Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беріу саласы: Коммуникация. Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы:Отбасы мүшелерін айта білу.
Мақсаты: Ерте жас: Үлкендерді тыңдауға бейімдеу.
Міндеттері: Отбасы туралы түсінік беру
1.Білімділік: Отбасы мүшелерінің міндеттерімен таныстыру.
2.Дамытушылық: Ойлау қабілетін қалыптастыру, тілдік қорларын дамыту.
3.Тәрбиелеу: Сыйластыққа, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу.
Үш тілдік компонент: отбасы-семья-family, ана-мама-mother , әке-отец-father.
Сөздік жұмыс : Ата, әже, әке, ана, аға
Қажетті көрнекілік :демонстрациялық иатериалдар: құрал-жабдықтар: ермексаз, таяқшалар
Жоспар кестесі:
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Есеп
|
+
|
-
|
Мотивациялық - қозғаушылық
|
Шаттық шеңбер
Кел санайық екеуміз,
Бас бармағым әкем
Балаң үйрек анам.
Ортан терек ағам
Шылдыр шүмек мен
Кішкене бөбек сен.
|
Балалар шаттық шеңберге тұрып қимыл арқылы қайталайды.
|
|
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік
|
Балалар мен кім туралы тақпақ айттым?
Иә сендердің әрқайсыларыңның өз отбасыларын бар.
Сендер оларды қатты жақсы көресіңдер ме?
Ендеше мына суретке жақсылап қарап алыңдар.
Суретте кімдерді көріп тұрсыңдар?
Отбасы дегеніміз бірге тұратын, бір-біріне қамқорлық жасайтын бір үйдің адамдары. Отбасын бір сөзбен жанұя деп атаймыз.
Мысалы аналарың ол сендерге ең қымбат жан.
Қане бәріміз өз отбасымыз туралы айтайық.
Сергіту сәті
Алақанды ашайық,
Көкке шашау шашайық
Қимылдатып аспанды
Жаттығулар жасайық.
Саусақ жаттығуы
Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
- Дания сенің атаң барма?
-Сен атаңды әжеңді жақсы көресіңбе?
|
-Отбасы мүшелері туралы
-Иә қатты жақсы көремін.
-Ата, әже, әке, ана
Балалар сергіту сәтін тәрбиешімен бірге жасайды.
Саусақ жаттығуын бірге орындайды.
-Иә менің атам бар.
-Иә жақсы көремін.
|
Рефлекстік жинақтаушы
|
Қорытындылау:
-Балалар бүгін біз кімдер туралы айттық?
-Сендер өз отбасыларың қандай?
|
Балалар сұрақтарға толығымен жауап береді
Отбасы мүшелері туралы
|
Бірінші кіші жастағы топ күтілетін нәтиже: Өз отбасы мүшелерін танып білуді.
Біледі:Отбасы мүшелерінің аттарын.
Игереді : Өз ойларын жеткізе алады.
Меңгереді: Суреттердегі отбасы мүшелерін – әже, ата, әке, ана деп атай алады.
Просмотр содержимого документа
«Сабақ "Отбасы мүшелерін айта білу"»
Технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным Бөлім: ҚМҰҚ ________
Тақырыбы : Жалаушалар
Мақсаты : Балаларды «жоғары» , «төмен» , «бірдей» (биіктігі жағынан) көлемдерін салыстырып үйрету____
Міндеттері:
* Білімділік: Биік аласа заттарды ажыратуға жаттықтыру.
* Дамытушылык: Санау дағдыларын арттыру
* Тәрбиелік: Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
*Үш тілдік : жалау - флаг -flag
Сөздік жұмыс: биік , аласа ,шаршы т.б
Қажетті көрнекілік: Қуыршақ Аружан ,жалаушалар ,үлестірмелі материалдар т.б
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, әңгімелеу, көрсету
Жоспар кестесі:
Әрекет кезендері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық | Қолына жалаушалар ұстап ,қуыршақ Аружан топқа келеді. -Бүгін мереке ғой ,мен сендерге жалаушалар әкелдім Балалар ,айтыңдаршы Аружан қандай мереке туралы айтып жатыр.Қ.Р Тәуелсіздік монументтін білесіңдер ме? Біздің елдің жалауды көрсетеді. | Қуыршақ Аружанға қарайды Сұрақтарға жауап береді |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | «Әртүрлі суреттер» дидактикалық ойыны Балаларға үш бөліктерді құрастырамыз. «Көңілді қояндар» дид.ойыны Жолақшаның жоғарғы жолына сонша шар тұру керектігін түсіндіру. -Қояндар нешеу? -Шарлар нешеу? Қояндар мен шарлар туралы не айтуға болады? «Пішіндер» дид.ойыны Тәрбиеші балаларға карточкалар таратып ,тақтадан өз пішіндерін тауып алуды ұсынады Сергіту сәті: Оңға ,оңға,түзу тұр, Солға,солға ,түзу тұр. Алға қарай бір қадам Орнымызды табайық «Жалаушалар» дид.ойыны Жалаушаларды кімнің қолында болса сол сұраққа жауап береді. -Піл үлкен бе , тышқан үлкен бе? -Орындық биікпе , үстел биік пе? -Аспанда неше жұлдыз бар? «Ұзын-қысқа» дид.ойыны Таспаларды алып қайсысы ұзын және қайсысы қысқа екенін айтады. | қима қағаздан суреттерді құрастырады
Қояндарды алып жолақшаға қояды,астына шарларды қояды Сұрақтарға жауап береді
Ойынға қатысады сұрақтарға жауап береді таспаларды алады,беттестіреді, салыстырады |
Рефлекстік-жинақтаушы | Сұрақтар қойып , тақырыпты қорыту. Балаларды мадақтап ,ұйымдастырылған оқу ісәрекетін аяқтаймыз | балалар сұрақтарға жауап береді |
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: _»Жоғары» , «төмен» , «бірдей» ұғымдарын , заттарды санына қарай салыстыруды.
Түсінеді: Пішіндерді басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуды және олардың түсімен көлемінің әртүрлі болатынын
Қолданады: Таспалардың ұзындығын ,бағаналардың биіктігін салыстыру әдістерін.
Ақсу қаласы
КМҚК «Балапан» бөбектер бақшасы
Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру бөлімі бойынша
ашық сабақ
Тақырыбы: «Жалаушалар»
№ 14 «Күншуақ» екінші кіші тобы
Тәрбиеші : Г.С.Кулдошбекова
2016-2017 оқу жылы