Просмотр содержимого документа
«Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл. Алғалиева А.С. "№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі" КММ»
«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» көңілді сайыс
«№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ
Тәрбиеші Алғалиева А.С.
Тақырыбы: «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл»
Мақсаты: балаларды зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау. Халқымыздың арасында кең тараған зиянды әдеттер - араққа, есірткіге және темекі шегуге жетелейтін себептерді анықтау, олардың адам ағзасына келтіретін зиянын ашу, балаларды одан жирендіру. Балалардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз ету.
Көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, нақыл сөздер.
Барысы:
Тәрбиеші: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау.
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? Ол әрине денсаулық.Бүгін біз салауатты өмір салтын дәріптейтін сайысқа жиналып отырмыз. Сайысқа 2 команда қатысады.Командаларды ортаға шақырайық.
команда «Жігер»
команда «Тұлпар»
Балалар мен сендерге әр сайыста жеңіске жеткен сайын жетон беріп отырамын. Сайыс соңында өздерің жетондарыңды санайсыңдар. Кім де көп жетон сол жеңіске жеткен команда болып есептелінеді.
1 сайыс «Дұрыс ата»
Жемістер 2. Жидектер
Балалар қимыл қозғалыс ауруларға қарсы тұруға, организмді нығайтуға көмектеседі. Ал көп қимылдамау, қозғалмау жүйке жүйесі, жүрек тамырлары ауруларына, еңбек етуге кері әсерлерін тигізеді.Сондықтан күнделікті таңертең тұрған бетте дене шынықтыру жаттығуларын жасауды ұмытпаңдар.Сонда сендер күні бойы сергек жүресің.Есте сақтаңдар «Қозғалыс бұл өмір».
2 сайыс «Арқадағы доп»
Екі бала арқаларына допты қысып, орындыққа дейін барып, кері қайтады. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.
3 сайыс «Пингвиндер»
Әр ойынға қатысушы аяғының ортасына допты қысып, себетке дейін секіріп барады да допты себетке салады. Артқа қарай жүгіріп келеді. Эстафетаны бірінші аяқтаған команда жеңіске жетеді.
4 сайыс «түсіріп алма»
Бірінші тұрған бала шарды табаққа салып, орындықты айналып кері қайтады.Егер шар жерге түсіп кетсе, қолымен табаққа салуға болады.Бірақ ойын барысында қолмен ұстап жүруге болмайды.
Балалар гигиеналық санитарық талаптарды сақтау инфекциялық ауруларға қарсы тұруға көп септігін тигізеді. Барлығымыз білеміз таңертең және кешке тісімізді тазалауымыз керек. Тамақ ішер алдында міндетті түрде қолымызды жууымыз керек. Киім, аяқ киімімізді таза ұстауымыз керек. Бөлмемізді желдетіп отыруымыз керек. Бөлмеде күнделікті тазалық жұмыстарын жасап отыру қажет.
Әр бір адам жеміс жидек жеу арқылы мол дәрумендер жинайды. Жеміс жидекті жемес бұрын жууды ұмытпаңдар.Яғни «Тазалық денсаулық кепілі» деп тегін айтылмаған.
5 сайыс «Досыңды тамақтандыр»
Біз қазір сендердің бір бірлеріңді тамақтандыру процесін байқаймыз.Екі бала көздері байланған бір біріне қарама қарсы отырады.Екіншісі алманы жегізеді.Кім алманы бірінші жеп бітіреді сол жеңіске жетеді.
Енді сендердің білім деңгейлеріңді байқайық.
6 сайыс «Халық айтса қалып айтпайды»
Мен сендерге карточка беремін. Карточкадағы сөзді жалғауларың керек.
«Тазалық » (денсаулық кепіл)
«Дені саудың » (жаны сау)
7 сайыс «Сөзді жина»
Ашық хаттағы әріптерден сөз құрау керек.
Жаттығыу 2. Денсаулық )
8 сайыс «Жұмбақ жасыру»
Сонымен балалар сайысымыздың соңына да жеттік. Әр сайыс сайын жинаған жетондарыңды санайық. Кімде көп жетон сол команда жеңіске жетті. Марапаттайық.
Денсаулық әрбір адамның қол жетпес байлығы.Әрбіреуіміз мықты,дені сау,ұзақ өмір сүргіміз келеді. Бүгінгі тәрбие сағатынан өздеріңе қажетті ой түйіндеді деп ойлаймын. «Денсаулық зор байлық» деп тегін айтылмаған.Мен сендердің дені сау Қазақстан Республикасының азаматы болуларыңа тілектеспін. Келесі кездескенше сау саламатта болыңдар.