Шуағын шашқан - "Аялы алақан"
Мақсаты: жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы
Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.
1 бала: Жігіттер мында не болып жатыр?
2 бала: Неге ата-аналар жиналды екен?
3 бала: Бүгін не мереке ме?
4 бала: Әрине, Аналар мерекесі ғой, қыздар қайда?
5 бала: Ой, қыздарды қайтесіндер, Олардың бәрі бұзық қой.
6 бала: Қыздар бұзық емес, олар ерке.
7 бала: Қыздар бізге керек.
8 бала: Онда қыздарымыз қайда екен?
9 бала: Қыздарымыз сәнденіп жатқан шығар.
10 бала: Онда қыздарымызды шапалақтап ортаға шақырайық.
Жүргізуші: Мерекеге арналады бүгін билер,
Көтерілсін қанекей,көңіл күйлер.
Алдарыңызда қазіргі вальес биі,
Таң қалдырып қанекей би белендер.
Музыка әуенімен Арнұр қыздарды алып келеді. Ұлдар қыздармен вальс билейді.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!
Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар
мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз
жайдарлы жүздеріңіз жарқын болсын дей келе келесі құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Жайлибаев Т.Б.-на беріледі.
Қанат:Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Балалардың аналарына арналған тақпақтарына кезек берейік.
Тақпақ:
Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар.
Аппақ мамам, ақ мамам
«Ақ мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды төрт бөліп
«Бөпешім!»- деп жатпаған.
:Теңдесі жоқ данасың,
Арқа сүйер панасың.
Еңбегіңді ақтаймын,
Аман болшы анашым.
Сегізінші наурыз күнін,
Мейрамдайды аналар.
Аналардың шаттығын,
Құттықтайды балалар.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші:
Қандай бала болмайық,
Анамызға балдаймыз,
Көтерейікші көңілін
Ән салайық бәріміз.
ХОР: «Ақ мамам»
Жүргізуші. Ана – біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүрініз.-деп аналарға арналған тақпақтарға кезек берейік.
Тақпақ:
Сенен өскен балалар
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!
Үлкен, кіші әркімде
Әже де бар, ана бар
Аналарды әр күнде
Қуантса екен балалар!
Жақсы көрем күлкінді
Айналайын ақ мамам
Менің мамам сүйкімді
Бәрінен де жақсы адам.
Келбетінде ұлылық
Даладай кең пейілі
Ана –деген жылылық
Ана –деген мейірім
Титтей бөбек кезімнен
Әлдилеген емізген
Еркелетіп күлгізген
Алғаш «апа» дегізген
Ән: «Ақ мамам» (Г.Інжу және М.Гүлімжан)
Жүргізуші: Гүлдей жайнап тұр өңі
Мейірлене күледі
Үйдегі бар шаруаға
Үлгіреді бір өзі
Балалар сіздермен ойын ойнасақ.
Ойын: «Қыздарға гүл сыйлау»
Тақпақ:Әлпештеген аялаған,
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамымен құттықтаймыз.
Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз баланың,
Анаға айтар лебізім.
Анашым анам
Ризамын саған
Тіліңді алам
Ақылды болам
Мәпелеп мені өсірген
Ризамын мен өзіңе
Ана деген керемет
Сыйлап өтем өмірде
Ана деп күнде ән салам
Ауылға бүкіл жар салам
Қуанту үшін анамды
Күнде-күнде бес алам
Хор: «Анашым» (Оянғанда түнде ......)
Диалог: 1Аманкелді: ( галстугін дұрыстап)Азамат маған қарашы мен әдімімін бе?
2Қанат: И....и...Расул саған не болған?
1Аманкелді: Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші
2Қанат: Ия өмір зымырап бара жатыр,
ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр
1Аманкелді:Ия... (күрсініп)
2Қанат: И... Расул күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кездесеміз
Бірге: Олай болса қыздардың орындауында
Жүргізуші:Бишілер бар біздерде қыздар тобы,
Мерекеге өнерімен келген бүгін .
Таң қалдырып қанекей би билеші,
Қол соғып демеу берер қонақтарың.
Би: «Көбелектер»
Жүргізуші: Бүгін аналардың мерекесі ғана емес,әжелердің де мерекесі.Бүгінгі қариясы бар үйдің,қазынасы бар дегендей әжелер әзіліне кезек берейік.
Әзіл: «Әжелер»
1 әже:
Немерем менің блатной
Күндіз тыным таппайды
«Видик көру керек » деп
Кешкі ұйқыға жатпайды
2 әже:(Қызыл өрік әні)
Немерем менің кір-кір боп
Үйдің бетін көрмейді
«Киндр» сатып әпер деп
Еш тыныштық бермейді
3 әже
Немерем менің ән салса
Махаббат деп айтады
Қызың бар ма деп едім
«Жоқ» деп басын шайқады.
4 әже.
Келіндер келіп қапты ғой
Біз де үйге кетейік
Немере шіркін тәтті ғой
Барына шүкір етейік
Жүргізуші:Немере деген балдай ғой
Тәттілігі шайдай ғой
Осы ақжаулықты әжелеріміз аман болсын.Немерелеріңіздің қызықтарына тоймай жүре беріңіздер.
Жүргізуші: Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі.
ХОР: «Әже»
Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,
Жадырасын жанымыз.
Аналарды құттықтап,
Би билейміз бәріміз.
Сүйікті аналар сіздерге арнап жігіттер би билейді.
Би: «Жігіттер» биі
Жүргізуші: Балалар,аналарын мерекеге барғанда қандай болады?
Балалар: -әдемі киінеді, боянады, шаштарын әсемдейді, т.б.
Жүргізуші:Дұрыс айтасындар балалар, ендеше аналарымызға арнап тақпақ айтайық.
Ән:«Ақ мамам»
Жүргізуші:Балалар бүгін біз аналарымызға арнап ән де, би де ,әзіл де айттық.Енді ана туралы мақал мәтел білемізбе?Қане, кім айтады?
Мақал мәтелдер:
«Ана сүті бал, баланың тілі бал»
«Әкеден – ақыл, анадан – мейір»
«Ана алдында – құрмет, ата алдында – қызмет»
Ойын: (Ата - аналармен)
1. Ата - аналардың сипап сезу мүшелеріне сүйеніп, өз балаларын тауып алсын.
Хор: «Менің әжем»
Жүргізуші: Аялы да, алтын нұрлы анашым.
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың
Сен асқарсың, сен аспансың биіксің.
Сен дархансың, сен жомартсың, данасың - деп бүгінгі шағын ғана мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Отбастарыңыз аман болсын. Жүздеріңізден күлкі кетпесін. Келіп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет Енді балалар аналарымызға арнап жапсырып жасаған тілек жазылған сыйлықтарымызды тарту етеміз.