СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Саусақ ойындар" жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саусақ ойындары арқылы балалардың ұсақ қол моторикасын дамыту

Просмотр содержимого документа
«"Саусақ ойындар" жинағы»

«ҚЫЗЫҚ-АЙ»

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Теуіп және сүзіп-ай (аяқтарын топылдатады, «мүйіз» жасайды)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолды жая иықтарын көтереді, бастарын шайқайды)

Аша алмады бұзып-ай (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Басын ауыртты, тапқаны (жұдырықпен аяқтарын қатты нығарлайды)

Күлкілі, әрі қызық-ай (екі қолмен бастарын сипайды, иықтарын көтереді)

Қой қағып тұр қақпаны (сөз ырғағына сәйкес жұдырықпен аяқтарын соғады)

Соғар қойдың өзін-ай (қабағын түйіп, сұқ саусақпен доқ көрсетеді)

Табылар ма жан қане (екі қолды жая иықтарын көтереді)


«Бес саусақ»

Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.

«Бала, бала балақан»

Бала, бала, балақан, (Саусақтарды ашып-жұму)

Кәне қайсы алақан? (Алақанды көрсету)

Саусақтарың әйбат, (Бас бармақпен әр саусақ ұшын алма-кезек түйістіру).

Былай-былай ойнат. (Саусақтарды айналдыру.)


« Добым, добым домалақ»

Добым, добым домалақ, Саусақтарды доп секілді домалатып, біріктіру

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстің бүлдірдің, Ұрысқан кейіп келтіріп, саусақ ұшын сермеу

Тәрелкені сындырдың. Сол алақанға оң алақанды қырынан қою

Тентек болып кеттің деп, Сұқ саусақты нұсқау

Тұрмын сені тепкім кеп.


«Әдемі жазу»

Қолға қалам аламыз, Қолға ойша қалам алу

Дәптерімізді ашамыз Дәптер ашу

Ұзын жолға әріптер Қолды жоғары-төмен сермеу

Әдемі етіп саламыз. Әріп салу

Талып қалды қолымыз Қолды сілкілеу

Аз ғана дем аламыз, Саусақтарды айқастыру

Көркем етіп жазамыз. Жазу


«КІМ КЕЛДІ?»

Қане, қане кім келді? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын созады)

Біз, біз, біз! (екі қолдағы бас бармақтарды қосып ұстап, қалған саусақ үштарын бір мезгілде соғады)

Апа, апа, бұл сіз бе? (екі қолының бас бармақтарының ұштарын созады)

Иә, иә, иә! (сұқ саусақтарының ұштарын соғады)

Әке, әке, бұл сіз бе? (екі қолдарының бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (ортаңғы саусақтардың ұштарын соғады)

Ағатайым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (аты жоқ саусақтардың (шылдыр шүмек) ұштарын соғады)

Қарындасым, бұл сіз бе? (екі қолдың бас бармақтарының ұштарын соғады)

Иә, иә, иә! (кішкене саусақтардың ұштарын соғады)

Біздер тату жанұя (барлық саусақтардың ұшымен бірге соғады)

Иә, иә, иә! (алақандарымен шапалақтайды)


«Саусақтарым менің»

Бас бармағым-әкем Бас бармақты көрсету

Балаң үйрек -анам, Сұқ саусақты көрстеу

Ортан терек- ағам Ортаңғы саусақ

Шылдыр шүмек- тәтем Шылдыр шүмекті көрсету

Кішкентай бөбек-мен Кішкентай саусақты көрсету

Бәріне ортақ алақан. Алақанды жаю


«Қарлығаш»

Қарлығашқа ұқсаймыз Білекті білекке ұштастырып,

Кәне, қанат жаямыз. саусақтарды қанат секілді баяу қалыпта

Қарлығаш болып ұшамыз қозғалту.

Көлге келіп қонамыз. Тоқтап қалу.


«Күзгі жапырақтар»

Саусақтарым қыдырып (Саусақтарды ашып-жұму )

Жапырақтар жинады. (Жерден жапырақ жинағандай қимыл көрсету)

Қызыл сары жапырақ (Жапырақ теру)

1,2,3,4,5 (Барлық саусақты біртіндеп біріктіру)

Біз нешеуін жинадық? (Алақанды жайып көрсету)

Күзгі жапырақтармен (Саусақ ұштарын айналдыру)

Біз көңілді биледік.


«Алма бағы»

Алма баққа барайық, Екі саусақ ұшымен жүру

Алма жинап алайық. Алма тергендей қимыл көрсету

Қол жетпесе алмаға, Қолды жоғарыға созу

Секіріп қол созайық.

Ең үлкенін дәмдісін, Саусақтарды ауада үлкен етіп дөңгелету

Әжемізге сыйлайық. Табыс ету

«Мөлдір су»

Сылдырлайды мөлдір су, Саусақтарды судың ағысына ұқсатып қозғалту.

Мөлдір суға қолынды жу. Қол жуғандай әрекет ету.

Жуынсаң сен әрдайым Сұқ саусақпен нұсқау

Таза бетің, маңдайың Бет, маңдайды ысқылау

Тазалықтың досы- Алақанды жаю.

Су дегенің осы.


«Салат»

Сәбізді алып тазалаймыз (оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз (екі қолды жұдырыққа түйіп кеідеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттай сеуіп дәмдейміз (саусақтардың ұшымен қант себеді)

Қаймақ құйып сәндейміз (қолды жұдырыққа түйген күйі (қаймақ құйған сияқты) қол білегін жоғары-төмен қозғайды)

Міне, дайын нәр тағам- (екі қолын алдына жайып көрсетеді)

Дәруменге байыған (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын білдіреді)


«Қомағай»

Әр қатысушы беторамалдың ұшынан ұстайдыда  біртіндеп жұдырығына жинайды. Бұл кезде баланың екінші қолы көмектеспеуі керек.

Қарным менің қомағай

Бәрін- бәрін жұтады.

Қомағайдың қарны енді

Сусиырдай болып кетті.

Жаттығу екінші қолға да жасалады. Содан соң екі қол бірге қатарласа жасайды.