СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Саусак жаттығулары

Нажмите, чтобы узнать подробности

ересек топтарга аранлаган. саусак жаттығулары. саусақтырын жаттықтыру үшін

Просмотр содержимого документа
«Саусак жаттығулары»

Саусақ жаттығулары



Саусақ ойыны арқылы баланың  сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады.

Сөйлеу тілі  мүшелері  әрекетінің  қозғауларының  дамуы  қол саусақтарының  нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының  ептілігін  толық жетілдіру, түзету-тәрбие  жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Саусақ ойынын балабақшада және  үй жағдайында  әсерлі,  көңілді түрде  ұйымдастыруға болады. Баланың тілі негізінен мектепке дейінгі  кезеңде қалыптасады. Бұл кезеңде ағзаның  барлық бөліктері және жүйелері  қарқынды дамып, баланың  дене және ой  дамуына қажетті  қозғалыстағы таным іскерлігі қалыптасады. 

Мектепке дейінгі  кезеңде  қолдың ұсақ моторикасы мен қимыл-қозғалыстарын дамыту жұмыстары маңызды  болып табылады.

   Қол саусақтар жаттығулары есте сақтау және назар аудару қабілетін дамытатындығын психологтар айтып кеткен. Тақпақты саусақтар жаттығулары  ырғаққа ілесіп қимылдауына және баланың сөйлеу ырғағының қалыптасуына көмектеседі. Сондықтан баланы  ерте жастан бастап шынықтырған жөн. Саусақ ойындары сөйлеу лексикасының, сөздердің өзара байланысының (диалогты дұрыс жүргізуге, түсінік айтуға,т.б.) шыңдалуына себепші.

    Балалардың сөйлеу құзыреттілігі дұрыс және сөздік қоры бай болса, оларға өз ойын жеткізу оңайға түседі, қоршаған ортаны танудағы мүмкіндіктері кеңейеді, психологиялық дамуында белсеніс күшейеді. Сондықтан баланың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруды уақытылы қолға ала отырып, анық әрі дұрыс сөйлеуін қадағалау керек. Балалардың сөйлеу құзыреттілігінің дұрыс өз деңгейінде жетілуі, оның ата-аналарын да, тәрбиешілерін де толғандыру қажет.  

 Балалардың сөйлеу құзыреттілігі жоғары деңгейде қалыптасуы ұсақ моторика тәсілдері мен құрылымына байланысты.



1«Салат» саусақ ойыны.

Сәбізді алып тазалаймыз, (оң қолды  жұдырыққа түйіп, сол қолдың  алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп  майдалаймыз, (екі қолды жұдырыққа  түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз, (саусақтардың  ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам (екі қолын алдына жайып  көрсетеді)

Дәруменге байыған. (алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді)

 







2«Кірпі» жаттығуы

Момақанмын алайда, (үш саусақтарын түйістіріп, кірпінің жүрісін салады)

Тікенім көп абайла, (екі қолының саусақтарын айқастырып, кірпінің  тікенектері жасайды).

Кіріп кетсе қолыңа,

Өкпелеме жарайма!

 

3«Достық» жаттығуы

Біздің топта ұлдар мен қыздар өзара дос. (қолдың саусақтары өзара бірігеді)

Кішкентай саусақтар  біз сенімен достасамыз, (екі қолдың  саусақтарын бір-біріне тигізу)

Бір, екі, үш, төрт, бес, (шынашақтан  бастап, саусақтарды кезекпен бір-біріне тигізу)

Қайтадан санауды бастаймыз.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Енді  санауды  аяқтадық. (қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

 

4Сергіту сәті

Санайық жаңаша

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

 

№5 «Қимылды қайтала» жаттығуы

Мақсаты: қолдың, саусақтың  қимылдарының  үйлесімділігін дамыту.

Жаттығу барысы:

Жүргізуші балаларға қарама-қарсы отырып, саусақтарымен кез-келген  «фигураны»  көрсетеді. (кейбір саусақтар  бүгулі, ал кейбіреуі түзу, әртүрлі  қимылдар). Балалар  сол қимылды  тура солай қайталау керек.

 

6 Қолдың  саусақтарын дамытуға арналған жаттығу.

Мақсаты : қол саусақтарының  күрделі үйлесімді қимылдарын дамыту.

А) Алақанды үстелдің  үстіне қоямыз. Балалар бірінші  оң, содан  кейін сол қолдың саусақтарын бір-бірден көтереді. Осы жаттығуды  кері жасап, қайталайды.

Б) Алақандар үстелдің үстінде, балалар кезекпен екі қолдың саусақтарын шынашақтан бастап көтереді.

В) Балалар сұқ және ортаңғы саусақтарымен қаламды немесе  қарындашты  ұстайды. Осы саусақтарын бүгіп, қайтадан қалпына келтіреді., бұл жерде қаламды үлкен саусақтан  төмен  түсіп кетпеуін  қадағалау керек.

Г) Үстелдің үстінде 10-15  қарындаш немесе есептік  таяқшалар жатыр. Оларды  бір-бірден  алып қолға жинау керек. Содан кейін  тура  солай қайтадан үстелге қою керек. Екінші қолмен көмектесуге болмайды.





7«Фигураларды құрастыр» жаттығуы.

Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.

Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға  есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан  геометриялық фигураларды жасап шығару керек.

Төмендегідей тапсырмалар беріледі:

1.      Төрт таяқшадан  шаршы құрастыру.

2.      Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру.

3.      Үй құрастыру.

4.      Жалауша құрастыру.

5.      Жұлдызша құрастыру.

 

№8«Санамақ» ойыны.

Мақсаты : кіші моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын, (алақанды жұмып  ашады)

Міне басы, міне іші. (қолды шеңбер жасап айналдырады)

Аяқтары, қолдары, көздері, (қолымен  кішкентай және үлкен шеңбер салу)

Аузы сақинадан  жасалған (ауада сақинаны салу)

Әдемі шашы да бар. (қолдарын екі жаққа ашады)

 

Оң қолымда бес саусақ. (оң қолының саусақтарын көрсету)

Сол қолымда бес саусақ. (сол қолдың саусақтарын көрсету)

Бәрін қоссақ – он саусақ. (екі қолының саусақтарын қосу)

Оң аяқпен секіремін, (екі аяқпен кезек секіру)

Сол аяқпен секіремін. (орында жүру)

 




9«Сәбіз салаты» саусақ ойыны

Сәбізді алып тазалаймыз ( оң қолды жұдырыққа түйіп, сол қолдың алақанына ысқылайды)

Үккішпен үгіп майдалаймыз ( екі қолды фжұдырыққа түйіп кеудеге ұстап, жоғары-төмен қозғайды)

Қанттан сеуіп дәмдейміз ( саусақтардың ұшымен қант себеді)

Міне дайын нәр тағам ( екі қолын алдына жайып көрсетеді).

Дәруменге байыған ( алақанымен іштерін сипалап, тойғандықтарын көрсетеді).



Қайтадан санауды бастаймыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Енді санауды аяқтадық ( қолды төмен түсіреміз, демалтамыз).

Разминка:
Санайық жаңаша
Бір, екі, үш!
Желбіре жалауша,
Достықта біздің күш.
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.



 

10 Орманда.

Саусақтар-ау , саусақтар!

Сендер қайда бардындар?

Орманға бардық!

Кімді онда кезіктірдіңдер?

-Аюды, қасқырды,қоянды,түлкіні,тиынды!

Бәріне сәлем бердік!

Бәріне сыйлық бердік!

Бәрі де алғыс айтты.

Алақанды еркін ашып-жұму. Басбармақты басқа саусақтармен түйістіру.



11Секіргіштер.

Күні бойы, күні бойы,

Күні бойы, күні бойы,

Біздің қыздар секірді,

Оң аяқпен секірді,

Сол аяқпен секірді,

Алға қарай секірді,

Артқа қарай секірді,

Айналдыра секірді,

Айналдыра секіргішті

Биікке де секірді.

Екі саусақпен кезек-кезек алға-артқа, солға-оңға секіріп, үстел үстінде орындалатын жаттығу.



12 Мысық пен тышқан.

Мына қолым тышқан болсын,

Мына қолым мысық болсын,

Саусақтарды жаттықтырып,

Мысық-тышқан ойыны болсын.

Тышқан жерді тырнайды.

Мысықты алдайды,

Құйрығымен мысықты.

Тышқан түртіп, зып етті,

Мысық оны күтіп отыр,

Тышқан інде күліп отыр.

Балалар саусақтарын біріктіріп, қарама қарсы ұстайды, оң қолы тышқан, сол қолы мысық. Саусақтармен мысық пен тышқанның бейнесін жасайды. Сөзіне сәйкес қимыл жасау.













13 Кіші шармен жаттығу.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Кіші шарды аламын,

Жаттығу жасаймын,

Оң қолым мықты болсын!

Сол қолым мықты болсын,

Қолдырым менің күшті болсын!

Екі шарды алақанға салып, уысқа қысу, оң, сол қолды көрсетіп , жаттығу жасау.



14 Қаз.

Қаз қанатын жиып алды,

Қауырсының жуып алды,

Оңға қарап, солға қарап,

Жерден дәнді тауып алып,

Дәннің бәрін шоқып алып,

Қанаттарын жайып алып,

Су мен жемге тойып алды.

Саусақтармен сөздерді бейнелеу.





















Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»





Саусақтарға арналған ойын жаттығулары

Ересек "Көбелек" тобы





Тәрбиешілер : Садвокасова В.А.

Смағұл П.А.












Костанай қ 2018-2019 оқу жылы