліктілігі мен дағдысы жетіліп, оның адамгершілік бейнесі мен кәсіби өзінің орнын өзі табу қабілеті қалыптасады. Отбасы ұлттың, елдің, әлемнің, адамзаттың негізі және сондықтан да отбасында дұрыс қарым-қатынас орната білу қажет.